Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмд шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.15 Кб
Скачать

58) Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстардың ерекшеліктері мен қақтығысты қатынастар

Мұндай те¬кетірестен Орталық Азия рес¬публикалары да құралақан емес. Мә¬селен, Қырғызстан мен Өзбек¬стан (Ош, Баткен облыстарына байланысты), Тәжікстан мен Өз¬бе¬кстан арасындағы келіс¬пеу¬шілік.

Түрікменстан мен Әзірбайжан ара¬сында Каспийдегі кен орын¬дарына байланысты дау әлі ше¬шіл¬ген жоқ. Сондықтан ба, әлемдік қар¬жы дағдарысы етектен алға¬ны¬мен, соған мән берудің орнына ТМД-да қорғаныс бюджеттерін арт¬тырып жатқандар бар. Әсіресе, бұл бәсекеде Грузия алдына жан са¬лар емес (жалпы ішкі өнімнің 4,56 пайызын құрап отыр). Бұдан кейін Армения (ЖІӨ-нің 4,07 пайы¬зы), Әзірбайжан (ЖІӨ -нің 3,95 пайызы), Өзбекстан мен Ук¬раи¬на ЖІӨ-нің 3,5 пайызын жұм¬сау¬да. Осы елдердің ішінде эко¬но¬микасы алға басқан тек Әзір¬¬¬¬байжан мен Өзбекстан ғана. Ал қалған¬дары¬ның жалпы ішкі өнімдері бі¬раз төмендеген.

Бүгінгі күні Арменияның (Тау¬лы Қарабақ өзін қорғау күштерін қоса есептегенде) әскери бюджеті 600 миллион доллардың көлемін¬де. Бұл елдің қарулы күштерге ірі қа¬ражат бөлмеске амалы жоқ. Өйт¬кені 1992-94 жылдары Таулы Қа¬рабақ үшін болған соғыста Таулы Қарабақ автономиясы мен Әзірбайжанның 6 ауданын басып алған-ды. Сол жерлерді уысында ұстап тұру қиынға соқса да, ел тұрмысы төмендеп, экономикасы шатқаяқтап тұрса да қорғанысқа ірі қаржы құйып жатқаны белгілі. Оның үстіне Әзірбайжан қолдан шығарып алған жерлерін қайтару¬ды тек соғыс арқылы жүзеге асы¬ра¬мыз деп үркіту үстінде. Ал Әзір¬байжанға келсек, бұл ел де қарулы күш¬терін қолдан келгенше күшей-тіп жатқаны белгілі. Ресми Баку үшін басты мақсат - Армения ба¬сып алған жерлерді қайтарып алу.

Осы елдің биылғы қорғаныс шы¬ғыны 1 миллиард 585 миллион дол¬лар шамасында. Егер де әскери қимыл бастала қалса, оны 3-4 (ЖІӨ-нің 9-10 пайызы) миллиард долларға жеткізуге қауқары бар. Дегенмен ЕҚЫҰ Әзірбайжанға әскери бюджетті қысқарту жөнін¬де бірнеше рет ұсыныспен шықты. Мұны ЕҚЫҰ «Таулы Қарабақ мә¬селесін бейбіт реттеудің бір жолы» деп көрсетуде. Алайда ресми Баку оны құлағына іліп отырған жоқ. Қай¬та биік мінберден шені үлкен ше¬неуніктер «Әзірбайжан Арме¬ния басып алған жерлерді тек со¬ғыс арқылы қайтаруға құқылы» де¬генді жиі мәлімдеуде.

