Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
27.01.2020
Размер:
815.34 Кб
Скачать

1.Омыртқалылар зоологиясы пәні, омыртқалылар зоологиясының бөлімдері. Омыртқалылар зоологиясының басқа жалпы биологиялық пәндермен байланысы.Омыртқалылар зоологиясы анығырақ айтқанда –хордалылар зоологиясы деп аталады.Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылылардың үлкен маңызы бар.Бұлар ең жоғары ұйымдасқан,күрделі құрылысты,алуан түрлі орталықта тірпшілік ететін жануарлар.Хордалылар құрлықты,суды,ауаны және топырақ қабатын мекендейді.Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады.Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар.Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады.Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де,тері,жүн беретіндері де,көлік және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлері де бар.Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа,пайдалы тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып саналады.Сондай-ақ,жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде пайдалану және олардың қолда өсірілетін жаңа тұқымдарын шығару жұмысына біздің елімізде үлкен маңыз береді.Мұның өзі мемлекеттік табыстың басты көзі болып саналады.Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар.Олардың көптеген түрлері ауыл шаруашылық зиянкестері.Оларға саршұнақтар,тышқандар,дала тышқандары,қасқыр тюб жатады.Хордалылардың өзі ауру қоздырғышы болмағанымен кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды(оба,туляремия,энцефалит,бруцеллоз т.б)тасымалдаушы таратушы болып саналады.Омыртқалылар қаншама күрделі ж/е көп түрлі болғанымен толық әрі жан-жақты зерттелген жануарлар.Хордалылырдың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген.Осы зерттеудің нәтижесінде систематиканың,салыстырмалы анатомияның, гистологияның,экологияның,зоогеографияның, палеонтологияның,филогенетиканың көптеген күрделі жалпы мәселелері шешіледі.Омыртқалылар зоологиясының осы замандағы биік шыңына көтерілуіне көптеген кеңес оқымыстыларының(Н.М.Книпович,В.К.Солдатов,А.Н.Державин,Б.М.Житков ж/е т.б)қажырлы еңбектері негіз болды.Омыртқалылар зоологиясының негізгі мақсаты омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрекеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашылығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.Омыртқалыларға бір ғана тип жатады-Хордалылар(Chordata).Ол 3 тип тармағына бөлінеді: Қабықтылар не құйрықхордалылар (Tunicata), Бассүйексіздер(Acrania), Бассүйектілер(Craniota). Tunicata 1400-дей түрді біріктіретін 3 класқа, Acrania 30-35 түрді біріктіретін 1 класқа жіктеледі.Craniota тип тармағы 42 мыңдай түрді біріктіреді және 2 бөлімге бөлінеді.1бөлім Agnatha-Жақсыздар,1класы бар Cyclostomata-Дөңгелекауыздылар.2бөлім Gnathostomata-Жақтылар.Бұл бөлім 2 класс үстіне жіктеледі.1 класс үсті Pisces-Балықтар,олар 2 класқа:1 класс Chondrichthyes-Шеміршекті балықтар,2 класс Osteichthyes-Сүйекті балықтар,2 класс/үсті Tetrapoda-Төртаяқтылар 4 класқа:1 класс Amphibia,2 класс Reptilia,3 класс Aves,4 класс Mammalia деп бөлінеді.Зат алмасу дәрежесіне және ішкі жылылықтың тұрақтылығына қарай омыртқалылар а)салқынқандылар –пойкилотермділер немесе экзотермділер;б)жылықандылар –гомойотермді не эндотермділер деп бөлінеді.Жақтылар таксономиялық жағынан бір-біріне жақын келмейтін 2 топқа жіктеледі.1 топ-Anamnia(қағанақсыздар немесе су жануарлары).Бұларға шеміршекті,сүйекті балықтар және қосмекенділер жатады.Қосмекенділер құрлыққа шыққанмен сулы ортамен байланысын үзбеген.2 топ-Amniota(қағанақтылар немесе алғашқы құрлық жануарлары).Бұларға Reptilia, Aves, Mammalia жатады.Анамниялар мен Амниоталардың айырмашылығы:а)жұмыртқасының құрылысында;б)эмбриональдық дамуының сипатында;в)ересектерінің құрылысының көптеген ер Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы. Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы. екшеліктерінен көрінеді.

