- •2 Хх ғ. Бас. Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты
- •5 Азаматтык соғыс
- •10.Ұлы Отан соғысынан кейінгі ксро-ның дамуы (хх ғ.40-50 жж.)
- •17 Тмд даму кезендері
- •18.Экономикалық интеграция тмд-ның құрамдас бөлігі ретінде
- •19 Тмд органдары
- •23. 1991- 2012 Жж. Молдованың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •24. 1991- 2012 Жж. Беларусь Республикасының саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •37. Тмд реформалау мәселесі мен келешегі
- •38. Балтық жағалауы елдерінің тәуелсіздік алуы және сыртқы саясаты
- •39.Каспий мәселесі: жағалаудағы мемлекеттердің ұстанымдары
- •40. 1991- 2012 Жж. Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •45. Қазіргі кезеңдегі Каспий аймағындағы геосаяси жағдай және Қазақстанның мүддесі
- •48 Тмд шеңберіндегі Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік
- •49 Тмд елдерінің шекаралық ынтымақтастық мәселелері
- •50 Орталық Азиядағы шекара мәселесі: тарихы мен бүгіні
- •51 Тмд елдерінің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы
- •52 Посткеңестік кеңістіктегі этносаяси қақтығыстардың жалпы сипаттамасы
- •53)Тмд-дағы бітімгершілік үрдісінің ерекшеліктері
- •54)Шыұ шеңберіндегі мемлекетаралық қатынастардың ерекшеліктері
- •55)Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы: мақсаты мен шаралары
- •56)Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық
- •57) Гуам: мақсаты,қағидаттары мен даму кезеңдері
- •58) Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстардың ерекшеліктері мен қақтығысты қатынастар
- •59 Бұрынғы ксро аумағындағы қақтығыстардың шығу себептері мен түрлері.
- •61. Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы қақтығыс: себептері мен салдары.
- •62 Таулы карабах мәселесі
23. 1991- 2012 Жж. Молдованың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
Молдова – Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні.
Президент Парламенттің жасырын дауысы бойынша сайланады. 3/5 дауыс жинаған үміткер президент болады. Президенттері:
1990-1997 – Мирча Снегур
1997-2001 – Петр Лучинский
2001-2009 – Владимир Воронин
2009-2010 – Михай Гимпу
2010-2012 – Мариан Лупу
2012 – Николай Тимофти.
Молдова экономикасында климаты жақсы болғандықтан, ауыл шаруашылығы үлкен рөл алады. Кейбір деректерге сүйенсек, молдова халқының 25 пайызы шет елдерде жұмыс істейді екен. Экспорт (2008) – 1,6 млрд доллар - текстиль. Негізгі серіктес мемлекеттер - Ресей, Румыния, Италия. Импорт – 4,9 млрд доллар – минералды шикізат, мұнай, көлік, техника, химиялық өнімдер. Молдавияда 174 винозавод бар. Молдавиядағы инфляция көлемі Шығыс Еуропа бойынша ең аз көрсеткіш болып келеді. 2010 ж. 12 қаңтардан бастап Молдова Еуро Одаққа мүшелікке келісімге қол қою туралы келіссөздерді бастады. 2010 ж. қарашада Молдова Еуро Одаққа мүше болуға өтініш білдіретінін айтты.
24. 1991- 2012 Жж. Беларусь Республикасының саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы
Беларусь Республикасы— Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері көлемі — 207,6 мың км2. Халқы — 10 млн. 203 мың адам (1997). Негізгі халқы — белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні — православие (70%). Ақшасы — рубль. Ұлттық мейрамы — 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады.
Әкімшілік бөлінуі: Брест облысы, Витебск облысы, Гомель облысы, Гродно облысы, Могилёв облысы, Минск облысы.
1990 жылы Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады.
1991 жылы 8 желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь толық тәуелсіздік алды.
1994 жылы 10 шілдеде алғашқы президенті болып А.Г. Лукашенко сайланады. Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусь Кеден одағына, БҰҰ-на, ТМД-ға мүше. Ресей Федерациясымен Беларусь арасында қол қойылған (1999, желтоқсан) шартқа сәйкес жаңа одақтық келісім жасалынды. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауылшаруашылығы және т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада қалий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар.
ХХ ғасырдың 90-жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, жалпы ішкі өнім 10 жыл ішінде 12%-ке төмендеп кетті. Экономикалық құрылымындағы мемлекеттік емес салалардың үлесі экономикада 34%, (1998), ал шеттен тартылған инвестиция мөлшері 6,5% (1997). Негізінен Кеден одағы елдеріне (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, [[Тәжікстан) жүк тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар және т.б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, таскөмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен әкелінеді. Экономикалық байланыстардың үзілуі, жылу-электр ресурстарына бағаның көтерілуі ел экономикасын аса қиын жағдайда қалдырды. Дегенмен ұсақ өндіріс салаларында 900 шетелдік және 2000-нан аса бірлескен кәсіпорындар (негізінен Польша, ГФР, АҚШ фирмалары) жұмыс істейді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері.
25. 1991- 2012 жж. Әзірбайжанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы. Әзірбайжан Республикасы — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. 1991 жылы 30 тамызда Әзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзрбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 миллион адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы.
Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахичеван автономиялық республикасы енеді. Нахичеван автономиялық республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Карабақ автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Карабақтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.
Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкоран ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Құра жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі.
Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.
Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.
