Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмд шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.15 Кб
Скачать

17 Тмд даму кезендері

.1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы - мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды. 1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге б олады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді. Экспортқа шығатын шикізатқа деген баға саясатындағы келіспеушілікте үлкен мәселеге айнала бастады және мұның бәрі де экономикаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Екінші жағынан алғанда, демпинг саясаты (рынокта бәсекелестерді ығыстырып шығару үшін тауарларды әдейі арзандатып сату) орнығып қалған шаруашылық байланыстарға тұрақсыздық енгізіп, бұл елдерді қажетті шараларды қабылдауына мәжбүр етті. Мұндай жағдай қазіргі кезде де байқалуда. Әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. Мұның салдары ретінде ішкі этникалық толқу арта түсті, тіпті кейбір елді мекендерде мемлекет аралық қақтығыстарға ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения - Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады. ТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасамай мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. Тек қана басқа елдермен бірігіп өзара ынтымақтастықта және дүние жүзі экономикалық қатынастарында болатын қоғамның өміршең болатындығы айдан анық. 1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын | әрі шынайы белгілеудің қажеттілігі туындады. Осы кезеңде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "Мемлекеттердің евразиялық одағын құру" идеясын ұсынды. Бұл жоба жайына жұмыстың соңғы тарауында толығырақ тоқталамыз. ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті: - Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану; - экономиканың, тауар алмасудың және әділетті бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету; - өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету; - ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау; - Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің дүние жүзі рыногына шығуы үшін қолдан келетін бар жағдайды жасау. Жоғарыда айтып өткен Келісімнің бастауында мемлекеттер "Экономикалық одақ құру туралы" шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын — ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын ұқсас механизммен реттеуге негізделген, мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды. Кеден одағын құруға бағытталған шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші саты — 1994 жылдың 15 сәуіріндегі "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісім бойынша, өзара саудадағы тариф пен сан бойынша кездесетін шектеулерді алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты — мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә. Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылды. Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша "Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін" ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес. "Ортақ экономикалық кеңістік" ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында "төрттік" (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "қарапайым адамдарға деген 10 қадам" идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында "Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт" жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып "Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы" Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында — "Экономикалық одақ туралы" Шартты және 1994 жылғы сәуірде "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында - "Кеден одағы туралы" Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты - еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты - ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында - "Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы" Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады. Дүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспен қарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде, интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техн дың алдын алу мен реттеу, ТМД елдерінің Кеден одағы салаларында және құқықтық ынтымақтастық пен қылмыспен күрес саласындағы бірігіп қызмет атқару жөніндегі келісімдердің алар орны ерекше. Аймақтық ынтымақтастық келісімдердің қатарына 1999 жылдың 25 тамызында Бішкек декларациясына /11, 1б./ қол қойған "Шанхай бестігі" атауына ие болған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы басшыларының ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуды мақсат тұтқан декларацияны жатқызуға болады. Мұның өзі, бұрыңғы жеке-дара өркендеу мен қауіпсіздік мәселелерінің қазіргі уақытта ұжымдық, дәлірек айтсақ, аймақтық сипатқа айналуда екенін байқаймыз. Ал екі жақты келісімдерге келетін болсақ, олардың жалпы саны мыңнан асып кетеді, солардың қатарына 1997 жылғы 14 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді немесе 1997 жылғы 10 маусымда жасалған жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы шартты (бұл келісімдерді Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 30 желтоқсанында бекітті) және тағы да басқа көптеген келісім шарттарды жатқызуға болады (12, 26.). 1999 жылдың 8 желтоқсаныңда Беларусь Республикасы мен Ресей Федерциясы арасында "одақтық мемлекет құру" жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл шарттың негізгі мазмұнын екі тарауға бөлуге болады. Біріншісі саяси болса, екіншісі экономикалық сала болып табылады. Одақтық шарттың 6 бабына сай екі ел арасындағы саяси ынтымақтастыққа келетін болсақ, әр мемлекет өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін, территориялық бүтіндігін, мемлекеттік Құрылымын, конституциясын, мемлекеттік жалау, елтаңбаларын және басқа да мемлекеттік нышандарын сақтай отырып, екі мемлекет арасында келісілген өкілеттіктерді одақтық мемлекетке береді /13, 36/. Яғни, бұл ынтымақтастық негізінде (екі ел халықтарының тіл, дін, тарих, мәдениет, т.б. ортақтығы арқасында) мемлекеттік ынтымақтастықтан ортақ ұлттық жүйе ынтымақтастығына көшу ниеті жатыр /14, 16/. Осы екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастық Кеден одағына мүше бес мемлекет арасындағы 1999 жылдың 26 ақпанында қол қойылған шарт мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Яғни, олар тауар, қызмет, капитал мен еңбектің ортақ рыногын құру, ортақ баға, көлік, энергетика, экономикалық саясат жүргізу болып келеді.мыстар аз емес. Себебі, 1999 жылдың шілде айында Қырғызстанның Баткен ауданына қарасты тау өңірін жайлап, терроршылдық қызметтерін жүзеге асыруға кіріскен терроршылдардың ұйымдасқан ерекеттері, бұл мәселеге де ТМД елдерінің көңіл бөлуі қажет екендігін көрсетті. Қазіргі күнде ТМД-ның терроршылдыққа қарсы Орталығы құрылды/15,16/. Мұның өзі, терроршылдықтың дүние жүзінің дамыған мемлекеттеріне ғана күрделі мәселе емес, сонымен қатар, жаңадан аяқтарына тұрып экономикалық дәуірлеу сатысында тұрған ТМД елдері үшін де ауыр да қиын, бірақ шешімін табу міндетті болып табылатын мәселе екенін көрсетеді.икалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]