
- •Жаһандану мәні мен түрлері.
- •Жаһанданудің қозғаушы күштері
- •Нарық ж/е өндірістің жаһандануының негізгі сипаттамалары
- •Жаһандық корпарация мен трансұлттық корпарациялардың сипаттамалары мен ерекшеліктері.
- •Халықаралық сауда теориясы ретінде меркантилизмнің негізгі ерекшеліктері.
- •Салыстырмалы артықшылық теориясы.
- •Хекшер-Олин теориясы ж/е халықаралық сауда дамуындағы рөлі
- •Өнімнің өмірлік циклы теориясының мәні.
- •Әлемдік экономиканың құрылымдық өзгерістеріне әсер ететін факторлар
- •Мемлекеттік реттеуге Үкімет тарапынан болатын араласуға қатысты саяси аргументтер
Жаһандық корпарация мен трансұлттық корпарациялардың сипаттамалары мен ерекшеліктері.
«Жаһандану» термині соңғы кездері әлеуметтік және экономикалық зерттеулерде жиі айтылып жүр. «Жаһандану мәселелері» деген тіркес Рим клубы зерттеулерінен кейін экономистермен пайдаланылып келеді. Бұл үкіметтік емес ұйымның бірнеше докладтарында бүкіл дүниежүзіндегі экономикалық өсімнің жекелеген елдерге келеңсіз салдары қарастырылды. Көп жағдайда «жаһандық» деген түсінік «халықаралық» деген түсінікке сәйкестендіріледі. Сондықтан зерттеушілер «жаһандық бизнес», «жаһандық компания» деген жағдайда өз өнімін дүниежүзілік нарыққа шығарып сататын фирманы көздеп айтуы мүмкін. Жаһандық бәсекеқабілеттілік – халықаралық бәсекеқабілеттілік терминінің синонимі ретінде де пайдаланылады. Алғашқы рет жаһанданудың тәуелсіз құбылыс ретінде түсінігін американдық ғалым левитттің 1983 ж шыққан "Гарвард бизнес ревью" мақаласында тұжырымдалды. Ол ірі Трансұлттық корпорациялардың шығарған жекелеген өнімдері нарығының бірігу феноменін «жаһандану» сөзімен алмастырды.
Трансұлттық корпорация, Ұлтаралық корпорация — келісілген саясат пен ортақ стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық корпорацияның қай елдікі екені оның штаб-пәтері орналасқан ел бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды (жарғылық капиталдағы жарнапұлды) сатып алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады.
ТҰК үшін жағымды факторлар ретінде Қазақстандағы мына жағдайлар атап өтуге болады: пайдалы қазбалардың мол қоры, әртүрлі биологиялық және бай рекреациялық ресурстары, білікті және арзан жұмыс күшінің болуы. Қазақстан экономикасындағы ТҰК-ң мінез-құлық үлгісін таңдау осы шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқа дамушы елдер экономикасына енгізу түрінен еш айырмашылығы жоқ және ол бірқатар нақты факторларға байланысты болады: – корпорациялардың экономикалық мүдделері; – шетелдік капиталдың қызмет ету саласы мен өнім түрін таңдау; – жобаның ауқымы; – шетелдік инвестицияларды тартудың стратегиялық мақсаттары. ТҰК-ң қабылдаушы елдердегі қызметтері түрлерінің Қазақстанда анағұрлым дамыған түрі – бірлескен кәсіпорындар (БК). Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ТҰК Қазақстан экономикасына өте терең енуде және еліміздің қоршаған табиғи ортасына, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына уақыт өте келе қатты әсер етіп келеді. Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды. ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі күш ТҰК өндірістік, сауда, қаржылық және ғылыми-зерттеу профиліндегі компаниялардың трансұлттық топтарына айналып, дамыған елдердің экономикасының тірегі блоып қана қоймай, сонымен қатар әлем шаруашылығының негізгі күштерінің біріне айналады.