Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_bukhuchet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
85.09 Кб
Скачать

4.Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері

Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Бұл ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

Ішкі пайдаланушылар (Басқару аппараттары, құрылымдық бөлімшелер басшылары)

Сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, қызметкерлер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, мемлкет және оның ведомствалары, қоғам, аудитолар)

Бухгалтерлік есептің әдістері.Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға тиіс.

Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:Құжаттау;Түгендеу;Шоттар;Екі жақты жазу;

Бағалау;Калькуляциялау;

Бухгалтерлік баланс;Есеп беру.

5.Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары

Бухгалтерлік есеп қағидалары да арнайы әдебиеттерде әртүрлі мағынада көрсетіледі және олардың саны төрт-бесеуден бірнеше ондықтарға жетеді. Монографияда да, арнайы әдебиеттерде де терминологияға қатысты алшақтықты көруге болады, осы сұраққа қатысты шетелдік те, отандық та, ғалымдар мен практиктерде бірегейлікті байқауға болмайды. Қағидалардың тікелей бухгалетрлік қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамаларына қатысты талаптарды нақтылай түседі және дамытады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңның 5-1 бабында бухгалтерлік есеп жүргізудің келесідей қағидалары анықталған: Есептеу әдісі бойынша есеп жүргізу - Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржылық есептілік есептеу қағидасына сәйкес құрастылады. Осы әдіс бойынша операциялар мен басқа да жағдайлардың нәтижелері олардың орындалуына қарай танылады. Олар есеп жазбаларында және қаржылық есептілікте өздері қатысты есепті кезеңдерде көрсетіледі. Қызметтің үздіксіздігі Қаржылық есептілік ұйым дәл қазір жұмыс істеп тұр және болашақта да өз қызметін тоқтатпайды деген тұжырымға сәйкес құрастылады. Яғни, ұйым жойылмақшы емес және жойылуды немесе өз қызметін масштабын біршама қысқартуды қажет етпейді, ал егер ондай мүмкіндік немесе қажеттілік болатын болса, онда қаржылық есептілік басқа негізде құрастырылады және ондай жағдайда қолданылатын негіздеме ашылып көрсетілуі қажет.Қаржылық есептіктің сапалық сипаттамалары сапалық сипаттамалар ұсынылатын қаржылық есептілікті пайдаланушыларға қажетті етеді. Негізгі төрт сапалық сипаттамалар түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық.

Түсініктілік- қаржылық есептілікте көрсетілген ақпараттардың негізгі қасиеті оның пайдаланушылардың түсіне алуы.

Орындылығы – Пайдалы болуы үшін ақпарат шешім қабылдаушы пайдаланушылар үшін орынды болуы қажет.

Мәнділік – Ақпарттың орындылығына оның сипаты мен мәнділігі көп әсер етеді. Кейбір жағдайларда ақпарттың орындылығы оның тек бір сипаты арқылы анықталады.

Сенімділік – қажетті болуы үшін ақпарат сенімді болу керек. Ақпарат сенімді деп саналады, егер онда мәнді қате мен бұрмалаулар жоқ болса және пайдаланушылар оған шынайы жағдайды сипаттайды деп толығымен суйене алса.

6. Бухгалтерлік есептің әдістері.Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға тиіс.

Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:Құжаттау;Түгендеу;Шоттар;Екі жақты жазу;Бағалау;Калькуляциялау;Бухгалтерлік баланс;Есеп беру.Құжаттау  Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түрдегі анықтамасы болып табылады.Құжатқа орындалған операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты – жөні және тағыда басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі.Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.  Түгендеу Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді.Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады.Соған байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан алынған заттарды, сондай – ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді терсеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін.Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің нақты қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептегімен салыстырып отырады.  Шоттар Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады.Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай – ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады.Шоттар кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай,оларды экономикалық маңызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады.Жалпы айтқанда ұйымның активтерімен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.  Екі жақты жазу әдісі  Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады.Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет.Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.  Калькуляциялау әдісі Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі. Осы үдерістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын құрайды. Сондай – ақ ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляциялау деп атайды.  Бағалау әдісі  Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісн бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.  Бухгалтерлік баланс  Кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз.Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелерімен меншікті капиталы бейнеленеді.  Қорытынды есеп Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік хаты және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді. 

7. Құжаттардың реквизиттері және нысандары. Құжаттарды құрастыру, тексеру және өңдеу. Құжат айналымы және құжаттарды сақтау Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталады. Құжаттардың деректеріне (реквизит) мыналар жатады құжаттардың аталуы және құжат үлгісінің коды;құжаттарды рәсімдеген күн;шаруашылық фактісінің мазмұны;шаруашылық фактісін сандық және сапалық бақалаудағы өлшеу бірлігі;орындалған фактіге жауап берушілердің аты-жөні,бұлардың қойған қолы,ұйымның аталуы. құжат айналымы дегеніміз кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде олардың жасалуынан (құрылуынан),яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін (графигін) құру;есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;құжаттың бағалы сараптамасы (экспертизасы) және істі ұзақ сақтауға дайындау.Ұйымдар бухгалтериясына тапсырылатын барлық бастапқы құжаттар тиісті счеттарға жазылғанға дейін алдын-ала өңделеді. Бастапқы құжаттарды өңдеу төмендегі кезеңдерден өтуі керек: 1. Құжаттардың мазмұнын тексеру: - үлгі пішім мен ревизиттердің сақталуын; - орындалған операциялардың заңдылығын; - арифметикалық тексеру. 2.Бағаға айналдыру (таксировка) (натуралды өлшемдерді ақшалай өлшемге айналдыру); 3. Өшіру; 4. Құжаттарды біртектес нышандарына қарай топтастыру (касса, есеп айырысу т.с.с. бойынша); 5. Құжаттар мазмұны көрсеткіштерін есеп регистрларына ауыстыру; 6. Топтастырылған құжаттарды кітаптан тігіп мұрағатқа (архивке) өткізу.Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді,яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің (реквизиттерінің) толық толтырылуын,тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын,сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді,яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді.Құжаттарды тиісті жауапты адамдардан ұйым бухгалтериясына қабылдаған кезде міндет атқарушы бухгалтер құжаттарға жазылған жазулардың толықтығын, мазмұнын,арихметикалық амалдардың дұрыс қолданылғандығын және логикалық санаға маңызын мұқият тексеруі қажет. Яғни құжаттарды толтыруда барлық реквизиттердің дұрыс жазылғандығы, растаушылардың қойған қолының анықтығы, өшіріліп қайта қойылған цифрларды, дәлелденбеген түзетулерді жан-жақты тексеру қажеттігі туындайды.

Арифметикалық тексеру кезінде натуралды өлшемдегі құндылықтарды ақша өлшеміне келтіріп бағалау нәтижесінің дұрыстығы анықталады. Мұндай тексеру барысында құжаттар рәсімдеуде жіберілген қателер, мысалға, қойылмай қалған цифрлар,цифрлар жанына жазылмай кеткен немесе артық жазылған нөл, бір цифрдық орнына басқа цифрдың (67 цифрының орнына 76 цифрының) жазылып кеткендігі анықталады. Құжаттар уәсімдеуге жіберілген қателерді түзету үшін қате жасалған құжаттар жауапты адамға қайтарылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]