Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
косымша карж есептен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
64.2 Кб
Скачать

24.Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.

Түсініктеме хат баланста пайда және зиян туралы есепте меншіктк капиталдың құрылымы туралы есепте, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте берілген ақпараттарға қосымшаны қамтиды. Түсініктеме біркелкі жазбаша баяндауды немесе есеп берудегі тану критерийларын қанағаттандырмайтын баптарды және баптар туралы ақпаратты нақтылауды қамтиды.

Түсініктеме хаттың мазмұны №1 халықаралық қаржылық есеп стандартында белгіленген мынандай сұрақтарды қамтиды:

1. Түсініктеменің құрылымы;

2. Есеп саятсатын ашу;

3. Белгісіздікті бағалаудың негізгі көздері;

4. Басқа да ашулар.

Түсініктеме хатта міндетті ұсынылуы керек:

- Қаржылық есептілікті дайындау негізгі және қолданылатын айрықша есеп саясаты туралы ақпараттарды ұсынуға міндетті;

- Тікелей баланста жиынтық табыс туралы есепте, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте, меншіктік капиталдағы өзгерістер туралы есепте ұсынылмайтын, бірақ оларды түсіндіру үшін орынсыз болып табылмайтын қосымша ақпараттарды қамтамасыз етуге міндетті.

Түсініктеме хат жүйелі түрде ұсынылуға тиісті. Баланста жиынтық табыс туралы есепте, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есепте ұсынылған әрбір бап ескертудегі ақпараттарға сәйкес қыйылыспалы сілтеменің болуы тиіс.