- •1 Ақша қаражаттарына, ақшалай құжаттарға және қатаң есептік бланкілеріне түгендеу жүргізу және олардың нәтижесін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі
- •3 Күмәнді қарыздарды бағалау. Күмәнді қарыздарды бағалаудың әдістері
- •4.Алынуға тиісті шоттар (сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, еншілес серіктестіктермен, қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен, филиалдармен және құрылымдық бөлімшелермен есеп айырысу)
- •6. Алдағы кезеңдер шығыстарының есебі.
- •7.Алынуға арналған сыйақылардың, жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі
- •8. «Қорлардың» өзіндік құны мен таза сату құны бойынша бағалау әдісі.
- •9.Қорлардың есеп жүйелері.
- •10.Негізгі құралдар нысандарын ақшалай емес активтерге айырбастау жолымен сатып алу (ұқсас немесе ұқсас емес активтерге), тегін төлемақысыз берілген негізгі құралдар.
- •11. Кейінгі күрделі шығындар: Негізгі құралдарды түрлендіру және жөндеу
- •12.Қорлардың келіп түсуі және қозғалыс операцияларын құжаттармен рәсімдеу
- •13.Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау. Олардың нәтижесін есепте көрсету.
- •14.Материалды емес активтерді тану және есеп қағидалары. Материалдық емес активтерді бағалау.
- •15.Материалдық емес активтерді сатып алу және шығысқа шығару.
- •17.Ұйымның ұйымдық – құқықтық нысанына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы.
- •18. Төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс.
- •20.Орташа еңбек ақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған кундеріне жәрдем ақы есептеу тәсілі.
- •21. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •22. Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •24.Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
11. Кейінгі күрделі шығындар: Негізгі құралдарды түрлендіру және жөндеу
Негізгі құралдарды қызмет ету мерзімі ішінде жұмысқа қабілетін сақтау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуді, яғни кейінгі қаржы салымын талап етеді. Жөндеу жүргізудің 2 түрі бар:
1. ағымдағы
2. күрделі
Ағымдағы жөндеу – активті қысқа мерзім ішінде жеңіл-жерпі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Күрделі жөндеу. Негізгі құралдар олардың төл құжатында көрсетілген көрсеткішіне сәйкес пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде бірнеше рет күрделі жөндеуге тоқтатылып жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуы мүмкін. Негізгі құралдарды күрделі жөндеуге қою үшін арнайы құрылған комиссия нысанды құрап шығып ақау ведомостін толтырады.
Ақау ведомостінде күрделі жөндеу жүргізілетін нысанның қандай тетіктерін алмастырудың қажеттігі анықталып көрсетіледі. Ақау ведомості бекітіліп шаруашылықтың бухгалтериясына өткізіледі. Бухгалтерияда жөндеу жүргізілетін нысанға жұмсалатын шығындары есептеліп бюджеттеу (смета) жасалады.
12.Қорлардың келіп түсуі және қозғалыс операцияларын құжаттармен рәсімдеу
Материалдық құндылықтар кәсіпорынға жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімнің саны, сомасы, ассортименті, жиынтықтылығы, сапасы мен есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшіе қарастырылған санкциялар сомасы көрсетіледі. ТМҚң бастапқы құжаттарына кіріс ордері, жүкқұжат, шектеп алу картасы, материалдарды босатуға талаптар, материалды қабылдау актісі жатады. Келіп түскен ТМҚ кіріс ордері арқылы рәсімделеді.Тауарлы көлік накладнойды тауарды жөнелтуші кәсіпорын толтырады.
