- •Жаһандану мәні мен түрлері.
- •Жаһанданудің қозғаушы күштері
- •Нарық ж/е өндірістің жаһандануының негізгі сипаттамалары
- •Жаһандық корпарация мен трансұлттық корпарациялардың сипаттамалары мен ерекшеліктері.
- •Халықаралық сауда теориясы ретінде меркантилизмнің негізгі ерекшеліктері.
- •Салыстырмалы артықшылық теориясы.
- •Хекшер-Олин теориясы ж/е халықаралық сауда дамуындағы рөлі
- •Өнімнің өмірлік циклы теориясының мәні.
- •Әлемдік экономиканың құрылымдық өзгерістеріне әсер ететін факторлар
- •Мемлекеттік реттеуге Үкімет тарапынан болатын араласуға қатысты саяси аргументтер
Өнімнің өмірлік циклы теориясының мәні.
Коммерциялық өндіріске енгізілген әрбір тауардың өмірлік циклі бар, бірақ оның сипатын және ұзықтығын болжап білу оңай емес. Типті ТӨЦ және оның ұзақ бойындағы өткізу мен пайданың сипаттамасы .
Тауардың өмірлік циклі – тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары .
ТӨЦ мынандай кезеңдерді ажыратады:
тауарды өңдеу (жасау) (0-ші кезең);
тауарды рынокқа шығару (енгізу) (1-ші кезең);
сұраныстың өсуі (2-ші кезең);
тауардың кемелденуі (3-ші кезең);
құлдырау (сұраныстың құлдырауы) (4-ші кезеңі).
Фирма бөлімшелері арасында міндеттерді бөлісе отырып, жаңа өнімді үлгі жасау және техникалық сына жүргізу (экологиялық жағынан, тауардың атын анықтау, тауарлық белгісін, рәсімделуін, орамасын, таңбасын жасау;
өткізілу, сатылу арналарының оңтайлысын таңдау; жарнамалау әдістері мен құралдарын таңдау; техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
өсу шағы –бұл алушылардың тауарды қабылдағаны ж/е оған сұранымның тез өсуі. Сатудың көлемі өсуімен қатар табыс та артады, өткізудің көлемін ынталандыру жолындағы шығын саябырлайды немесе тіпті кемиді. Фирманың саясаттық әрекеттері: тауардың спасын жетілдіру, жаңа үлгілер жасау, нарықтың жаңа сегменттеріне шығу, жарнаманы күшейту, бағаны төмендету, сервисті жетілдіру, тауардың бәсекеге қабілетін арттыру.
Тұтынушылардың көбі тауарды алып та үлгереді. Бұл мезгіл өткен мезгілдермен салыстырғанда ұзағырақ. Мұнда сатудың өсу қарқыны төмендейді, жарнамаға ж/е де басқа да маркетингтік шараларына шығынның өсуі салдарынан түсетін пайда азая бастайды. Фирма бұл жағдайда: нарықты, тауарды, маркетингтік құралдарды түрлендіріп отырады. Сату көлемінің төмендуі өндіріс қуаттарының істен тыс артық қалуына, бәсекенің шиеленісуіне әкеп соғатынын естен шығармаған жөн.
Құлдырау шақ сатудың, ал одан кейін пайданың күрт азаюымен сипатталады. Фирма мынадай шешім қабылдайды:
Осы тауар өндіруді өзгеріссіз қалдыру;
Маркетингтік қағиданы өзгерту;
Тауарды өндірістен шығару.
Фирмалар ескірген тауарларды өндіруден ж/е өткізуден амалсыз бас тартады. Фирма нарықтан кетпеуге немесе бұрынғы маркетинг қағидасын пайдалана беруге бел бууы да мүмкін. Сатудың қалыптасқан көлемінде пайданы көбейту үшін өз ьауарын басқа бір кішігірім фирмаға ұсынуы да ықтимал. Бәрібір фирманың талпыныстарына қарамай, ескі тауарды сатудан түсетін пайда өте төмендейді, сөйтіп тауар өндірістен шығарылып тасталынады. Бұл жағдайда күшті жарнама да, маркетинг қызметіне арналаған шығын бөлу де ешбір көмегін бере алмайды.
Әлемдік экономиканың құрылымдық өзгерістеріне әсер ететін факторлар
Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді. Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар. Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен, компаниялардың икемділігі, экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу қабілеттілігін көрсетеді. Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік ғылым мен техника – жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін үйрету қойылған. Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және демократия процесттері барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғайды. Шаруашылықты әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен бас тартып, біртіндеп қатаң орталықтан жоспарлану мен шаруашылық қызметкерлерінің кейбір түрлеріндегі монополия үстемдігін жоя отырып, экономикалық қарым-қатынаста және ресурстарды пайдалануда икемделіп туындады. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі басталды. Нарықтық қатынастарды ынталандырып және реттейтін көптеген заңдар мен қаулылар қабылданды.
Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар: а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;
