Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
косымша карж есептен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
64.2 Кб
Скачать

14.Материалды емес активтерді тану және есеп қағидалары. Материалдық емес активтерді бағалау.

Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес материалдық емес активтер есебі 38-стандарт бойынша жүргізіледі. Материалды емес активтердің қолда бары мен қозғалысынң есебі 2700 бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі. Материалды емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысанындағы «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде» көрсетіледі. Актіде мыналар көрсетіледі: материалды емес активтердің дәл атауы; кәсіпорынға келіп түскен күні; объектінің сипаттамасы; бастапқы құны; амортизация нормасы. МЕА басқа кәсіпорындарға табыс етілгенде(сатылғанда, өтеусіз бергенде) акт өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға екі данада жасалады. 10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп МЕА-ді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы түгендеу карточкасында жүргізіледі. Түгендеу карточкаларының деректерін МЕА-ді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар көрсетіледі: МЕА-дің атауы; ай басындағы және соңындағы қалдықтар; ай ішіндегі қозғалысы. МЕА-дің амортизациясын есепке алу үшін «МЕА –дің амортизациясы» бөлімшесінің 2740 шоттары көзделген. Бұл реттеуші контур-пассивті шот. 2740-шотының кредиті бойынша МЕА-дің амортизациясының ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 2740 шотының дебеті бойынша МЕА амортизациясының есептен шығарылуы көрсетіледі.

15.Материалдық емес активтерді сатып алу және шығысқа шығару.

Материалдық емес активтер сатып алынған кезде сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу құнына активтерді сатып алуға байланысты барлық шығындары енеді.

Сатып алу құны бұл барлық төлемдердің ағымдағы нарықтық құны немесе активті алуға байланысты ең төменгісі анықталады.

Материалдық емес активтердің қызмет ету мерзімін белгілеу. Материалдық емес активтердің қызмет ету мерзімін анықтаған кезде мынадай факторлар ескерілуі тиісті:

- Заңды реттеуші және келісілген ережелер;

- Болжамды қызмет ету мерзімін өзгертуі мүмкін жағдайлар;

- Қызмет ету мерзімін төмендетуі мүмкін экономикалық факторлар (сұраныс, тозу, ескеру);

- Күтілген жұмыс мерзіміне жұмыс топтарына сәйкес келуі мүмкін қызмет ету мерзімі;

- Материалдық емес активтердің күшіндегі бәсекелестік қабілетін шектеуі мүмкін бәсекелестерінің және басқа да ұйымдардың күтілген әрекеттері;

- Материалдық емес активтермен бірге кешенге енетін басқа да активтердің қызмет ету мерзімі.

Шығысқа шығару. Материалдық емес активтерді пайдалану кезінде ұйым үшін оның ағымдағы баланстық құны экономикалық тиімділігінен асып кетуі анықталуы мүмкін. Бұндай жағдайда амортизацияланбаған шығынға шығарып шеккен зиян деп танылып активтің құнының төмендеуін көрсету керек.

Дт Кт

2750 2730

7420 2750 (құнының төмендеуі, құнсыздануы)

Материалдық емес активтерді сатқан, айырбастаған немесе пайдалы қызмет ету мерзімі толық біткен немесе қандай да бір басқадай жағдайда шығысқа шығарғанда оның амортизацияланбаған құны шығысқа шығарудан пайда немесе зияны көрсетіліп материалдық емес активтердің шотынан шығысқа шығару керек.

Гудвилл – анықталмайтын матетериалдық емес активтер. Гудвилл ең кең тараған және маңызды анықталмайтын материалдық емеса активтер болып табылады. Гудвилл фирманың қолайлы сипаттамасынан туындайтын құндылық болып табылады. Күтілген фирманың қолайлы сипаттамасынан туындайтын құндылық болып табылады. Күтілген фирманың анықталған активтеріне қосымша табыс артады. Гудвилл әдеттегі көрсеткіштерінен асып түсетін топшыланған құндылық фирманың болашақ қаржылық көрсеткіші болып табылады. Бұндай топшылау әр түрлі жағдайларға байланысты туындайды:

- Материалдық емес активтердің қолайлы сипаттамасы;

- Фирмаға қатысты факторлар;

- Оның операциялық ортада осындай табыс алуына, яғни фирма үшін ортадан жоғары ықтималдық туғызады.

