
- •15.Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы
- •16.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары
- •17.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы
- •18.Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері
- •19, Құлдық және құл саудасымен халықаралық құқықтық күрес
- •20.Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде
- •21. Халықаралық құқықтағы құлдықтың түсінігі.
- •43) Халықаралық қылмыстық юрисдикциясын жүргізу үшін аd hoc трибуналдарын құру тәжирибесі
- •44) Халықаралық трибуналдардың құқықтық мәртебесі
- •45) Халықаралық Қылмыстық Соттың құқықтық мәртебесі
- •46) Халықаралық Қылмыстық Сот арқылы жеке тұлғаларды қылмыстық жаупкершілікке тарту процедурасы
- •47) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру
- •48) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру институтының түсінігі мен маңызы
- •49) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек берудің түрлері
- •50. Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру қағидалары
- •51. Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі
- •53. Халықаралық құқықтағы экстрадиция (ұстап беру) институты
- •55. Экстрадиция түрлері
- •56. Экстрадицияның негізгі қағидалары
- •1. Өзінің мемлекетінің азаматтарын ұстап бермеу;
- •3. Ұстап берілген қылмыскер тек ұстап беру жүзеге асқан қылмыс бойынша ғана жазаланады;
- •4. Саяси негіз бойынша іздестіріліп жүрген адам ұстап беруге жатпайды;
- •57.Экстрадиция туралы Үлгілі (типовой) келісім
- •58. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері
- •59. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің ынтымақтастығы
- •60. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері
- •61. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Минск Конвенциясының жалпы сипаттамасы
- •62.Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Кишинев Конвенциясының жалпы сипаттамасы
- •63. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы
- •65. Халықаралық пенитенциарлық құқық халықаралық қылмыстық құқықтың құқықтық институты ретінде түсінігі мен жүйесі
- •69. Қамауға алынған адамдармен айналысудың халықаралық құқықтық стандарттарын қр заңдарына имплементация мәселелері
63. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының қылмыспен күрес саласындағы БҰҰ
мен ЕК және өзге де континеттік , континентаралық ұйымдармен әрекеттестігіне қарағанда ТМД мемлкеттер арасында жасалған келісімдердің ауқымы кең болып табылады. ТМД мемлекеттерінің басқару билігі қылмыстық іске қатысты ешқандай әрекетті қабылдамайды. Қылмысқа қатысты ТМД мемлкеттер арасында қылмыспен күреске қатысты және экономикалық қылмыстарға қатысты қарым қатынастар орнату туралы келісім Вискулев келісімінң он екінші Қаулысында 1993 жылы қабылданған болатын. Сонда аталған қылмыстар бойынша ТМД мемлкеттері өзара әрекеттестікті нығайту туралы соңғы сөзді Мйскеуде өткен ТМД үкіметтерінің басшылары аталған бағдарламаны бекітті. Бағдарламада ТМД мемлекеттерінің ІІМ қылмысқа қатысты әрекеттестіктерін 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықытқ көмек туралы Минск Конвенциясының негізінде жүзеге асырылуы керек екендігі айтылған болатын. Қаулысының төртінші бабында Кеңес басшылары ТМД мемлкеттері арасындағы қылмыспен күресу мәселесін 2000 жылға дейінгі бағдарламасын бекіткен болатын. Мемлекет басшылары осы құжатты қабылдай отырып, мүше мемлекеттерде қылмыстылықпен күрестің төмендігі ал қылмыстар түрлерінің күн санап артуы туралы мәселені қозғады. Әсіресе, ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын трансұлттық қылмыстар мөлшерінің артуы туралы нақтылы аталып көрсетілген. ТМД мемлкеттері бойынша кең етек алған қылмыстардың тізімі терроризм, қылмыстық таьыстарды заңдастыру, наркобизнес, қару жарақ пен әскери техника контрабандасы, радиоактивті заттар контрабандасы, мәдени мұралардың контрабандасы, жалған ақша өндіру, көлік ұрлау, экономика және қаржы саласындағы қылмыстар сонымен қатар, бүгінгі таңда ең жакңа қылмыстар тобы ақпараттық қылмыстар , тапсырыс бойынша адам өлтіру.
Атқару комитетінің ақпаратына сәйкес, Достастық елдеріндегі ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюроға қатысты ережелер бюроның құқықтық мәртебесін, міндеттерін, функциялары мен құрылымын, сондай-ақ, бюроның іс-қызметін үйлестіру негіздерін айқындайды.
