Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MUP_LAURA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.29 Кб
Скачать

55. Экстрадиция түрлері

Қылмыскерлерді ұстап беруді реттейтін Халықаралық актілер мен ұлттық заңнамалардың ережелеріне сәйкес анализ бойынша, экстрадицияның бірнеше түрін және олардың субъектісі, нормативті-құқықтық, мақсатты, реттейтін негіздері бойынша сыныпталуын бөліп көрсетуге болады.

Субъектті негізі бойынша яғни ұстап беруге сұратылып отырған адамның азаматтығына байланысты, экстрадиция келесі қатынастарға мән береді:

-шетел азаматына

- ҚР азаматына

- азаматтығы жоқ тұлғаға

- қос азаматтығы бар тұлғаға.

Ұстап беру туралы запростарды қарау кезіндегі қолданылатын, нормативті-құқықтық негіздер бойынша, экстрадицияны келесі түрлерге сыныптауғу болады:

-халықаралық және ұлттық сипаттағы мәнге ие нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылатын Экстрадиция;

-тепе-теңдік қағидасы негізінде жүзеге асырылатын Экстрадиция;

Экстрадиция анықтамасының өзінен, оның ұстап беру сұралып отырған мақсатына байланысты:

-қылмыстық істі жүзеге асыру мақсатындағы Экстрадиция;

-жаза тағайындауға беру мақсатындағы Экстрадиция;

-үкім шығарып, жауапкершілікке тарту мақсатындағы Экстрадиция

Реттеуші негізі бойынша, яғни тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтап, жүзеге асыру мақсатындағы Экстрадиция:

-ҚР-дың запросы бойынша шетел мемлекетінен тұлғаны ҚР аумағына Экстрадициялау;

-ҚР аумағынан шетел мемлекетінің запросы бойынша шетел аумағына аумағына Экстрадициялау;

Жоғарыда атап көрсетілген Экстрадицияның түрлерініңі әрқайсысы өзінше ерекшеленеді.

56. Экстрадицияның негізгі қағидалары

Мемлекеттердің құқықтары ұстап беру институттарын бірдей регламенттемейді. Ұстап беру институтының 2 негізгі түрі бар. Солардың бірі еуропалық болса, екіншісі- англо-саксондық болып табылады. Біріншісі романо-германдық құқықты ұстанатын тек континенталды Еуропаның ғана емес, латиноамерикандық мемлекеттерге де тән, сондай-ақ еуропалық мемлекеттердің бұрыңғы колонияларына да. Ал, екіншісі «ортақ құқықты» мемлекеттерге тән. Біріншісі нақты белгіленген қағидаларға сүйенеді:

1. Өзінің мемлекетінің азаматтарын ұстап бермеу;

2. Екі ретті криминалистика (яғни, екі сұратып отырған және сұрап отырған мемлекеттердің заңнамасы бойынша қылмыс жасаса);

3. Ұстап берілген қылмыскер тек ұстап беру жүзеге асқан қылмыс бойынша ғана жазаланады;

4. Саяси негіз бойынша іздестіріліп жүрген адам ұстап беруге жатпайды;

5. ұстап берілген адамды өлім жазасына кеспеу (ұстап берген мемлекет, қабылдаған мемлекеттен қылмыскерге қарсы өлім жазасына кеспеу туралы кепіл алуы мүмкін )

Екінші түрі жоғарыда көрсетілген қағидаларды жоққа шығарады. Оның басты жұмысы – жазалауды болғызу.

Екі түрде өзінің жақсы және жаман жақтарына ие. Еуропалық жүйе ұстап берілушінің құқықтары мен заңдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол кей кезде қылмыскерге жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігін береді. Англо-американдық жүйе қағидалардың маңызы мен рөлін төмендетіп, сотқа қылмысты нақты себептер бойынша шешім шығаруды көздейді. Кейбір мемлекеттердеұстап беру туралы арнайы заңдар қабылданған, бірақ көбісінде бұл мәселе конституциялық, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу құқығында бар. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясының 61-бабында көрсетілгендей: «Ресей Федерациясының азаматы Ресей Федерациясыеың аумағынан тыс басқа мемлекетке берілуі мүмкін емес». 1957 жылғы Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенция қандай қағидаларға негізделсе сол секілді Австрия, Швеция, Германия мемлекеттерінің заңнамасы да соған негізделген. Яғни, сұрап отырған мемлекеттің заңнамасы Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның талаптарына жауап бермесе, бұл мемлекеттер ұстап беруден бас тартулары мүмкін. Ұстап беру туралы арнайы заңы жоқ мемлекеттердің бірі ретінде Италияның құқықтық жүйесін айта аламыз. Онда бұл мәселелер Конституциямен, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу көдекстерімен реттеледі. Ондағы ортақ қағида ретінде еуропа мемлекеттерінің заңдарындағылар болады.

  1. Экстрадиция туралы Үлгілі (типовой) келісім

  2. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері

  3. Қылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы

  4. Қылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері

  5. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Минск Конвенциясының жалпы сипаттамасы

  6. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Кишинев Конвенциясының жалпы сипаттамасы

  7. Қылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]