- •2 Хх ғ. Бас. Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты
- •5 Азаматтык соғыс
- •10.Ұлы Отан соғысынан кейінгі ксро-ның дамуы (хх ғ.40-50 жж.)
- •17 Тмд даму кезендері
- •18.Экономикалық интеграция тмд-ның құрамдас бөлігі ретінде
- •19 Тмд органдары
- •23. 1991- 2012 Жж. Молдованың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •24. 1991- 2012 Жж. Беларусь Республикасының саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •37. Тмд реформалау мәселесі мен келешегі
- •38. Балтық жағалауы елдерінің тәуелсіздік алуы және сыртқы саясаты
- •39.Каспий мәселесі: жағалаудағы мемлекеттердің ұстанымдары
- •40. 1991- 2012 Жж. Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •45. Қазіргі кезеңдегі Каспий аймағындағы геосаяси жағдай және Қазақстанның мүддесі
- •48 Тмд шеңберіндегі Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік
- •49 Тмд елдерінің шекаралық ынтымақтастық мәселелері
- •50 Орталық Азиядағы шекара мәселесі: тарихы мен бүгіні
- •51 Тмд елдерінің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы
- •52 Посткеңестік кеңістіктегі этносаяси қақтығыстардың жалпы сипаттамасы
- •53)Тмд-дағы бітімгершілік үрдісінің ерекшеліктері
- •54)Шыұ шеңберіндегі мемлекетаралық қатынастардың ерекшеліктері
- •55)Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы: мақсаты мен шаралары
- •56)Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық
- •57) Гуам: мақсаты,қағидаттары мен даму кезеңдері
- •58) Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстардың ерекшеліктері мен қақтығысты қатынастар
- •59 Бұрынғы ксро аумағындағы қақтығыстардың шығу себептері мен түрлері.
- •61. Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы қақтығыс: себептері мен салдары.
- •62 Таулы карабах мәселесі
39.Каспий мәселесі: жағалаудағы мемлекеттердің ұстанымдары
Каспий теңізі аймағы өзінің жағрапиялық орналасуына қарай бірқатар мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер етуде. Әсіресе, бұрынғы Кеңестер Одағының жойылуының нәтижесінде жаңа тәуелсіз елдердің құрылуы бұл аймақта геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруіне әкелді. Оның негізгі мәні ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий теңізі аймағы екі ғана мемлекеттің мүдделерімен айқындалған болса, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы енді Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің мүдделерінің тоғысуына әкелді.
Сонымен бірге Каспий бассейніндегі бай энергетикалық қор аймаққа таяу жатқан елдермен қоса әлемнің жетекші елдерінің де аймаққа деген қызығушылығын үдете түсті. Өйткені мұнай – энергия көзі ретінде қазіргі әлемдік экономика мен халықаралық қатынастарда аса маңызды рөлге ие. Каспий мүмкіндігі Еуропа мен оңтүстік-шығыс елдерінің нарығын мұнай және газбен жабдықтауда маңызды стратегиялық рөлге ие бола алатындығын көрсетеді.
Каспий мәселесінің әлемдік деңгейдегі өзектілігі туралы 1998 жылы 28 қыркүйектегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 53 сессиясында Қазақстан Республикасының сол кездегі Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев: «Каспий теңізінің заңнамалық мәртебесі жөніндегі мәселені де қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің қатарына жатқызуға болады» деп атап көрсеткен еді .
Өз сөзін жалғастыра келе жағалаудағы бес мемлекеттің өзара қатынастарына тиесілі бұл күрделі де өзекті мәселелер бойынша келіссөздердің басталуы нәтижелі ымыраға жеткізетіндігіне сенім білдірген болатын. Сол жылдың шілдесінде Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігін делимитациялау жөнінде келісімге қол қойылуы, каспийлік мәселені толық реттеудің негізін қалағандығын білдіреді деген болатын.
Қазіргі кезеңде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында келіссөздер өткізілуде. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің мәселелері екі және үш жақты пікір алмасуларда да келісілуде. Сонымен қатар, келіссөздерде Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл да күн тәртібінде белгіленген.
Каспий теңізіндегі Қазақстанның мемлекеттік шекарасы Каспиймен шектесетін барлық мемлекеттердің шекаралары арасындағы ең ұзыны, ол 1700 шақырымнан артық. 2004 жылы қазақстандық тарап Каспий теңізіндегі қару-жараққа бақылау жасаудың бесжақты тетігін құру, қару-жарақтың тұрақты тепе-теңдігін орнату және оларды шектеу межесін белгілеу бастамасын көтерді. Мұндай шаралар шиеленістердің алдын алудың және мемлекеттеріміздің бейбіт ынтымақтастығын дамытудың анағұрлым сенімді құралдардың бірі.