26.Грузия, кейде Гүржістан, Грузия Республикасы (Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км2. Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзірбайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.). Гүржі мәдениеті шығыс халықтары және грек-рим мәдениеттерімен араласу нәтижесінде қалыптасты. Елдің ежелгі жазба мәдениеті сақталып қалған. Гүржістанда 4 ғ-дың 1-жартысында жоғары шешендік мектебі — Колхида академиясы құрылған. 5 ғ-да шіркеулер жанынан алғашқы мектептер ашыла бастады. 10 — 12 ғ-ларда алғашқы жоғары оқу орындары Галат академиясы, Икалтой академиялары дүниеге келді. 13 — 17 ғ-лар арасында ішкі бытыраңқылық пен шет ел басқыншыларына қарсы күреске байланысты грузин мәдениеті біршама тоқырап, тек саяси жағдай тұрақтанған 18 ғ-дан бастап қайта жандана бастады. Осы ғасырдың аяғында оқу-ағарту жұмысы тез көтеріліп, Тбилиси (1755), Телав (1782) семинариялары, 1851 ж. Тбилиси опера театры ашылды. Қазіргі Гүржістан — мәдениеті, өнері кемелденген мемлекет. Елде 19 мемл. жоғары оқу орны (оның ішінде Тбилиси және Сухуми ун-ттері), 32 театр, 110 музей жұмыс істейді
27. Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км2. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 – 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 – 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар. Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, мұхиттардан өте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына байланысты климаты тым континенттік және құрғақ. Аймақтың басым бөлігінде жылдық ауа температурасының айырмасы 500С-қа дейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы –10 – 250С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте 20 – 250С, Тибет таулы қыратында 100С. Аймақтың 3/4 бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлш. 100 – 200 мм, тау жоталарында 300 – 500 мм, оңтүстік-шығысында муссонның ықпалымен 1000 мм-ден артық жауын-шашын түседі. Жылдық буланушылық көрсеткіші 2000 мм шамасында. Тау жүйелерінің көпшілігінде мұз басу таралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары: Қарақорым (Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км), Тянь-Шань (Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұзындығы 57 км), Моңғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км) таулары. Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында) мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор (аумағы 4200 км²), Убсу-Нур (аумағы 3350 км²), Балқаш (17,7 мың км²); тұщы көлдері: Хубсугул (аумағы 2620 км²), Хар-Ус-Нур (аумағы 1486 км²), Зайсан (1,79 мың км²), Бақырашкөл (аумағы1380 км²), Далайнор (аумағы 1100 км²) . Орталық Азияға негізінен шөлейт және шөлді ландшафт тән. Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарай дала және орманды дала белдемі тараған. Шөлдің сұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі, тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты сорлар тараған. Моңғолияның солтүстігіндегі тау беткейлерінде таудың қоңыр орман топырағы, Гоби шұраттары (оазис) мен жер асты су көздері шығатын тау алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен аңғарларында шалғынды топырақ түрлері қалыптасқан. Аймақтың солтүстігінде далалық өсімдіктер (селеу, жусан, ши), тау жоталарының солтүстік беткейлерінде таулы-тайгалық (Моңғолия тауларында балқарағай, Куньлунь мен Тянь-Шань тауларында шырша, арша) орман кездеседі, биік бөлігінде субальпі және альпі шалғыны өседі. Өзен аңғарларында евфрат көктерегі, жиде, шырғанақ, тобылғы, қамыс, т.б. өсімдіктер қалың тоғай құрайды. Жануарлар дүниесінен тұяқты жануарлар, кемірушілер мен құстар өте көп. Тұяқты ірі жануарлардан Тибетте қодас, Жоңғар жазығында екі өркешті түйе, Гобиде – Пржевальский жылқысы жабайы түрінде сақталып қалған. Жыртқыштардан гималай аюы, барыс, сілеусін, қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Орта Азия аумағын көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары (қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, т.б.) солтүстігінде моңғол халықтары (халкалар, ойраттар, буряттар), Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер шоғырланған; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым. “Орта Азия” ұғымын география тарихына XIX ғасырдың аяғында неміс ғалымы А.Гумбольд енгізді.
Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты. Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км2-ден асады, халқының жалпы саны 60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей, Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет – ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында “Орталық Азия елдері Одағын” құруды ұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының негізгі стратегия бағыты – саяси, экономикалық, ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық, т.б. салалардағы үйлесімділіктерді нығайту, дамыту болып табылады.
Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның өзара одақ құруының алғы шарттары бізде толық бар. Ол ең әуелі – басқасының бәрін ысырып қойғанда, түркілік менталитет. Тәжікстаннан өзгесінің бәрі түркітілді халықтар. Демек, ту бастағы мәдениеті тәңірлік ұғымдар аясында қалыптасқан. Ал, мәдениет – халықтарды біріктіруші ең басты фактор. Ортақ мәдениет ортақ құндылықтарға жетелейді.
Бұдан кейін бұл мемлекеттердің басын қосатын тағы бірі ірі фактор – дәстүрлі Ислам дінін ұстануы. Ал, үшінші алғышарт – бұл мемлекеттердің қай-қайсысы да Кеңес империясының құрамында болды. Жалпыға ортақ кеңестік идеологиямен тәрбиеленді. Бұның бәрі Орталық Азия мемлекеттерінің бір одаққа бас қосуына негіз бола аларлық алғышарттар екені рас.
Бірақ, дәл осы Кеңес империясының қол астында болғаны, Орталық Азия мемлекеттерінің бір одаққа бірігуінің басты кедергісі сияқты. Өйткені, бірнеше ғасырлық бодандық қамыты бұл елдерді империялық үрей құшағында қалдырғаны рас. Оның үстіне Кеңестер Одағы Батыс елдерінің Еуропалық одағы сияқты тіліне, діліне, мәдениеті мен менталитетіне кесірін тигізбей тек экономикалық, саяси тұрғыдан интеграциялық процеске бармай, тікелей империялық саясат жүргізгені салдарынан қай-қайсының да алдында «осы мыңжылдықта ұлттық бет-бейнемізді сақтай аламыз ба?» деген мәселенің тұрғаны айқын. КСРО-ның аяқ асты құлауы олардың бұл мәселесін өзінен-өзі шешіп бергендей. Сөйтіп, бұғалықтан енді босаған халықтар алдына тағы бір жаңа одақ идеясын қою тым үрейлі сияқты сезілері айқын. Оның үстіне КСРО құлағаннан кейін жасақталған ТМД құрылымы да берері аз, өлі құрылымға айналды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы деген айдар тағылғанымен бұл мемлекеттерге Ресейдің саяси әрі экономикалық қысымы әлі де үстемдік етеді. Бірін газымен, екіншісін басқа да энергетикалық ресурстарымен қорқытып отырған Ресей посткеңестік кеңістіктегі ықпалы арқылы бұл елдердегі орыс тілі мен орыс мәдениетінің сақталуын тым-тым қадағалап кетті. Өзбекстан бір кездері ТМД-дан бойын аулақ салып ГУУАМ-ға қосылып еді, Америкадан жаны түршіккенде Ресейдің қолтығының астына қайта барып тығылды. Сөйтіп, ол 25-қаңтарда ЕурАзЭҚ құрылымына қайта мүше болды. Ал, Түркімения ешқандай одаққа мүше болмайтындығын мәлімдеп, былтырғы ТМД мемлекеттерінің Қазанда өткен саммитінде оның құрамынан шығатындығын жария етті. Демек, аталған екі мемлекет те Орталық Азия мемлекеттері одағына енуге тым құлықты емес. Сол себептен де олар бұл жолғы Қазақстандағы ең ірі саяси партия өткізген форумға келмей қалды.