Грузия жайлы әңгіме басқа. Бар-жоғы 37 мың ғана сарбазы бар бұл ел қорғанысқа 519 миллион дол¬лар (2008 жылы 900 миллион дол¬лар болған) бөлуде. Бұдан тыс АҚШ бастаған НАТО елдері қар¬жы және әскери техника, атыс құ¬рал¬дарын беруде. Жалпы, 2008 жыл¬ғы тамыз соғысынан кейін АҚШ Грузияға 1 миллиард дол¬лар¬дың көлемінде көмек берді. Тби-лисидің алдында тұрған мақсат - 2008 жылы бескүндік соғыс ке¬зінде уысынан шығарып алған Абха¬зия мен Оңтүстік Осетияны қалай да өз құрамына қосу. Бірақ грузин¬¬дер¬дің бұл арманы орын¬дала ма, орын-далмай ма, белгісіз? Себебі ол екі республиканың ар¬тында Ре¬сей тұр.

Премьер-министр Путин 2010 жы¬лы аталмыш екі елде әскери ба¬залар мен шекаралық инф¬рақұрылымдарды құру үшін 15-16 млрд рубль шығындайтынын мә¬лімдеді. Осындай жағдайда Тби¬лиси үшін тағы бір қақтығысқа бару оңайға түспесі хақ.

Орта Азия елдеріне келсек, бұл аймақта қорғанысқа аса маңыз беріп, үлкен қаржы салып отыр¬ған - Өзбекстан. Ол елдің биыл¬ғы әскери бюджеті (кестеге қа¬раңыз) Қазақстаннан асып түс¬ті. Дегенмен еліміздің жалпы ішкі өнімі өзбектерден екі есе асып түседі, бірақ Астана қорғанысқа ЖІӨ-нің тек 1 пайызын ғана бө¬ліп отыр. Ал Ташкент ЖІӨ-нің 3,5 пайызын арнауда. Әрине, Таш¬кенттің жанталаса қарулануының себептері жоқ емес.

Ең бастысы - Өзбекстанның көршілерімен онша жақсы қа¬рым-қатынаста болмауы. Мәселен, көр¬шілерімен қырғи-қабақ болу (Қырғызстан және Тәжікстанмен жер және шекаралық дау).

Екіншіден, халық санының көп¬тігі және олардың тұрмыс дең¬гейі¬нің тым төмендігі, билікке ри¬за еместігі.

Үшіншіден, Өзбекстан өзбек ұл¬ты басым отырған Ауғанстанның сол¬түстік аймақтарына өз үстем¬дігін жүргізіп, бақылауға алу ние¬ті¬мен НАТО-ға үлкен көмек беру¬де. Ал осының бәрін жүзеге асыру үшін Ташкентке сөз жоқ, өте қуат¬ты армия керек.

Керісінше, аймақта жатқан ТМД бойынша кедей елдердің са¬на¬тында тұрған Қырғызстан мен Тәжікстан қорғанысқа қаржыны аз бөледі. Өйткені экономикалық қауқары шамалы. Дегенмен қыр¬ғыздар өз жерінде тұрған АҚШ-тың Манас әскери базасынан тыс Баткен облысында тағы бір аме-рикалық база ашпақ. Бұл сырт көз¬ге ауған жағынан келетін лаң¬кестерге қарсы жасалған шара деп түсіндіргенмен, шын мәнісінде Өзбекстан тарапынан болуы мүм¬кін агрессияға қарсы жасалған қор¬ғаныс. Өйткені бұл маңда өз¬бек¬тер қырғыздармен қатар тығыз орналасқан. Кез келген уақытта Ташкент өз қандастарының мүд¬десін көздеп, қырғыз еліне қауіп төн¬діруі мүмкін. Ал қуатты өзбек ар¬миясына қарсы қоятын қыр¬ғыздарда сарбаз жоқ. Сондықтан шетел (АҚШ) әскери күшін қар¬сы қою¬ға мәжбүр.

Түбі қақтығысқа алып баратын дау¬лы мәселе Молдованың да ба¬сын¬да бар. Ол - ешкім мойын¬да¬маған Днестр жағалауы республи¬ка¬сы. Рас, ТМД елдерінде ме쬬ле¬кетаралық даулы жерлер же¬тер¬лік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]