
- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2 Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •4.Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5.Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •8 Түгендеудің мәні және түрлері. Түгендеуді жүргізу тәртіптері және оның нәтижелерін бағалау
- •9 Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •10 Шаруашылық операцияларының балансқа әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері
- •11.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •12.Екі жақты жазудың мәні
- •14 Қаржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама, оларды тану және өлшеу. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
- •15. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •16. Қорларды бағалау әдістері.
- •1 Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •3.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •4.Қорларды бағалау әдістері.
- •5.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •6.Негізгі құралдар, олардың жіктелінуі. Негізгі құралдардың бағалануы
- •7.Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •8 .Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •9 Материалдық емес активтер және олардың түрлері
- •10. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •11 Жарғылық капитал есебі
- •12 Резервтік капитал есебі
- •14.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •16. Қорларды бағалау әдістеріне сипаттама
- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
11 Жарғылық капитал есебі
Жарғылық капитал – ұйым міндеттемелерін қамтамасыз ету құралы б.т. Ж.К. – ұйым құрылтайшыларының меншікті қаражаттары есебінен ғана қалыптасуы керек., яғни банктік несие есебінен ЖК қалыптастыруға тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өту кезінде ұйымның ЖК құрылтай құжаттарында анықталған сомасының 50% төленуі қажет. Ал тіркеуден өткен күннен бастап 1 жыл ішінде жария ЖК толық төленуі қажет. Ал ең төменгі мөлшері заң негізінде белгіленген.
ЖК есебін жүргізу үшін ЖК бөліміндегі шоттар:
5010 артықшылығы бар акциялар
5020 қарапайым акциялар
5030 салымдар мен пайлар
Бұл шоттар б/ша бух.жазба ұйым мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және құрылтай құжаттарына өзгерістер енгеннен кейін ЖК қалыптастыру, көбейту не азайту кезінде жасалады. Бұл шоттар пассивті шоттар б.т.
қарапайым және артықшылығы бар акциялар айналысқа шығарылған кезде олардың номиналды құнын көрсету:
Дт 5110 Кт 5010, 5020
құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктес.ң ЖК мөлшерін көрсету:
Дт 5110 Кт 5030
ЖК азайту:
сатып алынған акцияларды көрсету
Дт 5010, 5020 Кт 5210
шар.қ серіктестігіне қатысушылардан сатып алынған үлестерін көрсету:
Дт 5030 Кт 5210
артықшылығы бар акцияларды жай акцияларға ауыстыру
Дт 5020 Кт 5010
ЖК көбейту:
айналысқа жаңа акциялар шығару
Дт 5110 Кт 5010,5020
ЖК көбейту үшін шар.қ серік.ң құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу:
Дт 5110 Кт 5030
12 Резервтік капитал есебі
Резервтік капитал – бұл ұйымның ағымдағы табысы жеткіліксіз болған жағдайда кездейсоқ п.б. шығындардың орнын жабу үшін және артықшылығы бар акциялар мен облигациялар б/ша дивиденттер мен пайыздарды төлеу үшін құрылатын капитал. РК ұйымның таза табысы ғана есебінен қалыптасуы керек. РК құрылуы заң талаптарына сәйкес не ұйымның өзінің бастамасымен құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайда құрылтайшының шешімімен болады. РК ұйым мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 2 жыл ішінде құрылуы тиіс. РК жыл сайынғы аударылатын аударымдар көлемі ұйымның құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешіміммен анықталады. РК ең төменгі мөлшері ЖК 15% кем болмауы тиіс. РК есебін жүргізу үшін 5400 бөлімшесіндегі мына шоттар пайдаланылады:
5410 құрылтай құжаттарымен белгіленген РК
5420 НҚ қайта бағалауға арналған резерв
5430 МЕА қайта бағалауға арналған резерв
5440 сатуға арн қаржылық активтерді қайта бағалауға арн резерв
5450 шетелдік қызметі б/ша шетел валютасын қайта бағалауға арн резерв
5460 өзге резервтер
РК шоты бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясы:
Ұйым жарғысында белгілеген мөлшер бойынша РК қалыптасыру
Дт 5510 Кт 5410
Ұйым жарғысында көрсетілген мөлшерде артық РК сомасының қалыптасуы
Дт 5510 Кт 5460
Ұйым есепті жылда пайда таппаған не тапқан пайданың жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған РК сомасы
Дт 5410, 5460 Кт 3030, 3540
Ұйымның есепті не өткен жылғы жабылмаған зиянын жабуға жұмсалған сомасы
Дт 5410, 5460 Кт 5510, 5520
Ұйым құрылтайшыларының қабылдаған шешіміне сәйкес РК капитал есебінен ЖК капиталды толықтыру
Дт 5460 Кт 5010, 5020
13. Еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер есебі Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері: 1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау; 2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу; 3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу; 4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу; 5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу; 6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу; 7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау; Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар: 1-нысаны – мерзімдік; 2-нысаны – кесімді; Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады: 1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды; 2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес; 3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі; 4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу; 5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін; көзделеді). Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар: 1. Тікелей кесімді жүйе; 2. Кесімді- сыйақылақ жүйе; 3. Ілгерішіл – кесімді жүйе; 4. Жанама – кесімді жүйе; 5. Аккордық жүйе;