- •Гай Юлий Цезарь
- •Кітап. Гельветтермен соғыстың басы
- •Марк туллий цицерон
- •Верреске қарсы. Төртінші кітап. Верреске қарсы сөзден үзінді (II сессия)
- •Август Тут Ливий
- •Публий корнелий тацит
- •Германия
- •Тит Лукреций Кар
- •«О природе вещей» поэмасына кіріспе.
- •Публий Овидий Назон
- •Квинт гораций флакк
- •Одалар I, 30
- •Ііі. Римдік күнтізбе Жылдар, айлар, ай күндері
- •§481. Римдіктердің айларды санмен белгілеу ондағы алғашқы ай фазасының өзгеруімен байланыстырылған үш басты күндерді ерекшелеуге сүйенді:
Публий корнелий тацит
Тацит I ғасырдың соңы мен II ғасырдың басындағы көрнекті тарихшылардың бірі және негізгі риторикалық білім деңгейін игерген болатын. Ол жастайынан өзін керемет оратор ретінде көрсете білді. Оның бұқараның алдында сөз сөйлеулері үлкен қолдауға ие болды. 88 жылы Тацит претор, 97 жылы консул болып тағайындалып, 113-116 жылдар аралығында Азия провинциясының проконсул қызметіне қол жеткізді. “Оратор жайлы диалог”, “Юлий Агрикола өмірінің баяндамасы” және “Германия” атты шығармалары оның ең алғашқы еңбектері болып табылады. Августтың өлімінен (б.з. 14 ж) Домицианның құлауына дейінгі (б.з. 96 ж) уақыт аралығын қамтитын “Тарих” және “Анналдар” деген екі үлкен еңбегі Тациттің есімін күллі әлемге шулатты. Бірақ бұл жұмыстары толығымен сақталмаған: бізге жеткен “Тарих” кітабында 69-70 жылдары орын алған оқиғалар ғана сипатталса, “Анналдар” кітабынан қалған деректерде Тиберияның, Клавдия мен Неронның ел басқарулары жайлы айтылған. Тацит қатал әрі қатігез болған Тиберия мен Нерон императорларының бейнелерін шебер әрі көркем жеткізе білген. А.C. Пушкин өзінің “Тациттың Анналдары жайлы пікірінде” оны “Тирандардың бәлесі” деп атап кеткен. Төменде Тациттың “Германия” шығармасынан үзінді берілген. Мұнда герман тайпаларының өмір жағдайы мен өмір сүру ортасы бейнеленген.
Германия
Түгел Германдықтар Рэтискве галлдарынан Рейн және Дунай өзендерімен алшақтанған болса, Сарматтардан олардың көрсеткен қауіп-қатер мен екі ел арасындағы түсінбеушіліктер әсерінен алшақтады; Германия құрамына көлемі үлкен бухталар мен шығанақтар, көптеген аралдар кіретін мұхит жерінің біраз жерін, соңғы кезде соғыстар нәтижесінде құрылған ердердің көп бөлігін алады. Рейн өзені аспанмен таласқан, қол жетпес биік шыңды Альпы тауларының батыс бөлігінен бастау алып, Солтүстік мұзды мұхит бағытында ағады. Дунай болса, қалың ну орман арқылы көптеген елдерді қиып өтеді де, алты сағаға тарап барып Қара теңізге құяды.
Тит Лукреций Кар
(б.з.б 98-55 жж.)
Ең жарқын және аса маңызды ежелгі әдебиеттің ескерткіші, «О природе вещей» поэмасының авторы танымал поэт, философ материалист – Лукреций. Бул шығармада поэтикалық пішін жағынан атомистикалық материализмнің философиялық негізі баяндалған. Лукрецийдің поэмасында Демокриттің материалистік көзқарастарының дамуын көрсететін Эпикурдың атомистикалық теориясын айқындайды. Әрбіреуінде ерекше бастама бар поэма алты кітаптан тұрады. Бірінші кітаптың бастамасы ретінде Шолпан патшасын әлемде тылсым күш ретінде бейнелейді. Мазмұндаманың көркемдік пішіні Лукрецийдің материалистік идеясына аса бейнелілік пен сенімділік береді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады. Кейбір ауруларға өте дәл сипаттама береді. Лукрецийдің алтыншы кітабында жұқпалы аурулар, олардың пайда болуы туралы баяндалады да аурудың пайда болу концепциясын ұсынылады. Ол су, тамақ және басқа заттар арқылы жұғу мүмкіншілігі бар екеніне назар аударады, өзіне айқын емес нұсқауларды белгілеу арқылы, инфекция туралы айтады.Поэманың бастапқы 20 өлеңі төменде беріледі.