Яғни, басты алғышарттары қалыптасқан бұл мемлекеттер алдында тұрған ең үлкен кедергі – кеңестік иллюзия немесе империялық үрей. Бұл мемлекеттердің қай-қайсысы да қандай да бір одақты тең дәрежедегі мемлекеттер одағы емес, үлкеннің кішіге көрсетер қысымы ретінде қабылдайды.ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛА-ҚҰЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИДЕРЛIК ПИҒЫЛӨзбекстан ТМД мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздік келісім-шартынан бас тартқаннан кейін «Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылы» атты құрылым дүниеге келген болатын. Бұл құрылымның алға қойған мақсаттары аталған елдер арасында жылда дау-жанжал шығарып жататын су, энергетика және экология мәселелерін бір жолға қою болған еді. Өкінішке қарай, бұл мақсаттардың бірде-біреуі әлі күнге дейін жүзеге асқан жоқ. Ендеше Орта Азия мемлекеттерінің бұған дейінгі одақ құру талпыныстары нәтижесіз аяқталып отыр. Оның үстіне Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-қа мүше болуы бұл мемлекеттердің аталған құрылымының іске аспайтындығынан хабар берсе керек.
Бұл жердегі басты фактор тағы да экономикалық ала-құлалықтан туындап отыр. Егер, бес мемлекеттің экономикалық даму деңгейі бір қалыпта, тұрғындарының әл-ауқаты бірдей болған жағдайда кедей мемлекеттердің одағы ретінде бұл құрылым сақталып қалуы да ғажап емес еді. Алайда, Қазақстанның экономикасының қарыштап дамуы, өз көршілерінен анағұрлым ілгері кетуі – мұндай одақтың өмір сүруіне кесірін тигізді. Бес мемлекеттің ішінде халқының саны жағынан ең ірісі Өзбекстан болса, территориялық ауқымы мен экономикалық мүмкіндіктері жағынан Қазақстан бәрінен оқ бойы озық тұр. Ал, Тәжікстан мен Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттері кедейлік қамытын бұзып шыға алмады. Түркімения табиғи ресурстарды пайдалану арқылы коммунальдық шығындар мен мұнай өнімдерін өз халқына арзан сатып нарықтық дағдарыстан шығып келеді. Бұның барлығы Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық қандай да бір одақ құруына кедергі.
Тағы бір кедергі – лидерлік пиғыл. Сарапшылар Орта Азия мемлекеттері одағы құрыла қалған жағдайда Өзбекстан лидерлік жасауы мүмкін дегенді айтады. Алайда, өзінің ішкі проблемаларын шеше алмай отырған Өзбекстан 5 мемлекеттің одағына төрағалық ете алмайтын болды. Ендеше ендігі төрағалық, әрине, экономикалық жағдайы әлдеқайда ілгері кеткен Қазақстанның қолына тиюі керек. Оның үстіне идеяны бірінші бастаған да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қой. Алайда, Түркімения мен Өзбекстан Қазақстанды лидер ретінде мойындамайтындықтарын білдіріп отыр. Демек, Орта Азия мемлекеттері одағының құрылуына тағы бір кедергі лидерлік пиғыл. Яғни, Орта Азия мемлекеттері одағы жайлы бүгін әңгіме айту әлі ерте сияқты. Алғышарттар бар, бірақ, кедергілер де аз емес.
Жоғарыда аталған форумға келген қонақтардың бәрі өз пікірлерін ортаға салғанымен, Орта Азия мемлекеттері одағы бүгін-ертең құрыла қоюы екіталай екендігін танытты. Бұған жоғарыда айтылған кедергілер кесірін тигізетіндігі айқын аңғарылды. Демек, бұл жиында алға қойған мақсат орындалмай қалған сынды.
28. Армения — солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәр2008 жылдың соңына қарай Арменияда 3,3 миллион халық тұрды, халықтың орташа тығыздығының көрсеткіші 1 км2-ге 108 адамнан келді. Жер бедерінің күрделі болуы халықтың қоныстану сипатына да ықпал еткен: Армения халқының жартысынан астамы Арарат жазығында тұрады. Табиғи өсу жыл сайын қысқарып келеді, қазіргі кезде оның көрсеткіші 4‰-ге тең. Қала халқының үлес салмағы — 67%. Арменияны бірұлтты елдер қатарына қосуға болады, өйткені оның халқының 94%-ын армяндар құрайды. Басқа ұлттар арасында орыстардың, күрдтердің, грузиндер мен гректердің саны біршама.
ШаруашылығСоңғы онжылдықта ТМД-ның басқа да жас тәуелсіз мемлекеттеріндегі сияқты, Арменияда да экономиканың құлдырауы басым болды. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты да төмендеп кетті. Қазіргі кезде ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші бар болғаны 560 АҚШ долларына тең (бұл ТМД бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі). Елдегі жұмыссыздар саны 109 мың адамға жеткен, бұл ЭБХ-тың 9%-ын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Армения ТМД елдері арасында 1-орын алады.
Өнеркәсіп үлесіне ЖІӨ-нің 34%-ы тиесілі. Өнеркәсіп құрылымында машина жасау басым, әсіресе прибор және станок, радиотехника мен электроника жасау жақсы дамыған. Өнеркәсіптің байырғы салаларының бірі — жергілікті шикізат көзіне негізделген түсті металлургия. Бұл саланың жекелеген кәсіпорындары электр энергиясының тапшылығынан өз жұмысын тоқтатқан. Елде мұнай мен табиғи газ қоры жоқ, мұның өзі елді энергия көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге кедергі болуда. Электр энергиясы Армян АЭС-і мен Раздан өзеніндегі СЭС жүйесінде өндіріледі. Соған қарамастан жыл сайын жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру азайып келеді.
Басқа салаларға қарағанда, жергілікті шикізат кезіне бағдарланған тамақ енеркәсібі тұрақты дамып келеді. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері (шарап, коньяк, жеміс консервілері) республикадан тыс жерлерге көп сатылады. Елде құрылыс материалдарын өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді.
Агроөнеркәсіптік кешенде жүзім шаруашылығы мен жеміс өсіру жетекші орын алады. Жүзімдіктер мен жеміс бақтарының көпшілігі Арарат аңғарының суармалы алқаптарында орналасқан. Мұнда мақта, бадам, зәйтүн және көкөніс басым таралған. Жайылымдық мал шаруашылығы кең қанат жайған. Тауларда бидай мен арпа өсіріледі. Жалпы алғанда, жыртылатын жерлер ауыл шаруашылығы жерлерінід 2/5 бөлігін құрайды. Қазіргі кезде елдің ауыл шаруашылығы табиғи сипат алған, яғни ел азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылуда. Соған қарамастан астық, сүт және ет ендіру көлемі қысқарған.
