Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмд шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.15 Кб
Скачать

59 Бұрынғы ксро аумағындағы қақтығыстардың шығу себептері мен түрлері.

ТМД елдеріндегі саяси қақтығыстарТМД территориясындағы саяси қақтығыстар тарихи алғышарттармен қатар, Достастық елдеріндегі қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени дамуындағы дағдарыстың құбылыстарымен байланысты. Сонымен қатар, субъекттер арасындағы өзара қатынастардың жаңа түрлері өз әсерін тигізді. Қақтығыстардың жылдам өршуі әлеуметтік-саяси және ұлттық-мемлекеттік құрылыстың трансформациясының үздіксіз жылдамдықпен жүруінде еді.

ТМД-да қақтығыстық аймақтардың сақталуы тек Достастық елдерін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатады. Өйткені, тұрақсыздық аймақтары терроризм мен наркобизнестің, бұқаралық депортациялар мен этникалық қуғындардың даму шарттарын қалыптастыруда.

Таулы Қарабах қақтығысы. Ерте тарихи тамыры бар Таулы Қарабахтағы әскери қақтығыс 1988 жылы басталды. Қақтығыстың 7 жылында азаматтардың қазасы (25 мыңнан аса) мен бүліністер саны көбейді. 1993 жылдан бастап Таулы Қарабахтан тыс Әзірбайжанның 7 ауданы оккупацияланды. Армяндар мен әзірбайжандықтар арасында босқындардың саны көбейді. Бүкіл ауданның экономикасына әскери қимылдар, энергетикалық және көліктік блокадалар әсер етті.

1989 жылы Армян ССР-нің Жоғары Кеңесі мен Таулы Қарабахтың Ұлттық Кеңесі Армян ССР-і мен Таулы Қарабахтың қосылуы туралы біріккен қаулы қабылдады. Соның негізінде Арменияның парламенті Таулы Қарабах автономиялы облысының өзін-өзі анықтауы мойындалып, кейін Армян ССР мен Таулы Қарабахтың жалпы мемлекеттік-саяси жүйелерінің саяси, экономикалық және мәдени құрылымдарын біріктіру шараларын қажетті органдарға тапсырды. Армяндық тараптың пікірінше, Қарабахтың территориясы армяндардың тарихи қонысы болып табылады. Бұл пікірге әзірбайжандық тарап энергетикалық қатерлер шараларымен жауап берді. Армян-Әзірбайжан шиеленісі басталып, ұзаққа созылған соғысқа айналды. КСРО-ның жоғары органдарының, кейін әлемдік қауымдастықтың күшімен бұл қақтығысты тоқтату және шешу мүмкін болмады.

Әзірбайжан Арменияның қимылдарын агрессия ретінде айыптап, Лачин (Таулы Қарабахты Армениямен біріктіретін жалғыз жол) мен Шушу (1918-1988 жылдары әзірбайжандардың саны көп болған Таулы Қарабахтағы қала) секілді басқа да басып алынған территориядан армян әскери күштерінің кетуін, босқын-әзірбайжандардың сол аймаққа қайта оралуын талап етті. Әзірбайжан халықаралық бақылау негізінде Лачин мен Шушудың уақытша демилитараризациясын иеленіп, лачиндік жол арқылы Таулы Қарабахтағы әскери потенциалды түсіру ниетінде гуманитарлық жүктер өтті.Таулы Қарабах өзінің әскери жетістіктеріне сүйене отырып тәуелсіздігін жариялайды, келіссөз процесіне толық қатысушы дәрежесін иеленеді. Дегенмен, өзінің және Әзірбайжанның мүмкіндіктерінің тең еместігін түсініп және өзінің территорияларын қауіпсіздік кепілдемесіне ауыстыруға дайын екендігін білдіреді. Әзірбайжан өзінің 20 % территориясын бақылай алмады.Армения қақтығыстың қатысушысы болып табылғанымен, оның негізгі қатысушылары болып — Әзірбайжан мен Таулы Қарабах саналды. Ол Таулы Қарабах Республикасының көліктік байланысын сыртқы әлеммен тоқтату процесін жояды.1994 жылдың 12 мамырында тұрақты өзара түсіністік орнады. Бірақ, бейбіт шешім процесі әлі де болса әлсіз жүруде. Жалпы қақтығыс бір қалыпты күйде қалуда.Днестр бойындағы қақтығыс. 1990 жылдың маусымында Молдавия парламенті 1940 жылдың 2 тамызындағы Молдава ССР-нің құрылуы туралы Актті жою туралы шешім қабылдады. Бірақ, Приднестровьяның халықтық Кеңесінің екінші съезі Уақытша Жоғарғы Кеңесті сайлап, “Приднестровье МССР-нің мемлекеттік билігі туралы Декларация”, “ПМССР-дің егемендігі туралы Декларация” секілді басқа да құжаттарды қабылдады. 1990 жылдың желтоқсанында аймақ тұрғындары референдум өткізіп, Приднестровиялық Молдава Республикасының құрылуын қолдады.

