Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_bukhuchet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
85.09 Кб
Скачать

14.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі

Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын  жалпы мәселелер мыналар болып табылады:

-салық салынатын негізгі анықтаудағы толықтығы және дұрыстығы; -салық мөлшерлемесінің жіне басқа төлемдерді қолданудың,сондай-ақ төлемді есептегенде арифметикалыө есептің дұрыстығы; -жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі және салық  төлеуде  жеңілдіктерді қолдану;

-бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалы  есебін  жүргізу дұрыстығы;

Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

2002 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетпен есеп айырысу есебі»туралы заңы өз күшіне енген болатын.

3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі.  Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер  4310 шотта есепке алынады.

Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына  3120 «Жеке табыс салығы»  шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі. 3130 — «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі,  ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі. Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот  дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160  шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160  шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160  шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі. Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты  дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.

15. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру.Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдары есеп жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және олардың әлеуметтік шарттардың жалпылама аксиомалық түрде көрсетілуі және олардың дұрыстығына күмән болмауы тиіс.Ағылшын американдық бухгалтерлік есеп мектебі келесі бес тұжырымдары ерекше бөліп көрсетеді; мүліктік және құқықтық жекешелену; қызметтің үздіксіздігі; есептік кезен; нарықтық айрбас операциялары; монетарлық бағалануы. Бұл тұжырымдар экономикалық шындщық жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін құрастыруды анықтайды және есептің экономиканың тұрақты қызмет атқаруының маңызды факторы болатындығын түсіндіредіМүліктік және құқықтық жекешелену. Бұл тұжырым бойынша шаруашылық субьектісі құрылғаннан кейін жеке мүліктік – құқықтық кешен болып табылады, заңды түрде өз бетімен қызмет атқарады және экономикалық қатынастарында тәуелсіз деп танылады. Ұйымның мүліктері мен міндеттемелері оның меншік иелерінің және басқа ұйымдардың мүліктері мен міндеттемелерінен жеке өмір сүреді.Үздіксіздік. Бұл тұжырым ұйымның, пайда болғаннан кейін мәнгілік өмір сүретінін, яғни жақын арада өз қызметін тоқтатуға мүдделі еместігін, сол себепті инвесторлар мен кредиторлар фирманың өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім білдіруін сипаттайды.Есепті кезең.Бұл тұжырымға сәйкес ұйымның экономикалық қызметі белгілі – бір уақыт мөлшеріне байланысты деп танылады, сол кезең аяғында оның қызметіне баға беріледі және түзетулер жасалынады. Мұндай базалық кезең ретінде қаржылық жыл алынады. Сол арқылы эконономикалық субьектілердің экономикалық қуаты мен қаржылық нәтижелері айқындалады және салыстырлады. Қаржылық жыл соңында бухгалтерлік есептілік құрастырылуы қажет. Әрине есептілікті құрастыру мерзімі одан да жиі болуы мүмкін, бірақ адиттелуге тиісті және меншік иелеріне таратылуға тиісті базалық есептілік жылдық есептілік болып табылады.Нарықтық айырбас операциялары. Бұл тұжырым есеп мәліметтерінің пайда болу көздерін анықтайды және екі жақта болады. Біріншіден, нарықтық экономиканың басымдылығы сипатталады, яғни өндірілген тауарлар мен қызметтердің басым бөлігін осы өндірушілр тұтынбайды, олар мүдделі тұтынушылар арасында көбінесе айырбас арқылы бөлініп таратылады. Екіншіден, айырбас операцияларының басты элементі баға болып табылады, бұл операциялар нақты орын алған немесе келісімнің шарттарына сәйкес орын алуы мүмкін болады, есеп мәліметтері белгілі бір бағаға негізделуі қажет. Осы айырбас операциялары бойынша есеп мәліметтері пайда болады да есеп жүйесінде көбейтіліп отырады.Монетарлық бағалануы. Бартерлік емес экономикада ақша жалпы айырбас баламасының рөлін аткарады, олардың көмегімен шаруашылық субъектісінің операциялары бағаланады. Бухгалтерия әртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін, бірақ осы тұжырым жүйеге тек құндық өлшемдегі операциялардың кіргізілетінін куәландырады. Мысалы, ақша каражаттары терминдері арқылы қызметкердің біліктілігін, ақпарат ағымының тиімді ұйымдастырылуын, агенттің сенімділігі мен мұқияттылығын шынайы бағалауға болмайды. Мұндай факторлар бизнес үшін өте манызды болуы мүмкін, бірақ олар бухгалтерлік тілде «баланстан тыс қалады». Екі ұқсас терминдерді араластыруға болмайды: материалды емес активтер және көрінбейтін активтер. Алғашқылары ақшалай өлшемде көрсетіледі және сатып алу-сату операцияларының объектісі бола алады, сондықтан баланста көрсетіледі, ал екіншілері, ешқандай жағдайда балансқа кіргізілмейді. ҚР«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі » заңына есеп саясаты – ҚР бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерінен ескере отырып бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті құрастыруының қабылданған қағидалары, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірбиесі болып табылады.Шаруашылық операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды көрсетудің альтернативті әдістерін ұсынатын халықаралық қржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) есп саясатын құрастырудың базасы болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]