Сыртқы саудадағы негізгі бағыт — импорт көлемінің ұдайы артуы, ол экспорт көлемінен әлдеқайда артық болып отыр. Ел мазут, табиғи газ, ауылшаруашылық өнімдерін сырттан сатып алуға мәжбүр. Елдің сыртқы экономикалық байланыстардағы негізгі әріптестері Ресей (20%), Иран және Түрікменстан болып табыладыы
29. Кавказ — батыста Қара теңіз бен Азов теңізінен, шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке. Солтүстігінде Кума-Маныч ойпатымен шектеледі. Оңтүстігінде шекара айқын емес – Алдыңғы Азия таулы қыраттарына ұласып жатады. Ресей, Грузия, Әзербайжан және Армения мемлекеттері жерінде орналасқан. Негізгі бөлігі – Үлкен Кавказ тау жүйесі (Эльбрус тауы, 5642 м). Оның Солтүстік етегінен Кума-Маныч ойпаңына дейінгі жер Кавказ алды деп аталады. Оңтүстік Колхида ойпаты мен Кура ойпаты Үлкен Кавказды Кавказ сырты таулы қыратынан бөледі. Таулы қыраттың Солтүстік және Солтүстік-шығыс шеткі тізбектері Кіші Кавказ тау жүйесін құрайды, Оңтүстік ішкі бөлігі Армян (Джавахет-Армян) жанартаулы қыратына жатады (Арагац тауы, 4090 м). Кавказ – альпілік қатпарлану кезеңінде көтерілген тау. Климаты қоңыржай және субтропиктік белдеулердің шекарасындағы орнымен тығыз байланысты. Кавказдың батыс бөлігінде – қоңыржай континенттік, далалық шығысында – құрғақ, континенттік, Колхида мен Ленкорань ойпаттарында – ылғалды субтропиктік, Кура – Аракс ойпатында – құрғақ субтропиктік, биік тау бастарында – биік таулық салқын белдеулер қалыптасқан. Үлкен Кавказдағы мұздықтардың жалпы ауданы 1428 км². Өзендері Каспий т. (Кура, Сулак, Терек, Кума), Қара теңіз (Риони, Ингури) және Азов т. (Кубань) алаптарына жатады. Ең ірі көлі – Севан. Үлкен Кавказ бен Кіші Кавказдың беткейлерін орман алып жатыр (емен, шәмшат, граб, шырша, майқарағай). Одан жоғарыда субальпілік және альпілік шалғындар, Джавахет – Армян таулы қыратында тау даласы қалыптасқан. Колхида мен Ленкорань ойпаттарына ылғалды субтропиктік орман тән. Кавказ мұнай, газ, қара және түсті металл кендеріне, минералдық су көздеріне бай. “Севан” ұлттық саябағы және бірнеше қорықтар бар. Кавказдың курорттық маңызы зор және альпинизм мен туризм дамыған аймақ. Кавказ жерінің табиғаты алуан түрлі, мұнда таулы ландшафтылар басым келеді. Кавказ аумағында Ежелгі Орыс платформасы мен жер кыртысының қозғалмалы бөлігі болып табылатын Кавказ қатпарлы аймағы түйіседі.
Аймақтың солтүстігіндегі Үлкен Кавказ біртұтас тау жүйесі ретінде солтүстік- батыстан оңтүстік-шығыска қарай Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында 1100 км-ге созылып жатыр, ені шамамен 180 км. Орталық бөлігі арқылы өтетін Бас Суайрық жота мен Бүйірлік жотаға ұзына бойьша және кесе-көлденең жатқан көптеген басқа жоталар келіп қосылады. Үлкен Кавказдың орталық бөлігінде оның ең биік нүктесі — Эльбрус тауы (5642 м) орналасқан. Үлкен Кавказдағы тау асуларының өзі 2000 м-ден жоғарыда орналасқан. Қолайлы тау асулары арқылы аса маңызды тасжолдар өтеді. Кавказ тауларында қарстық үңгірлер өте көп. Үлкен Кавказдың тік жартасты аңғарлары мен биік шыңдары альпинистер назарын ұдайы өзіне аударып келеді, мұнда қазақстандық альпинистер де жиі болады.
Үлкен Кавказдың карлы жоталары Сурам жотасы арқылы оңтүстіктегі Кіші Кавказбен жалғасады. Кіші Кавказ одан әрі жанартаулық Армян таулы қыратына ұласады. Сөнген ежелгі жанартауларды қалың базальт қабаты жауып жатыр, олардың ең биігі — Арагац жанартауы (4090 м). Алып Арагацтың көрінісін Армения астанасы — Ереванның тұрғындары күн сайын тамашалайды деуге болады, мұндағы ең әдемі үйлер мен ғимараттар Арагацтан өндірілетін алқызыл туфпен қапталған.
Жалпы, Кавказдың Қара теңіз жаралауындағы жіңішке алабы ойпатты келеді, мұнда әйгілі емдеу-сауықтыру және демалыс орындары орналасқан. Сурам жотасынан шығысқа қарай Кура-Аракс ойпаты жатыр, ол оңтүстігінде Талыш тауларымен шектеседі.
Жас тау жүйесінің күрделі құрылымы алуан түрлі пайдалы қазбалардың қалыптасуына негіз болған. Тауаралық иіннің шығысы мен Каспий қайраңында (Әзірбайжан) мұнай кең орындары бар. Қазіргі кезде мұнай тек құрлықтағы кең орындарынан ғана емес, қайраңда орналасқан ұңғымалардан да өндіріледі. Әзірбайжанның орталық бөлігіндегі Нафталан қаласы маңында емдік қасиеті бар мұнай түрі — нафталан табылған, бұл — нафталанның әлемдегі бірден-бір кең орны.
Кенді пайдалы қазбалардың коры Кавказдың қатпарлы құрылымымен байланысты болады. Темір, кобальт кендері Дашкесанда (Әзірбайжан), мыс Армениядағы Кафан, Алаверди кең орындарында өндіріледі. Кавказ алуан түрлі құрылыс материалдарына (цемент шикізаты, мәрмәр, пемза, туф және т.б.) да бай
30. Қырғыз Республикасы, Қырғызстан — Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 198,5 мың км2. Халқы – 5,2 миллион адам. Қырғыздар (60,6%), орыстар (15,3%), өзбектер (14,3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам). Конституциясы бойынша – Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері – қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі – 31 тамыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сом. Қырғыз жері, негізінен, таулы болып келеді, мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі — Жеңіс шыңы (7439 м) орналасқан. Бір-бірінен кең тауаралық аңғарлар (Шу, Ыстықкөл, Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым түрде ендік бағытта орналасады. Олардың геологиялық-тектоникалық құрылысы, ландшафтылық сипаты өте күрделі. Таулы аудандар қуаты 8—10 балдың күшті жерсілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.
Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000 м биіктікте жатыр. Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.
Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металдардың (молибден, мыс, сурьма), Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тауалды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр көмір және таскөмір, мұнай коры барланған. Көптеген кең орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан, оларды игеру мәселесін қиындатады.
Қырғыз жері таулы болғандықтан, су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ең ірі өзені — Нарын, сондай-ақ Шу, Шатқал, Ақсай өзендері бар. Өзен сулары суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады. Ондағы беткі ағынның 20%-ға жуығы жер суаруға жұмсалады.
Климаты шұғыл континентті сипатта, жаз ыстық, қыс суық болып келеді. Таулы жер бедері ауа температурасы мен ылғалдын таралуына өте күшті ықпал етеді. Ауаның орташа температурасы жазық жерлерде қыста -4°С, жазда +25°, +27°С-қа дейін көтеріледі. Мұндай жағдай топырақ-өсімдік жамылғысының ете күрделі құрылымын қалыптастырады. Әсіресе бұл жағдай биік тауларда өте айқын байқалады. Сондықтан елдің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының көптеген салаларын өркендетуге мүмкіндік береді.
Тянь-Шань таулары аралығында орналасқан Ыстықкөл елдің ең басты рекреациялық байлығы болып есептеледі, оны "Тянь-Шаньның інжу-маржаны" деп атайды.
Шатқал жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан Сарышелек көлі және оның айналасындағы жеміс ағаштары мен сирек кездесетін жаңғақты ормандар алқабы Сарышелек қорығының құрамына енеді. Мұнда Қырғызстанның көрікті демалыс-сауықтыру орындары орналасқан.
Ыстықкөл — Орта Азияның ең ірі көлі, ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 6280 км2, ұзындығы 182 км-ге созылып жатыр. Пайда болу тарихы жағынан тектоникалық көл болып саналатын Ыстықкөлдің тереңдігі 702 метрге жетеді. Су көлемі көп болғандықтан, Ыстықкөл қыста қатпайды, көл атауы да сонымен байланысты. Көл айналасымен қоса, айрықша қорғауға алынған Ыстықкөл қорығының аумағына енеді. Ыстықкөл жағалауында жалпы саны 100-ден асатын демалыс орындары, емдеу-сауықтыру мекемелері орналасқан. Емдеу-сауықтыру мақсатында көлдің шипалы тұзды суы ғана емес, жағалаудағы емдік балшықтар да пайдаланылады. Ыстықкөл қазаншұңқырында минералды бұлақтар да өте көп. Шолпан-Ата, Ыстық-Ата, Жетіөгіз, Алтын-Арашан шипалы су көздері көпшілікке танымал.
Өнеркәсіп
Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел экономикасына едәуір нұқсан келді. Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүйесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда. Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 2008 жылғы мәлімет бойынша 12 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.
Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, тірсті металлургия болып табылады. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі—Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін таскөмір негізінде өркендеуде.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған.
Түсті металлургия, негізінен, сыртқа өнім шығаруға маманданған. Ош облысындағы Қадамжай комбинаты өндіретін сурьма халықаралық нарықта эталон ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдарқан елді мекені жанындағы сынап кенінің маңызы аса зор. Мұнда қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып, одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жаңа іске қосылған алтын (Жалалабад облысындағы "Макмалалтын"), сондай-ақ қалайы (Ыстыккөл облысының оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен ғана жұмыс істеуде.
Ауыл шаруашылығы
Қырғызстан — Орта Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Ол Қырғызстан жерінің басым бөлігінің таулы болуымен, өнделетін жер үлесі көрсеткітттінің төмендігімен түсіндіріледі. Өнделетін жерлердің басым көпшілігі Шу облысында шоғырланған, оның 25%-ы шабындықтардың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін көптеген тармақтар бөлінеді. Нарын облысында жайылымдардың, әсіресе қысқы жайылымдардың үлесі басым. Елдің оңтүстігіндегі Ферғана жотасының беткейлерінде пішен дайындалады.
Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4,5 млн басқа дейін қысқарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде кеп (300 мың бас), Қазакстанда бұл көрсеткіш 985 мың басқа жеткен. Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны — қымыз дайындалады. Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар есіретін шаруашылықтар бар.
Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді дақылдар, 41%-ын малазықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының үлесіне тиеді. Ферғана аңғарында мақта және темекі өсіріледі, Шу облысында қант қызылшасының егістіктері қалпына келтірілуде. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде жүзімдіктер мен жеміс бақтары едәуір алқаптарды қамтиды. Жалалабад облысында табиғаттың қайталанбас ескерткіші болып саналатын грек жаңғағының реликтілік ормандары өседі
31 |
1991- 2012 жж. Тәжікстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы |
1950 – 90 жылы Тәжікстан негізінен мақта өсірумен айналысты. Сонымен қатар онда ірі өнеркәсіп орындары мен СЭС іске қосылды. 1991 жылы Тәжікстан президенті К.Махкамов тамыз бүлігіне қолдау танытты. Бұл өз кезегінде халық наразылығын туғызды. Осы жылы қыркүйекте Тәжік КСР-і Жоғарғы Кеңесі Тәжікстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жайлы декларация қабылдады. 1991 жылы 24 қарашада Тәжікстанда президент сайлауы өтіп, онда Р.Нәбиев жеңіске жетті. 1992 тамызда президент Нәбиевтің жақтастары мен оппозиция күштер арасында қақтығыс болды. Оппозиция күштерді Тәжікстанныңисламдық қайта өрлеу партиясы, Тәжікстанның демократия партиясы және “Растохез” (Қайта өрлеу) қозғалысы құрады. Екі жақтың қақтығысы азамат соғысына ұласып, ол бес жылға созылды. Азамат соғысы барысында 100 мыңға жуық адам қаза тауып, 900 мыңнан астам адам босқыншылыққа ұшырады. 1994 жылғы президенттік сайлау өткізіліп, онда Э.Рахмоновжеңіске жетті. Қазақстан мен Тәжікстан арасында 1993 жылы 19 қазанда Өзара қарым-қатынас туралы келісімшартқа қол қойылды. Тәжікстан президенті Рахмонов алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен 1995 жылы 22 қарашада келді. Тәжікстанда Қазақстанның елшілігі бар.