Молдова басшылығы бұл акцияларды заңсыз деп танып, референдум қорытындысы мен аймақтағы билік органдарын жоюды талап етті. Тирасполь мен Кишинев арасында қарама-қайшылықтар өрши түсті. Молдованың бірнеше рет әскери күшпен территорияны өз бақылауына алу шаралары ұрыс қимылдарының көлемін ұлғайтып, саяси шешімдерді табудың тиімді жолдарын табуда ауыр процесс басталды.Сарапшылар қақтығыстың екі негізгі себебін атап көрсетеді. 1989-1990 жылдардағы КСРО орталық билігінің терең дағдарысы Молдава ССР басқару тобын мемлекет мәдениетін румыназизациялауға итермеледі. Кейбір зерттеушілер Румынияға мемлекеттік қосылуға дайын деп пайымдағандар да кездесті. Бұл қоғам ішін екіге бөлді.

Жалпы бір жағынан қарасақ, бұл аймақтың мәдени-рухани және тарихи ерекшеліктері арасында айырмашылықтар көп. Өйткені, Днестрдің сол жағалауы 1940 жылдың 2 тамызына дейін Украина құрамындағы Молдава автономиялық ССР ретінде танылған еді.1997 жылдың мамырында Мәскеуде Молдова мен ПМР президенттері Ресей мен Украина басшыларының қатысуымен екі ел арасындағы қатынастарды реттеу туралы меморандумға қол қойды. Келісім 1990 жылдың қаңтарында қабылданған нұсқау бойынша қатынастар жүргізуге келісілді. Дегенмен, қақтығыстар әлі де толық шешілмей,  бір қалыпта әлі тұр.

Грузин-Абхаз қақтығысы. Қақтығыс 1989-1990 жылдардағы Грузия Парламентінің 1921 жылдың ақпанынан кейінгі, соның ішінде 1922 жылғы Кеңестік келісім-шарт пен Кавказ федерациясы туралы келісім-шартарының жарамсыз деп табу туралы шешімін қабылдауға байланысты орын алды.Бұл мезгілде Абхазия 1931 жылға дейін “келісім-шарттық” республика дәрежесіне ие еді. Тек 1931 жылы ғана ол автономиялық республика негізінде қайта құрылып, Жалпыгрузиндік Кеңестер Съезінің 6-шы шешімімен Грузия ССР-нің құрамына енді.Бірақ, 1990 жылы Абхазия өзінің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдайды. Ал, 1992 жылы Грузияның Әскери кеңесі Грузия ССР-нің 1918 жылғы Конституциясын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдайды. Нәтижесінде 1921 жылғы Грузия Демократиялық Республикасының Конституциясы өз күшіне енеді. Аталмыш Заңда Абхазия мемлекеттік құқықтық субъект ретінде аталмайды. Осыған жауап ретінде Абхазияның Жоғарғы Кеңесі абхаздық территорияға 1925 жылы қабылданған Конституцияны қайта пайдалану шешімін қабылдайды. 1992 жылдың 14 тамызында грузин әскері Абхазия территориясына енеді. Қантөгіс соғыс басталып, 1993 жылдың 30 қыркүйегінде абхаздық тараптың әскери жеңісімен аяқталады.

Әскери жағдайды реттеу 1994 жылдың шілдесінде ТМД елдері басшыларының Кеңесі шешімі негізіндегі ресейлік әскери контингентті енгізу арқылы мүмкін болды. Осы мандат бойынша жүргізілген операция 1995 жылдан басталып, өз жалғасын тапты.Абхаздық тараптың пікірінше, Абхазия 1921 жылы Ресей империясының құлауынан кейін егемендігін алған тәуелсіз мемлекет, ал Абхазия мен Грузия 1922 жылы тек федеративтік мемлекет құрды. 1994 жылдың 1 желтоқсанында Абхазия Парламенті өз Конституциясын қабылдайды. Заңға сәйкес Абхазия басқарудың президенттік формасындағы тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланады. Грузия абхаздық тараптың қимылдарын сепаратистік іс-әрекет негізінде қарастырды.Грузия Абхазияға “билігі кең автономия” мүмкіндігін беруге дайын болды. Абхаздықтар да өз кезегінде 1996 жылдың ақпанында дайын болған “Грузин-Абхаз қақтығысын реттеу туралы хаттаманы” қолддауға келісті. Дегенмен, келісім-шарт босқындар мәселесін қиындатып жіберді. Бүгінгі күнге дейін бұл қақтығыс әлі де өз шешімін таппады.