Бюроның басты мақсаты - ТМД-ға қатысушы елдердің Ішкі істер министрліктерінің ұйымдасқан қылмыс, лаңкестік, заңсыз есірткі айналымы және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ықпалдастығын үйлестіру болып табылады. Сонымен бірге бюро ТМД-ға қатысушы бірнеше мемлекеттің мүддесіне қатысты шұғыл-іздестіру шаралыры мен басқа да кешенді шараларды дайындап өткізуге түрткі болу, шұғыл тергеуші және шұғыл іздестіруші топтарға қолдау көрсету, ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер органдары мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне қылмыстарды әшкерелеу және тексеруге, басқа да қызмет бабындағы міндеттерін орындауға жәрдемдесу функцияларын атқарады. Бюроның басты мақсаттарының бірі - қылмыстық ортаның жетекшілері, халықаралық қылмыстық топтар мен қылмыстық қоғамдастықтардың ұйымдастырушылары мен белсенділері және олардың қылмыстық байланыстары туралы арнаулы мәліметтер қорын құру болып табылады.
ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы адам саудасымен, адамның дене мүшелерінің саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында Достастық елдеріндегі аталмыш қылмыс түрлеріне талдау жасау және олармен күрес нәтижелеріне қатысты ықпалдастық жайы қарастырылған.
Сонымен бірге келісім шеңберінде тараптардың адам саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастығын үйлестіретін құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық келісімдердің тәртіптерін ескере отырып аталмыш саладағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру, бірлескен бағдарламалардың негізінде осындай құбылыстармен күрес және олардың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктерді құру, адам саудаына қарасы күреске бағытталған БҰҰ-ның конвенциясы мен басқа да халықаралық келісімдердің тәртіптерін орындау үшін өзара келісілген шараларды жүзеге асыру көзделген.
Келісімдер аясында ТМД елдері адам саудасына қатысты трансұлттық қылмыстық топтар, олардың жетекшілері, адам саудасының құрбанына айналу мүмкіндігі бар із-түзсіз кеткен адамдар туралы бірлескен мәліметтер қорын құрмақшы.
1.Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа ҚР қатысу мәселелері
ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәлелхан САБУРОВПЕН әңгіме.–Дәлелхан Камалбекұлы, қылмыстық іс бойынша заттай айғақ болып табылатын есірткі құралдары мен психотропты заттарды жою тәртібін бекіту туралы Үкімет қаулысы 1 желтоқсаннан бастап заңды күшіне енді. Осы қаулының қабылдану себебі туралы не айтар едіңіз?–Бұл қаулы ағымдағы жылдың маусымында қол қойылған заңсыз есірткі айналымы саласындағы жауаптылықты күшейту туралы заң нормаларын орындау үшін қабылданды. Қылмыстық процессуалдық кодекс сот органдарының қарауына дейін заттай айғақ болып табылатын есірткіні, одан аз мөлшерде үлгі ала отырып, жою мүмкіндігі туралы нормалармен толықтырылды.Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 32 тонна, оның ішінде полиция органдарында 26 тоннадан астам есірткі заттары бар. Бұл өз кезегінде есірткі мөлшерін азайтуға, сақтау және күзетуге байланысты шығыстарды төмендетуге жағдай жасап, сондай-ақ алынған есірткінің “екінші айналымға” кетуіне мүмкіндік бермейді.Біз алынған есірткіні сот шешімін күтпестен жою қажеттігі туралы мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келдік. Себебі сот шешімі жылдар бойы созылып, ал заттай айғақтар сақтау камераларында ұзақ жатып қалады. Түптеп келгенде, есірткіге қатысты шешім біреу, яғни оны жою қажет.Бұл жерде есірткінің бағасы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы туралы да дүбара ой туындайды. Байқасаңыз, біз өзіміз “екінші айналым” үшін жағдай жасап отырғандаймыз. Осыған байланысты аталған заңнамаға алынған есірткіні соттың қарауына дейін жою туралы нормалар енгізілді. Сонымен бірге, егер қажеттілік туған жағдайда қайта және қосымша сараптама жасау үшін әр партиядан жеткілікті мөлшерде үлгілер алынады.– Ол үлгілердің мөлшері қандай болмақ?– Ол есірткінің түріне байланысты және есірткі туралы заңда бекітілген аса ірі мөлшердегі көлемге тең болады. Бұл героин, морфий және кокаин үшін 1 грамды, апиын үшін 100 грамды, гашиш үшін 200 грамды, марихуана үшін 1 килоны құрайды. Аса ауыр есірткілердің ірі партиясы деп 100-200 грамм немесе 5-10 кило героинді айтуға болады. Ал марихуананы біз оннан жүз килоға дейінгі көлемде аламыз.– Жаңа тәртіпке сәйкес жою рәсімі қалай өтеді?