Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
766.98 Кб
Скачать

1. ҚРндағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі ж/е түрлері. Экологиялық құқықтың аса күрделі ж/е көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. ҚРның қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықтан экологиялық қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес табиғат пайдалану -адамның шаруашылық ж/е өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу к/к. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса,онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны ж/е тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем б-ы.Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында -табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану -бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.Сөйтіп,тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін н/е жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде ж/е шарттарда өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге б-ы.Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі -бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия ж/е қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін жекелеген түрлерін жүзеге асыру.Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады: Улы, радиоактивтік ж/е басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;Су объектілерін ластануға ж/е бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық ж/е биологиялық заттар мен радиоактивтік материаддарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің қауіпті қалдықтарын жағу, химиялық өндеуден өткізу, сақтау мен көму, ҚРның қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы б-ша міңдеттемелерін орындаумен байланысты трансшекаралық тасымал; Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды ж/е өзге де объектілерді орналастыру, салу мен қайта құру;Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялық ж/е биологиялық заттарды өндіру.Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау ж/е экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу ж/е қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу.Табиғатты жалпы пайдаланған кезде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға табиғи құқығы жүзеге асады ж/е өтеусіз б-ы. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны үшін ж/е табиғи ресурстарды қалпына келтіруге жауап береді.Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты.Осы мақсат үшін жер учаскесі беріледі,жер қойнауының учаскесі,су ресурстары, орман ресурстары учаскені пайдалануға беру туралы шешімде, жер қойнауын пайдалануға жасатылған келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген рұқсатқа, орман билетіңде міндетті түрде белгіленеді.Табиғат объектілерін нысаналы мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл заңды бұзу ретінде қарастырылады ж/е жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады. Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақгарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ж/е бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;Ерекше экологиялық, ғылыми ж/е мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті ж/е қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;Мемлекеттік реттеу ж/е мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бүзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;Қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.

2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.

Жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын ж/е өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар.Жер құқық катынастарының өзге де құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі ж\е мазмұны б-ы.Жер құқық қатынастарының обектісі ретінде ҚРның жер қоры, жер учаскесі ж\е жер үлесі жатады. жер қоры - ҚРның егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы ж/е кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Кодексте ж/е ҚРның өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен ж/е жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi.Жер құқығы қатынастарының субъектiлерi - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын ж/е соған орай құқықтары бар әрi осы құқық қатынасында мiндеттер атқаратын жеке ж/е заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер.Жер құқық қатынас субъектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуелді б-ы:субъектісінің түріне;субъекітнің заңи маңызы бар әрекетіне;аталған жер құқығы қатынастарының ерекшеліктеріне;құқық қатынастары субъектіснің өз ф-ясын жүзеге асыру жағдайына байланысты б-ы. Жер құқық қатынастарының субъектіленің қатары, мазмұны ж\е олардың құқықтарының ара қатынасы елдегі жер саясаты ж\е әлеуметтік экономикалық қайта құрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері. Жерге мемлекеттік меншік құқығы-мемлекеттің ҚРның аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану ж/е билік ету құқығы болып танылады. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру ж/е тарихи-мәдени мақсаттағы, орман ж/е су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы,босалқы жер,оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi,кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық ж/е шабындық алқаптар,сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте б-ы. Жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі-яки меншік иелері.Рлық меншіктегі жерлерге билікті ҚРның Үкіметі жүзеге асырады.Ал жергілікті меншіктегі жерлерге билікті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті өкілді ж/е атқарушы органдар жүзеге асырады. Жерге жеке меншік құқығы-жеке тұлғаның н/е мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану ж/е билік ету құқығы болып танылады.Жерге жеке меншік құқығының объектілері болып ҚРның Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер,ауыл шаруашылық мақсатындағы,орман ж/е су қорларының жерлері табылады.Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі-азаматтар ж/е мемлекеттік емес заңды тұлғалар.Бұл ретте,егер жер заңдарында өзгеше белгіленбесе,азаматтар деп ҚРның азаматтары,сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. ҚРның Жер кодексі заңды күшіне енгенге дейін шетел азаматтары, шетел заңды тұлғалары ж/е азаматтығы жоқ адамдар жерге жеке меншік иесі болып табылмайтын.Қазіргі кезде жер заңнамасын саралау нәтижесінде аталған тұлғалардың жеке меншік құқығында үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\ олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк ж/е өндiрiстiк емес,оның iшiнде тұрғын үйлердi ж/е олардың кешендерiн салу үшiн н/е олар салынған жер учаскелерi бола алатыны анықталды.