Грузин-Осетин қақтығысы. Бұрынғы КСРО-ның ұлттық-территориялық құрылысының нәтижесінде осетиндер бөліністе қалған ұлтқа айналды. Сонымен қатар, өткен ғасырдың басындағы азаматтық соғыс кезеңінде, Кеңестер үкіметінің алғашқы жалдарында осетиндер егемендік үшін күрескен грузиндерге қарағанда большевиктерді қолдаған болатын. Оңтүстіктегі ұлттық қарама-қайшылықты туындатқан Оңтүстік және Солтүстік Осетиядағы шиеленіс 1980 жылдары байқала бастады. Тұрғындар арасында тәртіпсіздік орын алып, азаматтар Оңтүстік Осетия автономиялық облысының Грузия құрамынан шығуын және оның Солтүстік Осетиямен бірігуін талап ете бастады. 1989 жылы осетиндік басшылық көптеген түсініспеушіліктерді пайдалана отырып автономиялық облысты автономиялық республика деңгейіне көтеріп өз мәртебесін жоғарылатты. Грузин үкіметі Оңтүстік Осетияның автономиялық облыс мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

Орталық үкімет қимылдарының нашарлығына байланысты грузин лидерлері мәселені күшпен шеше алды: автономия жойылды және Грузия үкіметі олардың құрамнан шығуын алдын алды. Әскери қимылдар 1991 жылы басталды.

1992 жылы Оңтүстік Осетияда референдум өткізіліп, Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігі туралы шешім қабылданды. Э. Шеварнадзенің жаңа грузин басшылығы 1992 жылдың көктемінде әскери қимылдарды қайта жандандырды. 1992 жылдың маусым айының ортасында грузин әскері Цхинвал қаласына жақындап, қаланы басып алу және осетиндік тұрғындардың көп бөлігін жою қаупі туындады.

Бұл кезеңде ресейлік билік өкілдері ультиматумдық істерге дейін, яғни, Тбилисиді бомба астына алу қатерін туғызды. 1992 жылдың 24 маусымында келіссөздер басталып, грузин-осетин қақтығысын реттеу туралы принцип келісіміне қол қойылды. Дегенмен, қақтығыс эскалациясы орын алуда. 2008 жылдың тамызында грузин әскері Цхинвал қаласына басып кіріп, шиеленісті қайта өршітті. Қақтығысты реттеуге байланысты алға жылжу жоқ. Қақтығыс әлі де өз шешімін таппады.

Грузия, Әзірбайжан, Молдова территориялық тұтастық принципін ұстана отырып өз құрамынан Абхазия, Оңтүстік Осетия, Таулы Қарабахтың шығуына келісім бермей отыр. Өзін-өзі тәуелсіз республикалар деп жариялаған мемлекеттерді әлемдік қауымдастық мойындамауда. Дегенмен, абхаздар, оңтүстік осетиндер, қарабахтық армяндар өзін-өзі анықтау құқығына байланысты жеке мемлекеттер мен ұйымдардың қолдауын әлі де күтуде.

Шешен соғысы

Бірінші шешен соғысы (1991 ж., қараша – 1996 ж., тамыз). 1991 жылдың қыркүйегінде Шешенстандағы билікті Д. Дудаев басқарған шешен халқының жалпыұлттық конгресі басып алып, мемлекеттің Ресейден тәуелсіздік алғандығы туралы жариялады. Шешенстаннан барлық федералдық әскер қайтарылды. 1994 жылдың тамызында Дудаев режиміне Мәскеудің қолдауымен Шешен Республикасының Уақытша Кеңесі әскери қимылдар жүргізе бастады. 1994 жылдың қарашасында Д. Дудаев және оның жақтастары мемлекеттің негізгі территорияларынан бөлініп, Грозный қаласында қалып қойды. Осы кезеңде Ресей басшылығы Чечняға әскер кіргізу туралы шешім қабылдады. Әскери қимылдар түрлі интенсивтілікте 1996 жылдың тамызына дейін жүрді. Соғыс нәтижесінде бірнеше он мыңдаған адамдар қаза тауып, жараланды.

