Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
косымша карж есептен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
64.2 Кб
Скачать

3 Күмәнді қарыздарды бағалау. Күмәнді қарыздарды бағалаудың әдістері

Егер күмәнді дебиторлық берешектердің туындауын ықтимал және өлшенуі мүмкін болса, онда болжамды күмәнді дебиторлық берешектерді бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді қажет етеді.

Дт Кт

7440 1290

Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв алынуға тиісті шотқа контршот болып есептеледі.

Қаржылық есептілік жасаған кезде қандай шоттардың төленбей қалатыны алдын ала болжау мүмкін болмау болжанғанмен сәйкес келетіндей және оны жабатындай қажетті соманы есептеп шығару керек.

Күмәнді берешектерді есептеп шығарудың 2 әдісі қолданылады:

1. Таза несиеге сатылған пайыздық әдіс;

2. Дебиторлық берешектердің төлену мерзімі бойынша есебі әдісі (баланстық).

Бірінші әдістің мақсаты дебиторлық берешектің нәтижесінде пайда болған шығындарды дәл бағалау болып табылады.

Екінші әдістің мақсаты дебиторлық берешектердің таза құнын дәлме-дәл бағалау болып табылады.

Пайыздық әдісті қолданған кезде өткен бірнеше жылдың мәліметтеріне талдау жасай отырып келіп түспеуі ықтимал күмәнді дебиторлық берешектердің орташа пайызын анықтап, сол бойынша резерв құру.Төлену мерзімі бойынша әдіс – дебиторлық берешектердің бухгалтерлік есептегі таза қалдығына негізделген әдістің негізгі ақшалай сомада алыну күтілген дебиторлық берешектердің таза өзіндік құнын бағалау болып табылады. Олар былайша бөлінеді:

1. 1 күн – 30 күн;

2. 31 күн – 60 күн;

3. 61 күн – 90 күн;

4. 91 күннен жоғары.

Күмәнді талаптар резервіне талап етілген қалдықты есептеп шығару үшін мынадай қойылымдар пайдаланылады:

1. Жалпы дебиторлық берешектерге негізделген бірыңғай аралас қойылым;2. Әрбір алынуға тиісті шоттың мерзіміне жеке-жеке негізделген бірнеше қойылым.

4.Алынуға тиісті шоттар (сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, еншілес серіктестіктермен, қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен, филиалдармен және құрылымдық бөлімшелермен есеп айырысу)

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төленген төлемдері үшін алашақ борыштары- Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынған) уақытына қарай алынуға тиісті дебитордық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі "Алынуға тиісті шоттар" бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейін бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

o ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

o тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

o вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

o негізгі ұғымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

o ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;

o басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептеледі. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ "дебиторлық борыш" дегеніміз, бұл-иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

«Алынуга тиісті шоттар»,

«Алынған векселъдер».

«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары».

Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы занды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақытгарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында толу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік белімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе компаниялардың қаржылық жағдайларын білуге, сатып алушыға тауарды несиеге сатуға немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы отеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.

5.Сатудан қайтарылған тауарлардың сатушыға берілген жеңілдіктерінің(бағасы) есебі. Сатылған тауарларды қайтару. Сатып алушы сатылған тауардың сапасының төмен болуына немесе басқа да себептерге байланысты тауарды сатып алушыға сатылған тауардың бір бөлігін кері қайтаруы мүмкін. Сатылған тауардың қайтарылуы таза дебиторлық берешектерді де, таза сатудың көлемін де төмендетеді.

Мысалы, 2010жылы компанияға қайтарылған тауардың жалпы сомасы 100000 теңге, яғни есепті жылы қайтарылған тауардың нақты құнының сомасына 6020 шотын дебеттеп, 1210-1240 шотын немесе 2110-2140 шоттарын кредиттейді.

Дт Кт Сомасы

1210-1240, 2110-2140 6010

1210-1240, 2110-2140 3130 (12%)

6020 1210-1240, 2110-2140 100000тг

Әдетте, компания, яғни сатушы сатып алушыны қызықтыру үшін сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің құнын мерзімінен бұрын немесе уақытында түсіру үшін бағадан және сатудан жеңілдіктер береді. Қойылған талап бойынша түсу мерзімінен бұрын немесе сол келісім-шартта көрсетілген мерзімде құнын сатып

алушының шотына аударған сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге бағадан берген жеңілдікті 6030 шотының дебетінде, 1210-1240 2110-2140 шоттарының кредитінде көрсетіледі.

Дт Кт нақты сома

6030 1210-1240, 2110-2140 көрсетіледі

Сатып алушы сатушының талабы бойынша көрсетілген көлемде өнім сатып алған жағдайда оған сатудан жеңілдік берілген сомаға 6030 шотының дебетінде 1210-1240, 2110-2140 шоттарының кредитінде көрсетеді.

Мысалы, бір бірліктің бағасы 500 тг тұратын тауардың 1000 данасын сатып алушыға 40% сатудан жеңілдік хабарланған.

Дт Кт Сомасы

6030 1210-1240, 2110-2140 (5000х0,4)х1000=200000

1210-1240, 2110-2140 6010 300000