Экономика
Электр энергетика өндірісі – Тәжікстан индустриясының басты салаларының бірі. Электр энергиясы негізінен Ресейге, Түрікменстанға және Иранға шығарылады. 2002 жылыТәжікстанның сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 73,6 миллион долларды құрады. Тәжікстан экспортының 55%-ын алюминий құрайды. 2002 жылы 226,2 мың т алюминий сыртқа жөнелтілді. Тәжікстан тау-кен өндірісінің негізгі өнімдері – қорғасын-мырыш, сүрме-сынап, вольфрам-молибден, висмут кендері, алтын және флюорит. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары тоқыма станоктарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш, электртехникалық қондырғылар, трактор бөлшектерін, т.б. шығарады. Химия өнеркәсібіненминералдық тыңайтқыштар өндірісі дамыған. Құрылыс материалдары өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон конструкциялары зауыттары, гипс, алебастр, әктасзауыттар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек, 21 мың га жерге жүзім отырғызылған. Жүзімдік және бақ Тәжікстанның оңтүстік-батыс жағында және Батыс Памирде өрік, шабдалы, алма, алмұрт, айва, анар, інжір өсіріледі. Кейінгі жылдары лимон өсіріле бастады. Етті-жүнді және етті-сүтті мал шаруашылығы дамытылуда. Жібек құрты өсіріледі. Таулы-Бадахшан автономиялы облысында биік таулық жайылымдықтарда мал шаруашылығымен бірге бақ, темекі өсірудің және тау-кен өндірісінің үлесі басым. Тәжікстан әдебиеті қазіргі Иран, Ауғанстан және Орталық Азияны мекендегениран тілдес (парсы-тәжік) халықтардың жазба ескерткіштерінде сақталған үлгілерден құралады. 9 – 20 ғасырлар аралығында тәжіктің классикалық әдебиеті пайда болды. Оны үш дәуірге бөлуге болады: 1) 9 – 15 ғасырлардағы иран-тәжік әдебиеті; 2) 16 – 19 ғасырлардың 1-жартысы аралығында Орталық Азияда қалыптасқан әдебиет; 3) 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығын қамтитын тәжіктің ағартушылық әдебиеті. 9 – 10 ғасырлар Тәжік поэзиясы үшін “алтын ғасыр” болып есептеледі. Бұл кезде Рудаки, Әбу-л-Хасан Кисай(953 – 1002), Әбу Шакур Балхи (915 – өлген жылы белгісіз), Дакики (туған жылы белгісіз – 977) секілді ірі ақындар шықты. Ә.Фирдоуси (940 – 1020) өзінің атақты “Шахнамасын” жазды. 10 ғасырда әдеби орталық Ғазғана көшкен кезде Ә.Унсури (туған жылы белгісіз – 1039), Фаррухи (туған жылы белгісіз – 1038), т.б. талантты ақындар шықты. 12 ғасырда Омар Һайям(1048 – 1122) рубаиларымен ерекше көзге түсті. 15 ғасырда Ә.Жәми (1414 – 92), т.б. ақындар шықты. 16 – 19 ғасырлардағы тәжік әдебиеті басқа парсы тілдес әдебиеттерден бөлек дамыды. Бұл кезде Сайидо Насафи (туған жылы белгісіз – 1709), Фитрат Зардуз (1660 – өлген жылы белгісіз) сияқты ақындар өз шығармаларымен танылды. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығында әдебиетте ағартушылық идея басым болды. Бұл бағытты Ахмад Дониш (1826 – 97), Р.Возех (1818 – 94), т.б. қаламгерлер бастады. 20 ғасырдың басында ағартушылық идеяны С.Айни (1878 – 1954), Т.Асири (1864 – 1916), т.б. ақын-жазушылар дамытты. Кеңестік дәуірде Пайров Сулаймони, Джылы Икрами, А.Дехоти,М.Миршакар, Ә.Лахтуди, М.Турсун-заде, Ф.Ниязи, Г.Абдулло, т.б. ақын-жазушылар шығармалары арқылы танылды. Бүгінгі таңдағы Тәжікстандағы әдеби өмірде тәуелсіздікке, елдің тарихына арналған шығармалар көптеп жарық көруде.
Шаруашылығы
Кеңестер Одағы тараған соң бұрынғы экономикалық-әлеуметтік байланыстардың үзілуі және ішкі саясаттағы қақтығыстар елді экономикалық тығырыққа алып келді. Шаруашылықтыңбарлық салаларында тұралау байқалды. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіпте айқын байқалды. Нарықтық экономика көшіне ілесе алмай, бір шетте оқшау қалып қойған ел экономикасықалпына келу үшін уақыт пен қомақты қаржы қажет. Елдегі барлық басқару тетігі мемлекет қолында жинақталған, бұл өз тарапынан шетел қаржыгерлерінің белсенділігіне тежеу болуда. 2008 жылғы мәліметтер бойынша, Тәжікстанның ЖЮ-нің жалпы мөлшері 5,05 миллиард АҚШ доллары, оның 30%-ы енеркәсіптің, 29%-ы ауыл шаруашылығының, ал қалған 41%-ы өндірістік емес салалар үлесіне тиесілі.
Өнеркәсібінің жетекші саласы электр энергиясын өндіру болып табылады. Елдегі аса зор гидроэнергетикалық қордың бар болғаны 5%-ы ғана пайдаланылады. Олар — Вахш өзеніндегі Нүрек, Рогун СЭС-і. Біртұтас энергия жүйесінен ажырап қалғандықтан, өндірілген энергия тек өз қажеттеріне ғана жұмсалады. Сондықтан энергияны көп қажет ететін Тұрсынзада қаласындағы алюминий
Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында ел парламенті Тәжікстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады. Хаттамаға 2012 жылғы 10 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымының бас директоры Паскаль Лами қол қойған болатын. 4 ақпанда республика өкілі Тәжікстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы грамотаны осы ұйымның Женевадағы хатшылығына тапсырды.
Женевада Тәжікстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруінің ресми шарасы өтті. Оған елбасшысы Эмомали Рахмонның өзі қатысты. Тәжікстан БСҰ-ға мүше 159-шы мемлекет болып отыр.
32 |
1991- 2012 жж. Түркменстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы |
1991 ж. қазанда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Түрікменстан Республикасының мемл. тәуелсіздігі жарияланды. 1992 ж. 18 мамырда Конституциясы қабылданып, елдегі мемл. басқару ісі президенттік республика пішімінде жүзеге асырыла бастады. 1995 ж. 12 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы “Түрікменстанның тұрақты бейтараптылығы” туралы қарар қабылдады. Онда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Түркіменстан-ның тұрақты бейтарап ел ретіндегі халықар.-құқықтық мәртебесін мойындап, қолдайтындықтары, егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтіндіктері мазмұндалған. Халықар. ұйым осы тарихи қарарды қабылдағаннан кейін Түркіменстан Халық Мәслихаты 1995 ж. 27 желтоқсандағы мәжілісінде бейтараптылық туралы заңды тұрғыдан ресімдеу жөнінде шешім шығарды. Бұл құжат Түркіменстан-ның сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарын айқындаушы негіз болып табылады.Саясат жайғасы [өңдеу]
Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті.
Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.
Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар.
Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді.
бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.