1996 жылдың 31 тамызында әскери қимылдарды тоқтату туралы Хасавьюрт келісіміне қол қойылды.

Екінші шешен соғысы (1999 ж., тамыз – 2000 ж., наурыз). Соғыс шешендік әскери топтардың Дағыстанға шабуылдау, 300 мыңнан аса азаматтар шығыны болған Мәскеудегі, Волгодонскідегі, Буйнактағы бірнеше террористік шараларынан кейін басталды.

1999 жылдың 4 қазанында Ресей әскері Чечняға еніп, 1999 жылдың 12 қазанында мемлекеттің оң жағалаудағы бөлігін иеленді.

2000 жылдың 1 ақпанында шешен әскери құрылымдары Грозный қаласынан кетті. Осы жылдың наурызында территорияның көп бөлігі федералдық әскердің бақылауына өтті.

60 Тәжікстандағы азаматтық соғыс: сепебтері, барысы және қорытындысы.

27 маусым Тәжікстандағы азамат соғысының аяқталып, мемлекетте бейбітшілік орнаған күні. Жұма күні осы айтулы күнге 10 жыл толды. Тәжікістандағы 6 жылға созылған соғыс 50 мыңға жуық адамның өмірін қиды, 100 мыңдаған азаматтар елін тастап, босқын болды.