3. ҚРның кеден органдары.Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады. 2000 жыл 27 қарашада жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» ҚРның Заңының 1-бабында: Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқада нормативтік-құқықтық актілер б-ша мемлекеттің атынан төмендегі ф-ларды атқаруға;- баршаға бірдей міндетті жүріс -тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға;- әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға ж/е реттеуге;- мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға;- өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз,- деп атап көрсетілген.Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:- Қ нарығын қорғау;- Қ  өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;- Экономиканың дамуын ынталандыру;- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;- Бәсекені ынталандыру ж/е монополимге қарсы әрекет ету;- Экспортты көтермелеу ж/е импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;- Сауда саясаты міндеттерін шешу;деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады.Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт-бағдарын: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды. Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді ж/е ол атқарушы ж/е заң шығарушы биліктің ауқымды ж/е үйлесімді жұмыстарын қажет етеді.Сонымен мемлекеттің кеден саясатын ҚРның ішкі ж/е сыртқы экономикалық ж/е саяси жағдайынан туындап,өзгеріп отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге б-ы. Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс -әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалық кеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді.Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің н/е Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады,сондай -ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары,ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылады.Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс -әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс -әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен-ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім–шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт ж/е импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық ж/е жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган–кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік ж/е мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие б-ы.

4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері. Жеке еңбек шартының тоқтатылу негіздері: мерзімнің бітуі б-ша; тараптардың еркіне байланысты емес мән-жағдайларда.Шартты бұзу негіздері: тараптардың келісімі б-ша;тараптардың бірінің бастамасы б-ша (1 ай бұрын 1еуі 2-сін жазбаша ескертсе); заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады. Қызметкер жеке еңбек шарты жұмыс берушіге бұл туралы бір ай бұрын жазбаша ескертіп тоқтатуға құқылы, ал 2 тарап келісімге келсе, ескерту мерзімі біткенге дейін шарт тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын н/е едәуір қиындататын мән-жайлар болған кезде шартты бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде жүргізіледі.Жұмыс берушіге өз бастамасымен жеке еңбек шартын біржақты бұзуына төменгі жағдайлар негіз бола алады:1)Заңды тұлғаның таратылуы, жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтататылуы. 2)Қызметкерлердің саны н/е штаты қысқартылуы.

3)Жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын қызметіне н/е орындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылады.4)Жүктілігі ж/е бала тууы б-ша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ заңдарда сол ауру б-ша еңбекке жарамсыздықтан неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа 2айдан астам уақыт бойы келмегенде бұзылуы мүмкін. Аурулар түрлерінің тізбесін ҚРның Үкіметі бекітеді. Еңбек қабілетін еңбекте мертігуіне н/е кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс орны еңбек қабілеті қалпына келгенге н/е мүгедектік анықталғанға дейін сақталады; 5)Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқанда. 6)Іркіліске байланысты басқа неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан бас тартқанда. 7)Еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқанда. 8)Тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз қайталап орындай алмаса. 9)Қызметкер еңбек міндеттерін 1рет өрескел бұзғанда. Қызметкердің еңбек міндеттерін 1 рет өрескел бұзуына:

1)бір жұмыс күнінде дәлелді себептерсіз жұмыста 3 сағат бойы болмауы;

2)жұмысқа алкогольдік н/е нашақорлық масаң күйде н/е өзге де уыттық улану жағдайында келуі; 3)жұмыс күнінде алкогольді, нашақорлық масаңдық н/е өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалануы; 4)қызметкердің еңбекті қорғау н/е өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуының әсерінен, өзінің жарақат алуы мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соғуы н/е соның мүмкіндігі; 5)жұмыс орны б-ша соттың занды күшіне енген үкімімен н/е қаулысымен белгіленген мүлікті ұрлауы; 10)Егер қызметкердің іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімнің жоғалуына негіз болса, ақшалай н/е құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жасаса. 11)Білім беру саласында тәрбиешілік міндетті атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз моральға жат қылық жасаса. 12)Жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мемелекеттік, қызметтік, коммерциялық ж/е заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етсе. 13)Басқа жұмыстарға ауысудан бас тартқан жағдайда. 14)Бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда оның орнына алынған қызметкермен еңбек шарты бұзылады. Егер еңбек шарты заңсыз негізде бұзылған не басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған жағдайда еңбек дауын қарайтын орган қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта алғызуға ж/е оған амалсыздан жұмыссыз жүрген барлық уақыты, бірақ 3 айдан аспайтын болғаны үшін орташа табысы төленуі тиіс. Сонымен қатар жұмыс беруші:

1)алкогольдік, нашақорлық масаңдық н/е өзге де түрдегі улану жағдайында жұмысқа келсе; 2)еңбек қорғау ережелері б-ша емтихандар тапсырмаған болса; 3)жеке басын қорғаудың жұмыс беруші берген керекті құралдарын пайдаланбаған болса; 4)егер қызметкер заңдарға сәйкес, дәрігерлік тексеруден міндетті бола тұрып одан өтпесе, жұмыстан шеттетуге міндетті. Жұмыстан шеттету кезінде жалақы сақталмайды.