Экономикасы [өңдеу]
Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.
Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды.
Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.
Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.
Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елмен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.
Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген.
2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады.
Түркіменстан жағы Қазақстаннан негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал Қазақстан минералды және химиялық өнімдер алады.
Мәдениет және қоғам [өңдеу]
Әлеуметтік саласы [өңдеу]
Мұнда электр қуаты, газ, су, тұз тегін. Қоғамдық көлікпен жүрудің бағасы 50 манат.
Ал бір доллардың ресми бағамы 5200 манат, базардағы нарқы 23500 манат.
34 |
1991- 2012 жж. Ресей Федерациясының саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы дамуы |
1991 жылы ішкі қайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес геосаяси жағдай қалыптасты.[11]
Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті.
НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.
Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.
Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия жәнеҮндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші.[11]
Халқы [өңдеу]
Ресей халқының демографиялық пирамидасы, 2011 жыл.
Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.[11]
Демографиялық көрсеткіштер [өңдеу]
Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.
Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.[11]
Еңбек ресурстары [өңдеу]
Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4—5%-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.[11]
Халқының ұлттық құрамы [өңдеу]
Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.
Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекетқұрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.
1990 жылдардан бастап жүргізілген нарықтық қайта құруларға қарамастан, шаруашылықтың салалық құрылымында ала-құлалық сақталуда. Қазіргі кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өндірістің шоғырлану және монополиялану деңгейі жоғары. Ресей экономикасы басым түрде шикізат пен материалдарды шетке сатуға негізделіп отыр. Шаруашылық дамуында Ресей өз аумағындағы табиғи, материалдық және еңбек ресурстарына сүйенеді. Шетел инвестициясы, негізінен, қаржы саласы мен сауданы дамытуға бағытталған, өндіріс салаларын дамытуға әлдеқайда аз жұмсалады. Қазіргі кезде мемлекет аса маңызды шаруашылық салаларын бақылауды өз қолына алу үшін бірқатар жұмысжүргізуде.
Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.
Өсімдік шаруашылығы [өңдеу]
Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ жәнежүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
Мал шаруашылығы [өңдеу]
Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.
36 |
Орталық Азия аймағындағы трансшекаралық сулар мәселесі |
Таза ауызсуды қала көшелерінің шаңын басуға пайдаланғанымыз қалай?!
– Еліміз пайдаланатын судың 50 пайыздайын басқа елдерден келетін өзендерден алады. Оның ішінде Қытайдан – 19 пайыз, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан – 17 пайыз және Ресейден 7 пайыздай су алады.Бұл су ресурстары шаруа қожалықтары мен егіс даласын суаруға пайдаланылады. Яғни атап көрсетіп отырғанымыздай, негізгі су көздері шетелден келеді.Кейбір жылдары елімізде су жетіспеушілігі айтарлықтай білінді.Себебі еліміз әлемдегі ірі теңіздер мен мұхиттардан айтарлықтай алыс жатыр. Осы орайда елімізге үлкен көлемдегі сулардан келетін ылғал мөлшері мәз емес. Сондықтан біздің кейбір өңірлерімізге түсетін жауын-шашын, ылғал мөлшері тым аз.Жыл өткен сайын экономиканың қарыштап дамуына орай, су қажеттілігі де артқан үстіне артып барады. Күріш егетін облыстарымызға су өте көп қажет. Өндіріс саласында да түсті металл өндіру үшін суды өте көп қажет етеді. Және оған пайдаланатын су өте таза болуы керек.
Мәселен, Балқаш мыс комбинатында мыс өндіру үшін пайдаланатын судағы тұздың мөлшері төменгі мөлшерден асып кетпеуі тиіс. Егер асып кетсе, гидролизбен алынатын мыстың сапасы төмендейді. Ал мыстың сапасы төмендесе, оның бағасы төмендейді. Ондай жағдайда тіпті мысты сыртқа сата алмауымыз да мүмкін.
Сондықтан жекелеген тұрғындардың пайдалануынан бастап, өндіріс, ауыл шаруашылығы саласының бәрінде су керек-ақ. Рас, кейбір өңірімізде су жеткілікті болғанымен, кей жерлерде үнемі су тапшылығы туындап отырады.
Сол өңірлердегі су тапшылығын жою мақсатында география институты Ертіс суын 3000 шақырым жерді айналдырып, Астана арқылы насоссыз өз ағысымен Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Торғай өңірлерін толығымен сумен қамтамасыз ете отырып, Қызылорда өңіріне әкелу жоспарын қарастырып жатырмыз.
Қазақстанға ағып келетін өзендердің көпжылдық маңыздылығын орташа есеппен бағаласақ, соңғы 30 жылда жылына 25,3 текше шақырымға азайғаны байқалады (жергілікті сулар бойынша – 10,3, трансшекаралық сулар бойынша – 15,2). Бұл ауа райының ұзақ мерзімді болжамының өзгеруіне сәйкес келеді. Трансшекаралық ағып келетін сулар азаяды деген болжамдарды ескергенде 2020 жылға қарай республикада су ресурстарының әрі қарай азаюы жылына 86 текше шақырымға дейін жетпек. Естеріңізге сала кетейін, жерасты су көзі әдетте ірі өзендердің бассейніне жинақталған.
Экономикамыздың суды тұтыну көрсеткіші жылына 32,5 текше шақырымды құрайды. Егер салалар бойынша айтар болсақ, ең көп тұтынатын ауыл шаруашылығы саласы, ол 75%-ды құрайды. Бұл көлемнің жартысынан астамы, яғни 53%-ы Арал-Сырдария бассейнінде пайдаланылады, ол жерде дәстүрлі суармалы егін шаруашылығы дамыған. Суды өндірістік мақсатта мол көлемде тұтынатындар Ертіс бассейнінің нысандары – 38%, Нұра-Сарысу – 29%, Орал-Каспий – 21%. Бұлар еліміздің индустриялық дамыған өңірлерінде орналасқан. Коммуналдық-тұрмыстық сектор бар болғаны судың 5 пайызын ғана тұтынады.
Қазақстанның территориясы сегіз су шаруашылықтық бассейндеріне бөлінеді: Балқаш-Алакөл, Ертіс, Арал-Сырдария, Орал-Каспий, Есіл, Нұра-Сарысу, Шу-Талас және Тобыл-Торғай.
Орталық азия аймағының қарқынды экономикалық дамуы, және атап айтқанда ауыл шаруашылығының дамуы су қорларының саяси қысымның құралы болуына әкелді.
Егер Нұра-Сарысу және Шу-Талас бассейндерін есепке алмағанда, барлық қалғандары басқа елдердің территорияларында бастамаларын алатын трансшекаралық өзендердің есебінен құрылады. Сондықтан су қорларының саласында Қазақстан өзінің көршілері Қытай, Ресей, Қырғызстан және Өзбекистан сияқты елдерден қатты тәуелділікте болады.