Бұл рәсімнің қағидалары өзгермейтін болады. Қазіргі кезде сот шешімі, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қысқарту туралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін заттай айғақ ретіндегі есірткіні комиссия арқылы жою механизмі қалыптасқан.Енді есірткіні заңсыз айналымнан алып, сараптама жүргізгеннен кейін, тергеуші үлгілерді алу туралы қаулы шығарады және ол міндетті түрде прокурормен келісіледі. Куәлердің қатысуы және бейнежазба қолдану арқылы үлгілерді алғаннан кейін, есірткінің қалған бөлігі жойылады. Жою рәсіміне комиссия мүшелерінен басқа мүдделі тараптардың, сондай-ақ қоғам мен баспасөз өкілдері қатыса алады.– Бұл жаңалықтың халықаралық келісімдерге сәйкестігі қандай, бұл орайда шетел тәжірибесі қарастырылды ма?– Әрине, бұл тәртіпті әзірлеу кезінде БҰҰ Конвенциясы, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің ұсынымдары мен баяндамалары пайдаланылды. Мысалы, Қазақстан 1998 жылы маусымда ратификациялаған Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы БҰҰ Конвенциясында тараптардың заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдары мен психотропты заттарды дереу жою немесе заңды мақсатта пайдалану үшін, сондай-ақ мұндай заттардың айғақ ретінде қажетті мөлшерін пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін шара қабылдай алатыны туралы нақты көрсетілген.Осы мәселе бойынша БҰҰ аясында есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорларды сотқа дейін жою жөнінде сарапшылар кеңесі шақырылды және бірқатар ұсыныстар әзірленді. Осылайша есірткі құралдары шартты түрде үш санатқа бөлінді. Әрбір санатқа қатысты оларды жоюдың немесе іске жаратудың мүмкін тәсілдеріне байланысты қауіпсіздік, экологиялық және шығыс факторлары талданды.Заңсыз айналымнан алынған есірткіге оның құрамының ластануына қатысты сараптама жасау экономикалық тиімсіз болатыны ескеріле отырып, оларды өртеу тиімді деп шешілді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның бірқатар нұсқаулықтарында ел үкіметтеріне алынған есірткіні заңды саудалаудан бас тарту қажеттігі көрсетілген. Керісінше, прекурсорларды заңды айналымға шығаруға немесе сатуға рұқсат беріледі, себебі олар әртүрлі өндірістерде кеңінен қолданылады.Осы ұсынымдарды ескере отырып, біз Қылмыстық процессуалдық кодекске толықтырулар әзірледік және онда тек есірткі құралдары мен психотропты заттар ғана емес, прекурсорлар да ескерілді. Мұндай нормалар көптеген елдердің заңнамаларында бар.– Қазіргі уақытта комитет есірткіге қарсы заңдарды жетілдіру, нашақорлықпен күрес бағытында тағы қандай жұмыстар атқаруда?– Бұл тұрғыда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар туралы баспасөзде жүйелі жарияланып тұратындықтан көп тоқталмай-ақ қояйын. Тек маңызды проблемаларды шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты қызметіміздің екі бағытын айта кетсем деймін.Бірінші мәселе, Шу алқабындағы қара сораны өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастыру заңсыз айналымға қарсы күрестің бірден-бір тиімді шарасы болмақ. 2002 жылы “Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өндірістік өндіру бойынша өнеркәсіптер кешенін құру туралы” Үкіметтің қаулысы қабылданды. Қаулы Шу алқабындағы жабайы қара сораны биопластик, медициналық дәрі-дәрмектер, парфюмерия, қағаз және құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалану жөніндегі іс-шараларды жоспарлады. Алайда, осы жобаны негізгі орындаушы Германия тарапының бас тартуынан кейін зауыт құрылысы мүлдем басталмай қалды.2007 жылы біз осы істі қайта бастау жөнінде Үкімет алдында мәселе көтердік. Индустрия және сауда министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әр түрлі жобаларды қарастырдық, нәтижесінде “XELORІA” қазақстандық компаниясының ұсынысы қолдау тапты. Ағымдағы жылдың 30 мамырында жоғарыда көрсетілген қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде фармацевтикалық шикізатты өндіруді ұйымдастыру жөнінен дайындық жұмыстары басталды.Екінші мәселе – жастар арасында есірткіні теріс пайдалануды анықтау тетігін құру. Біздің ойымызша, осы саладағы тиімді шаралардың бірі – ағзадағы биологиялық сұйықтыққа тест жүргізу. Есірткіге тәуелділікті бастапқы кезде анықтау оң шара қабылдауға және білім беру мекемелерінде есірткіні теріс пайдаланушылар деңгейін төмендетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, тест жүргізу жасөспірім үшін күшті психологиялық фактор болып табылады әрі есірткі пайдаланушылардың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, оқу орындарында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөнінен іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады.
