Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Latyn_tili_Audarma_isi-11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
41.15 Кб
Скачать

Гай Юлий Цезарь

(б.з.б 100-44 жж)

Цезарь - ірі саяси қайраткер, тарихшы және шешен - Римде және Родос аралында риторикалық білім алған. Ол 59 жылы консул болды, кейін Галлияға проконсул ретінде жіберілген. Бірнеше жылдың ішінде Альпі тауларынан Океана және Рейнаға дейінгі ұлан-байтақ территорияны Римге бағындыра отырып, ол галль тайпаларын жаулап алды. Цезарьдың күшеюінен қауіптенген Сенат, оны Галлиядан кері шақырып алуға әрекеттенеді. Бұған жауап ретінде Цезарь өзіне берілген әскерімен бірге, Рубикон өзенін кеше отырып, Римге аттанады. Басталған азамат соғысының барысында (б.з.б 49-45 жж) Цезарь Фарсаль түбіндегі шайқаста (б.з.б 48 ж) Помпейдің күл-талқанын шығарады және Рим иелігінің шығыс бөлігін бағындырады. Цезарьдың диктатурсы жылдарында (б.з.б 48-44 жж) сенат билігінің жақтаушылары, Цезарьдың іс-шаралары мен реформаларына көңілі толмайтындар оған қарсы астыртын әрекет құрады жәнеб.з.б 44 жылы Брут пен Касси бастаған қастандық жасаушылардың қолынан қаза табады.Цезарь - бізге жеткен « Галль соғысы жайлы жазбалар» және «Азамат соғысы жайлы жазбалар» атты екі шығарманың авторы. «Галль соғысы жайлы жазбалар» Франция, Германия және Англияның ежелгі тарихын зерттеудегі қажетті дерекнама болып табылады.

Кітап. Гельветтермен соғыстың басы

1.Галлия жері үш бөлікке бөлінеді. Оның бір бөлігінде бельгиялықтар, екінші бір бөлігінде аквитандықтар, үшінші бір бөлігінде олардың өз тілінде келть деп аталатын, ал біздің тілде галль деп аталатын тайпалар өмір сүреді. Олар бір-бірінен ерекше тілдерімен, мекемелерімен және заңдарымен ажыратылады.Галль тайпаларын аквитандықтардан Гарумна өзені, бельгиялықтардан Матрона және Секвана өзендері бөліп жатыр. Олардың ішіндегі ең ержүрегі –бельгиялықтар, олар провинциялық мәдениет пен өркениеттен артта қалған,бұдан басқа оларда тіпті көпестер де, әсіресе рух төзімділігімен қызықтыратын заттармен, сирек болады, аяғында олар үздіксіз соғыс жүргізетін германдықтарға көрші болып өмір сүреді. Осы себептен гельветтіктер де қалған галль тайпаларын ержүректігімен басып озады: олар күн сайын дерлік германдықтармен, не өз мемлекетіне басып кіруіне тойтарыс беру арқылы, не олардың территориясына басып кіру арқылы соғысады. Біз алдында айтқандай, галль тайпалары алып жатқан бөлік Родана өзенінен басталады және оның шекарасы Гарумна,Океан өзендерімен және Бельгия мемлекетімен шектеседі; бірақ секвандықтар мен гельветтіктер жағынан шекарасы Рейна өзеніне жалғасады және солтүстікке қарай созылады. Бельгия меемлекеті Галлияның ең алыс шекарасынан басталады және Рейна өзеніннің төменгі ағысына дейін жетеді. Ол солтүстік-шығысқа қарайды. Аквитания Гарумна өзенінен Пиреней таулары мен Испанияның Океанамен ұласатын бөлігіне дейін созылып жатыр. Ол солтүстік-батысқа жатады.

Марк туллий цицерон

( б.э.д. 106-43 жж.)

Рим республикасының соңғы ғасырдағы айтулы шешені Арпин қаласының төңірегінде дүниеге келген (Лацияның шығыс бөлігі) және Римде кейін Грецияда негізгі шешендік және философиялық білімін алды. Цицерон өз заманының ең таңдаулы шешендерінің куәгері болды, құқық мәселесін және грек философиясын зерттеді. Оның алғашқы сөз сөйлеуі 80-ші жылдардың соңына жатады. Верреске қарсы сөйлеген сөздері оған үлкен табыс әкелді (70ж.). 63 жылы нобилитет қолдауының арқасында Цицеронды консул етіп сайлайды. Сенаттан төтенше өкілеттік алған Цицерон катилинарлықтардың нобилитетке қарсы бағытталған көтерілісін басып тастады. Оның Катилинаға қарсы айтқан сөздері үлкен танымалдылыққа ие. Кейін Катилинаның қастандығынан босаған соң оған өзінің жақтастарын айыпсыз өлтірді деген кінә тағылып ол 58 жылы айдауға кетуге мәжбүр болды, ол айдаудан бір жылдан соң ғана оралды. Юлий Цезарь мен Помпей арасындағы азамат соғысында Цицерон соңғысын жақтады, бірақ Цезарьдың диктатурасы кезінде (48-44 жж.) саяси қызметтен алшақтады. Цезарьдың өлімінен кейін (б.э.д. 44 ж.) ол Антонияға қарсы шықты және Цезарьдың жиені Октавианды қолдады. Антоний Цицеронды проскрипционды тізімге енгізуге бұйрық берді, сөйтіп 43 жылы Цицерон өлтірілді.Цицеронның мұрасы өте зор: бізге оның 58 сөзі, шешендік теориясына, философия және мемлекеттік құрылғы мен заң шығаруға қатысты өте үлкен көлемдегі туындылары мен хаттары жеткен. Латын тіліндегі философия терминологиясының негізін салушы бола тұра, ол ғылыми проза тілінің дамуына үлес қосты. Төменде Цицеронның Верреске қарсы сөзінен үзінді берілген (II сессия, IV кітап). Б.э.д. 73 жылы Сицилияның билеушісі бола тұра, Веррес аймақты аяусыз басқарды, оның тұрғындарын тонап күйретті. Берілген үзіндіде оның Сиракузыдағы ғибадатханалар мен қоғамдық ғимараттарды тонағандары сипатталады. Б.э.д. 735 жылы Коринфтен шыққандар негізін қалаған Сиракузы қаласы б.э.д. 211 жылға дейін өз тәуелсіздігін сақтады (ұзақ қарсыластықтан соң қаланы Рим қолбасшысы Марцелло басып алды). Цицеронның сөзінде Марцеллоның адамгершілігі Веррестің бассыздығы мен зұлымдығына қарсы қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]