Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akanova-_telekomunikatsia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
117.71 Кб
Скачать

30) Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.

TCP хаттамасының көмегімен партнерлер арасындағы әрекеттесу үш кезеңнен тұрады:

  • Логикалық қосылысты орнату;

  • Деректермен алмасу;

  • Қосылысты жабу.

Логикалық қосылысты орнату кезеңі "үшқадамдық қол алысу " (three-way handshake) түрінде орындалады.1) A TCP-модулі, клиенттің рөлін ойнай отырып, B TCP-модуліне SYN жалаушасы орнатылған және деректер тізбегіндегі алғашқы нөмірінің мәні белгілі пакетті жібереді. 2) B TCP-модулі, өз жағынан қосылысты орнатуға дайын бола отырып, сұраныстың дұрыс қабылданғанын және қосылысты орнатуға дайын екендігі туралы ақпарат беретін TCP-пакетпен жауап береді3)үшінші қадамда A TCP-модулі B-дан TCP-пакеттің дұрыс қабылданғандығын растайды.

TCP хаттамасы, бір жағынан, қолданушымен немесе қолданбалы программамен, екіншіден, Internet хаттамасы сияқты неғұрлым төмен деңгейдің хаттамасымен әрекеттеседі.

Қолданбалы процесс пен TCP хаттамасы арасындағы интерфейсті тереңірек түсіндірейік. Бұл интерфейс қолданбалы процеске файлдарды басқару үшін берілетін операциялық жүйенің шақыруларына ұқсас. Мысалы, бұл жағдайда қосылыстарды ашу және жабу, орнатылған қосылыстарда деректерді жіберу және қабылдау үшін шақырулар орын алады. TCP хаттамасының қолданбалы программалармен асинхронды әрекеттесуі мүмкін екендігі де жорамалданады. TCP хаттамасын құрушылар нақты операциялық жүйенің қасиетіне сай интерфейстерді құруда біршама еркіндікке ие болғандарымен, кез-келген қолайлы орындалудан TCP хаттамасы мен қолданушы арасындағы интерфейстен кейбір міндетті минималды функциялардың орындалуын талап етеді.

UDP хаттамасы .Қолданушының дейтграммаларының хаттамасы UDP (User Datagram Protocol) транспорттық деңгейдің хаттамасы және желіаралық IP хаттамасының мүмкіндіктеріне негізделген. UDP-дің негізгі мақсаты –желідегі деректердің "жылдам" берілісін қамтамасыз ету.

Оның негізгі сипаттамалары төменде келтірілген:

  • Логикалық (виртуальды) қосылыссыз тәртіпте әрекеттесуді орындайды;

  • Деректердің блок (дейтграммалық, пакеттік) бойынша берілісін ұйымдастырады;

  • Транспорттық деңгейде әрекеттесуі бойынша партнерлерді идентификациялау үшін 16-биттік "порт нөмірлерін" пайдаланады;

  • Деректердің берілісінің сенімді болуына жауап бермейді (UDP-пакеттердің жойылып кетуі және қайталануы мүмкін);

  • UDP-пакетті адресаттың дұрыс немесе қате қабылдағандығы туралы ол пакетті жіберушіге ескерту жабдықтарымен қамтылмаған;

  • UDP-пакетті жіберушіден қабылдаушыға ретпен жеткізуді қамтамасыз етпейді;

  • UDP-пакеттегі бақылаушы қосындыны қолдана отырып, деректердің бүтіндігіне жауап береді;

  • өте қарапайым (әсіресе, TCP хаттамасымен салыстырғанда).

Транспорттық деңгейдің хаттамасы UDP-дің қолданбалы программалар мен желіаралық деңгейдің хаттамасы IP жабдықтары арасындағы интерфейстің рөлін атқаратындығын айта кеткен жөн.

Жіберу көзінің порты мен қабылдаушының порты – UDP-пакетін жіберуші мен қабылдаушының сәйкес порттарының нөмірлерін сақтайтын 16-биттік өрістер.

Ұзындық – тақырыбы мен деректерді қоса есептегендегі UDP-пакеттің ұзындығын (байтпен берілген) көрсететін 16-биттік өріс.

Бақылауыш қосынды – UDP - тақырып үшін есептелген, Internet- бақылауыш қосындыдан тұратын 16- биттік өріс.

33.WAN-желілерінің технологиясы. Үлестрілген желілерде байланыс орнату және жобалау қалай іске асырылады мысал келтіріңіз.

Аймақтық-таратылған желілер(WAN) жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасындла атқара алады.Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтықтармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып,сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

-электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

-Интернетпен байланысу

Негізгі қолданылатын хаттамалар TCP/IP, SONET/SDH, MPLS, ATM и Frame relay болып табылады. Бұрын Frame relay атаөанасы болып табылатын X.25 хаттамасы кең таралған.

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network)) бар, бірақ олардың ең танымалдысы – Интернет желісі.

Үлестрілген желілерде байланыс орнату және жобалау қалай іске асырылады мысал келтіріңіз.

Үлестірілген компьютерлік желі, глобальды немесе Wide Area Network (WAN), әр түрлі мекемелерде, қалаларда және елдерде орналасып территориялық, араласқан және глобальдық болады. Осыдан глобальды желілер 4 түрге бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық. Өте үлекн аумақтық бөлінген желілерге мысал ретінде: Internet, EUNET, Relcom, FIDO-ны атауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]