- •Гай Юлий Цезарь
- •Кітап. Гельветтермен соғыстың басы
- •Марк туллий цицерон
- •Верреске қарсы. Төртінші кітап. Верреске қарсы сөзден үзінді (II сессия)
- •Август Тут Ливий
- •Публий корнелий тацит
- •Германия
- •Тит Лукреций Кар
- •«О природе вещей» поэмасына кіріспе.
- •Публий Овидий Назон
- •Квинт гораций флакк
- •Одалар I, 30
- •Ііі. Римдік күнтізбе Жылдар, айлар, ай күндері
- •§481. Римдіктердің айларды санмен белгілеу ондағы алғашқы ай фазасының өзгеруімен байланыстырылған үш басты күндерді ерекшелеуге сүйенді:
«О природе вещей» поэмасына кіріспе.
Адамдардың өшпестей бабын табатын, Энеевтердің анасы,
Көрнектi Шолпан! Жылжымалы шоқжұлдыздардың ең жарқыны,
Сен өмiрдегі барлық теңiздерді толтырасың,
Құнарлы жерлер барлық маңызды мақұлықтар - сен
Өмiр сүре бастайды күн көруге дүниеге келген жарық.
Жел, Құдай, сенің алдыңда жүгiредi; сенiң жақындауыңмен
Бұлттар әуен салып, жер көркейеді,
Гүл кiлемiн жайып, теңіз толқындары езу тартады,
Көкшiлдiң көк күмбезi төгiлген жарықпен жарқырайды.
Сенің келуіңмен көктемнің күні ашылады,
Сені көрген Фавоний де сілкініп кетер,
Сенің келуің туралы ең алғашқы хабарды,
Сенімен жараланған құстардың әуенінен естисің,
Ізіңнен жайылып жүрген малдар ереді.
Сенің сұлулығыңа тамсанып, көлдерді жүзіп өтер.
Қайда барсаң да құмартып артыңнан жүрер,
Ақырында теңіздерден, биік таулардан асып
Жүрекке тәтті махаббат сезімін қондырып,
Ұрпақты жалғастыруға нәзік сезім оятасын.
Сөздік.
Aeneadum – Эней тегі. Шолпан Эней тегінің анасы деп саналды. Бұл жерде Эней деп отырғаны римдіктер. Эней тегі римдіктердің шығі тегі болып саналды.
Alma – қасиетті, құдіретті деген мағынаны білдіреді.
Concelebras – етістік – бірге бару, тірілту, өзінің қатысымымен толтыру.
Concipitur – пайда болу, туындау.
Tibi – саған, сен үшін.
Diffuse lumine – төгілен жарық.
Primum – ең алдымен, бастапқы,
Significant – белгілейді, алдын ала айту.
Efficis – Шолпан дегенді білдіреді.
Generatim – үстеу қызметін атқарып тұр, яғни әрбір өзінің тегі.
Публий Овидий Назон
(б.з.б. 43ж – б.з. 18ж)
Августтың уақытындағы атақты ақын – Овидий Сульмон (Орталық Италия) қаласында дүниеге келді. Белгілі рим ораторларының (әкесі оны адвокат болуға дайындаған) шешендік мектептерінде білімін тәмәмдап, Грекия, Кіші Азия және Сицилияға сапарға шықты. Содан соң Овидий өзінің ақындық шеберлігін ерте жастан көрсетіп, өзін толық әдеби шығармашылыққа арнаған. Б.з.д. 8 жылы Август оны белгісіз жағдайлармен, Овидий өмірінің соңына дейін болған, Қара теңіз жағалауында орналасқан – Дунай өзеніндегі грек колониясы, Том қаласына жіберген.
Ертедегі Овидий өзін Махаббат әншісі ретінде көрсеткен. Оның сол кездегі шығармалары – «Махаббат туралы өлеңдер жинағы», «Героидтар»(мифтегі тастанды әйелдердің арнаулары), «Махаббат ғылымы», және «Средства от любви» поэмалары. Оның әдеби шеберлігінің ең озық туындысы – «Метамарфозы» поэмасы. Бұл поэмада адамдарның және құдайлардың жануарларға, өсімдікьерге, жұлдыздарға және т.б. әртүрлі заттарға айналып кету туралы 200-ден астам мифтер жинақталған. Өте қызықты көрсетілген осы мифтер – жиі көз алдында жеке Новелла ретінде көрсетіліп, көбісі кеңінен таралған. Мысалы: судағы өз бейнесіне қарап тұрып, өз-өзіне ғашық болып гүлге айналып кеткен Нарцисс туралы мифтер; Икар мен Дидалдың ұшуы турал; өз әйелі Эвридикалы іздеп, жердің астындағы патшалыққа түскен Орфей туралы және т.б. Рим мерекелері мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеген Овидийдің «Фасты» деген поэмасы да белгілі. Жер аударылған уақытында Овидий «Печальные элигий» және «Письма с Понта» (Қазіргі Қара теңіз) шығармаларын жазды. Овидийдің элигияларын барлық шығармаларынан да биік екеніне А.С.Пушкин жоғары баға берген.
Төменде Метамарфозы поэмасында Мидаса патшасы туралы Әнгіме көрсетілген.
Уши Мидаса
Met. XI, 146-193
Белгілі, байлықты жек көріп өмір сүргені,
Құрмет тұтты әрқашан үнгірде өмір сүргенді.
Бірақ, ондайға жол бермеді туа біткен таланттық,
Мұндай мидың иесі болу қайта келсек ақымақтық.
Биікке көтерілген жолдар алыстан теңіздей көз тартады,
Тау жоталары кеңінен таралған биік шыңдардың ирегі –
Хипэпис – Сардалидан кішігірім қалашық.
