- •1 Ақша қаражаттарына, ақшалай құжаттарға және қатаң есептік бланкілеріне түгендеу жүргізу және олардың нәтижесін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі
- •3 Күмәнді қарыздарды бағалау. Күмәнді қарыздарды бағалаудың әдістері
- •4.Алынуға тиісті шоттар (сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, еншілес серіктестіктермен, қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен, филиалдармен және құрылымдық бөлімшелермен есеп айырысу)
- •6. Алдағы кезеңдер шығыстарының есебі.
- •7.Алынуға арналған сыйақылардың, жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі
- •8. «Қорлардың» өзіндік құны мен таза сату құны бойынша бағалау әдісі.
- •9.Қорлардың есеп жүйелері.
- •10.Негізгі құралдар нысандарын ақшалай емес активтерге айырбастау жолымен сатып алу (ұқсас немесе ұқсас емес активтерге), тегін төлемақысыз берілген негізгі құралдар.
- •11. Кейінгі күрделі шығындар: Негізгі құралдарды түрлендіру және жөндеу
- •12.Қорлардың келіп түсуі және қозғалыс операцияларын құжаттармен рәсімдеу
- •13.Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау. Олардың нәтижесін есепте көрсету.
- •14.Материалды емес активтерді тану және есеп қағидалары. Материалдық емес активтерді бағалау.
- •15.Материалдық емес активтерді сатып алу және шығысқа шығару.
- •17.Ұйымның ұйымдық – құқықтық нысанына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы.
- •18. Төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс.
- •20.Орташа еңбек ақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған кундеріне жәрдем ақы есептеу тәсілі.
- •21. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •22. Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •24.Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
18. Төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс.
Төленбеген капитал - 5ші бөлімнің 51-ші кіші бөлімінде есепке алуға арналған. Бұл- 5110 шоты яғни төленбеген капитал, мұнда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар ( мүлітік жарналар ) енгізу жөніндегі операциялар, сондай – ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.
Эмиисиялық кіріс. Егер акцияны сатып алу құны оның номиналды құнынан жоғары болса, онда меншіктегі акцияның сатып алу құнының номиналдық құннан жоғары сомасы 5310 «эмиссиялық кіріс» шотының кредитінде, ақша қаражаттар есебі шотымен корреспонденциясында көрсетіледі.
Сатып алынған акция тәртіп бойынша олардың номиналды құнынан өзгеше болуы мүмкін. Егер акция номиналды құнынан төмен бағаға сатып алынса, онда сатып алу және номиналды құнның арасындағы айырмасы 5310 шотында көрсетіледі. Бұндай жағдайда мынандай бухгалтерлік жазу жасалуы мүмкін:
Дт Кт 5210 ақша қаражаттар, эмиссиялық кіріс шоттары
Мысалы, ұйым айналымға номиналдық құны 1000 теңгеден 800акция шығаруға шешім қабылдады. Алғашқыда 500 акция шығарып, оны 1200 теңгеден орналастырды. Екінші айналымында қалған 300 акцияны шығарып 450теңгеден орналастырды.
800 x 1000 = 800000
500 x 1000 = 500000
500 x 1200 = 600000 (төленбеген капитал)
Дт 5110 500 x 1200 = 600000
Кт 5010, 5020 500 x 1000 = 500000 (номиналды)
Кт 5310 100000
Дт 5110 300 x 450 = 135000
Дт 5310 100000
Дт 5510 65000
Кт 5010, 5020 300000
19. экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
«Кірістер» 6 бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.
«Кірістер» 6 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
6000 – «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс»;
6100 – «Қаржыландырудан алынатын кірістер»;
6200 – «Басқа да кірістер»;
6300 – «Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер»;
6400 – «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.
48. 6000 «Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс» кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6010 – «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
6020 – «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6030 – «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.
49. 6100 «Қаржыландырудан түсетін кіріс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6110 – «Сыйақылар бойынша кірістер», онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар;
6120 – «Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6130 – «Қаржылық жалдау бойынша кірістер», онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6140 – «Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер», онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6150 – «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;
6160 – «Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
50. 6200 – «Басқа да кірістер» кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6210 – «Активтердің шығуынан алынатын кірістер», онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6220 – «Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер», онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;
6230 – «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6240 – «Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі;
