Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MUP_LAURA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.29 Кб
Скачать

19, Құлдық және құл саудасымен халықаралық құқықтық күрес

Құлдық және құлдыққа сату – бүгінгі мәселеде кең орын алған актуалдық құбылыс барлық әлемде орын алып отыр. Бұл әрекет адам құқығының өрескел тәртібін бұзатыны анықтан айғақ. Қазіргі таңда осы қылмыс түріне әлемдегі барлық бірлестіктер қарсы тұруда.

Құл саудасы – қазіргі кезде глобальды масштабтарды алып жатыр және адам саудасы аясында ежелден бастап дамыған формасы болып табылады. Көбіне қазіргі кездегі құл саудасының құрбандары – бұл әйел адамдары мен кәмелетке толмаған жас балалар болып табылады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне сәйкес, осыдан екі жыл бұрын, құлдыққа шамамен 700 000 адам сатылып, мемлекет шекарасынан асырылып жіберетіндігі туралы деректер бар. Адам құқығын қорғау Орталығының бақылауы бойынша, жыл сайын құлдыққа 4 млн. адам шамасында түседі

Қазіргі уақытта осыған байланысты, БҰҰ-на мүше болған мемлекеттер сауда нысанына айналған құрбандарды қорғау іс-шараларын кеңінен жүргізіп жатыр.

Яғни, біріншіден, әрбір қатысушы мемлекет тиісінше жағдайларда және оның ішкі заңнамасына сәйкес мүмкін болатын шамада адам сатудың құрбандарының жеке өмірін, жеке басын, оның ішінде басқалардың арасында осындай саудаға жататын істің құпия сипатын қорғауды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, әрбір қатысушы мемлекет оның ішкі құқықтық немесе әкімшілік жүйесі тиісінше адам сату құрбандарына:

а) тиісті сот және әкімшілік талқылау туралы ақпарат беруге;

б) қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық істің тиісіт кезеңдерінде олардың пікірлері мен қауіптенулерін айтуға, оны қарауға мүмкіндік беретін қорғану құқықтарына зиян келтірмейтін көмек көрсетуге мүмкіндік беретін шараларды көздеуін талап етеді.

Үшіншіден, адамдарды сату құрбандарының дене бітімін, психологиялық және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мүмкіндігіен, оның ішінде тиісінше жағдайларда үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да тиісті ұйымдар және азаматтық қоғамның элементтерімен ынтымақтаса отырып, соларды атап айтқанда:

а) тиісті пана;

б) адамдарды сатудың құрбандарына консультативтік көмек және оларға заңды құқықтарына қатысты ақпарат беруді;

с) медициналық, психологиялық материалдық көмекті;

д) жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіби даярлық саласында мүмкіндіктер беруді көздейтін шараларды қарастырады.

Төртіншіден, осы баптың ережелерін қолдану кезінде адамдар сату құрбандарының жасын, жынысын және ерекше қажеттіліктерін, атап айтқанда, балалардың ерекше қажеттіліктерін, оның ішінде тиісті пана, білім беру және күтіміне қатысты ескереді.

Бесіншіден, атылмыш мемлекеттер осындай құрбандар оның аумағында болған кезеңде адамдарды сату құрбандарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады.

Алтыншыдан, оның ішкі құқықтық жүйесі адамдарды сату құрбандарына келтірілген зиян үшін өтемақы алу мүмкіндігін беретін шараларды көздеуді қамтамасыз етеді.

Алдын-алу, ынтымақтастық және басқа да шараларын негізге алатын болсақ, адамдарды сатудың алдын-алу:

БҰҰ-на қатысушы мемлекеттер:

а) адамдарды сатудың алдын алу мен онымен күресу;

б) адамдарды сату құрбандарын, әсіресе әйелдер мен балаларды ревиктимизациялаудан қорғау мақсатында кешенді негізде саясат, бағдарламалар мен басқа да шараларды әзірлейді және қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]