Сатып алғанда:
Жеткізушілерден ТМҚ келіп түскенде
Дт 1310,1320,1330 Кт 3310
ҚҚС соммасына
Дт 1420 Кт 3310
Есептелген жагдайда
Дт 3130 Кт 1420
Жеткізушілерге төлемақы төленген жағдайда
Дт 3310 Кт 1010,1030
Сатқанда:
Келісім құнына немесе табыстың мойындалуы
Дт 1210 Кт 6010
Өзіндік құнына
Дт 7010 Кт 1310,1320,1330
Сатып алушыдан толемакы келіп түскен жагдайда
Дт 1010,1030 Кт 1210
ҚҚС есептелгенде
Дт 1210 Кт 3130
Төленгенде
Дт 3130 Кт 1030
Уакытша шоттарды жабамыз
Дт 6010 Кт 5610 Дт 5610 Кт 7010
Сонгы қаржы нәтижелері: Пайдамен Дт 5610 Кт 5510
Шыгынмен Дт 5510 Кт 5610
13.Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау. Олардың нәтижесін есепте көрсету.
Кез келген шаруашылық субъектісі бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында жылына ең кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. НҚ түугендеудің негізгі міндеті келесілер болып табылады:
1. Есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда, НҚ нақты қолда барын анықтау;
2. Нақты қолда барын бух/к есеп деректемелерімен салыстыру арқылы НҚ сақталуын бақылау;
3. Жиынтығы бұзылған және күйреудің, тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсыз НҚ объектілерін анықтау;
4. НҚ артық немесе пайдаланылмайтын, яғни қолданыста жоқ объектілері жоқ қажетсіз НҚ анықтау;
5. Қолда бар машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, транспорттық құралдарын және НҚ басқа да объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерінің сақталуын тексеру.
Шаруашылық субъектісі түгендеуді жылдық бух/к есептемені жасамас бұрын, бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірместен және кәсіпорын мүлкін жалға бергенде, өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сонымен қатар шаруашылық субъектісі өзгергенде жүргізуге міндетті. Түгендеуді жүргізу үшін шаруашылық субъектісі қыметкерлерінен, бухгалтерия қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуымен комиссия құрылады.
НҚ жетіспеушілік немесе артықшылық фактілері белгілі болған кезде түгендеу комиссиясы материалды жауапты адамдардан айырмашылықтың себептері туралы жазбаша түсініктеме жинайды. Ескерілмеген НҚ жаңа түгендеу карточкаларын жазып береді, баланстан не есептен шығарылған, жетіспейтін НҚ карточкаларын картотеканың «Мұрағат» бөліміне орналастырылады.
Түгендеу комиссиясы отырысының хаттамасын шаруашылық субъектісінің басшысы түгендеу аяқталғаннан кейінгі 10 күннен
кешіктірместен бекітеді. Нәтижесі есепте түгендеу аяқталғаннан айда ескерілуге тиісті.
Түгендеу нәтижелерін бух/к есеп шоттарында көрсету келесідей корреспонденциялар арқылы жүзеге асады:
• Түгендеу барысында есепке алынбай қалған НҚ анықталған жағдайда, оның баланстық құнына
Дт 2411-2419 Кт 6280
• Есепті кезең соңында кірістер жиынтық табыстың артуына жатқызылып
дт 6280 кт 5610
• Түгендеу барысында жетіспеушілік анықталған жағдайда, бух/к есеп мәліметтеріне сәйкес оның бұрын есептелген тозу сомасына
Дт 2421-2429 Кт 2411-2419
• Баланстық құнына Дт 2180 Кт 2411-2419
• Егер жауапты тұлға анықталмай, сот шешімі бойынша өндіріліп алуға келісім берілмесе Дт 7210 Кт 2180
• Жауапты тұлға анықталған және сот шешімімен кінәлі болып танылған жағдайда Дт 1250 (шаруашылық субъектісінің есеп саясатына байланысты суб шот ашылады)Кт 2180
• Жетіспеген НҚ баланстық құны мен нарықтық құның айырымына
Дт 1250 Кт 3520
• Жауапты тұлға НҚ құнын өтеген жағдайда:
Кассаға қайтарса Дт 1010 Кт 1250
Еңбек ақыдан ұсталынса Дт 3350 Кт 1250
• Құн арасындағы айырмашылықты кіріске алу Дт 3520 Кт 6280
• Есепті кезең соңында кірістер жиынтық табыстың артуына жатқызылып
Дт 6280 Кт 5610
• Есепті кезең соңында шығыстар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылып
Дт 5610 Кт 7210
