- •1 Ақша қаражаттарына, ақшалай құжаттарға және қатаң есептік бланкілеріне түгендеу жүргізу және олардың нәтижесін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі
- •3 Күмәнді қарыздарды бағалау. Күмәнді қарыздарды бағалаудың әдістері
- •4.Алынуға тиісті шоттар (сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, еншілес серіктестіктермен, қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен, филиалдармен және құрылымдық бөлімшелермен есеп айырысу)
- •6. Алдағы кезеңдер шығыстарының есебі.
- •7.Алынуға арналған сыйақылардың, жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі
- •8. «Қорлардың» өзіндік құны мен таза сату құны бойынша бағалау әдісі.
- •9.Қорлардың есеп жүйелері.
- •10.Негізгі құралдар нысандарын ақшалай емес активтерге айырбастау жолымен сатып алу (ұқсас немесе ұқсас емес активтерге), тегін төлемақысыз берілген негізгі құралдар.
- •11. Кейінгі күрделі шығындар: Негізгі құралдарды түрлендіру және жөндеу
- •12.Қорлардың келіп түсуі және қозғалыс операцияларын құжаттармен рәсімдеу
- •13.Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау. Олардың нәтижесін есепте көрсету.
- •14.Материалды емес активтерді тану және есеп қағидалары. Материалдық емес активтерді бағалау.
- •15.Материалдық емес активтерді сатып алу және шығысқа шығару.
- •17.Ұйымның ұйымдық – құқықтық нысанына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы.
- •18. Төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс.
- •20.Орташа еңбек ақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған кундеріне жәрдем ақы есептеу тәсілі.
- •21. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •22. Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •24.Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
9.Қорлардың есеп жүйелері.
Тауарлы материалдық қорлардың есебі кезеңдік және толассыз (жүйелі, үздіксіз) деп екіге жіктеледі: Кезеңдік есеп жүйесін қолданған кезде тауарлы материалдық қорлардың егжей-тегжейлі есебі жыл бойына жүргізілмейді. Тауарлы материалдық қорлардың нақты қолда бар қорларға есепті кезеңнің соңында жүргізілетін түгендеудің нәтижесі бойынша анықталады. Сатылған тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнын түгендеу аяқталғанға дейін анықтау мүмкін емес. Өйткені жұмсалған тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнын есептеп шығару формула бойынша жүзеге асады. Тауарлы материалдық қорлардың есепті кезеңнің басындағы қалдығы:
ТМҚСКБҚ + КТ ТМҚ = С.ү.д. ТМҚөзіндік құны
Сатылған ТМҚөз.құн = С.ү.д. ТМҚөзіндік құны – ЕКСТМҚқ
Тауарлы материалдық қорлардың кезеңдік есеп жүйесінің негізгі кемшілігі – тауарлы материалдық қорлардың белгілі бір түрінің дәл сол күнге немесе кезеңге құжаттары бойынша егжей-тегжейлі есебінің жоқтығы немесе құжаттарының жүргізілмеуі болып табылады. Тауарлы материалдық қорлардың үздіксіз есебін пайдаланған кезде баланстық шоттарда тауарлы материалдық қорлардың келіп түскені, шығыс болғаны құжаттарының негізінде күнделікті жүйелі жүргізіліп көрсетіледі.
Тауарлы материалдық қорлардың үздіксіз жүйелі есебі шаруашылықтың бухгалтериясында, яғни синтетикалық есебі ақшалай өлшемде жүргізілсе, аналитикалық, яғни олардың түрлері, атаулары, көлемі, бағасы бойынша есебі сақталу орындары бойынша қоймада жүргізіледі.Тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы есебі олардың есеп карточкалары немесе қоймалық кітап бойынша жүргізіледі.
Материалдық құндылықтар кәсіпорынға жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімнің саны, сомасы, ассортименті, жиынтықтылығы, сапасы мен есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшіе қарастырылған санкциялар сомасы көрсетіледі. ТМҚң бастапқы құжаттарына кіріс ордері, жүкқұжат, шектеп алу картасы, материалдарды босатуға талаптар, материалды қабылдау актісі жатады. Келіп түскен ТМҚ кіріс ордері арқылы рәсімделеді.Тауарлы көлік накладнойды тауарды жөнелтуші кәсіпорын толтырады.
Сатып алғанда:
Жеткізушілерден ТМҚ келіп түскенде
Дт 1310,1320,1330 Кт 3310
ҚҚС соммасына
Дт 1420 Кт 3310
Есептелген жагдайда
Дт 3130 Кт 1420
Жеткізушілерге төлемақы төленген жағдайда
Дт 3310 Кт 1010,1030
Сатқанда:
Келісім құнына немесе табыстың мойындалуы
Дт 1210 Кт 6010
Өзіндік құнына
Дт 7010 Кт 1310,1320,1330
Сатып алушыдан толемакы келіп түскен жагдайда
Дт 1010,1030 Кт 1210
ҚҚС есептелгенде
Дт 1210 Кт 3130
Төленгенде
Дт 3130 Кт 1030
Уакытша шоттарды жабамыз
Дт 6010 Кт 5610 Дт 5610 Кт 7010
Сонгы қаржы нәтижелері: Пайдамен Дт 5610 Кт 5510
Шыгынмен Дт 5510 Кт 5610
10.Негізгі құралдар нысандарын ақшалай емес активтерге айырбастау жолымен сатып алу (ұқсас немесе ұқсас емес активтерге), тегін төлемақысыз берілген негізгі құралдар.
Актив ретінде танылатын негізгі құралдар нақты құны бойынша бағалануға тиісті. Негізгі құралдардың нақты құны сатып алу бағасын, оның ішінде баждар, орны толмайтын салықтармен қоса сатып алынған активті өзінің бағыты бойынша пайдалану үшін жүргізілген кез келген тікелей шығындарын қамтып сатып алу құнын анықтаған кез келген сауда шегерімдері шегеріледі.
Тікелей шығындарына мыналарды жатқызуға болады:
5. Орнын, іргесін дайындау шығындары;
6. Бастапқы жеткізу-түсіру шығындары;
