Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_bukhuchet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
85.09 Кб
Скачать

11.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар

Шоттар-ұйымның активтері, капиталы мен міндеттемелерінің есепті кезең басындағы қолда бары, кезең ішіндегі қозғалысы, кезең соңындағы қалдығы жөн. мәлімет беретін бух/к есеп әдісінің элементі. Шот кәсіпорынның шар/қ қызметін басқарып отыру үшін шар/қ құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отырады. Бух шот ашу дегеніміз-есеп объектісінің бастапқы жағдайын сипаттайтын соманы жазу дегенді білдіреді.Белгілі бір есептік кезең аралығында шар-қ қаражаттарында болған өзгерістерді айналым деп атайды. Құрылысы :Шоттың сыртқы түрі «Т» әрпіне ұқсас екі бөліктен тұратын кесте. Сол жақ бөлігі дебет, оң жақ бөлігі кредит д.а. Әрбір шотқа айдың басындағы ж/е соңындағы қалдықтың (сальдоның), дебеті мен кредиті б/ша айналымның болуы тән. Бастапқы қалдық-есепті кезеңнің барысындағы, яғни шоттың ашылу барысындағы қалдық. Соңғы қалдық-есепті кезең соңындағы, яғни шоттың жабылу бар. қалдық. Дебеттік айналым-шоттың дебет жағына жазылған сандардың қосындысы. Кредиттік айналым-шоттың кредит жағына жазылған сандардың қосындысы. Активті шот-ұйымның шар-қ қаражаттарының бар екендігін ж/е ондағы өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған.Активті шотта Бастапқы ж/е соңғы қалдықтар дебетке жазылады.

Дебет шоттың аты Кредит

Бастапқы қалдық

активтердің көбеюі (+)

Деб айналым

соңғы қалдық

активтердің азаюы (-)

Кред айналым

Соңғы қалдығы былай есептеледі:

Сқ=Бқ+ДТайн – КТайн. Пассивті шот-бұл ұйымның шар-қ қаражаттарының қалыптасу көздерінің(міндеттеме мен капитал) бар екендігін ж/е онда болған өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған шот.

Дебет шоттың аты Кредит

Ұйымның меншік капиталы мен міндеттемелерінің азаюы (-)

Деб айналым

Бастапқы қалдық

Ұйым-ң меншіктік к мен міндеттемелірінің көбеюі(+)

Кред айналым

соңғы қалдық

Соңғы қалдығы:Сқ=Бқ+КТайн – ДТайн.

12.Екі жақты жазудың мәні

Екі жақты жазу әдісі - шар\қ операцияларын бух\к есеп шоттарында тіркеу әдісі.Мәні-әрбір шар\қ операциясы екі рет тең сомамен бір шот дебитінде ж\е басқа шот кредитінде жазылады. Екі жақты жазу шар\қ операцияларының нәтижесінде бух\к есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді. Шар\қ операциясын екіжақты көрсетудің мәні-ол бір шоттың дебеті б\ша ж\е екінші шот кредиті б\ша бірдей сомамен жазылуы тиіс. Екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі к\о-ң мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды. Кәсіпорынның бух\к шоттары сол ұйымның бух\к балансы баптарының негізінде жасалады. Сондықтан бух\к шот аттары баланс баптарының атына сәйкес болуы тиіс. Бух\к шотты бастапқы қалдығы балансты есепті кезеңнің басындағы сомасы деп аталатын бағаналардан алынады да,керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Бух\к баланстың актив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни мүліктерді, ақшаны ж\е т.б есептеуге арналған шотты активті шот,ал пассив баптарына сәйкес ашылатын шотты,яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот д\а.Бух\к есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс б\ды. Бұған дәлел ретінде ұйымның шар\қ құралдары мен оның құрылу көздерінің ж\е шар\қ процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шар\қ операциясын екі жақты эк\қ құбылысқа алып капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот д\а.Бух\к есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс б\ды. Бұған дәлел ретінде ұйымның шар\қ құралдары мен оның құрылу көздерінің ж\е шар\қ процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шар\қ операциясын екі жақты эк\қ құбылысқа алып

13. Қаржылық есептілік және оның мақсаттары. Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну

Қаржылық есептілік нысандарын ұсыну

Қаржылық есептілік дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпараттарды көрсететін бухгалтерлік есептің әдісі. Қаржылық есептілік операциялар мен басқа жағдайлардың қаржылық нәтижелерін олардың экономикалық сипаттамаларына сәйкес кеңейтілген категорияларға жинақтап отырып көрсетеді. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес қаржылық есептіліктің келесідей нысандары бар:

1) Бухгалтерлік баланс (қаржылық жағдайы туралы есеп).

2) Пайда мен зиян туралы есеп (жиынтық пайда туралы есеп)

3) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

4) Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

5) Түсіндірме жазба

1. Баланс – ұйымның шаруашылық қаражаттарының құрамы және қалыптасу көздері туралы ақпараттарды белгілі бір күнге ақша қаражаттары түрінде экономикалық топтастыру әдісі.

Бухгалтерлік баланс арқылы ұйымның белгілі бір есептік кезеңіндегі қаржылық жағдайын анықтауға болады. 2. Пайда мен зиян туралы есеп – ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Бұл нысан ұйым кредиторлары мен инвесторлары үшін маңызды ақпарат көзі.

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – бұл нысан белгілі бір есептік кезең ішіндегі ұйымға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың пайдалануы туралы ақпарат береді. Осы нысан арқылы қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ұйымның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және оларды қандай көздерге жұмсап отырғандығын көре алады. Бұл есепте ұйым қызметі 3 түрде қарастырылады: 1) Операциондық 2)Инвестициялық; 3) Қаржылық қызмет.

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп. Бұл нысанда көрсетіледі: 1) есептік кезеңдегі таза табыс н/се зиян сомасы;2) ұйымның меншікті капиталының болып табылатын барлық баптар; 3) есептік саясатта болған өзгерістер әсерінен енгізілген түзетулер; 4) меншікті капитал бойынша жүргізілген операциялар сомасы; 5) есептік кезең басындағы және соңындағы бөлінбеген табыс немесе зиян сомасы. Осы нысанға талдау жасау арқылы капиталдағы болған өзгерістердің себептері анықталады.Түсіндірме жазбаның нақты бекітілген нысаны жоқ, онда жоғарыда көрсетілген нысанға толықтырулар, түсіндірулер мәтін түрінде жазылып көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]