Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмд шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.15 Кб
Скачать

10.Ұлы Отан соғысынан кейінгі ксро-ның дамуы (хх ғ.40-50 жж.)

1939 ж. кеңес-герман келісімшарты жасалынып, ол бойынша КСРО құрамынаБатыс Украина мен Батыс Белоруссия, 1940 ж. Балтық теңізі жағалауы елдері, Бессарабия, Солт. Буковина зорлықпен қосылды. Осының негізінде 1940 жылы Молдовия Кеңестік Социалистік Республикасы (Молдовия КСР-і), Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы (Латвия КСР-і), Литва Кеңестік Социалистік Республикасы (Литва КСР-і), Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы (Эстония КСР-і) құрылып, Кеңес Одағы құрайтын одақтас республикалар саны 15-ке жетті. 1941 ж. жазда кеңес-герман соғысы басталды (қ. Ұлы Отан соғысы). Соғыс кезінде тұтас халықтар (балкарлар, шешендер, қалмақтар, қырым татарлары, карашайлар, месхет түріктері, немістер, т.б.) Қазақстанға, Орта Азияға, Сібірге жер аударылды. Соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-ға Оңт. Сахалин, Куриль аралдары, Петсамо (Печенга) ауданы, Клайпеда, Кенигсберг (Калининград), т.б. территориялар қосылды. Соғыстан кейінгі жылдары саяси қуғын-сүргін қайтадан басталды (космополиттермен күрес, “Ленинград ісі”, “дәрігерлер ісі”, т.б.). Соғыс кезіндегі бұрынғы одақтастармен (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) арада бәсеке күшейіп, “қырғи-қабақ соғыс” ахуалы қалыптаса бастады. Әлемде екі жүйе (социалистік елдер мен капиталистік елдер) пайда болып, жанталаса қарулану күшейіп кетті. 1949 ж. Семей полигонында КСРО-да тұңғыш атом қаруы сыналды. 1953 ж. көктемде Сталин қайтыс болып, үкімет билігі үшін тартыс қайта басталды. Үкімет басына келген Н.С. Хрущев партияның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. Қудалауға ұшыраған халықтардың РКФСР құрамындағы автон. құрылымдары қалпына келтірілді. Кеңес Одағы құрамында жоғарыда аталған 15 одақтас республикалардан өзге 20 автономиялық республика, 8 автономиялық облыс, 10 ұлттық округ болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Қазақстан мен Батыс Сібірде тың және тыңайған жерді игеру қолға алынды. 1954 ж. алғашқы атом электрстансасы салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды, 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы тоталитарлық жүйе тәртібімен жүргізілгендіктен, ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикаларында наразылықтар бой көрсетті. 1964 ж. Хрущев орнынан түсіріліп, билікке Л.И. Брежнев келді. Жаңа үкімет басшысы жүргізген реформалар ақырына дейін жеткізілмей, сәтсіздікке ұшырады. Экономикаэкстенсивті жолмен дамыды, елді милитаризациялау әрі қарай жалғасты. Көрші социалистік елдерде реформа жасау әрекеттері – Венгрия (1956) мен Чехословакияға (1968) қарулы әскер кіргізу арқылы басып тасталды. 

16 ТМД-ның құрылуы мен негізгі құжаттары

1991 ж. желтоқсанның 8інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан,Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Беловеж келісімі - 1991 ж. 8 желтоқсанында РесейУкраинаБеларусь республикалары басшылары арасында жасалынған келісім шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі бүрынғыдан да үдей түсті. Бүлікті үйымдастырушылар түтқынға алынып, коммунистік партия таратылды. Өз тәуелсіздіктерін жария- лаған бүрынғы одақтас республикалардың кейбіреулері (ЛитваЛатвияЭстонияГрузия) өздерінің КСРО қүрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Орталықтың билігі күннен күнге әлсіреп, елде саяси толқулар күшейді. Осындай жағдайда үш республика басшылары (Ресейден - Б.ЕльцинУкраинадан - Л.КравчукБеларусьтан - С.Шушкевич) Минскінің маңайындағыБеловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО тынысы тоқтады. Бүған жауап ретінде 1991 ж. он екінші желтоқсанда Ашхабад қаласында Орталық Азияреспубликалары президенттері (Қазақстаннан - Н.НазарбаевҚырғызстаннан - А.АқаевӨзбекстаннан - И.КаримовТәжікстаннан -Т.Махкамов,Түркіменстаннан - С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бүған коса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бүрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады. Көп үзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бүрынғы КСРОқүрамында болған 11 республика (АрменияӘзербайжанБелорусҚазақстанҚырғызстанМолдоваӨзбекстанРесейТәжікстан,ТүркіменстанУкраина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп бүрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) қүрылды. [1]

ТМД Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери – саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдық алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттік ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері.

Алматы декларациясы" - 1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы,Ресей ФедерациясыУкраина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан,ҚазақстанРесейӨзбекстанАрменияҚырғызстанТәжікстанУкраинаБелорусьМолдоваТүркіменстан басшылары қол қойды.

Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД- нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономика¬лық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тә¬уелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу уақыты екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде 1991 жылдың 8 желтоқсаны /Белорусь, Ресей және Украина/ болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде. ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация. Бұл құжаттар өз нысандары және заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, "келісім барлық қатысушы тарапынан бекітілетін /ратификация жасалатын/ болса, декларация үшін оған қол қойылса жеткілікті" /9, 33-346./. Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]