Есепте гудвиллда фирма сатып алу бағасы мен таза активке сәйкестендірілген әділ нарықтық құнының арасындағы айырма ретінде қарауға болады.

Гудвиллді бағалау әділ құнына сәйкестендіріліп сатып алынған активтің және міндеттеменің айырбастау операциясының жасалған күніндегі жағдайы бойынша сатып алынған мүддеден сатып алу құнының асып түсуі гудвиллл деп аталатын материалдық емес активтер ретінде тіркеледі. Осыған қосымша пайда әдісі фирманың құнын есептеп шығарудың маңызды әдістерінің бірі. Оның пайда алу қабілетін бағалау болып табылады. Осы әдіс қосымша пайда әдісі деп жиі аталатын 5 қадамды орындауды талап етеді:

1. Болашақ пайданы бағалау

2. Табыстың әдеттегі деңгейін анықтау

3. Әдеттегі пайданы анықтау

4. Қосмша пайданы анықтау

5. Гудвиллды анықтау

Фирманы сатып алуға байланысты оң және теріс іскерлік бедел туындайды. Егер сатып алынған активтің таза әділ құны фирманың сатып алу құнынан жоғары болса, бұл сатып алушы фирма үшін тиімді сатып алу болып табылады. Сатып алынған активтің сатып алу бағасы мен әділ құнның арасындағы есептеліп, алынатын айырмасы, яғни іскерлік бедел сомасы теріс болып табылады. Сондықтан оны теріс гудвилл (бедвилл) деп атайды. Кез келген теріс гудвилл сатып алынған фирма материалдық активке аударған құндылықты төмендету мақсатында пропорциясы таратылуы керек. Теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық емес активтердің құндылығын сондай деңгейге дейін төмендету қажет.

16.Материалдық емес активтердің амортизациясы. Материалдық емес активтерді түгендеу және қайта бағалау.

МЕА-ді түгендеу:

Материалдық емес активтерге де негізгі құралдар сияқты амортизация есептеліп есепті кезеңде өндірілген өнімнің, қызметтің құнына таратылады. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу негізгі құралдарға амортизация есептеген сияқты амортизациялау нормасы анықталып, амортизация есептеу әдістері бойынша жүзеге асырылады. Материалдық емес автиктерге есептелген амортизациялау сомасы 2740 шотының кредитіне жинақталып, 8410, 7210, 7110, 2930, 1610 немесе 2910 шоттарының дебетінде таратылады. Есептелген амортизациялау нормасы әрбір материалдық емес активке жеке есептеліп, амортизация есептеу ведомостінде көрсетіледі.

Дт Кт

2730 5430(қайта бағалау нәтижесінде құнның артуы)

5430 2740

5430 5510

Материалдық тозғанда істен шыққан актив деп:

Дт Кт

1520 2730 қалдық құны

Сату көзделген болса:

Дт Кт

7410 1520

1210 6010 (6210)

1210 3130 (12%)

1. Кәсіпорындағы меншік қорына тиесілі МЕА-тердің нақты қолда бары

2. Оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімдігі

3. МЕН-дің толық тозуының есептеудің дұрыстығы

4. Моралды ескірген активтердің бар-жоғын тексеру

МЕА пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде қайта бағалауға ұшырауы мүмкін. Қайта бағалаудың нәтижесінде МЕА-тердің құнының артуы меншіктік капиталдың құрамында резервтік капиталдың құнына да әсер етеді. МЕА қайта бағалау нәтижесінде құнының артуын 2730 шотының Дб-де 5430 шотының Кр-де көрсетіледі. Қайта бағалауға дейінгі есептелген амортизациялану сомасына жүргізілген түзету сомасына 5430 шотын дебиттеп 2740 шотын кредиттейміз. МЕА-дің құнының арту сомасы мен түзету енгізілген амортизациялану сомасының арасындағы айырманы қалған пайдалы қызмет ету мерзіміне боліп, есептік кезеңнің соңында 5430 шотын дебитте, 5510 шотын кредиттеп шығысқа шығарып отырады.