Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_bukhuchet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
85.09 Кб
Скачать

1 Есептің пайда болу және даму тарихы

Есеп бұдан мыңдаған жылдан бұрын адамзат өркениетінің келіп шығуымен бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары тарих үшін үлкен әсерін тигізді. Есептің дамуы өмірдің қажеттілігі мен

келген, ал ол өзінің кезегінде жазу мен математика сияқты өркениеттің ажыратылмайтын бөліктеріне себеп болды. Шамамен ХV ғасырдың соңына таяу қосарлы жазуға негізделген бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да

негізгі әдістердің бірі болып келеді. Сол уақыттардан бері баланс, калькуляция, дебет, кредит, контировка және т.б. сияқты көп терминдер сақталып қалған.

Бухгалтерлік есеп есептің басқа түрлерінен (мысалы,

статистикалық) ерекшелететін бір қатар өзгеше белгілер бар:

1. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі

түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде бейнеленеді.

2. Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін

шаруашылық операциялар көрсетіледі.

3. Бухгалтерлік есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (тәсілдер)

(мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы күшейе түсті.

Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер,

тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен жүргізідеді.

Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде – аудиторлық фирмалар, кеңесшілер,

заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады. Сондықтан да ақпарат заң нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты болады. Бухгалтерлік есеп материалды-жауапты тұлғалардың қызметі

үстінен бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол үшін әрбірматериалды-жауапты тұлға бойынша материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының есебі бөлек жүргізіледі.

2 Шаруашылық есеп және оның түрлеріне сипаттама. Есепте қолданылатын өлшем бірліктері

Ұйым қызмет ету барысында көптеген әртүрлі шаруашылық операцияларын жүзеге асырады. Өз қаражаттарын пайдалану және сыртқы инвесторлар мен кредиторлардан қаржы тарту арқылы ұйым жабдықтар, құралдар, өндірістік ғимараттарды сатып алады. Өндіріс үрдісін басқару үшін ақпарат қажет. Мұндай ақпартты өндірісті басқарудың бір функциясы ретінде пайда болған есептің көмегімен алуға болады. Ол шаруашылық үрдістерін тұрақты турде бақылау, оларды сандық өлшеу, тіркеу және жалпыламау арқылы жүзеге асырылады. Есептің көмегімен шаруашылық үрдістері сандық және сапалық сипаттама алады: өндірілген өнім мен сатылған тауарлар көлемі , олардың өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділік және басқалары анықталады. Сонымен шаруашылық есеп дегеніміз – экономикалық құбылыстар мен үрдісітерді бақылау және тиімді басқару мақсатында сандық және сапалық сипаттама беру жүйесі болып табылады. Шаруашылық есеп ұш турлі есеп түрлерінен тұрады: жедел, статистикалық және бухгалтерлік. ЖЕДЕЛ есеп жекелеген шаруашылық операцияларын ағымдағы байқау мен бақылау және олардың жүзеге асырылуын басқару жүйесі деп танылады. Ол, әдетте, ұйым шеңберімен шектеледі, яғни шаруашылық операциясы орындалатын жерлерде жүргізіледі. Есептің бұл түрі басқа есеп түрлеріне қарғанда орындалу техникасы жағынан өте қарапайым және қажет болуына қарай жүзеге асырылады. Статистикалық есеп сапалық жағынан біртұтас әлеуметтік-экономикалық көлемді құбылыстарды тіркеу, жалпыламалау және зерттеу жүйесі. Статистика мемлекеттік және аймақтық деңгейде басқару шешімдерін қабылдау мақтасында басқару және үкімет ұйымдары қолданатын ақпаратты жинайды және дайындайды. Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық операцияларын тұтас, үздіксіз және құжаттарды рәсімдеу арқылы ұйымның мүліктері, міндеттемелері және олардың қозғалысы жөніндегі ақшалай ақпартты жинаудың, тіркеу мен жалпыламаудың реттелген жүйесі болып табылады.

3 Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептелініп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптары, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға жүргізуге міндетті.

Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындар да жиі кездеседі. Есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті.Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы маман іс-тәжірибеде мынадай үш түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін: әрбір жаңа келісімді жүргізу барысында шешім қабылдаушы тұлғаға керекті есеп ақпаратын табыс ету үшін тиісті стандарттар мен ережелерге сүйенуге тура келеді, яғни оларға деген қажеттілік туындайды;кәсіпорынның бухгалтерлік ақпарат мәліметтерін бірдей мақсатқа, тең дәрежеде пайдаланылатын екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әр түрлі тәсілдермен, әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олардың білім және тәжірибе деңгейі әр түрлі болып келеді;бухгалтерлік есеп табиғат заңы емес, ол әр түрлі ойлар мен шешімдердің үйлесуі болуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп мамандығына қайшы келетін екі түрлі пікір бар:

Бухгалтерлік есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен принциптеріне бағына бермейді, себебі оларды ұйымдастыру керек. Бухгалтерлік есеп түсінігі логикалық негіздеу, экономикалық теория, іс-тәжірибе, бағдарлама және ортақ келісіммен негізделеді. Осыған орай бухгалтерлік есеп түсінігі күнделікті өмірде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп тұрады.

Бухгалтер маманының қай-қайсысының болмасын негізгі кәсіби міндеті бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлімет беру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]