2.Жартылайхордалылар мен Личинкахордалылардың систематикасы, ұйымдасу ерекшеліктері, тіршілік циклдері.

Хордалылар типі - Chordata

Личинкахордалылар тип тарм.– tunicata

1.Класс: асцидиялар– Ascidia

1Отряд:Жалғызбасты асцидиялылар-Monoscidiae

2Отряд:Көпбасты асцидиялылар-Sunascidia

3Отряд:Шырақтылар-Purosomata

2.Класс: Сальпалар-Salpae

1 Отряд:Сальпалар- Salpida

2 Отряд:Бөшкелілер-Doliolida

3 Отряд:Шырақтылар-Pyrosomatida

3.Класс: Аппендикуляриялар-Appendiculariae

Личинкахордалылар немесе Қабықтылар(Tunicata)-Хордалы жануарлардан ерте бөлініп шыққан,қарапайым құрылысты топ.Дене формасы қап немесе бөшке тәрізді,ұзындығы 0,3 см-ден 50см-ге дейін жетеді.Пиросомалардың колониясының ұзындығы 30 м-ден асуы мүмкін.Хордалыларға тән белгілер дернәсілдік кезеңінде анық білінеді,бұларды кейде личинкахордалылар деп атау осыған байланысты.Барлығына ортақ белгі хордасы тек құйрық бөлімінде болады,сондықтанда оларды құйрықхордалылар деп те атайды. Барлық өкілдері теңіздерде мекендейді.Кейбір түрлері қозғалмай бір орынға бекініп тіршілік етсе, екіншілері су ішінде жай қозғалып тіршілік етеді.Денесі қабықпен немесе туника деп аталатын затпен қапталған.Суды жұтқыншақта орналасқан желбезек саңылаулары арқылы өткізіп, пассивті қоректенеді.Нерв жүйесі ганглиялардан тұрады, ол ауызбен артриопор тесіктерінің арасында орналасады.Сезім мүшелері нашар дамыған.Қан тасымалдау жүйесі-қуыс типті,гермофродиттер немесе қосжыныстылар.Көпшілігі жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы да көбейеді.Типтармағы 1400-дей түрді біріктіретін 3 класқа жіктеледі.

Тип:Жартылайхордалылар - Hemiсhordata

1.Класс: enteropneusta-Ішектыныстылар

2.Класс: Pterobronchia-Қанаттылар

Жартылайхордалылар (Hemichordata)-Жартылай хордалылардың барлық өкілдері теңіздерде тіршілік етеді,кейбіреулері колония түзейді.Қазбадан табылған формалардың арасында граптолиттердің еркін жүзетін колонияларда болған.Қазіргі уақытта ж.х-дың 100-ге жуық түрі белгілі.Ж.х екі жақты симметриялы,3 сигменттен тұратын целомды жануарлар.Денесі 3 бөлімге бөлінеді.Тұмсық(кейбіреулерінде бас қалқаншасы деп аталады ) жаға және дене немесе тұлға бөлімі.Әрбір бөлімінде өзінің целомдық қуыстары бар,олар тұмсықта тақ,ал жаға мен тұлғасында жұп санды болады.Алдыңғы және ортаңғы целомдары Целомодуктылар арқылы сыртқа ашылса артқы целомы тұйықталған.Ж.х-ң айрықша бір белгісі алдыңғы шегінде қос метамерлі орналасқан желбезек тесіктерінің болуы,солар арқылы ішегі сыртқы ортамен байланысады.Келесі бір айрықша белгі- нотохорданың,яғни шектің тұйық өсіндісінің болуы.Қан айналу жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады.Арқа тамыры денесінің тұмсық бөлімінде кеңейіп орталық лакунаға айналады.Бұған перикардия жалғасады.2 класқа бөлінеді:ішектыныстылар және желбезек қанаттылар.

