- •11.Саясаттағы субъект және объект
- •12.Никколо Макиавелл
- •37.Саясаттанудың қызметі
- •68. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •79. Мемлекет түрлері
- •94. Қоғамның саяси жүйесі
- •102. Саяси мәдениеттің жіктелуі
- •105.Мемлекет басқару бойынша
- •113. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •125. Құқық турлері
- •14.Ежелгі Римдегі саяси ойлар.Цицерон
- •82. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •53. Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы.
- •27.Платонның саяси көзқарастары.
- •70. Саяси көзқарастар және XX ғасырдың бiрiншi жартысының басындағы қазақ либералды интеллигенциясының тағдыры
- •99,106. Саяси процесс және жаңғырту.
- •123. Марксизмдiк саяси тұжырымдама.
99,106. Саяси процесс және жаңғырту.
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с. Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады. 1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді. 2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді. 3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек.
4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады.
Саяси процесстiң бiр түрi сияқты төңкерiс, реформа, көтерiлiс, бүлiк.
Төңкеріс немесе Революция (лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеум. Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеум. Революция қоғамның саяси, экон., рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді
Реформа – қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.
Көтеріліс - орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес, «өз адамдары» қатысады. Көтерілістердің революцияларға сирек әкеліп соғуының себебі, саяси ұйым түрлері саяси және экономикалық ұйымдарда тап және нағыз баламаларда құрастырылған индустриалды қоғамдардың көрінуіне дейін жоқ болуы.
Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекеті.
Саяси процесстiң бар болуының негiзгi тәртiптерi және ұғымдары.Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады: саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі; саяси тәртіптің дамуы; саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы.
44. Саяси элита және элиталардың негiзгi тұжырымдамаларының ұғымы.
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды. Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
65. Утопиялық Социализмның саяси доктринасы.
Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жүрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі. "Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған қүрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия менРимнің кейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мүның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді. Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теория ретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар қүрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер, Т.Мор, Т.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып, пролетариаттың ізашарларының идеологиясына айналды. Капитализм қауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістер идеологтарының жалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқында- ла түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)- Маркстің айтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында үйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды
74. Шарль Монтескьенiң саяси көзқарастары.
Георгафиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар Гиппократ, Аристотельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529-1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан сол елдің философы Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер ХХ ғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді. Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қалай болса да, бүгінгі таңда елдің географиялық жағдайы оның сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.
Жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару органдары туралы ҚР-ның Конституциясы.89-бап 1)Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады. 2)Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады. 3)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібiн заңмен белгiленген шекте азаматтардың өздерi белгiлейдi. 4)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.
Еуропалық орта ғасырдың саяси ойы. Августин Блаженский мен Фома Аквинский оқулары.
Саяси ой тарихында орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Храистиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354-430) еді. Ол хритиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп 2 түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде 2 қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін,жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың 2 қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шынына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жекедара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай жерде Рим папасы билеуі тиіс
Джон Локктың саяси көзқарастары.Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.
Билiктiң бөлiнуi бұл заңға сүйенген мемлекеттiң қағидасы
.Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылыс) және конституциялық (монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі, алғашқыда Англияда, қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония); Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік, парламенттік (заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді), аралас (президенттік-парламеттік)
Биліктің легитимдігі (латын тілінде заңдылық,шындык деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай 2 шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы жане көпшіліктің еркіне карай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс:2)мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
112. Қоғамның саяси жүйесiндегi қысымның топтары. Қысым топтары қоғаммен байланысқанда адамдар тобы қоғаммен байланыс жасау қызметімен қалыптасқан осы немесе басқа топқа жағымсыз жағымен қарау мақсатында сонымен бірге сол немесе басқа топбасшыға және оның әдістеріне жағымсыз қарау, саясаттануда қысым тобы ретінде формалды түрде ұйымдасқан топтармен бірге формалды емес адамдар тобы да аталалады, олар қарама-қарсы пікірде болады қоғамдық қысым арқылы басқа пікірі бар адамдарға қысым жасайды. Қысым топтары жұрт алдындағы акцмяларда жиі қолданылады.
Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы.
қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, элеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.
Зерттеушілер саяси жүйенің мынандай негізгі төрт бөлігін атайды: 1)саяси институттар; 2)саяси қатынастар; 3)саяси ережелер; 4)саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік:
Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар-саяси партиялар. Олар мемлекттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.
Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынастары көрініс береді.
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.
Саяси жүйенің төртінші саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс- әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.