5. Қ/да сыбайлас жемқорлықпен күрес.Қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани – мәдени, құқықтық салаларының дамуына барынша кедергі жасайтын қауіпті құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлық. 1998 ж.2-шілдеде қабылданған ҚРның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық д/з мемлкеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін ж/е соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі н/е делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке ж/е заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуын айтамыз. ҚРның заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу н/е ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы н/е қате аудару, жалған жауап беруге н/е жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін,сот шешімін н/е өзге де сот актісін орындамау,осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

6. Мəмілелер ұғымы, түрлері. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге н/е тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Мәмілелер біржақты ж/е 2 н/е көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға н/е тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін 1 тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін 2 тараптың не 3 н/е одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады. Жасалған кезде атқарылатын (егер тараптар жазбаша жасаймыз деп өзара келіспесе), жетон, билет н/е әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда н/е тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады. Жазбаша нысан жәй ж/е нотариалдық болып 2ге бөлінеді. Мынадай мәмілелер: кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын; мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға; заңдарда н/е тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша жасауы тиіс. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын н/е орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Өкілдік ж/е сенімхат Басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне, не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілігі күшімен жасалған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді ж/е тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жағдайынан да көрінуі мүмкін. Өкілдiктiң түрлері: әрекет қабілеттілігі жоқ адамдар үшін өкілдік; өкілеттілігі жоқ өкілдік; коммерциялық өкілдік. Сенімхат - бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.

7. Жер құқығының субектілері мен объектілері. Жерге мемлекеттік меншік құқығы – мемлекеттің ҚРның аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану ж/е билік ету құқығы болып танылады. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру ж/е тарихи-мәдени мақсаттағы, орман ж/е су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық ж/е шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады. Жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі – яки меншік иелері.Рлық меншіктегі жерлерге билікті ҚРның Үкіметі жүзеге асырады. Ал жергілікті меншіктегі жерлерге билікті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті өкілді ж/е атқарушы органдар жүзеге асырады. Жерге жеке меншік құқығы – жеке тұлғаның н/е мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану ж/е билік ету құқығы болып танылады. Жерге жеке меншік құқығының объектілері болып ҚРның Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман ж/е су қорларының жерлері табылады. Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі – азаматтар ж/е мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер жер заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп ҚРның азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. ҚРның Жер кодексі заңды күшіне енгенге дейін шетел азаматтары, шетел заңды тұлғалары ж/е азаматтығы жоқ адамдар жерге жеке меншік иесі болып табылмайтын.Қазіргі кезде жер заңнамасын саралау нәтижесінде аталған тұлғалардың жеке меншік құқығында үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\ олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк ж/е өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi ж/е олардың кешендерiн салу үшiн н/е олар салынған жер учаскелерi бола алатыны анықталды.

8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы. Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні – бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын ж/е тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана н/е абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi н/е заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Егер бұл бұзушылықтар өзінің сипаты б-ша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе ж/е осы салдардың туындауын қаласа н/е оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл заңдық патологияның ауып кететін мінез-құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады. Іс-әрекет – бұл міндет н/е заңды талап түрінде болатын құқықтық нұсқаманы өршігіп орындамау; нақты тыйымды,ережені, норманы, стандартты бұзу.Әрекетсіздік – бұл тұлғаның өзіне жүктелген міндеттерге байланысты жасауға тиісті және істей алатын іс-әрекеттерді істемеуінен көрініс табатын енжар мінез-құлық. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы д\з әкімшілік заңдармен бекітілген, әрекеттің не әрекеттісіздіктің құқыққа қайшы, кінәлі ж\е әкімшілік жауапқа тартуға болатындығын, не болмайтындығын анықтауға көмекетесін белгілер.Ә қ б құрамына оның объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы. -Объектісіне әкімщілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады;-Объективті жағы ә қ б­-тың сыртқы көрінісін, іс кимылдың өзін көрсетеді. Көп жағдайда құқық бұзушылықтың объективті жағына тәсілдерінің, сипаттарының белгілерін, құқық бұзушылықтың орны мен уақыты, зиянының салдары, қолданылған құралдардың түрлері жатқызылады.-Ә қ б субъектісіне ә қ б жасаған жеке ж\е заңды тұлғалар жатады. Ә қ б субьективті жағы д\з өзі жасаған әрекетке не әректсіздікке деген тұлғаның психикалық қатынасы. Субъективті жақтарының бегілеріне кінә, мақсат, себеп жатады.