Азамат соғысының тұтануына - 1991 жылғы Тәжікстандағы тұңғыш рет өткен президент сайлауында елдің коммунистік партиясын басқарған Рахмон Нәбиевтің жеңіске жетуі себеп болды. Ленинабадтан шыққан Нәбиевтің жеңісі мыңдаған тәжік азаматтарының наразылығын туғызды. Оның билікте отыруын қаламаған кейбір саясаткерлер демократиялық-ислам оппозициясын құрып, сол жылы президенттің қызметтен кетуін талап етіп, алғашқы наразылық акциясын өткізді. Ол уақытта Рахмон Набиевтің билікте отыруы кеңестік жүйенің жалғаса беретіндігінің бір көрсеткіші болды. Бұл әсіресе оңтүстіктен шыққан дәстүршіл тәжік элитасының көсемдеріне ұнаған жоқ.  1992 жылы халықтың арасында кеңінен танымал болған оппозиционер Мақсуд Икрамовты құқық қорғау органдарының тұтқынға алуы, артынша Тәжікістан парламентінің төрағасы Сафарали Кенджоновтың (гиссариялық) Ішкі істер министрі Мамадзе Навжувановты (памирлық) қызметін асыра пайдаланды және жемқорлықпен айналысты деген айыптауларынан соң, Шохидон алаңына мыңдаған адам жиналып, комунистердің биліктен кетуін талап етті. 23 наурыз күні басталған шеру бірнеше күнге созылды. Сол жылы Шохидон алаңына негізінен Тәжкістанның Каратегина және Памир аймағының тұрғындары жиналды. Бір аптадан соң, 1 сәуір күні билік тарапынан Озоди алаңында оппозиционерлерге қарсы балама шеру өтті. Оған тек Куляб аймағының тұрғындары ғана жиналды. Рамазан айы аяқталған соң, Шоходин алаңындағы биліктің кетуін талап етушілер, 23 сәуір күні парламенттің ғимаратына басып кіріп, ондағы отырған біраз депутаттарды тұтқынға алды. Осы тұста өзінің әріптестерін құтқару үшін Сафарали Кенджонов, қызметтен кетуге мәжбүр болады. 1 мамыр күні белгісіз біреулер Озоди алаңындағыларға қару жарақ таратады. Сонымен бірге, тұңғыш президенттің жарлығымен шерулер мен наразылық шараларын тоқтату туралы шешім шығып, мемлекеттің ішінде коменданттық уақыт орнатылады. Ал 5 мамыр күні жақын маңдағы қышлақтың тұрғындары Куляб пен Душанбе тас жолында Озади алаңындағыларға көмекке бара жатқан адамдардың жолын бөгеп, қарсылық көрсетеді. Содан соң Нәбиевті жақтаушылар мен демокртиялық ислам оппозициясын қолдаушылардың арасында жанжал туып, бірнеше адам қаза тапты. Бұл Тәжікстандағы азамат соғысының ең алғашқы қан төгісі болды.  1997 жылдың 27 тамызы күні БҰҰ мен Ресей мемлекетінің мұрындық болуымен, бірнеше жыл бойы бір-бірімен жанжалдасып келген екі саяси топ, тоғызыншы рет келіссөз үстеліне отырып, бейбіт шешімге келді. Тәжікстандағы билік басына Эмомали Рахмонов келгеннен соң, оппозицияға парламенттегі орындар мен әкімшілік қызметтер берілді. Оппозицияның қатардағы жауынгерлері әскерге алынып, соғыс жылдары елін тастап кеткен босқындар бірте-бірте Тәжікстанға оралды.  Азамат соғысына біржола нүкте қойылғанымен, Тәжікстандағы бүгінгі жағдайды тұрақты деп айтуға бола ма? Бұл мемлекеттің оңтүстігінде кейбір топтардың арасында қақтығыстардың орын алып жатқанын ақпарат құралдары ара-тұра хабарлап тұрады.  Таяуда кейбір интернет-басылымдарында Эмомали Рахмановтың баласы нағашы ағасын тапаншамен атып өлтірді деген сыңайдағы ақпарат пайда болды. Осы жағдайға орай, ресми органдар да, президенттің өзі де ешқандай түсініктеме бермеді. Бұл президенттің отбасын дауға тартудың бір амалы ретінде есептелетін болса, «Ориент-Банк» басшысы болған Рахмоновтың балдызы Хасан Саддулаев қайда кетуі мүмкін? «Ориент-банктің» өкілдері осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасағанда, олар Хасен Саддулаевтың ұзақ мерзімді іссапарда екенін айтқан.  Ресейдің кейбір ақпарат құралдары бұл оқиғаны президенттің отбасындағы дағдарыс ретінде бағалаған. Сонымен қатар, Рахмоновтың жақын туыстарының арасында болып жатқан мәселеден бөлек, Тәжікстандағы әлеуметтік жағдайда да мәз емес. «Бұл кезекті бір халық толқуына әкеп соқтыруы мүмкін» - дейді Тәжікстандағы Ислам қайта жаңғырту партиясының басшысы Муххиддин Кабири.  Ол 27 маусым күні ресейлік «InoPressa» интернет басылымына берген сұхбатында, «былтырғы қыстағы халықтың басындағы жағдай басқа мемлекетте орын алғанда, оның арты төңкеріске әкеліп соқтырар еді. Көрші Өзбекстан газ құбырын бекітіп тастаған соң, пәтерлердегі жылу жүйесі істен шығып, мыңдаған адамдар суық үйде күнелтуге мәжбүр болды. Мемлекет басындағылар бұл проблеманы шеше алмады, соның салдарынан қарапайым халық зардап шекті. Мен өзіммен қатар адамдар сияқты бұдан былай ешуақытта наразылық білдіру үшін алаңға шықпаймын. Ал менің балам көшеге шығады деп ойлаймын. Өйткені, ол үшін азаматтық соғыс дегеніміз тарих. Сондықтан, ол өзінің құқығын қорғау үшін ештеңеден аянып қалмайды деп ойлаймын» - деді. Тәжікстандағы бүгінгі жағдайға байланысты Ұлттық зерттеу институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедовтың пікірін сұрағанымызда, ол былай деп жауап берді. Тәжікстанда тұрақтылық бар, бірақ оның мерзімі қай уақытқа дейін созылатынны туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Осы жылдардың ішінде президент Эмомали Рахмонов өзінің позицияларын әбден күшейтіп алды. Бірақ, Тәжікстанда шешілуі кезек күттірмейтін проблемалар өте көп. Әлеуметтік- экономикалық мәселелер қарапайым халықтың тұрмыс тіршілігіне өте ауыр соққы болып отыр. Менің ойымша, тәжік еліндегі тұрақтылықтың сақталуы Ауғанстанға да байланысты. Егер Ауғанстанда күтпеген жерден жағдай ушығып, белгілі бір топтардың арасында қақтығыстар орын алатын болса, ол міндетті түрде Тәжікстан мемлекетіндегі тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.  Ал халықтың жағдайының өте нашар болғанына қарамастан, ол жақта ТМД-ның кейбір елдерінде орын алғандай, төңкеріс болады деп ойламаймын. Халық көшеге шыққан күннің өзінде, онда демократиялықтан бұрын, исламдық мүдде басым болады. Тәжікстандағы біріккен оппозицияның Ислам қайта жаңғыру партиясының негізінде құрылғаны белгілі. Ал бұл партия кезінде Иран мен Ауғанстандағы қарулы күштермен өте тығыз қарым-қатынаста болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]