
- •11.Саясаттағы субъект және объект
- •12.Никколо Макиавелл
- •37.Саясаттанудың қызметі
- •68. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •79. Мемлекет түрлері
- •94. Қоғамның саяси жүйесі
- •102. Саяси мәдениеттің жіктелуі
- •105.Мемлекет басқару бойынша
- •113. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •125. Құқық турлері
- •14.Ежелгі Римдегі саяси ойлар.Цицерон
- •82. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •53. Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы.
- •27.Платонның саяси көзқарастары.
- •70. Саяси көзқарастар және XX ғасырдың бiрiншi жартысының басындағы қазақ либералды интеллигенциясының тағдыры
- •99,106. Саяси процесс және жаңғырту.
- •123. Марксизмдiк саяси тұжырымдама.
1.Егемендік – мемл/ң,халықтың,ұлттың саяси тәуелсіздігі.(фр. souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды. Сондықтан егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтағы негізгі мәселе болып табылады. Оның басты шарты - тәуелсіз мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктеріне, халық саны мен аумағының көлеміне және т.б. жағдайларына қарамастан, бір-бірімен тең дәрежеде қарым-қатынастар жасасып, араласуы. Бұл принциптер БҰҰ жарғысында және бірқатар халықаралық келісімдерде бекітілген. Халықаралық қатынастарда мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасу кезінде өздерінің іс-әрекеттерін егемендікті құрметтеу қағидаттарының белгілі бір ережелеріне бағындырады. Мұндай ережелер келісім жасалған сәттен бастап әлгі мемлекеттер үшін міндеттілік сипат алып, халықаралық құқық нормаларына айналады. Сонымен қатар егемендік сол мемлекетті құрап отырған ұлттың саяси билігін қорғауы тиіс. 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.
2.Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерініңтабиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.
4.Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
6.Легитимділік (лат. заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Демократия жағдайында мемлекеттік билік легитимді болу үшін мынандай екі шарт қажет:
1. билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;
2. мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимділіктің абсолютты түрлері ретінде 3 үлгісін көрсетті:
1. Әдет-ғұрыптық легитимділік ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бой үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды (хан, патша, шах);
2. Харизматикалық легитимділік жағдайында өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жарияланып, халық соған ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді (Ганди). Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі көсемге, мемлекеттік басшының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
3. Ақыл-парасатты, құқықтық легитимділік саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сай келе ме, жоқ па, сонымен анықталады. Мемлекеттік құқықтық тәртіп легитимділігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады
7.Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;
5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.
8.Революция (лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеум. Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеум. Революция қоғамның саяси, экон., рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді. Революция өзінің даму мүмкіндіктерін сарқыған қоғамның прогрессивті сатыға өтуін қамтамасыз етіп, оның әлеум.-экон. құрылымын түбегейлі өзгертуге қызмет етеді
10.Саяси режим, саяси тәртігі (lang-en|political regime}}) Экономикалық және мемлекеттік билікті (демократия, тоталитаризм, авторитаризм және т.б.) жүзеге асыру тәсілдері мен құралдарынын жиынтығы. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады
11.Саясаттағы субъект және объект
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, Саясаттағы субъективизм - табиғат пен қоғамның объективтік даму зандылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас.
12.Никколо Макиавелл
Макиавелли Никколо (3.5.1469, Флоренция — 22.6.1527, сонда) — флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, И.бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет.Макиавеллидің ("Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары", "Әмірші", "Әскери өнер туралы" және т.б.) шығармалары Жаңа дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды. Макиавелли :"өткенді зерттеу — болашақты болжауға немесе көнелердің мысалымен осы шақтағы пайдалы іс-әрекеттердің құралы мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді",— деп түйді. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды деп жазады.Макиавелли — үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы қабілеттеріне басты назар аударады. "Әмірші" кітабында және басқа да шығармаларында италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады; антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан тұратын) нысанды дұрыс біледі.Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.Макиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық өміршілерден гөрі тұрақтырақ, адал, дана және пайымдағыш. Егерде жеке билеуші өмірші заңды дұрыс құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді қуратын болса, халық сол құрылған құрылысты сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Макиавелли мемлекеттің болмауы мүмкін емес және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан көптеген мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.Ерікті мемлекет халық пен ақсүйектердің ымыраласуына негізделуге тиіс; "аралас республиканың" мәні де осында — мемлекеттік органдар жүйесі аристократиялық және демократиялық мекемелерді қамтиды, олардың әрқайсысы халықтың тиісті бөлігінің мүдделерін таныта және қорғай отырып, сол мүдделерге басқа бөлігінің қол сұғуын тежедіМакиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли :"дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы",— деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген.
13.Оппозиция (лат. opposіtіo – қарсы қою) – өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу[1]; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою; үстемдік ететін элитаға қарсы тұратын саяси лидерлер, партиялар, қозғалыстар.