2. Психотроптық заттардың заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрестің түсінігі мен манызы (конв күресу туралы 1988)
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату; 2) есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтыңденсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар; 3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 4) есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар; 5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері; 7) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган; 8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi; 9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардыңбасқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы; 10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы; 11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс; 12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу; 13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану; 14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардыңорнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер; 15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi; 17) есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдалану (есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есiрткi немесе психотроптық заттарды дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну; 18) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргенi анықталған шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын (шағын, iрi, өте iрi) мөлшердегi белгiленген түрлерiнiң тiзбесi (2-қосымша); 19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату; 20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi (бұдан былай - Тiзiм) - халықаралық Конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесi (1-қосымша); 21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру; 22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi жинау - халықаралықКонвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау; 23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер); 24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерiктi түрде емделуден жалтарған не есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу; 25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру; 26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерiнiң медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң белгiлеулерi мен ұсынымдарын орындамауы; 27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны терiске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру; 28) нашақорлық - организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есiрткi немесе психотроптықзаттарға не сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру; 29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есiрткi, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi, белгiленген тәртiппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам; 30) өз еркiмен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есiрткiге шектен тыс салынудан науқастыңөзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен емдеу; 31) прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар; 32) препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа; 33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар; 34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар; 35) уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.
Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл; 1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау; 2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу; 3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау; 4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру; 5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу; 6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету; 7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту; 8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудi және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады: 1) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi реттеу және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етедi; 2) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және аталған саладағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi; 3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады; 4) денсаулық сақтау органдарына, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың шектен тыс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастыруға және көмек көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдеседi; 5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныс енгізеді; 6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды; 7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды; 8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды; 9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi бекiту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады. 10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы ғылыми зерттеулердi және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимылды үйлестiрiп отырады; 11) қызметi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласымен байланысты мамандар оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткiзудi және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; 12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады; 13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi; 17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асырады; 18) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар, нұсқамалар енгiзедi; 19) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылдарды әзiрлейдi және iске асырады; 20) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiредi; 21) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады; 23) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмектi тартуды және олардыңмақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының: 1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардыңайналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға; 2) меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерудi жүзеге асыруға; 3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеру жүргiзуге; 4) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге; 5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн аталған өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға; 6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нұсқамалар беруге; 7) Есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптарды бұзған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiңөндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға; 8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңдар менөзге де нормативтiк актiлердi бұзғандығы үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгiзуге құқығы бар.
Есiрткiнi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою
1. Айналымда одан әрi пайдалану орынсыз деп танылған есiрткi заттар, психотроптық заттар, прекурсорлар мен құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк тектес заттар, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс. 2. Есiрткiнi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою: 1) есірткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жарамдылық мерзiмi өткен; 2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар химиялық немесе физикалық әсерге ұшырап, соның салдарынан қайта қалпына келтiру немесе қайта өңдеу мүмкiндiгiнен айрылып, жарамсыз болған; 3) тәркiленген, табылып заңсыз айналымнан шығарылып тасталған есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың медициналық, ғылыми немесе өзге де құндылығы болмаған және қайта өңделмейтiн жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн. 3. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлға, осы өсiмдiктер өсетiн жер учаскелерiнiң иелерi немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға мiндеттi. 4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттауға, яғни заңды және жеке тұлғалардың есiрткi, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әзiрлеу, дайындау және пайдалану әдiстерi мен тәсiлдерi туралы, оларды сатып алатын орындар туралы мәлiметтердi таратуға бағытталған қызметiне, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн шығару мен таратуға, компьютер желiлерiнде аталған мәлiметтердi таратуға немесе осы мақсатта басқа да әрекеттер жасауға тыйым салынады. 2. Тiзiмге (II, III кестелер) енгiзiлген есiрткi мен психотроптық заттарды жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған арнайы баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Есiрткi немесе психотроптық заттары бар дәрi-дәрмек препараттары үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады. 3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа соқтырады.
