Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_bukhuchet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
85.09 Кб
Скачать

9 Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері және құрылымы

Меншік формасына және айналысатын қызмет түріне қарамастан барлық заңды тұлғалар өздерінің қаржы-шаруашылық қызметін басқару үшін бух баланс жасауға міндетті.ББаланс арқылы белгіліс бір есептік кезеңдегі ұйымның қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді ала аламыз. Салыстыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көрсеткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өңдеу үшін кестенің әрбір баптары кодталады. МКМ мен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер МКМ (пассивтеріне) тең болуы тиіс. Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі экономикалық ресурстардың бар жоқтығы жайлы пікір айтылып талқыланады. Осы бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақытылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс болып табылады. Тек қана бухгалтерлік баланс арқылы кәсіпорынның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.ББаланс құрылымы бойынша 2жақты кестеден тұрады.Сол жағы актив деп аталады және онда шаруашылық қаражаттары құрамы мен орналасуы бойынша топтастырылады.Оң жағы пассив деп аталады.Онда шаруашылық қаражаттары қалыптасу көздері бойынша топтастырылады. Баланс 5 бөлімнен тұрады: Қысқа емрзімді активтер,қысқа мерзімді міндеттемелер,ұзақ мерзімді активтер,ұқзақ мерзімді міндеттемелер,капитал мен резервтер.Баланстағы әрбір шаруашылық қаражаттары баланс баптары деп аталады.Баланстың актив және пассив бойынша жиынтық соммалары барлық жағдайда тең болуы қажет.Себебі баланстың 2бөлігінде әр түрлі белгілері бойынша топтастырылған бір ғана шаруашылық қаражаттарының сомасы көрсетіледі.Баланстың құрылымы бухесептің негізгі тұжырымдамаларының бірі екіжақтылық қағидасына негізделген.Соған байланысты мынадай баланстық теңдеу анықталған: актив =капитал+міндеттеме Қызметтері:пайдаланушыларды ұйымның қаржылық жағдайымен таныстарады; ұйымның төлем қабілеттілігі,несиелік қабілеттілігі және банкрот болу ықтималдығы анықталады; ұйым басшысының қызметтерін бағалауға мүмкіндіктер береді.Ұйымның қызмет етуі барысында жүргізілген шаруашылық операциялары баланстың актив және пасив жиынтықтарының тепе-теңдігін бұзбайды.Бірақ баланс баптары мен баланс валютасының сомасы өзгеруі мүмкін.

10 Шаруашылық операцияларының балансқа әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері

Ұйымның қызмет етуі барысында жүргізілген шаруашылық операциялары баланстың актив және пасив жиынтықтарының тепе-теңдігін бұзбайды.Бірақ баланс баптары мен баланс валютасының сомасы өзгеруі мүмкін.Баланс баптарының өзгеру сипатына байланысты шаруашылық операциялары 4типке бөлінеді:I тип:баланстың актив жағында ғана өзгерістер тудырады.Яғни активтің 1бабы жүргізілген шаруашылық операциясының сомасына азаяды,ал екінші бабы дәл сол сомаға көбейеді.Нәтижесінде баланс валютасы өзгермейді(-А;+А) Iiтип:баланстың пассив жағында ғана өзгерістер тудырады.Яғни жүргізілген шаруашылық операцияларының соммасында бір бап азаяды,екінші бабы көбейеді.Нәтижесінде баланс валютаы өзгермейді. (+П;-П) 3-тип: баланстың актив жіне пассив баптарының бір мезгілде көбеюін көрсетеді.Нәтижесінде баланс валютасы жүргізілген шар опер-ң сомасына көбейеді (+А;+П) 4-тип: баланстың актив ж пассив баптарының бір мезгілде бірдей соммаағ азаюын көрсетеді.Нәтижесінде юбаланс валютасы жүргізілген шар оп сомасына азаяды (-А;-П) Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Ұйымның жаңадан құрылған уақытында жасалған бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құрған кезіндегі ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сонда кіріспе баланста ұйымның активтері мен меншікті капиталы тең болуы тиіс.Ұйым өз қызметін тоқтатып, таратылар кезде жойылу балансы жасалады. Бухгалтерлік есеп және аудит мамандары жойылу балансын екі түрге бөледі, бірінші – ұйымның жабылуына байланысты, екінші – ұйымның жабылғанын қорытындылау.Біріктіру балансы бірнеше ұйымдардың бірігуі барысында құрастырылады.Шоғырландырылған баланс бір заңды тұлғаның балансындай құрастырылған ұйымның және оның барлық еншілес ұйымдарының жеке баланстары.Брутто-баланс-бұл валютасында реттеуші шоттар қосылған баланс.Құралдардың нақты құнын анықтауда есепке алынатын баптар реттеуші деп танылад.ыМысалы негізгі құралардың қалдық құнын анықтау үшін Негізгі құралдар бабының сомасынан реттеуші «Негізгі құралдардың тозуы» баптың сомасы шегеріледі;ал материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнын анықтау үшін «Шикізаттар,метриалдар,т.б.әбабының сомасына материалдар құнының ауытқуын қосады.Нетто-баланс – бұл валютаында реттеуші баптардың сомалары қосылмайтын баланс.Нетто-баланс балансытқ көрсеткіштер жүйесін қарапайымдандырады,ұйымның шаруашылық қорларының нақты бағасын алуға мүмкіндік береді.

Бөліну балансы ірі ұйымды бірнеше ұсақ бірліктерге бөлу барысында немесе осы ұйымның құрылымдық бөлімшелерін басқа ұйымға беру барысында құрастырылады.Соғңы жағдайда балансты өткізу балансы деп те атайды.Қалдықтық баланс ұйым мүліктері мен олардың қорлану көздерін белгілі бір мерзімде ақшалай өлшемде сипаттайды.Қалдақтық баланс шоттарда соңғы қалдық сомасын есептеу арқылы құрастырылады.Айналым балансы ұйым мүліктері мен олардың қорлану көздерінің қалдықтары мен қатар олардың қозғалысы жөніндегі ақпаратты қамтиды.Қорытынды баланс – бұл өндірістік қызмет бойынша белгілі бір уақытқа қатысты есептік құжат.Провизорлық баланс – бұл бастапқы баланс.Ол алдын ала жыл соңыны құрастырылады,әдетте 9айлық баланс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]