Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
27.01.2020
Размер:
815.34 Кб
Скачать

21 Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.

Алабұғатәрізділер отряды – Perciformes сүйекті балықтардың ең үлкен отряды. Отряд өкілдері теңізде, тұщы суларда кең тараған. 20 отряд тармағы 160 тұқымдасы 6500 – ден аса түрі бар. Қазба қалдықтары алғаш рет жоғарғы бор қабатында пайда болған. Денесі ктенойдты, сиректеу циклоидты қабыршақпен қапталған. Денесі тікенектер немесе сүйекті тақтайшалармен жабылған, жалаңаш түрлеріде кездеседі. Жүзбе қанаттарында үшкір талшықтары бар. Құрсақ жүзбе қанаттары кеуде қанаттарынан астында не алдында орналасады, кейде бірігіп сорғыш құрайды. Жамбас белдеуі иық белдеуімен байланысқан, торсылдағы тұйық кейбіреуінде болмайды. Бұлар жағалау маңын және су түбіне жақын мекендейтіндер, пилагикалық және терең су балықтары, көлдер мен ағысы жылдам суларды мекендейді. Негізгі өкілдері: қытай алабұғасы, кәдімгі алабұға, балқаш алабұғасы т.б. Басқын балықтылар (кефальтәрізділер) отряды – Mugiliformes. Отрядқа 3 тұқымдас 150 – ге жуық тропикалық және қоңыр жай жылы теңіздердің балықтары бірігеді. Кейбір түрлері тұщы суларда тіршілік етуге бейімделген. Көптеген ихтиологтар басқын балықтарды Percoidei- ден таратады. Алғашқы рет эоцен қабатында пайда болады. Денесі мен басы циклойдты немесе ктенойдты қабыршақтармен жабылған. Екі арқа жүзбе қанаты бір бірінен алшақ орналасқан. Жамбас белдеуі иық белдеуімен буын арқылы байланысқан негізгі өкілдері барракуда, кефальдар.Камбалатәрізділер отряды – Pleuronectiformes құрамына 500-ге жуық су түбінде тіршілік ететін балықтар жатады, олар 6 тұқымдасқа бірігеді. Басым көпшілігі субтропикалық және тропикалық суларда мекендейді, аздаған түрлері салқын теңіздерде тіршілік етеді,кейбірлері арктикалық теңіздерде кездеседі. Бұлар теңіз балықтары, жағалаумаңы аймақта мекендейді, кейбір түрлері ғана өзендерге өтеді, бірақ уылдырық шашу үшін теңіздерге өтеді. Бұлардың екі көзі де бір жағында орналасқан. Арқа және аналь жүзбеқанаттары ұзын, құрсақ жүзбеқанаты кеуде қанатының алдында орналасқан.Жүзбеқанаттарында әдетте тікенді талшықтао болмайды. Ересектеріне торсылдақ жоқ. Көптеген камбалалар төсеніш түсіне қарай реңін өзгерте алады.