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тиiстi мемлекеттiк бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады. 3. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық және пайдалану
Табысты заңдастыру: есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүлiктiң не мүлiкке құқықтыңкөздерi мен шығу тегiн, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерiн немесе шын мәнiнде кiмдiкi екенiн жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшiн пайдалану; есiрткi психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен ақша қаражатын меншiк нысандарына қарамастан, банкiлерде, кәсiпорындарда және басқа құрылымдарда орналастыру немесе осындай қаражатқа өндiру және басқа да қажеттер үшiн жабдықтар сатып алу, немесе мұндай қаражат пен мүлiктi, есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымын жалғастыру мақсатымен пайдалану заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына апарып соғады.
Көлiк құралдарын, жүктердi және азаматтардың жеке заттарын тексеру
1. Көлiк құралын, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушылардың жеке заттарын тексерудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың (мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерiнiң) осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары жүзеге асырады. 2. Есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге немесе прекурсорларға жатады деген күдiк тудыратын заттар табылған кезде және одан әрi тексеру қажет болса, сондай-ақ жүргiзушiде немесе жолаушыларда есiрткiге мас болу белгiлерi байқалса, көлiк пен аталған адамдар қажеттi мән-жайларды анықтау үшiн құқық қорғау органдарына жеткiзiлуi мүмкiн. 3. Көлiктi, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушыларды негiзсiз тексерген, сондай-ақ аталған адамдар мен көлiктi құқық қорғау органдарына негiзсiз алып барған жағдайда, мұндай адамдар өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық өтеттiрiпалуға құқылы.
Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу
1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс. 2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
Есiрткi, психотроптық заттарды және сол тектестердi тұтынатын адамдарды анықтау
1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан, есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге етiлген күйде деген хабарлама түскен адам медициналық куәландырылуға тиiс. 2. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардыңайғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге елту белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi болған жағдайда, сондай-ақ тексерiлетiн адам организмiнде есiрткi немесе психотроптық заттардың немесе сол тектестердiң бар-жоғына сынақ жүргiзу негiзiнде анықталады. 3. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге елту фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (тексеру) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал "нашақорлық" диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия анықтайды. 4. Есiрткi, психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке алу тәртiбi денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн органдардың, Қазақстан Республикасыныңөзге де уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Есiрткiнi, психотроптық заттарды немесе сол тектестердi шектен тыс пайдаланатын адамдарды медициналық куәландыру және медициналық тексеру
1. Медициналық куәландыру - құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жолдамасы бойынша, ал медициналық тексеру нарколог-дәрiгердiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi. Медициналық куәландырудан немесе медициналық тексеруден жалтаратын адам наркологиялық мекемеге әкелiнуге тиiс. 2. Медициналық куәландыру мен медициналық тексеру жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу
Ерiктi түрде емделуден жалтаратын нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамды нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауру деп тану тәртiбi және оны мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiне емдеуге жiберудiң негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтатудың негiзi мен тәртiбi, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық көмек көрсету принциптерi
1. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық көмек наркологиялық кеселдердiң алдын алуды, азаматтарды тексеруден өткiзудi, ауытқуларға диагноз қоюды, наркологиялық кеселдерден зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мемлекет медициналық-санитариялық көмек көрсетуге кепiлдiк бередi және ол заңдылық, адамгершiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады. 3. Адам наркологиялық мекемеге медициналық көмек сұрап, ерiктi түрде өтiнiш бiлдiрген кезде нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамға медициналық-санитариялық көмек көрсетiледi. Кәмелетке толмаған, сондай-ақ заңдар белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға наркологиялық көмек олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен көрсетiледi. 4. Өз еркiмен емделуден жалтаратын нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнде мәжбүрлеп емделуге тиiс. 5. Қылмыс жасаған, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша көрсетiледi. 6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде ауру адамға - жұмысқа жарамсыздық қағазы, ал емделу аяқталғаннан кейiн оныңөтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетiлген анықтама берiледi. 7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оныңөтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Ондай емдеу туралы мәлiмет ол адам қылмыстық және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн. 8. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға көмек көрсететiн жеке адамдардың (наркологтардың, адвокаттардың және т.б.) қызметтерiне ақы азаматтардыңөз қаражаты немесе қайырымдылық есебiнен төленедi.
