
- •2.Жартылайхордалылар мен Личинкахордалылардың систематикасы, ұйымдасу ерекшеліктері, тіршілік циклдері.
- •4.Дөңгелек ауыздылар, олардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, систематикасы және шығу тегі.
- •5) Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары.
- •6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii
- •7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.Ұйымдасуының
- •10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.
- •11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
- •12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.
- •13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.
- •14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.
- •15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.
- •16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.
- •20) Тұқытәрізділер, саргантәрізділер, жайынтәрізділер ж/е трескатәрізділер отрядынын сипаттамасы олардын таралуы практикалык манызы бар негізгі өкілдері.
- •21 Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.
- •22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және
- •23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.
- •26) Гагартәрізділер, погонкатәрізділер, ескекаяктылар, дегелектәрізділер ж/е қазтәрізділер отрядынын сипаттамалары.
- •27.Сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы.
- •28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
- •30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.
- •31.Ланцетниктің ұрықтық дамуының бөлшектену ерекшелігін, бластуланың қалыптасуын және гаструляция процесін көрсетіңіз.
- •33.Эктодерма, энтодерма және мезодерма туындыларын ата
- •35) Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз.
- •37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.
- •39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.
- •41.Сүйекті балықтардың бассүйегінің шүйде, төбе, астыңғы және бүйір бөлімдеріндегі сүйектерді атап беріңіз. Хондральды және жабынды сүйектердің туындыларын белгілеп беріңіз.
- •42.Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектерді атап беріңіз.
- •45. Қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ-қолдарының қаңқасын, иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •46.Висцеральды қаңқаның қай сүйектері үзеңгі, төс және балға сүйегінің гомологы болатынын көрсетіңіз. Бұлар қай омыртқалылардың топтарына тән.
- •49) Тынысалу жуйесінін курделенуін корсетініз: қосмекенділер, рептилиялар, қустар, суткоректілер.
- •50) Бақанын артериальды ж/е венозды қанайналу сызбанускасын корсетіп берініз.
- •53. Шеміршекті және сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйесінің құрылысы.
- •54. Теңіз және тұщы су балықтарының су-тұз алмасу ерекшеліктері.
- •55.Анамиялар мен амниоталардың зәр шығару және жыныс жүйесінің байланысын көрсетіңіз.
- •56.Шеміршекті және сүйекті балықтардың миының құрылысы ерекшелігін көрсетіңіз, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
Систематика:
Тип Chordata - Хордалылар
Тип тармаєы Vertebrata - Омыртќалылар
Класс Aves – ќўстар
Отряд – Piciformes - тоқылдақтәрізділер
Отряд – Apodiformes - Ұзынқанаттылар
Отряд – Passeriformes - торғайтәрізділер
Ұзынқанаттылар отряды 3 тұқымдас пен 378 түрді біріктіретін 2 отрядтармағына жіктеледі. Тұмсықтары алуан түрлі, ұзынды-қысқалы. Аяғы кішкентай, әлсіздеу. Жерде жүрмейді. Құймышақ безі жалаңаш. Ұшуы шапшаң қарқынды. Күндіз белсенді. Моногамдар. Өте күрделі құрылысты ұя жасайды. Ұяда 1-6 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз мамықтанған немесе қызылшақа көзі ашылмаған. Нағыз ұзынқанаттар тұқымдасы (Apodidae) тропикада көп, қоңыржайда да кездеседі. Тауда, жазықта, орманда тіршілік етеді. Салмағы: 20-110 гр. Қауырсындануы тығыз. Басы үлкен, жалпақ. Тұмсығы қысқа, езуі үлкен. Кіші аяғында 4 саусағы да алға қараған. Тырнақтары өткір, иілген. Құйрықтары қысқа айыр. Тілі қысқа, жемсауы жоқ. Насекомдармен қоректенеді. Сілекей безі күшті дамыған.
Торғайтәрізділер отряды қазіргі құстардың 63%-ын құрайды. Ол 4 отр.тармна, 52-72 тұқымдасқа жататын 5100 түрді қамтиды. Тропикада түрлік құрамы саналуан. Жоғарғы эоценнен белгілі. Көпшілігі ағаш, бұталы жерде өмір сүреді. Салмағы: 3гр-1,6кг. Тұмсығы алуантүрлі: насекомқоректі, дәнқоректі, т.б Қанаттары ұзын әрі үшкір немесе қысқа әрі доғал. Жіліншігі, төрт саусағы ұзындау, өткір имек тырнақты. Үш саусағы алға, біреуі артқа қараған. Құйрығы да алуан түрлі. Жемсауы жоқ. Етті қарынның бұлшықеті күшті. Қорегі алуан түрлі, бірақ балапандарын насекомдармен асырайды. Аталықтары ірілеу. Әдетте моногамдар. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Ұясын ағашқа, бұтаға, інге салады. Жұмырт саны: 1-16 дейін. Балапандары қызылшақа және көзі ашылмаған немесе шамалы мамық басқан.