22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және

құйрықсыз амфибиялардың

сипаттамалары, олардың биологиясы және экологиясы

Доғаомыртқалылар класстармағы – Apsidospondyli

Лабиринтодонттар отрядүсті - Labyrinthodontia

Ихтиостегиалар отряды - Ichthyostegalia

Рахитомалар отряды - Rhachitomi

Стереоспондилдер отряды -Stereospondyli

Антроказаврлар отряды - Anthracosauria

Секіргіштер отрядүсті - Salienta

Қарапайым құйрықсыздар отряды - Proanura

Құйрықсыздар отряды - Anura

Жұқаомыртқалылар кластармағы - Lepospondyli

Нектридиялар отряды - Nectrida

Аистоподалар отряды - Aistopoda

Микрозауриа отряды - Microsauria

Құйрықтылар отряды - Urodela

Аяқсыздар отряды – Apoda

құйрықтылар және құйрықсыз амфибиялар. Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2 - 3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетелі. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдан, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады. Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құрал ады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады. Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен түрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды. Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған. Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады. Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді. Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшага келіп аяқталады. Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған. Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары болады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған. Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар. Қуығы жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады. Қосмекенділер - дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрлент дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөмішбалық немесе иттабан; деп атайды. Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8-10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда қүйрығының көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып, жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қанайналым шеңбері болады. Дами келе жүтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады. Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалардың ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп өмір сүруге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер текжер астында ін қазып тіршілік етеді. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ылғалдылық маңызды рөл атқарады. Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар,саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжірибелік зерттеу жүмыстарында кеңінен қолданылады. Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі түтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандармен қапталған. Стегоцефалдар су жағалауларында тіршілік еткен. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Биологиясы. Көбеюi. Бақалар, қыс бойы су түбiнде ұйықтап, көктемдегi күннiң алғашқы сәулелерiнен оянып, көбеюге кiрiседi.Аталықтары қатты құрылдайды. Жасыл бақаларда (көлдi және көлшiктi) дауыс ерекше резонаторларды – ауыз қуысынан ауамен үрленетiн және ауыз бұрышының арт жағында орналасқан желқабызды күшейтедi. Қоңыр бақаларда резонаторлар мойын терiсi астында орналасқан.Аналықтары суда, балық уылдырығына ұқсас, уылдырық қалдырады. Аталықтар оған, құрамында сперматозоидтары бар сұйықтықты шашады. Бiрнеше уақыт өткеннен соң, әр уылдырық қабығы iсiп мөлдiр, iркiлдеген қабатқа айналады, оның iшiнен жұмыртқа көрiнiп тұрады. Оның жоғарғы бөлiгi қараңғы, ал төменгiсi жарық. Мұндай түс тиiмдi: жұмыртқаның қараңғы бөлiгi күн сәулесiн жақсы қабылдап, күштiрек жылынады. Көптеген бақалар түрiнiң уылдырық жиынтығы, судың жылы бетiне қалқып шығады. Дамуы. Төменгi температура жұмыртқа дамуын тежейдi. Ал егер ауа-райы жылы болса, жұмыртқа көптеген  бөлшекке бөлiнiп, көпклеткалы ұрыққа айналады. Бiр — екi аптадан кейiн уылдырықтан бақа дернәсiлi — бақашабақ пайда болады. Бұл дернәсiл сырт келбетiмен жұмыртқа тәрiздi денесi бар кiшкентай балыққа ұқсайды. Алғашқыда бақашабақ сыртқы желбезектермен (басының екi жағында кiшкене шақтар тәрiздi) тыныс алады. Кейiн олар iшкi желбезектермен алмасады. Бақашабақта тек бiр қанайналым шеңберi және екi камералы жүрегi болады, терiсiнен бүйiрлi линия мүшесi байқалады. Осындай түрде, бақа дернәсiлiнде балық құрылысының кейбiр белгiлерi болады. Алғашқы күндерi, бақашабақ уылдырықтағы қоректi заттар қорымен қоректенедi. Содан кейiн, онда мүйiздi жақтары бар ауыз пайда болады. Бақашабақтар, балдырлар, қарапайымдылар және басқа да су организмдерiмен қоректенуге көшедi. Бақашабақтардың кейiнгi өзгерiстерi, күн жылыған сайын жылдамдайды. Оларды бiрiншi артқы, содан соң алдыңғы аяқтары пайда болады. Өкпелерi дамиды. Бақашабақтар судың бетiне көтерiлiп, ауа жұт а бастайды. Кейiнгi уақытта, олардың құйрықтары тартылып, бақашабақтар жас бақаға айналып, жағаға шығады. Уылдырық шашып, одан бақашабақтың бақаға айналғанша, шамамен 2-3 ай өтедi. Жас бақалар, ересек бақа сияқты тiрi қорекпен қоректенедi. Көбею қабiлетiне олар көбiне тiршiлiк етуiнiң үшiншi жылында жетедi. Көбеюден соң, қоныр бақалар судан шығады, ал жасыл бақалар суда қалады немесе жақын маңда, жағалауда қалады. Бақалардың жүрiс-тұрысы ылғалдылықпен анықталады. Құрғақ ауа-райында қоңыр бақалар күннен тығылып, түнде жемтiгiн аулауға шығады. Ал жасыл бақалар суда немесе жақын маңда тiршiлiк еткендiктен, олар күндiз де аңшылыққа шығады. Күз түскенде қоңыр бақалар су маңына жиналады. Ауаның температурасы, су температурасынан төмендегенде, жасыл және қоңыр бақалар су түбiне бүкiл қысқа кетедi. Аяқсыз қосмекенділер сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан, сақиналы құртпойым деп аталады. Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар - жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі - іштей ұрықтанады. Құйрықтылар өтрядына жататын қосмекенділердің 350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі - жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20-25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Қүйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы - жалпақ, тұмсығы - доғал. Алдыңғы аяқтарында төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстал шығып, келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісу лық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына(1996) тіркелген. Қүйрықсыз қосмекенділер отряды. Бүлардың 3500-дай түрлері бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көлбақа, тоган бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады. Экологиясы. 170-тей түрі Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Өте маманданған және соған қарамастан амфибиялардың қарапайым тобы, топырақ астында тіршілік етеді. Тек Typhlonectes және Dermophis туыстарының өкілдері ғана барлық тіршілігін суда өткізеді. Биологиясы. Ұрықтануы іштей. Аталықтарының клоакасы айналады және шағылысу мүшесі қызметін атқарады. Аналығы ылғал топыраққа саруызға бай 20-30 жұмыртқа салады. Көптеген құртшалар өздерінің жұмыртқаларын денесімен орап алып, оларды қорғайды, дернәсілдерін құрғап кетуден сақтайды. Ұрығының бүйір сызық мүшелері және 3 жұп сыртқы желбезегі болады, олар жұмыртқадан шығар алдында жойылады. Дернәсіл суға түсіп, онда дамуы аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]