Наркологиялық көмектi қаржыландыру
Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттiк ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
Есірткі, психотроптық заттар мен пркурсорлар айналымы саласындағы бұзылушылықтар үшін жауаптылық
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. Әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).
3. Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстар мен халықаралық құқықтық күрес
Банктік қызметпен заңсыз айналасу.Банктік қызметті тіркеуден өткізбеу н/е рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз н/е лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру.Қылмыстың объектісі ақша несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол сұғу б.т.Объективті жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше,жеке дара әрекеттермен сипатталады:банктік қызметті тіркеуден өткізбеу;міндетті рұқсат алуды сақтамау;банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру;көрсетілген әрекеттер ұйымға,мем/ке ірі зиян келтіру н/е ірі мөлшерде табыс табумен б/ты болуы б.т.Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады.Айыпты адам өзінің банктік қызметті тіркеусіз н/е арнайы рұқсат керек бола тұрауынсыз жасап отырғанын н/е лицензиялау шартын бұзғандығын,өзінің іс әрекеті нәтижесінде азаматтарға,ұйымдарға н/е мем/ке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін н/е өз іс әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі,сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі жасы 16 ға толған,есі дұрыс адам.
4. Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
5. Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырумен (легализация) халықаралық құқықтық күрес
Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыру сауда экономикасы бар елдерде кең таралған. Бұл қылмыстардың механизмі өте күрделі. Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырудың халықаралықжолдары: наркобизнес, контрабанда, рэкет, сыбайлас жемқорлық, жалған ақша, тонау, ақшаларды тасымалдау және басқа да қылмыстарды заңдастыру төрт түрде жүзеге асырылады: Әр түрлі тұлғалардың әр түрлі банктерге қылмыстық жолмен түскен ақшаларды салуы (он мың доллардан аспайтын), Кариб банкі және офшорлы зоналарға салық жұмағы – Кариб банкіне ақша аудару.Банктер арасындағы фиктивті (жасырын) операциялар жүрг. Фиктивті операциялар ақшаның анықталып шықпауының мақсатында жасалады. Шетелдік танымал банкке жалған фирма атынан ақша аудару. Бұл қылмыстар отмывание, выявление қылмыстық істерден түскен пайданы тәркілеу туралы 1990жылғы Страсбург конвенциясына сай халықаралық қылмыстар қатарына қосылған. Осы конвенцияға қатысушы мемлекеттер өзіне іздестіру заңдарын, заңсыз түскен пайдаларды тәркілеу, банк қызметкерлерінің салымшылар жайлы ақпараттарды жариялау және пайдалануы, орынсыз түскен ақшаларды қылмыс ретінде тануға немесе жариялауға міндеткерлік алды. Мемлекеттер құқық қорғау органдарның қызметкерлеріне ақпараттарды алуға қарауға құқықтарын заңнамамен бекітіп банк операцияларын бақылап қылмыстарды уақытында анықтауға мүмкіндіктер жасады.
Демограф ақсақалымыз Мақаш Тәтімов жезөкшелікті заңдастыру керек дейді. Бірақ, бұл мәселеге демографиялық тұрғыдан қарар болсақ, жезөкшеліктің жайылуы халықтың өсіміне зиянын тигізуде. Өйткені, жезөкшелікті кәсіп ететін қыз-келіншектеріміз тұрмысқа шықпайды және өмірге бала әкелмейді. Оның үстіне олар түрлі ауруларды тасымалдаушылар болып табылады.
«Жезөкшелік пен сыбайлас жемқорлық бір анадан туғандай егіз», «Ең ежелгі кәсіпті ешкім жеңбеген және жеңе алмайды» деген сияқты алыпқашпа сөздер де ел арасында қазір бедел алып барады. Жезөкшелік Батыс елдерін XX-ғасырда әбден мезі еткен соң, заңды түрде легализация жасалып, мысалы, Францияның астанасы Парижде «публичный дом» «секс-шоп» деген жаңа атпен жұмыс жасауға кірісті. Тіпті, Голландия мен Амстердамда 2000 жылдан бастап, көпшілік жиналған жерлерде, аз мөлшерде алкоголь мен наркотикті тұтынуға рұқсат етілді. Жынысын өзгертіп отау құрып жатқан жандар қаншама. Бірақ, оларға бала асырап алуға рұқсат жоқ. Кейбір еуропалықтардың бала туып, оны асырау - ойына да кіріп шықпайды.