Тоқылдақтәрізділер отряды 2 отр.тармғна, 6 тұқымдасқа жататын 379 құстың түрін біріктіреді. Олар Австралия, Жаңа Гвинея, Мадагаскардан басқа жерлерде кездеседі. Отряд қарапайым көкқарғатәрізділерден бөлінген. Отаны Оңт.Амер болуы мүмкін. Тұмсығы тік, қашаутәрізді. Тілінің ұзындығы әр түрлі. Жемсауы жоқ. Қанаттары доғал. Аяқтары төртсаусақты, қысқа, күшті, ағашқа өрмелеуге жақсы бейімделген. Саусақтары үшкір тырнақпен жабдықталған. Жыныстық диморфизм байқалмайды. Күндіз белсенді. Қорегі: насекомдар, сирек өсімдіктер. Қорегін әдетте ағаштан жинайды. Моногамдар. Ағаш қуысында ұялайды. Жұмырт.саны: 2-5, 2-10 дейін ауытқып тұрады. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Балапандары шала, көзі ашылмаған және көп түрлерінде қызылшақа.
30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.
Жыртқыштар (Carnivora) – сүтқоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. 12 тұқымдасы, 235-ке жуық түрі анықталған. Қазақстанда 5 тұқымдасы (ит, аю, жанат, сусар, мысық), 14 түрі бар. Салмағы 250 г-нан (аққұлақ) 250 кг-ға (аю) дейін барады. Әр аяғында 4 – 5 башайы болады. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс және Eсту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2 – 3 рет, кейде 2 жылда 1 рет балалайды. Күшіктері нәзік, қызылшақа болып туады. Жыртқыштардың арасында кәсіптік маңызы бар, терісі пайдалы (Бұлғын, Кәмшат, Ақкіс, Қара Күзен, т.б.) не зиянды кемірушілерді жеп пайдасын тигізетін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығына, Аңшылыққа зиян келтіретін, ауру тарататын түрлері де бар. Жыртқыштардың кейбір түрлері (Қызыл қасқыр, Тянь-шань қоңыр аюы, Барыс, Қабылан, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Киттәрізділер (лат. Cetacea) – суда тіршілік ететін сүтқоректілер отряды. Ғалымдар киттердің арғы тегі құрлықта тіршілік еткен ежелгі тұяқтылар не қарапайым жыртқыштар (креодонттар), тіпті, бор кезеңінің жәндікқоректілері де болуы мүмкін деген болжам айтады. Бұлардың қазба қалдықтары төменгі эоцен дәуірінен сақталған. Қазақстанда Маңғыстау түбегінен төменгі сармат қабатынан табылған. Қазіргі кезде киттердің 2 отряд тармағына (тісті киттер және мұртты киттер) жататын 38 туысы, 80-нен астам түрі мұхиттарда, теңіздерде, кейбір түрлері (дельфиндер) өзендерде таралған. Денесінің ұзындығы 1,1 – 33 м-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 150 т-ға дейін жетеді. Дене пішіні жұмыр қос қалақты терілі, құйрық жүзбеқанаты көлбеу бағытта орналасқан. Көпшілік түрінің басы жалпақ, мойны айқын байқалмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Артқы аяқтары жойылған, тек жамбас сүйектерінің (кей түрінде ортан жіліктің) қалдықтары сақталған. Киттердің терісі түксіз жалаңаш, тері астында май қабаты жақсы жетілген (қалыңдығы 18 – 50 см). Бұл дене температурасын реттеуге қатысады. Терісінде май, тері бездері болмайды, сүт бездері жақсы жетілген. Тыныс алу мүшесі – танау тесігі (1 не 2) төбесіне қарай орналасқан. Ол тек тыныс алу-шығару кезінде ғана ашылады. Киттердің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттерінде ерекше белокты зат – миоглобиннің болуы су астында 30 – 40 мин (кейде одан да ұзақ) тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар тісі ең көп жануарларға жатады, мысалы, тісті киттің тісінің саны 272 болса, Амазонка дельфинінің бір ғана үстіңгі сойдақ тісі алға қарай 3 м-дей созылыңқы болады. Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамыған. Олардың сезу мүшесінің қызметін қылшықты мұртшалары атқарады. Көзі су астында, су үстінде де жақсы көреді. Киттердің есту мүшесі жақсы дамыған, құлақ қалқаны болмайды. Қорегін тұтастай жұтады. Сілекей бездері болмайды. Қарны күрделі құрылымды (3 – 14 бөлімнен тұрады). Киттердің көпшілігі – моногамды. Олар 2 – 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Екі жылда бір рет балалайды. Буаздық мерзімі 10 – 12 ай. Аналығының жыныс саңылауының екі бүйірінде 2 емшегі болады. Арнайы бұлшық еттердің жиырылып-жазылуынан сүт баласының аузына шашырайды. Киттер баласын 4 айдан (майда дельфиндер) 1 жылға дейін (кашалоттар) емізеді. Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен салыстырғанда май 10 есе, белок 3 есе көп. Баласы тәулігіне 450 л-ге дейін сүт емеді, 4 см-ден астам өсіп, 90 кг-дай салмақ қосады. Табиғатта 30 – 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді. Киттердің саны жылдан-жылға азаюда, әсіресе, ірі киттердің біраз популяциясының жойылып кету қаупі бар. Сондықтан кит аулау кәсібін реттеу мақсатында Халықаралық комиссия (оған дүние жүзінің 20 мемлекеті мүше) ұйымдастырылған (1946). Киттердің санын сақтау үшін қорғауға алынып, олардың 18 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ескекаяқтылар (лат. Pіnnіpedіa) — су сүтқоректілер отрядына жатады. Денесі ұршық тәрізді сүйір, бес саусақты аяқтары ескекке айналған, құйрығы қысқа. Суда өмір сүруге бейімделген, бірақ киттерден айырмашылығы мол, өйткені олар құрғақта немесе мұзда ғана шағылысады, балаларын тауып, сүтпен қоректендіреді, дем алады, түлейді.Бұлардың қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі. Ескекаяқтылар Атлант мұхиты, Тынық мұхит, Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларында, Балтық теңізі., Қара теңіз., Каспий теңізінде, Байкал және Ладога көлдерінде кездеседі. Дене пішіні ұршық тәрізді, бесбашпайлы аяқ-қолдары жарғақаяққа (ескекаяққа) айналған. Дене тұрқы 1,2 – 6 м-дей, салмағы 40 – 3600 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен, мойны қысқа және тұлғасымен бірігіп кеткен. Жүзген кезде танау тесіктері терілі қатпар арқылы жабылады. Алдыңғы, артқы аяқтары ескекке ұқсас болғандықтан, отрядтың аты осыдан шыққан. Тері астындағы қалың май қабаты (10 см-ге дейін) дене температурасын реттеу қызметін атқарады әрі қоректік зат қоры болып табылады. Тері сыртындағы жамылғы түгі – ересектерінде біркелкі қалың қылшықты, ал күшіктерінде – үлпілдек мамықты болады. Көру, есту, иіс сезу, тыныс алу мүшелері жақсы жетілген. Қорегі – балықтар, моллюскілер, шаянтәрізділер. Аталықтары аналықтарынан ірі келеді. Көбею кезінде бір орынға топталып жиналады. Көпшілік түрлері жеке жұп құрады. Аналықтары 3 – 4 жаста, аталықтары 5 – 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Буаздық мерзімі 11 – 12 ай. Жылына бір рет көбіне бір ғана күшік туады. Анасын 1 – 2 жылдай емеді. Ескекаяқтылар cуда тіршілік етуге бейімделген, құрлыққа, не мұз үстіне тек шағылысу кезінде, күшіктегенде, түлегенде, тыныққан кезде ғана шығады. Ескекаяқтылар қазіргі кезде 3 тұқымдасқа бөлінеді:
морждар (лат. Оdobenus rosmarus) – сойдақ тістілер – оның өзі аттас 1 ғана түрі бар. Дене тұрқы 410 см-дей, салм. 2000 кг-дай. Құлақ қалқаны, құйрығы жоқ. Жоғары сойдақ тістері өте ұзын әрі жуан (ұзындығы 60 – 80 см-дей). Артқы ескек аяғы бауырына қарай бүгіліп, құрлықта қозғалуына көмектеседі. Морждардың саны жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген, оларды жергілікті халыққа ғана аулауға рұқсат етілген. -құлақты итбалық (лат. Оtarііdae) – оның 14 түрі бар. Бұлардың сыртқы құлақ қалқаны айқын байқалады, тұқымдастың аты осыған байланысты аталған. Тағы бір ерекшелігі – аталықтарының мойнындағы түгі (шашы) жал сияқты ұзын болады. Бұлардың 3 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген;
-кәдімгі итбалықтар;