Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akanova-_telekomunikatsia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
117.71 Кб
Скачать

11) Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.

Желінің атқаратын қызметі деректерді бір компьютерден басқа компьютерге жіберу. Хаттама – әрбір желілік операцияны реттеуші процедуралар (ережелер).Стандартты хаттамалар әртүрлі өндірушілердің программалық және аппараттық жабдықтауларының өзара дұрыс әрекеттесуіне мүмкіндік береді.Стандарттардың екі басты жұбы бар: OSI үлгісі және оның модификациясыProject 802. 1984 жылы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI үлгісін ұсынды. OSI үлгісі бойынша әрекеттесу құралдары жеті деңгейге бөлінеді: қолданбалы, көрсету, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық және физикалық.Физикалық деңгей (Physical layer)OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі.Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді жіберуге арналған. Бұл деңгей құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы жібереді және деректерді кодтауға, биттерді синхронизациялауға жауап береді. Арналық деңгейдің мақсаттарының бірі ортаның бостығын анықтау болып табылады. Ол үшін арналық деңгейде биттер кадрлар деп аталатын топтарға біріктіріледі және кадрларды (frames) желілік деңгейден физика­лық деңгейге жібереді.Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлар­дың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді.Желілік деңгей (Network layer)хабарламаларды адрестеуге және логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады.Пакеттерді коммутациялау, бағыттау және шектеу сияқты желілік трафикке байланысты туатын проблемалар да осы деңгейде шешіледі. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.Транспорттық деңгей (Transport layer) Жіберушіден қабылдаушыға барар жолда пакеттер өзгеріске ұшырауы тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Транспорттық деңгей пакеттердің өз адреса­тына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде ұзын хабарламалар бірнеше пакеттерге бөлінеді де, қысқа­лары бір пакетке біріктіріледі. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді.Сеанстық деңгей (Session layer)әртүрлі компьютерлердегі екі қосымша үшін сеанс деп аталатын қосылысты құрады, пайдаланады және біріктіруді аяқтайды. Бұл деңгейде желідегі екі қосымша арасында байланысқа қажет­ті атауларды түсіну және қорғау орындалады. Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан және қанша уақытқа созылатындығын анықтау жүзеге асырылады.Көрсету деңгейі (Presentation layer)желілік компьютерлер ара­сын­да деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Бұл деңгейді аудармашы десек те болады. Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, олар­ды шифрлеуге қатысады.Сонымен қатар, жіберілетін биттер санын азайту үшін дерек­терді сығуға да қатысады. Бұл деңгейде редиректор (redіrector) деп аталатын утилита жұмыс істейді. Қолданбалы деңгей(Application layer)Жетінші OSІ үлгісінің ең жоғарғы деңгейі. Ол қолданбалы процестердің желілік ресурстарға енуіне арналған терезенің ролін атқарады. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) деп аталады. "Ашық жүйе " түсінігі.OSI үлгісі атынан (Open System Interconnection) көрініп тұрғандай, ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін сипаттайды. Шынайы жүйелер үшін толық ашықтық қол жетпейтін идеал ретінде қалып отыр. Әдетте, ашық деп аталатын жүйелердің өздерінде бұл анықтамаға ол жүйелердің сыртқы интерфейстерді қолдайтын кейбір бөліктері ғана қатысты. Ашық жүйелердің әйгілі мысалы халықаралық Internet желісі болып табылады. Бұл желі ашық жүйелерге қойылатын барлық талаптарға сай дамып келеді. Ашық жүйелердің әйгілі мысалы халықаралық Internet желісі болып табылады. Бұл желі ашық жүйелерге қойылатын барлық талаптарға сай дамып келеді. "Спецификация" (есептеу техникасында) термині :аппараттық жəне программалық компоненттердің формалданған сипатталуын, олардың іс‐əрекеттерінің тəсілдерін,басқа компоненттермен əрекеттесуін,қолданылу шарттарын,шектеулерін жəне басқада сипаттамаларын білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]