- •Жаһандану мәні мен түрлері.
- •Жаһанданудің қозғаушы күштері
- •Нарық ж/е өндірістің жаһандануының негізгі сипаттамалары
- •Жаһандық корпарация мен трансұлттық корпарациялардың сипаттамалары мен ерекшеліктері.
- •Халықаралық сауда теориясы ретінде меркантилизмнің негізгі ерекшеліктері.
- •Салыстырмалы артықшылық теориясы.
- •Хекшер-Олин теориясы ж/е халықаралық сауда дамуындағы рөлі
- •Өнімнің өмірлік циклы теориясының мәні.
- •Әлемдік экономиканың құрылымдық өзгерістеріне әсер ететін факторлар
- •Мемлекеттік реттеуге Үкімет тарапынан болатын араласуға қатысты саяси аргументтер
Халықаралық сауда теориясы ретінде меркантилизмнің негізгі ерекшеліктері.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Ман, Жан Батист Кольбер, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Еуропалық мерканталистер негізінен:көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды.
Меркантализмнің негізгі жолдары:
Үйрену пәні ретінде өндіріс аумағынан қол үзген жағдайда қарым-қатынас айналасындағы мәселелерді қарастыруды ескереді;
Экономиканың барлық аясында керексіз жүйелі талдау мүмкіндігін болдырмауды ж/е экономикалық болмыстардың сыртқы көріністерін бейнелеуге әкелетін оқып үйрену әдісі ретінде эмпиризмді қолдану;
Ақшаның пайда болуын адамзаттың жасанды ойлап шығаруының нәтижесі деп есептейді, ақшаны байлықпен байланыстырады;
Құнның шығуын алтын-күмістің «табиға жаратылысына» байланысты деп ж/е олардың әлемдегі мөлшерімен есептеді.
Салыстырмалы артықшылық теориясы.
Д. Рикардо өзінің “Саяси экономикасы мен салық салудың заңдылықтары» (1817) жұмысында салыстырмалы артықшылық теориясы негізін қалады. Мұның мәні әрбір ел қандайда бір тауарды өндіруде ұтады. Салыстырмалы басымдылығы болады, сатады неиесе керек тауарға айырбастайды. Осылайша әрбір мемлекет басқалармен салыстырғанда ең төменгі еңбек және капитал шығындары кететін тауар өндіруге маманданады. Бұл теорияның негізі – елдер арасында айырмашылықтың болуы. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи – климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады. Мысалы: Қазақстанда да лимон өсіруге болады, бірақ Жерорта теңізі маңында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді. Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу тиімдірек болады.
Хекшер-Олин теориясы ж/е халықаралық сауда дамуындағы рөлі
Халықаралық сауда ағымдарының құрылымы мен бағыты немен анықталатындығын шведтік ғалымдары Эли Хекшер және Бертиль Олин ашты . 1919 жылғы Эли Хекшердің мақаласында халықаралық сауда ағымдарының негізгі заңдылықтарын, құрылымы мен бағытын анықтап көрсетті, 30- жылдары бұны Эли Хекшердің шәкірті Бертиль Олин дамытты . Осылайша ол „өндіріс факторларына бағаны реттеу ” теоремасын ұсынды. Мұның мәні - ұлттық өндірістік ерекшеліктері әртүрлі өндіріс факторлары болғанымен анықталады-еңбекпен,капиталмен,жермен, және осы тауарларға әртүрлі ішкі сұраныспен. Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын – капитал мен еңбекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жаңа үлгісін құрастырды. Бұл үлгіде негізгі тұжырым төиендегідей жағдайларға әкеледі:
жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ капитал мөлшері аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады;
капитал мөлшері артық, бірақ жұмысшы күшінің шамасы аз болған елдер капиталды көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.
Егер басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы күшінің шамасы артық болса, онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамасыз етілген деп есептеледі. Егер басқа тауарлармен салыстырғанда жұмысшы күшінің шығындарының үлесі тауар құнының құрылымында көп болса, онда ол еңбекті көп қажет ететін тауар деп есептеледі. Хекшер – Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.