3.Ланцетник құрылысы. Бассүйексіздердің систематикасы және биологиялық ерекшеліктері.

Систематика:

Хордалылар типі - Chordata

Бас сүйексіздер тип тарм.– Acrania

Класс: Басхордалылар – Cephalohordata

Өкілі: Ланцетник - Branchiostoma lanceolatum

Ланцетник басcүйексіздердің өкілі. Қазақша атауы -қандауырша. Латынша атауы - Branchiostoma lanceolatum.

Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік.Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болғандықтан осылай аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан әрі тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Денесінің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериалдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.

Тері қапшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан: сыртқы - эпидермис, ішкі - кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутис қаптап тұрады. Эпидермистің көпшілік клеткалары цилиндр пішінді, бокал тәрізді безді клеткалары, бірқатар клеткалары сезімтал түкті болып келеді.

Ет системасы. Денесіне біркелкі орналаспаған. Арқа бөлімінде көп. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі - миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінген. Миомерлер бірінен-бірі миосептадейтін дәнекер тканьдермен бөлініп тұрады. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі суда жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады.

Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Оның сыртын қабық қаптап тұрады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұрады. Ауыз алды бөлімінде орналасқан қармалағыш түктерінің түбінде тіректік қоймалжың заттары болады.

Нерв жүйесі.Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель дейді. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен - невропор тесігі арқылы қатысады. Ересектерінде невропор болмайды. Оның орнына иіс оязы қалады. Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - Гессе көзшілері орналасады. Ол екі клеткадан: жарық сезгіш және пигментті тұрады. Миының барлығы дерлік жарық сезеді. Әрбір ет сегментіне екі жұп нерв келеді. Біреуі құрсақ (таза қозғалыс қызметі), екіншісі арқа нерві (аралас қозғалтқыш-сезгіш қызметі).

Сезім мүшелері: Өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Эпидермисінде бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.

Бассүйексіздердің ерекшеліктері  (Acranіa) – төменгі сатыдағы желілілер (хордалылар) типінің бір тармағына жататын ұсақ  жануарлар. Бассүйексіздер  Жерорта теңізінде,  Атлант мұхитының  Еуропа және Африка жағалауында, сондай-ақ  АтлантТынықҮнді мұхиттарының экваторлық терең жерлерінде тіршілік етеді. Дене тұрқы 1,5 – 8 см-дей. Арқа қанаты тұтас әрі жұқа болып тікелей құйрық қанатымен байланысқан. Оларда желілі жануарларға тән белгілер (арқа желісі, жүйке түтігіжелбезек саңылаулары, т.б.) өмір бойы сақталады. Терісінің сырты басқа желілілерде болмайтын жұқа кутикула қабатымен,  желбезек саңылауларының сырты терілі қатпармен қапталған. Ішкі қаңқаның қызметін денесінде ұзына бойы орналасқан серпімді желі атқарады. Кейбір мүшелер жүйесі (бұлшық еттері, жыныс бездері, зәр шығару) бір-біріне ұқсас жеке бөліктерден, сезім мүшесі  қарапайым жарық сезгіш клеткалар тобынан (гессе көзшелерінен) тұрады. Қан айналымы тұйық, бірақ жүрегі болмайды. Оның қызметін құрсақтағы қолқа қан тамыры атқарады. Дара жынысты, сырттай ұрықтанады.  Дернәсілдері  денесіндегі кірпікшелері арқылы 3 айдай еркін жүзіп тіршілік етеді. 2 – 3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ересектері теңіздердің жағалауға жақын таяз әрі құмды жерлерінде 10 – 30 м тереңдікте құйрық бөлігі құмға батып, бір орында тіршілік етеді. Оларды жергілікті тұрғындар тағам ретінде пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]