Ал, жезөкшелікке қарсы күрес біздің елде жалғасын тауып жатыр. Бірақ, заң қызметкерлері қанша жерден жол жиегіндегі түнгі көбелектерді ұстап, жеңгетайлардың қолын қайырып түрмеге жапса да «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалуда. Бүгін бір притон жабылса, ертесінде екі-үш жерде ашылады. Осыдан кейін күресіп көріңіз.
Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір Алматы қаласында 10 мыңға жуық жезөкше тіркелген. Алайда бұл нақты цифр емес. Әр күн сайын Алматыда 2000-ға жуық жезөкше көшеге шығады екен. Ол аз десеңіз, 200-ге жуық притон мен 150-ге тарта (сауна) хауызда қыздар ақшаға сатылады. 18 ақпан күні полиция қызметкерлері рейд ұйымдастырды, соның нәтижесінде қаладағы барлық көңіл көтеру, демалыс орындары тексеріліп, қыздарды құлдықта ұстап, тәнін сататын сутенерлерді тұтқындап, астыртын жұмыс істеп жатқан притондарды ашты. «Stop трафик» барысында 150 қыз ұсталып, кәмелет жасқа толмаған қыздарды сату фактілері бойынша 10 қылмыстық іс, притон ұстау фактісі бойыша 5 қылмыстық іс қозғалды, ұсталған қыздардың 99%-ы жұқпалы ауру тарататындар екендігі анықталды. Ауруды олар ең әуелі еркектерге жұқтырады емес пе?
Қысқасы бізде жеңіл жүрісті қыздардың саны азаяр емес. Олардың жасырын жолмен жұмыс істеуге көшкені құпияның бояуын қалыңдата түсуде. Көше торыған бикештер бір күнде қонақүйлер мен сауналарға қоныс аударды. Сонымен қатар «түнгі көбелектердің» көбірек шоғырланатын жері - түнгі клубтар және шетелдіктер, қалталы азаматтар бас сұғатын мейрамханалар. Сондай-ақ ірі ойын-сауық нысандарында (әсіресе, жұма-сенбі күндері) жүретін қыздарды бірнеше топқа бөлуге болады. Олардың ең арзаны - көше жезөкшелері. Арзан жезөкшелердің бір сағаты 2-3 мың теңге, қонақүйлер мен түнгі клубтардарға баратындардың бағасы 4-6 мың теңге, газеттерге хабарландыру беріп «жұмыс істейтіндердің» «құны» 100-200 доллардан жоғары.
Арам пиғылға немесе жаман әрекетке барған жанның әңгімесі, әрине, жағымды әсер қалдыра қоймас. Десек те бұл біздің қоғамның көлеңкелі жағы. Күнгей бар жерде көлеңке де болады. Бір мезгіл көлеңкелі тұсымызды зерделеп қойғанымыздың артықтығы бола қоймас.
6. Заңсыз қаржылық операциялармен халықаралық құқықтық күрес
7. Қаржы саласындағы басқа да қылмыстармен күрес
8. Халықаралық қылмыстармен құқықтық күрес
9. Геноцидпен халықаралық құқықтық күрес
Адамзатқа қарсы қылмыстар.Адамзатқа қарсы қылмыстар 2 түрге бөлінеді.1.Геноцид 2.Экоцид.Геноцид ол халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген қылмыс.Оның қоғамға қауіпақша қаражатымен қамтамасыз ету;тілігі сол ол бейбіт уақытта да,соғыс уақытында да жүзеге асырылатын қоғамға аса қауіпті іс әрекет.Тікелей объектісі этникалық,ұлттық,нәсілдік н/е діни топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.Объ.жағынан қылмыс геноцид,яғни ұлттық,этникалық,нәсілдік н/е діни топты,осы топтың мүшелерін өлтіру,олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру,бала тууға күшпен бөгет жасау,балаларды мәжбүрлеп біреуге беру күштеп көшіру,не осы топтың мүшелерін қырып жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы,толық н/е ішінара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер арқылы ж.а.Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.Қылмыстың субъектісі 16 ға толған кез келген адам.Экоцид ол өсімдіктер мен жануарлар дниесін жаппай жою,атмосфера,жер н/есу ресурстарын улау,сондай ақ экологиялық апатты туғызғн н/е туғызуы мүмкін өзге де іс әрекеттерді жасау.Қылмыстың тікелей объектісі адамзаттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың заты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,сондай ақ атмосфера,жер н/е су ресурстары.Қылмыстың объективті жағынан өсімдіктер н/е жануарлар дүниесін жаппай жою,атмосфера,жер н/е су ресурстарын улау,сондай ақ . экологиялық апатты туғызған н/е туғызуы мүмкін өзге де іс әрекеттерді жасау арқылы ж.а. Қылмыс құрамы материалдық.Субъ.жағынан қылмыс қасақаналықпен(тікелей н/е жанама)істеледі.Субъектісі 16 жасқа толған кез келген тұлға.
10. Апартеид және нәсілдік кемсітумен халықаралық құқықтық күрес
Апартеид (африкаансша: apartheid — бөлек өмір сүру) — нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамаушада, оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі.Апартеид саясаты Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) байырғы Африка халықтарына, сондай-ақ елеулі дәрежеде Үндістанның және т.б. елдердің түсті нәсіл өкілдеріне 1980 жылдардың аяғына дейін қолданылып келді. Байырғы халықтардың жүріп-тұру бостандығы шектелді. Бұл тәртіпті бұзу қылмыстық іс ретінде қаралды. Барлық африкандықтардың тең жартысына жуығы өмір сүретін 10 бантустан (резервация) құрылды.Апартеид саясаты өзге ұлттарды сайлау құқынан айыру, ең төменгі еңбекақы төлеу, жүріп-тұру еркіндігінен айыру, т.с.с. шектеулер қою арқылы көрініс тапты. Бұл саясаттың негізінде адамды нәсіліне, ұлтына қарай жеккөру, кемсіту теориясы жатыр.БҰҰ апартеидті адамзатқа қарсы бағытталған қылмыс, халықаралық құқық принциптерін бұзушылық деп жариялады. Апартеидке жол бермеу және ол үшін жазалау туралы халықаралық конвенция (1973 жылы) қабылданды.
11. Әскери қылмыстармен халықаралық құқықтық күрес
Әскери қылмыстар Соғыстың әдет ғұрыптары мен заңдарын бұзудан көрініс табады:адам өлтіру, құлдыққа күштеп мәжбурлеу немесе басқа да мақсаттарда белгілі бір аумақтағы халықты қанау, теңіздегі әскери құлдықтағы адамдарды қанап, өлтіру, кепілге алынған адамдарды өлтіру, қоғамдық немесе жеке меншікті тонау , қала, аудандарды негізсіз бұзып қирату және т.б. қылмыстар. ( халықаралық қылмыстың түрлері халықаралық әскери трибуналдың жарлығында жасалған, МВТ 1945 ж, алыс шығыс жарғысы 1946)
12. Адамзатқа қарсы қылмыстармен халықаралық құқықтық күрес. Экоцид және биоцидпен халықаралық құқықтық күрес.
Адамзатқа қарсы қылмыстар соғыс кезінде не соғысқа дейін халықққа қарсы жасалған қылмыстар трибуналының заңнамасына жататын саяси рассалық діни мақсаттағы көздеу , және көздеген бұзушылық іс әрекет мемлекеттің ішкі құқығын бұзған бұзбағаны және қайда жасалғанын анықтайды. 1949 жылғы соғыста зардап шеккендерді қорғау туралы Женева конвенциясы және 1977 жылғы қосымша хаттамаға сай Адамзатқа қарсы қылмыстар күрделі қылмыс қатарына жатады.
Экоцид - Өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау,сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау — он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Биоцид - адамзатқа қарсы халыаралық қылмыс. Экоцидтен айырмашылығы биоцид тек адам мен басқа тіршілік иелеріне қарсы бағытталған, қасақана және адамдар мен тірі табиғатты жаппай зақымдау қаруын (нейтрондық, биологиялық, химиялық, т.б.) қолданудың көмегімен қарсыласы алдында әскери басымдыққа кол жеткізу және қарулы қақтығыста жеңіске жету мақсатында жоюды білдіреді.
13. Халықаралық қылмыстармен күрес саласындағы ҚР заңнамасы
14. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі