
- •1 Ақша қаражаттарына, ақшалай құжаттарға және қатаң есептік бланкілеріне түгендеу жүргізу және олардың нәтижесін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі
- •3 Күмәнді қарыздарды бағалау. Күмәнді қарыздарды бағалаудың әдістері
- •4.Алынуға тиісті шоттар (сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, еншілес серіктестіктермен, қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен, филиалдармен және құрылымдық бөлімшелермен есеп айырысу)
- •6. Алдағы кезеңдер шығыстарының есебі.
- •7.Алынуға арналған сыйақылардың, жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі
- •8. «Қорлардың» өзіндік құны мен таза сату құны бойынша бағалау әдісі.
- •9.Қорлардың есеп жүйелері.
- •10.Негізгі құралдар нысандарын ақшалай емес активтерге айырбастау жолымен сатып алу (ұқсас немесе ұқсас емес активтерге), тегін төлемақысыз берілген негізгі құралдар.
- •11. Кейінгі күрделі шығындар: Негізгі құралдарды түрлендіру және жөндеу
- •12.Қорлардың келіп түсуі және қозғалыс операцияларын құжаттармен рәсімдеу
- •13.Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау. Олардың нәтижесін есепте көрсету.
- •14.Материалды емес активтерді тану және есеп қағидалары. Материалдық емес активтерді бағалау.
- •15.Материалдық емес активтерді сатып алу және шығысқа шығару.
- •17.Ұйымның ұйымдық – құқықтық нысанына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы.
- •18. Төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс.
- •20.Орташа еңбек ақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған кундеріне жәрдем ақы есептеу тәсілі.
- •21. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •22. Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •24.Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
6. Алдағы кезеңдер шығыстарының есебі.
Берілген аванстар есебі.Алдағы кезең шығындарына есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады.
Оларға келесілер жатады:
• Алдын ала төленген сақтандыру полисінің сомасы
• Келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны
• Маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және т.б
• Жаңа өндірісті дайындау, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының, жаңа кәсіпорынды іске қосу шығындары жатады
Сатып алушы мен сатушының арасындағы жасалған келісім-шарттардың негізінде болашақта сатып алынатын тауарлы материалдық қорлар, көрсетілетін қызметтер үшін сатып алушының сатушының шотына алдын ала аударған аванс сомасы ұзақ және қысқа мерзімді болып жіктеледі, 1610, 2910 шоттарының дебетінде, ақша-қаражаттар шоттарының кредитінде көрсетіледі.
Дт Кт
1610, 2910 1030, 1060
3310-3340 1610, 2910
Дебиторлық берешектерге алдын ала сатып алынған сақтандыру полистерінің құны, жал төлемдері, сонымен қатар, газет-журналдарға, көрнекі құралдарға алдын ала жазылған және басқа да операциялар бойынша алдын ала жұмсалған қаражаттарды немесе шығындарды «алдағы кезеңнің шығыстары» шотында көрсетіп, қысқа және ұзақ мерзімді деп жіктеп дебиторлық берешектердің қатарына жатқызады. Туындаған операциялар бойынша сомаларды 1620 және 2920 шоттарының дебетінде көрсетеді.
Берілген аванс дегеніміз ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын ТМҚ, НҚ, МЕА үшін және олардың көрсететін қандай да бір қызметі үшін алдын ала төленіп қоятын сомалары б.т
7.Алынуға арналған сыйақылардың, жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі
Берілген жал бойынша дебиторлық берешек есебіне бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспары 1260,2160 шоттар қарастырылған.
1270, 2170 шоттарда акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;р\р №
Шаруашылық операция Шот корресподен -циясы
Д К1
Операциялық жалға берілді
1260,2160
6260
2
Берілген жал сомасы төленді
1010,1030
1260,2160
3
Берілген жалға сыйақы есептелді
1270
6110
4
Есептелген жал соманың сыйақысы төле
1010,1030
1270
8. «Қорлардың» өзіндік құны мен таза сату құны бойынша бағалау әдісі.
Тауарлы материалдық қорлардың таза сату құны бойынша бағалау. Таза сату құны – тауарды сатып алғандағы және оны сату бойынша шығындарды шегергеннен кейін тауарды сатудың болжамды құны. Таза сату құны егер өзіндік құнды мынандай себептер бойынша қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда ғана пайдаланылады:
- Егер осы тауарлы материалдық қорлар бүлінген болса;
- Егер осы тауарлы материалдық қорлардың нарықтық бағасы төмендегенде;
- Егер олар толық немесе ішінара ескерген болса.
Таза сату құнын анықтау әдістері – тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнының және таза сату құнының ең төменгі мәнін анықтау үшін мынандай әдістер пайдаланылады:
1. Баптары бойынша әдіс (жеке материалдардың түрлері) – тауарлы материалдық қорлардың әрбір аталуының баланстық құнының және таза сату құнының ең төменгі мәні таңдалады.
2. Негізгі тауар топтарының әдісі – тауарлы материалдық қорлардың әрбір топтарының баланстық құнының және таза сату құнының ең төменгі бағасы бойынша бағаланады.
3. Тауарлы қорлардың жалпы деңгейлі әдісі – барлық тауарлы материалдық қорлардың баланстық құнының және таза сату құнының ең төменгі мәні қолданылады.
Әр түрлі салаларда таза сату құнына дейін шығысқа шығарудың ерекшеліктері:
- Қызмет көрсету саласының ұйымдары әдетте жеке сату құны тағайындалатын әрбір қызмет түрлері бойынша шығындарын жинақтайды;
- Өнеркәсіп саласында егер дайын өнімді өңдеу өзіедік құнына тең немесе жоғары бағаға сату күтілсе материалдық қорлар және басқа да көмекші құралдар өзіндік құннан таза сату құны бойынша төмен шығыс жасалмайды.
Өңдеуге қабылданған тауарлы материалдық қорларды осылай аталатын «003» шотында есебін жүргізеді.
Монтаждау үшін қабылданған құрал-жабдықтарды осылай аталатын «005» шотында есебін жүргізеді.
Күшіндегі заң талабына сәйкес консегнацияға қабылданған тауарларды осылай аталатын «004» шотында есебін жүргіземіз. Күшіндегі заң талаптарына сәйкес күмәнді деп танылып, талап ету мерзімі өтіп кеткен зиянға шығысқа шығарылған дебиторлық берешектерді де «004 төлеуге қабілетсіз дебиторлық берешектердің зиянға шығысқа шығарылу» шотында көрсетіледі.