2011 жылдың ақпан айында жоғарғы деңгейдегі кездесуде трансшекаралық өзендердің суларын қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған, оған сәйкес екі жақ та судың сапасын бақылау бойынша өздеріне өте қатал міндеттемелерді алады. Бірақ жақтардың су тартудың лимиттеріне қатысты бірыңғай ұстанымды қалыптастыра алмады.
Орталық Азия аймағындағы ортақ су ресурстарын тиімді әрі бірдей пайдалану мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Кеңестер құрамында болған мемлекеттер тәуелсіздік алып, өз шаруасын өздігінше шешуге кіріскеннен бастап, өзен-суларды мемлекеттің жеке мүддесі үшін пайдалану проблемасы туындады. Біз үшін ол – Сырдария және Әмудария мәселесі. Себебі осы өзендердің арқасында қазіргі Арал көлінің мәселесін шешуге мүмкіндік бар. Сол себепті Орталық Азияның ортақ су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесі Қазақстан және Өзбекстан Президенттері арасындағы келіссөздердің басты тақырыбына айналды. «Әсіресе «Аралды құтқару» халықаралық қорының қызметін жандандыру аса маңызды. Осыған байланысты Сырдария мен Әмударияның басында отырған көрші ағайындарымызға тағы бір бауырластық сәлемімізді жолдаймыз. Себебі біз, осы өзендердің аяғында жатқан Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан, судың тапшылығын барынша сезіп отырмыз. Бұл – миллиондаған адамның өмірі. Сондықтан аталған мәселелерді біз бірлесіп шешеміз деп сенемін», – дейді Н.Назарбаев. Президент «Аралды құтқару» халықаралық қорына төрағалық ететін Өзбекстанның осы саладағы жұмысқа жаңаша серпін беретіндігіне сенім білдірді.
Бүгінде әлем бойынша су ресурстары үшін қанды қақтығыстардың саны өсіп келеді. Орталық Азия аймағында да жағдай ушығып тұр. Себебі әрбір мемлекет өз жерінде жүздеген су қоймаларын салып, онымен су тапшылығы проблемасын туғызып отыр. Бұл жағдайдың Қазақстанға аса ауыр тиетіні рас. Себебі біздегі өзен-сулардың басым бөлігі шекараның арғы жағынан бастау алады. Сарапшылардың айтуынша, мұның барлығы – сыртқы саяси күштердің «ғаламдық жоспары». Оның негізгі мақсаты – табиғи байлығы мол «екінші сұрыптағы» елдерді бір-бірімен қырқыстырып қойып, жерасты ресурстарды емін-еркін игеру. Су тапшылығы саяси шиеленіс тудыруы мүмкін Шыны керек, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі, бұл – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі. Сол себепті осы саладағы бүгінгі жағдайды Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі жіті бақылап келеді. Оның болжамына сәйкес, 2025 жылға қарай әлем халықтарының 80 пайызы су тапшылығы мәселесіне тап болады. «Өкінішке қарай, бүгінде Қазақстан сыртқы су ресурстарына тәуелді. Себебі жыл сайын ол судың 40 пайызы шекараның арғы жағынан келеді. Оның азаюы көптеген экологиялық апаттарға себеп болып, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болашағына үлкен қауіп төндіреді», – дейді Қауіпсіздік кеңесінің кеңесшісі Ержан Салтыбаев. Маманның сөзіне қарағанда, бүгінде Орталық Азия аймағында су ресурстарын басқарудың интеграциялық жүйесін енгізу аса маңызды. Алайда онымен кейбір көрші мемлекеттер келіспей жатыр. Бұл түптің-түбінде сан алуан теке-тірестерге әкеліп соқтыруы ықтимал. Ал оған басқа бір саяси күштер араласып кетсе, аймақтағы саяси-экономикалық шиеленістер ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін.
Орта Азиядағы өзендерді өзара бөліске салу – бес саусақтың бірін кескенмен тең. Қазақстан мен Өзбекстанға ағып келетін біраз өзеннің бастауы Қырғызстанда. Дәл осы жағдай Түркіменстан мен Тәжікстанды алауыз қылып отыр. Егер де өзеннің бастауындағы елдер суды өз еркімен өзі ғана пайдаланғысы келсе, еңістегі елдердің төбесінен ұрды деген сол. Бұл орайда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Трансшекаралық өзендер мен ауызсу өте маңызды. Қазір әлемде ауызсу проблемасы энергетикалық ресурстар мәселесімен бір қатарға қойылған. Қазақстанда жер бетіндегі және жерасты су ресурсы қысқаруда. Сондықтан ауызсуды орынды пайдалану, өзімізде бар байлыққа ұқыпты қарау маңызды экономикалық және саяси міндетке айналды. Оның үстіне, Қазақстанның су ресурстарының 40 пайызы біздің елімізге шеттен келеді. Бұл мәселе, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде қатты сезіледі. Сонымен қатар ҚХР-мен және Ресеймен шекараға шектес аймақта су мәселесі өте маңызды. Бұл мәселе өте маңызды, бізге олардан айрылуға болмайды. Қазір Үкімет осының бәрін аяғына дейін жеткізген жоқ», – деді .
Шу және Талас өзендерін бірігіп пайдалану туралы Қазақстан және Қырғызстан үкіметтерінің келісіміне 2000 жылы қол қойылған. Нақты іске енді ғана кіріскен 2 елдің тиісті мекемелерінің мамандары жақында ғана өзен жағдайымен танысу мақсатындағы экспедициядан оралыпты. Сапар барысында анықталғаны – қырғыз жерінен келіп ағатын өзендер суының 70 пайызына дейін қазақстандықтар пайдаланады екен. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімов өз елімізде гидрообъектілер салу тиімсіз дейді. Әмірхан мырза Қазақстанға өзендер Қырғызстан жерінен келетіндіктен, төменгі жақта отырған біздерге гидроқұрылыстарды жалға алу арзанға түсетінін айтады:
Трансшекаралық өзендер мәселесі Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мемлекеттері арасындағы өте күрделі мәселенің бірі болып табылады, әсіресе Қазақстан мен Қытай арақатынасында. Қазақстан территориясынан өтетін екі ірі Ертіс және Іле өзендерінің бастауы қытай аумағынан басталады. Қазақстанның оңтүстік – шығыс және орталық аумақтары үшін осы екі ірі өзен негізігі су көзі болып табылады. Осы екі өзен суының деңгейінің және сапасының төмендеуі ауыл шаруашылығы, гидроэнергетика, өнеркәсіп және экология салаларына әсер етеді.
