- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
- •2 Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері
- •4.Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері
- •5.Бухгалтерлік есеп қағидалары және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары
- •8 Түгендеудің мәні және түрлері. Түгендеуді жүргізу тәртіптері және оның нәтижелерін бағалау
- •9 Бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері және құрылымы
- •10 Шаруашылық операцияларының балансқа әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері
- •11.Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымы. Активті және пассивті шоттар
- •12.Екі жақты жазудың мәні
- •14 Қаржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама, оларды тану және өлшеу. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
- •15. Есеп саясаты туралы түсінік және оның міндеттері. Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру
- •16. Қорларды бағалау әдістері.
- •1 Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебі
- •3.Қорлар, олардың түрлері. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларының есебі, түгендеу
- •4.Қорларды бағалау әдістері.
- •5.Дебиторлық қарыздар түсінігі және олардың түрлері. Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
- •6.Негізгі құралдар, олардың жіктелінуі. Негізгі құралдардың бағалануы
- •7.Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •8 .Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
- •9 Материалдық емес активтер және олардың түрлері
- •10. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- •11 Жарғылық капитал есебі
- •12 Резервтік капитал есебі
- •14.Бюджет пен салық бша есеп айырысу операцияларының есебі
- •16. Қорларды бағалау әдістеріне сипаттама
- •1 Есептің пайда болу және даму тарихы
9 Материалдық емес активтер және олардың түрлері
МЕА - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын, физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауға болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.МЕА физикалық негізсіз және оларды материалды не материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады.Мысалы, кәсіпорын жабдықтары технологиялық басқаруға арналған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етіліп, онсыз жабдық жұмыс істей алмайды. Бұл жағдайда бағдарлама жабдықпен бірге НҚ құрамына енеді ме не МЕА құрамына енеді ме, ол принципиалды түрде анықталуы керек.МЕАге: лицензиялық келісім, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру, патенттер, авторлық құқық, басқа жақтардан алынған тауар белгісі, фирмалық атаулар, ноу-хау, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және т.б.МЕА есебін жүргізу үшін 2700 бөлімшесіндегі мынашоттар пайдаланылады:2710 Гудвилл 2730 Басқа да МЕА
МЕА ұйымға мынадай жағдайда келіп түсуі мүмкін:
- ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың
- салымы ретінде енгізілген жағдайда
- заңды және жеке тұлғалардан сатып алынған жағдайда - заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік ақысыз негізде алынған жағдайда
- ұқсас активтермен алмастырылған жағдайда
- ұйым өзі жасаған жағдайд
10. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
МЕА келіп түсуі «МЕА қабылдау, өткізу актісімен» рәсімделеді. Онда МЕА атауы, оның қысқаша сипаттамасы, қабылдаған және өткізген тұлғаның аттары, сатып алынған мерзімі, бастапқы құны, амортизация нормасы және жинақталған тозу сомасы көрсетіледі. Актіге МЕА қабылдап алған материалды жауапты тұлға қол қояды және осы құжаттармен бірге ұйым бухгалтериясына тапсырылады. Ұйым бухгалтериясында МЕА-ді кіріске алу бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымы ретінде енгізілген жағдайда
Дт 2730 Кт 5110
заңды тұлғалардан төлем арқылы кірістелген МЕА үшін
Дт 2730 Кт 3310, 3390
Қосылған құн салығына: Дт 1420 Кт 3310, 3390
алынған МЕА үшін жабдықтаушылардың шот-фактураларын төлеген кезде
Дт 3310, 3390 Кт 1010, 1030
бюджетке төленетін төлемдерді азайту үшін есепке алынған ҚҚС сомасына
Дт 3130 Кт 1420
МЕА бухгалтерлік баланстан оның шығысталуы кезінде не оларды пайд.н ешқандай экономикалық пайда алу күтілмеген жағдайда есептен шығарылады. МЕА шығысталуына мынадай себептер әсер етуі мүмкін:олардың басқа тұлғаларға сатылуы;моральдық тозуы әсерінен;басқа ұйымдарға ақысыз берілу әсерінен;басқа ұйымдардың жарғылық капиталына салым ретінде салынуымен байланысты.МЕА шығысталуы алардың себептеріне байланысты «МЕА қабылдау, өткізу актісімен» не «МЕА істен шығару актісімен» рәсімделеді. МЕА сату кезінде мынадай бух.жазбалар жасалады:Сатылған МЕА баланстық құнына
Дт 7410 Кт 2730
МЕА сату кезінде жинақталған амортизация сомасына
Дт 2740 Кт 2730
төлем құжаттарына сәйкес, ҚҚС-сыз сатылған МЕА келісім құнына
Дт 1210 Кт 6210
МЕА ҚҚС сомасына
Дт 1210 Кт 3130
банк көшірмесіне сәйкес МЕА сатқаны үшін сатып алушылардан ақша қаражаттары келіп түскен жағдайда:
Дт 1030 Кт 1210
МЕА моральдық жағынан тозуына байланысты есептен шығарылуы мүмкін:
Дт 7410 Кт 2730
Істен шығару кезінде жинақталған амортизация сомасына:
Дт 2740 Кт 2730
Есептен шығарылған МЕА құнынан есептелген ҚҚС сомасына:
Дт 7410 Кт 3130
Жыл соңында МЕА сатудан алынған табыс және шығыс сомасы 6240, 7410 шоттарынан келесі бух.жазу арқ жылдық жиынтық табыс шотына апарылады:
табыс сомасына: Дт 6240 Кт 5610
шығын сомасына: Дт 5610 Кт 7410
