- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2 Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •4.Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5.Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •8 Түгендеудің мәні және түрлері. Түгендеуді жүргізу тәртіптері және оның нәтижелерін бағалау
- •9 Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •10 Шаруашылық операцияларының балансқа әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері
- •11.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •12.Екі жақты жазудың мәні
- •14 Қаржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама, оларды тану және өлшеу. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
- •15. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •16. Қорларды бағалау әдістері.
- •1 Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •3.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •4.Қорларды бағалау әдістері.
- •5.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •6.Негізгі құралдар, олардың жіктелінуі. Негізгі құралдардың бағалануы
- •7.Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •8 .Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •9 Материалдық емес активтер және олардың түрлері
- •10. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •11 Жарғылық капитал есебі
- •12 Резервтік капитал есебі
- •14.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •16. Қорларды бағалау әдістеріне сипаттама
- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
14 Қаржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама, оларды тану және өлшеу. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
Қаржылық есептілік дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпараттарды көрсететін бухгалтерлік есептің әдісі. Қаржылық есептілік операциялар мен басқа жағдайлардың қаржылық нәтижелерін олардың экономикалық сипаттамаларына сәйкес кеңейтілген категорияларға жинақтап отырып көрсетеді. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес қаржылық есептіліктің келесідей нысандары бар:
1) Бухгалтерлік баланс (қаржылық жағдайы туралы есеп).
2) Пайда мен зиян туралы есеп (жиынтық пайда туралы есеп)
3) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
4) Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
5) Түсіндірме жазба
1. Баланс – ұйымның шаруашылық қаражаттарының құрамы және қалыптасу көздері туралы ақпараттарды белгілі бір күнге ақша қаражаттары түрінде экономикалық топтастыру әдісі.
Бухгалтерлік баланс арқылы ұйымның белгілі бір есептік кезеңіндегі қаржылық жағдайын анықтауға болады.
2. Пайда мен зиян туралы есеп – ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Бұл нысан ұйым кредиторлары мен инвесторлары үшін маңызды ақпарат көзі.
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – бұл нысан белгілі бір есептік кезең ішіндегі ұйымға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың пайдалануы туралы ақпарат береді. Осы нысан арқылы қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ұйымның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және оларды қандай көздерге жұмсап отырғандығын көре алады. Бұл есепте ұйым қызметі 3 түрде қарастырылады: 1) Операциондық 2)Инвестициялық; 3) Қаржылық қызмет.
Капиталдағы өзгерістер туралы есеп. Бұл нысанда көрсетіледі: 1) есептік кезеңдегі таза табыс н/се зиян сомасы;2) ұйымның меншікті капиталының болып табылатын барлық баптар; 3) есептік саясатта болған өзгерістер әсерінен енгізілген түзетулер; 4) меншікті капитал бойынша жүргізілген операциялар сомасы; 5) есептік кезең басындағы және соңындағы бөлінбеген табыс немесе зиян сомасы. Осы нысанға талдау жасау арқылы капиталдағы болған өзгерістердің себептері анықталады.Түсіндірме жазбаның нақты бекітілген нысаны жоқ, онда жоғарыда көрсетілген нысанға толықтырулар, түсіндірулер мәтін түрінде жазылып көрсетіледі.Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы – шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы; есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы. Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс
