Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меж.бизнес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
57.22 Кб
Скачать
  1. Жаһанданудің қозғаушы күштері

Жаһандануға қандай факторлар ық­пал етуде? Алдымен, бұл – елдер мен экономиканың түрлі секторларындағы тауарлар қозғалысы. Сауданың дамуы, стратегиялық тұрғыдан қарағанда, елдің дамуы мен экономиканың өсуіне қажет. Бәсекеге қабілеттілік елдің рөлі мен абыройының өсуімен, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблема­ла­рын шешуге қабілеттілігімен, мемлекет тарапынан болатын қызмет көрсету іс­терінің сапасының артуымен өлшенеді. Ашық экономика протекционистік саясат жүргізіп отырған елдердің алдында өзінің басымдығын танытуда. Соңғы екі онжылдықта әлемдік сауда әлемдік ішкі жалпы өнімнің көлемімен салыс­тыр­ғанда тезірек өсуде. Мәселен, 70-жыл­дары халықаралық сауданың көлемі әлемдік ішкі жалпы өнімнің көлемінің 30 пайызын құраған болса, қазір ол 60 пайызға жетті.

Жаһандануға– ка­пи­­талдың еркін айналысқа түсуі. Соң­ғы 20 жылда дамушы елдерге тікелей инвестиция көлемі жүздеген есе өсті. Қазіргі кезде бір ғана Қытай жылына 60 миллиард доллар шама­сын­да тікелей инвестиция тартуда, тікелей ин­вес­тицияның көлемін Азия­дағы басқа елдер 172 миллиард долларға, Латын Аме­рикасы елдері 72 миллиард дол­ларға жеткізді.

Үшіншіден, бұл – адамдардың тос­қауылсыз қарым-қатынасы. Бүгінде ғаламдық миграциялық үдерістер терең талдауды қажет етеді, жұрттың бәрі Батысқа қарай ағылуда, әсіресе, Еуро­одақ елдеріне, АҚШ-қа, Канадаға келушілер көп. Қазақстанда да жарты миллиондай мигрант жұмыс істеуде.

Төртіншіден, елдер мен адамдар ара­сындағы валюталық операциялар аса зор қарқынмен дамуда. Инновация  өмірде батыл енгізілуде. Нәтижесінде ақша айналымы күн­діз-түні ел таңда­май жүргізіле беретін жағдай қалып­тасуда.

Бесіншіден, жаһандану факторлары мен нәтижесі деп біз ақпарат алмасу­дың, санаткерлік өнімдері мен идея­лардың еркін қимылын айта аламыз. Жаһанданудың әлеуметтік аспектілерін зерттеушілер әлемдегі ең бай жиырма ел мен ең кедей жиырма елдің ішкі жалпы өнім көрсеткіштері 1962 жылы 53:1 болса, елу жылға жуық уақыт ішінде ол 120:1 болып, 2,3 есеге өсті.

Осылайша біз жаһандану әлемінде өмір сүріп келеміз және бұл кеңістікте барлық жағынан жеткілікті болып отыр­ған ел жоқ, барлығында да алмасу үдерістері жүруде, елдер бір-бірімен әртүрлі байланыстар жасайды, сондық­тан да әлемдік экономикада әрбір елдің орнын айқындап, кім алдыңғы сапта, кім артта екенін біліп отыру қажеттілігі туындады. Әлемдік бәсекелестік рейтингі бойынша елдің әлеуеті мен тұр­ғындарының әл-ауқаты қай елдің қан­дай орында тұрғанына байланыс­тырылды.

  1. Нарық ж/е өндірістің жаһандануының негізгі сипаттамалары

Жаһандану адамзат өмірінің барлық сфераларын қамтиды. Экономикада ол келесі процестерден көрініс табады:

   1.Халықаралық сауданың өсу темпі  дүниежүзілік жалпы өнімнің өсу  темпінен әлдеқайда жылдам.

   2.Халықаралық капитал қозғалысының  орасан зор өсімі болып жатыр,  әсіресе, тікелей шетелдік инвестициялар. 

   3.Мемлекеттер арасындағы экономикалық  барьерлер азайып жатыр, бұған  себеп халықаралық ұйымдарды  құратын халықаралық келісімдердің  көбеюі.

   4. Жаһандық қаржы жүйесінің дамуы. 

   5.Көпұлттық корпорациялардың бақылауында  болатын әлемдік экономиканыі  үлесінің өсуі.

   6. Халықаралық келісімдерді жасағанда ДСҰ-ның, ХВҚ-ның, Дүниежүзілік банктің рөлінің өсуі және т.б.

     Экономиканың  жаһандануы – бұл ғылыми-техникалық прогресстің жылдам дамуы мен  ақпараттық қоғамды қалыптастыруы, сонымен қатар, халықаралық сауданың және капитал қозғалысының либеризациясы  негізінде экономикалық интеграцияның  өсу процесі. Экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды:

     1. Халықаралық сауда:

     - тауарлармен;

     - қызметтермен;

     - технологиялармен;

     - интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.

     2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы:

     - капитал (тікелей инвестициялар түрінде);

     - жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).

     3. Халықаралық қаржылық операциялар:

     - несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың);

     - негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар);

     - туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.)

     - валюталық операциялар.

   Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуының қозғалтқыш күші ретінде келесі өзгерістер болып табылады:

     • нарықтар арасындағы қашықтықты қысқартатын технологиялық өзгерістер, әсіресе, көлік, коммуникация және ақпараттар саласында;

     • халықаралық саудада және инвестицияларда мемлекеттер бекіткен кедергілердің қысқаруы, дүниежүзі бойынша ашық экономиканы қалыптастыру;

     • жаһандық операцияларды жүргізуге қажетті, шетелдерде сауда мен инвестиция тәуекелділігін азайтатын, кең мағынада институционалды және құқықтық сенімділікті қамтамасыз ететін институттарды дамыту, мысалы: ДСҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк.

   Жаһандану үдерісі халықаралық экономикалық интеграцияның өсуіне, яғни бүкіл  әлемнің бірегейлігіне алып келеді, сонымен бірге, мемлекет арасындағы тауар және қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің ағымына теріс  әсер ететін кедергілердің жоюлуына септігін тигізеді. Әйтсе де, қазіргі  дүниежүзілік экономикада аймақтық (өңірлік) интеграциялануы  құбылысы кең етек жайды. Басты ерекшелігі жекелеген елдер топтарының ішінде  өзара кедергілерді жою, аймақтық преференциалды саудалық келісімдерді қабылдау болып табылады.

 Дүниежүзі экономикасының жаһандану дәрежесінің даму тенденциясы немесе деңгейі келесі көрсеткіштермен анықталады:

   1.Тауарлар мен қызметтердің халықаралық  өндірісінің көлемі және өсу  қарқынының дүниежүзілік жалпы өнім көлемі мен өсу қарқынан алатын үлесі.

   2. Жалпы инвестициялардың көлемі  және динамикасымен салыстырғандағы тікелей шетел инвестициялардың көлемі және динамикасы.

   3.Жалпы масштабтағы проектілердің  көлемі және динамикасымен салыстырғандағы  халықаралық ірі, күрделі комплексті  инвестициялық проектілердің көлемі  және динамикасы.

   4.Халықаралық патенттермен, ноу хау,  лицензиялармен жасалған операциялар  жайлы деректер.

   5.Жалпы масштабтағы ақша нарығындағы  валюта нарығының үлесі. 

   6.Халықаралық қор нарығының көлемі  және өсім қарқыны. 

   7.Халықаралық орталықтандырылған  капитал көлемі және оның өсімі  (компаниялардың мемлекетаралық  бірігуі мен жұтылуы ретінде).

   8.Банктердің және басқа да несиелік  ұйымдардың жалпы операциялардың  ішіндегі халықаралық операциялардың  көлемі және динамикасы.