40. 1991- 2012 Жж. Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.
2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.
2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.
Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.
1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.
Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстанның даму болашағы.
Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.
41.Н.А.Назарбаевтің ЕАО құру идеясы: мақсаты және оның негізі.
Еуразиялық одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба. Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстар ықпалымен басталған жаңа әлемдік архитектураның органикалық бөлшегі болудың барлық мүмкіндіктеріне ие.
Бұл үшін еуразиялық интеграцияға қатысушылардың барлығында іс-қимылдың анық та нақты стратегиясы болуы қажет. Бірінші. Еуразиялық одақ әуел бастан бәсекеге қабілетті жаһандық экономикалық бірлестік ретінде құрылуы тиіс. Бізді тек «модернизацияны қуушы» қағидаттарындағы дамушы елдер жиынтығы болудың тар шеңберлі перспективасы да, өзге әлем үшін мәңгілік табиғи ресурстардың үлкен перифериялық экспорттаушысы болып қалудың пешенемізге жазылуы да қанағаттандыра алмайды.
Әлем жаңа технологиялық төңкеріс табалдырығында тұр. Бүгінде Қазақстан үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолын бетке алды. Біз болашақ ұлттық инновациялық экономиканың негізі ретінде заманауи өндірістік күштердің жаңа құрылымын құрудамыз. Мұндай міндеттер Ресейдің, ТМД-ның өзге де елдерінің алдында тұр.
2010 жылдың қорытындысы бойынша «AIRBUS» жаңа ұшақтар сату мен оларға тапсырыстар қабылдау саны жөнінен Американың «Боинг» және «Локхид» компанияларынан айтарлықтай озып кетті. «AIRBUS-тың» жыл сайынғы табысы 30 миллиард еуроға жақындап келеді. Бүкіл Еуропа бойынша орналасқан компанияның кәсіпорындарында 53 мың адам жұмыс істейді. 2006 жылдан бастап «AIRBUS-тың» барлық акциялар пакеті өз кезегінде ЕО елдері үкіметтері мен ұлттық компаниялары қаржыландыратын EADS Еуропа аэроғарыш консорциумының иелігіне өткен.
Дания мен Швеция Сканеде бірлескен инновациялық орталық – «медиконовалық аңғар» құрды. Бүгінде бұл – лабораториялар, коммерциялық құрылымдар, өндірістік кәсіпорындар шоғырланған Еуропадағы аса қуатты кластер. Мұнда құрамына 300 компания, 14 университет, 26 медициналық клиника кіретін 7 ғылыми парк жұмыс істейді. Мұндай жолмен жаңа технологиялар жасаудың бірлескен жекелеген аспектілері бойынша екі жақты келісімдер түзетін халықаралық инновациялық орталықтар құруды ынталандыратын бірқатар елдер жүріп келеді.
Екінші. Еуразиялық одақ дамудың еуроатлантикалық және азиялық ареалдарын қосатын мықты буын ретінде қалыптасуы тиіс. Экономикалық тұрғыда біз Еуроодақтың, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның ырғақты экономикаларын байланыстыратын көпір бола аламыз. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда. Уақыт өте келе осы маршрут бойына Еуропа және Қытай рыноктарына тауарлар жеткізу мерзімін 3,5 еседен астамға қысқартуды қамтамасыз ететін заманауи көліктік-логистикалық жүйе түзілетін болады. Трансеуразиялық жүрдек темір жол желісін құрудың болашағы да зор көрінетіні сөзсіз. Бізге Біртұтас экономикалық кеңістіктің Еуропалық Одақпен, Қытай Халық Республикасымен, Жапониямен, Үндістанмен арадағы ынтымақтастығын кеңейту өзара тиімді.