Оппозицияның тұрпатына сәйкес, оның саяси қызметінің әдіс-тәсілдері де қалыптасады: белгілі бір саяси топтың билік жүйесін сынауынан заңсыз жағдайда тұрған партиялар мен қозғалыстар тарапынан жасалатын саяси лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа дейін. Саяси жүйеде нәтижелі қызмет ететін құрылымдық тұрпаттағы Оппозиция ресми үкіметті бақылауда ұстап тұруға тырысады, өзінің “көлеңкелі үкіметін” құрып, қоғам өмірінің маңызды мәселелері жөнінде баламалы ұсыныстарды әзірлейді, үкіметтің жекелеген мүшелерінің, әкімшілік басшыларының өнегесіз қылықтарын жария етеді.
15.Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы.
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайдыСаяси мәдениет құрылымыСаяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді.
16.Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
18.Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.Басқару теориясын екі деңгейге бөледіБіріншісі, әртүрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қызмет ету тетіктерін түсіндіретін жалпы саяси-экономикалық және әлеуметтік-философиялық тұжырымдамалардың бір бөлігі болып табылатын әлеуметтік басқару теорияларымен ұсынылған.Екіншісі, қолданбалы пән ретінде, бір жағынан фундаменталды ғылыми теориялар бөліктері, екінші жағынан, әркелкі нысандарды басқару мақсатымен бірлескен тәжірибелік білімнің және дағдылардың жиынтығы.
19.Репрезентативтік - мөлшері пайызбен көрсетілген, халық бөлігінің таңдауына сәйкес, антропометрикалық көрсеткіштерден аз немесе берілген мөлшерге тең сандық мағыналары.
20.Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.
23.Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды.Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.Keлісім - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылық алуға бағытталған кез келген.Бітімгершілік тұлғаның әлеуметтік-психологиялық позициясы, барынша қоғамда қақтығыстарды мақсатты түрде болдырмау;Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі.Бәсекелестік 1)биологияда- туыстық жағынан жақын бір немесе әр түрге жататын организмдердің тірі қалу мүмкіндігі үшін бір-бірімен күресуі. Ол үшін өсімдіктерге күн сәулесі түрінде алатын, ал жануарларға әр түрлі қоректік материалдар түрінде алатын энергия қажет. Бұл күресте жеңіп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкіндігіне ие болады, жеңілгендер жойылады. Бәсекелестік адамның жетістікке жетуіне өз септігін тигізіп, пайдалы қызмет те атқарады; Субъекттісі Индивид:адам табиғаттык жалкы жан иесі, Homo sapiens тұрінің өкілі. Индивид түсінігінің өзі адамның адамзаттык түрімен бірлікте екенін керсетеді (адамды тұлга ретінде және индивид ретінде танытатын - жекелік түсінігімен шатыстырмау керек);2. адамзат қауымдастығының жеке өкілі.Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді. Топ (әлеуметтік) – мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі.Қауым–рулық-туыстық байланыстар негізінде пайда болған әлеуметтік ұйымдастық. Қауым ортақ мүдделер, ортақ құқықтар мен міндеттері біріктірген әрі бірыңғай заңдарға бағынатын адамдардан құралады. Рулық, отбасылық, көршілік болып жіктеледі.белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен орындалатын іс-әрекеттер негізінде пайда болатын адамдардың күнделікті өмірінің әлеуметтік ұйымдастырылуы түр
24.Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:
1) аристократиялық үйірмелер;2) саяси клубтар;3) көпшілік партиялар.
Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:а) маманданған;ә) бұқаралық деп жіктейді.
Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.
25.Легитимділік (лат. заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Демократия жағдайында мемлекеттік билік легитимді болу үшін мынандай екі шарт қажет:1. билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;2. мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимділіктің абсолютты түрлері ретінде 3 үлгісін көрсетті:
26.Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі
30.Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Демократиялық қоғам белгілеріДемократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.Экономика саласында:Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;Меншік түрлерінің әркелкілігі;Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;Саяси салада:Саяси пікірдің әр алуандығы;Көппартиялылықтың болуы;Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;Оларды іс жүзінде қолдану;Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;Оппозицияның болуы;Рухани салада:Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;Әлеуметтіксалада:Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;Жеке адамныңәлеуметтікқорғалуы;Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстықэлементтерденқорғалуы;Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.[1]
31.Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары.
32.Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:саяси теория;саяси институтгар;саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;халықаралық қатынастар.Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында Саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
33.Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
34.Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарайзаң шығарушы;атқарушы;сот билігіболып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасынақарайавторитарлық;тоталитарлық;демократиялықболыпбөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,жария-саяси сипатта жүруі,мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.
36.Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
38. Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда,билік жүргізуде тікелей қаттысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді,саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады,халықтың белсенділігін дамытып,тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне танытуына жол ашады.Саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамт.етеді.Тура дем/ға референдум,плебисциттер жатады.Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады.Т.д. Франция,Италия ел/де кең тараған.ҚР/да референдум арқылы Президентті өкілдігі ұзартылды,1995ж конституция қабылданды.Плебисцитарлық дем/да азамат/ң саяси ықпалы кемиді.Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі.