- •2 Хх ғ. Бас. Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты
- •5 Азаматтык соғыс
- •10.Ұлы Отан соғысынан кейінгі ксро-ның дамуы (хх ғ.40-50 жж.)
- •17 Тмд даму кезендері
- •18.Экономикалық интеграция тмд-ның құрамдас бөлігі ретінде
- •19 Тмд органдары
- •23. 1991- 2012 Жж. Молдованың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •24. 1991- 2012 Жж. Беларусь Республикасының саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •37. Тмд реформалау мәселесі мен келешегі
- •38. Балтық жағалауы елдерінің тәуелсіздік алуы және сыртқы саясаты
- •39.Каспий мәселесі: жағалаудағы мемлекеттердің ұстанымдары
- •40. 1991- 2012 Жж. Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •45. Қазіргі кезеңдегі Каспий аймағындағы геосаяси жағдай және Қазақстанның мүддесі
- •48 Тмд шеңберіндегі Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік
- •49 Тмд елдерінің шекаралық ынтымақтастық мәселелері
- •50 Орталық Азиядағы шекара мәселесі: тарихы мен бүгіні
- •51 Тмд елдерінің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы
- •52 Посткеңестік кеңістіктегі этносаяси қақтығыстардың жалпы сипаттамасы
- •53)Тмд-дағы бітімгершілік үрдісінің ерекшеліктері
- •54)Шыұ шеңберіндегі мемлекетаралық қатынастардың ерекшеліктері
- •55)Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы: мақсаты мен шаралары
- •56)Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық
- •57) Гуам: мақсаты,қағидаттары мен даму кезеңдері
- •58) Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстардың ерекшеліктері мен қақтығысты қатынастар
- •59 Бұрынғы ксро аумағындағы қақтығыстардың шығу себептері мен түрлері.
- •61. Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы қақтығыс: себептері мен салдары.
- •62 Таулы карабах мәселесі
45. Қазіргі кезеңдегі Каспий аймағындағы геосаяси жағдай және Қазақстанның мүддесі
Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады.
Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды.
Геосаясат ғылымынын негізін қалаушылары Каспий өңірінің әскери-саяси және экономикалық артықшылықтар беретін географиялық ерекшеліктеріне бұрыннан көңіл бөлген. Британ географы Х.Макиндер аймақты «Әлем аралы» деп сипатама берген.
Тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауы елдерде энергия тұтынысының өсуіне байланысты дамыған әлем державаларының негізгі мұнай ағымын қадағалауға, стратегиялық қорларының көлемін өсіруге бағытталған энергия ресурстары шоғырланған аудандардың бірі Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының қарама – кайшылықтары мемлекеттердің экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады
Қазіргі таңда халықаралық экономикалық қатынастардағы әлемдік энергетика негізі мұнай тауары болып табылады. Мұнай аясында көптеген дау-дамайлар, талас-тартыстар стратегиялық альянстар мен саяси бірлестіктер шеңберінде қалыптаса келе, мемлекеттің саяси-экономикалық бағытына елеулі әсер етеді. Соңғы тарихи оңжылдық көрсеткендей, халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды субъектілері, ірі державалар глобалды мұнай ағымын бақылау мен қадағалауға бағыталған саяси және экономикалық күрестерін жүргізіп келе жатқаны ақиқат. Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық дамуын, әлемдік экономиканың дамуын энергетикалық шикізаттарсыз, мұнайсыз, табиғи газдыз және көмірсіз елестету мүмкін емес. Әлемдік энергияның қайнар көзі мұнайға энергияның экономикалық тұтынысының 40 % жатады. Көп жағдайларда табиғи газ мұнайдың экологиялық тұрғыдан ең жақсы альтернативасы болып табылады, бірақ оның физикалық қасиеттеріне байланысты іштен жанатын двигательдерде пайдалану мүмкіншілігі болмағандықтан көптеген халықшаруашылық аймағында және адамның тіршілік әрекет ету аймақтарында энергетикалық шикізаттың бұндай түрі мұнаймен бәсекелесе алмайды. Осыған сәйкес энергияны толығымен тұтынудағы табиғи газдың үлесі мұныйды тұтыну үлесінен төмен және ол 23 %-ды құрайды. Энергияның тағы бір негізгі көзі – көмір. Энергетикалық шикізаттың бұл түрі өнеркәсіп өндірісінде және жеке қолдануда маңызды орын алып отыр. Энергия тұтынуда оның үлесі 22 %-ды құрап отыр. Табиғи газ және көмір мөлшері жеткілікті және олардың қорлары эксперттердің бағалауы бойынша XXI ғасырдың аяғыны дейін, мүмкіндігінше, одан да ұзақ мерзімге жетуі тиіс. 2003 жылы тұтыну көлемі бойынша табиғи газдың көлемі көмірдің көлемінен жоғарырақ және 2020 жылға қарай айырмышылық көтеріледі – табиғи газ көмірге қарағанда 44 % -ға көбірек тұтынылады.
46. ТМД-ның Жарғысы: мазмұнын талдау
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) 1991 жылдың 8-ші желтоқсанындағы ТМД құру туралы Беловеж келісімі мен Келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды.
ТМД Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери – саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдық алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттік ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері.
9 бөлім, 45 бап. 1993 жылы 22 қаңтарда Минскіде мемлекет басшыларының еңесінде қабылданды.
47. ТМД-ның аймақтық ұйым ретіндегі халықаралық-құқықтық мәртебесі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Оның құрылымы:
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті.
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр.