Үшінші. Еуразиялық одақ жаңа жаһандық валюталық-қаржылық жүйенің бөлшегі болатын бақуатты өңірлік қаржы бірлестігі ретінде қалыптасуы тиіс. Еуроодақ тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, ортақ төлеу жүйесін, содан кейін ортақ валюта құру – интеграцияның заңды кезеңі. Қазіргі жағдайда бұл үдеріс сондай-ақ әлемдік дағдарыс салдары үрдістерін есепке алуы тиіс. Қазір ЕО мен еуроаймақ қаншалықты сыналса да, олар өздерінің тіршілікке қабілеттілігі мен дағдарыстарға беріктігін көрсетіп отыр. Біз ЕО-ның ауыр халде қалған елдерге қандай қуатты қолдау жасап отырғанын көріп отырмыз. Үш жыл бұрын мен күшті өңірлік резервтік валютаның алғашқы негізі ретінде еуразиялық ұлтүстілік есеп бірлігі – ЕҰЕБ-ні енгізу туралы мәселені талқылауды бастауды ұсындым. Бүгінде салдары қазіргіден де салмақтырақ соғатын жаһандық рецессияның жаңа толқыны ықтималдылығын есепке алатын болсақ, бұл идея жай ғана көкейкесті болып қалмайды, ол практикалық шешуді талап етеді
Төртінші. Еуразиялық интеграцияның геоэкономикалық, ал болашақта геосаяси жағынан буыны бекуі тек эволюциялық жолмен және ерікті түрде жүруі тиіс. Оған жасанды жеделдетудің ешқандай пішіні мен жекелеген елдерді қамшылау жат болуы шарт. Біртұтас еуропалық рынок 40 жылға жуық уақыт құрылғанын ұмытпайық. Бүгінде еуразиялық интеграция тұғырнамасы айтарлықтай кең. Оның құрамына пішіні, мақсаты және міндеті түрлі болып келетін мемлекетаралық бірлестіктер – ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Кеден одағы – Қазақстан, Беларусь және Ресей мен басқалардың БЭК-і кіреді. Басқа құрылымдардың пайда болу ықтималдығы да зор. Мен, мәселен, Орталықазиялық одақ құрудың жақтасы болып қала беремін. Орталық Азия елдеріндегі барлық азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізіп, өңірдегі күрделі проблемаларды шешуге көмектесер еді. Түрлі өңірлік ұйымдарға қатысу әр мемлекетке интеграцияның аса тиімді жолын таңдауға жәрдемдеседі..
Бесінші. Еуразиялық одақ құру тек жұртшылықтың кең қолдауы негізінде ғана мүмкін. Қазірде біздің елдерімізде өзіміздің «еуразо-оптимистер» мен «еуразо-скептиктер» бар екені заңдылық болып табылады. Олардың арасындағы пікірталастар тек қана интеграциялық үдерістердің кемшіліктерін көруге және оларды дәйектілікпен аластауға жәрдемдесетіні анық. Мен жақын болашақта олардың дебаттары Еуразиялық Ассамблея – біздің елдеріміз парламентарийлерін біріктіретін ұлтүстілік құрылым мінберінен жүреді ғой деп ойлаймын. Сонымен бір мезгілде, еуразиялық интеграцияның халықтық вертикалін нығайту маңызды.
Кеден одағы елдерінің үштігі пішінінде Еуразиялық сауда-өндірістік палатасын құру орынды. Олардың офистері Астанада орналаса алар еді. «Еуразия-24» тәуліктік жаңалықтар арнасын құру жөніндегі жұмыстарды бастау қажет. Бұл біздің елдеріміздің азаматтарын интеграцияның басымдықтары мен барысы туралы объективті және толық ақпараттандыру тұрғысынан маңызды.
Мен Еуразиялық экономикалық кеңістіктің атқарушы органдарын Астанада – Еуразия субматеригінің географиялық кіндігінде тұрған қалада орналастыруды ұсынамын. Бұл жерде ешқандай шамшылдық жоқ. Бұл біз үшін айтарлықтай жүктеме болар еді. Сонымен бірге, Еуразия интеграциясы идеясының бастамашысы ретінде Қазақстанға әділетті ризашылықтың көрінісі болар еді. Орталық офистің Қазақстанда орын тебуі жаңа интеграциялық бірлестікті біздің елдеріміздің ішіндегі, сондай-ақ бірлестіктің сыртындағы күдіктерден арылтады. Бұл енді тәй-тәй басқан біздің ұйымымызға үлкен сенімділік туғызады. Кезінде біздің ТМД-ның штаб-пәтерін Минскіде орналастыру туралы шешіміміз нақ осыған байланысты болатын. Еуропалық одақ штаб-пәтерінің Брюссельде орын тебуі де кездейсоқ емес. ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының басында еуразиялық интеграция идеясы Біртұтас экономикалық кеңістіктің нақты келбетін иеленіп келеді. Ол біздің елдеріміз бен халықтарымызды өркендеу мен игілікке бастайтын сенімді жол ретінде өзінің тарихи болашағын дәлелдей алды. Шешуші саяси шешімдер қабылданды.
43. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.
Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет етуі және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Әрине, осы сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін деструктивті болмауы шарт. Олар халықаралық қатынастар принциптеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі қажет. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын жобалау мен дамытуда елдің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөл атқарғандығын ескере кеткеніміз жөн.
44. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
