Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.

Систематикасы:

Тип:Chordata-Хордалылар Типтармағы:Vertebrata-Омыртқалылар Бөлім:Gnathostomata- Шеміршекті балықтар

Класс тармағы:Elasmobranchii-Тақтажелбезектілер

Отряд:Squaliformes-Тікенекті акулалар

Өкілі:Squales aconthias-Тікенекті акула

Балықтар ең ежелгі алғашқы су омыртқалылары,олар тек сулы ортада тіршілік етуге қабілетті.Негізігі көпшілік жағдайда бірден-бір тыныс алу органының қызметін желбезек атқарады.Бассүйек омыртқа жотасымен қозғалмай байланысқан,мойын бөлімі жоқ.Асқорыту жолы бөлімдерге жіктелген:көптеген түрлерінде қарын бөлінген,ащы және тоғы ішекке жіктелген.Қан айналу шеңбері біреу,жүректе венозды қан болады.Тек қостынысты балықтарда екінші өкпелік қан айналу шеңберінің пайда болуы байқалады,ал жүректе аралас қан болады.Балықтардың денесі түрлі қабыршақтармен жабылған.Олар:плакоидты,ганоидты,сүйекті қабыршақтар.Бүйір сызығы органы жақсы жетілген.Аяқтары-жұп кеуде ж/е құрсақ жүзбе қанаттары,сол сияқты дара құйрық,арқа ж/е аналь қанаттары да болады.Негізгі қозғалыс типі-барлыұ денесін ирелендетіп толқын тәрізді қозғалу немесе құйрық жүзбе қанатының көмегімен қозғалу.Жұп жүзбе қанаттары қозғалысты реттесе,ал дара қанаттары тепе-теңдікті сақтайды.Балықтар тез әрі күшті жүзгіштер,бұлшықеті жақсы жетілген.Дөңгелек ауыздыларға қарағанда балықтардың жоғары белсенді және мәнерлі қозғалуы тек қозғалыс жүйесінің жетілгендігіне ғана байланысты емес,ол ми мен сезім мүшелерінің жақсы дамуына да байланысты.Қазіргі ихтиофаунада 20-22 мыңға жуық түрі бар.Олар жер шарының барлық су қоймаларында кездеседі.Экватордан бастап полюстерге дейін,мұхиттың түпсіз тереі сулары мен жер асты суларынан биік таулардағы бұлақтарға дейінгі түрлі су жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.Балықтар тұщы су қоймаларында пайда болған деп есептейді,тек кейіннен балықтардың бір түрлі топтары бір-біріне тәуелсіз және бірнеше қайта теңізге өтеді,ал кейбіреулері соңынан қайтадан тұщы су қоймаларына қайтады.Балықтар силурдың тұщы су қоймаларында п.б,девонда барлық су бассейндерінде үстемдік еткен жануарлар тобын құрады.Бұлардың кәсіптік аулауда алатын үлесі 1,5-2%.Австралия мен Жапонияда тамақ,Америка мен Европада сүйек ұнын алу үшін пайдаланады.Бауырында А витамині көп,майы техникада қолданады.Терісінен сумкалар,портфельдер,қыз-келіншектеррге әдемі аяқ-киім тігіледі.

17.Саусаққанаттылар және қостынысты балықтар ұйымдасу ерекшеліктері систематикасы,қазіргі кездегі қостынысты балықтардың таралуы

Саусақ қанаттылар – өте ескі,әрі толығымен дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбое дәуірінде кеңінен таралып,мезозойда олардың түрлері азайып,тараған ауданыда қысқарған. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м тереңдіктен Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан,Халумна өзенінің саіасына жақын жерде ұстады . Екінші данасында 1952 ж. Сол Үнді мұхитыың Анжуан аралына жақын маңнан жағадан 200 м қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған . Кейінде осы ауданнан бірнеше рет саусаққанатты балықтар ауланған. Саусаққанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезектерімен қатар өкпелеріде болған,бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жок . Кейбіреулерінің қанат қаңқалары бес саусақты алақан сияқты болып келеді. Қанат негізінің тіреуі базалия болады және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен кейін базалияның екі элементтері тарайды,бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне ұқсайды,одан әрі қарай бірнеше саусақ сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан оларды саусақ қанатты балықтар деп атайды. Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен-космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни косминмен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі амфибилерде ортаңғы құлақ қуысына айналады. Қазіргі қостынысты балықтардың үш тұрі ғана белгілі. Тұщы суларда тіршілік ететін өзіндік ерекшеліктері бар балықтар. Олар суда еріген оттегімен тыныс алумен қатар ауадағы оттегіменде тыныс алады. Әсіресе,олардың бір ерекшелігі-оттегіне тапшы суларда да тіршілік ете алатындығы. Дене мөлшері кейбір түрлерінде 2 метрдей болады. Денесі черепица тәрізді орналасқан циклойдты сүйекті қабыршақпен қапталған, құйрық қанаттары дифицеркальды. Бас сүйектері аутостикалы болып келеді. Бас сүйегінің жамылғы сүйектен басқасы шеміршектен тұрады. Жоғары жақ сүйектері болмайды.Қостынысты балықтардың прогрессивті белгілеріне алдыңғы миының кушті дамуы жатады. Оның үстіңгі беті эпителиальды клеткалардан емес, нерв клеткаларынан тұрады.Зәр шығару жыныс системасы бір жағынан – шеміршекті балықтардікіне, екінші жағынан қосмекенділердікіне ұқсайды. Шеміршекті балықтардағыдай ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы, жүрегінде жиырылып жазылатын артериалдық конусы болады. Торсылдағы болмайды. Желбезегімен қатар өкпе арқылы да тыныс алатын болғандықтан, сыртқы танау тесігі болуымен қатар ішкі танау тесігі де болады. Қостынысты балықтар девон дәуірінің орта кезінде, палезойдың аяғында пайда болып, мезазойдың бас кезінде кеңінен таралған. Қазіргі кезде екі отрядқа жататын уш тұқымдас және үш туысы сақталған.

Қостыныстылар-тұщы су балықтары. Алғашқы рет төменгі девонда пайда болған және осы заманға дейін сақталған. Қазіргі кезде Оңтүстік Америка,Африка мен Австралияның тропикалық суқоймаларында кездеседі.

18.Сәулеқанатты балықтардың систематикасы. Шеміршекті және сүйекті гоноидтылардың ұйымдасу ерекшеліктері.

Систематикасы:

Тип Chordata - Хордалылар

Тип тармағы Vertebrata - Омыртқалылар

Бөлім Gnathostomata – Жақтылар

Классүсті Pisces - балықтар

Класс Osteichthyes – сүйекті балықтар

Кластармағы Actinopterygii – сәуле қанаттылар

1.Отр.үст: Ganoidomorpha – ганоидтылар

1.Топ: Chondrostei – Шеміршекті ганоидтылар

Отряд:Asipenseriformes - бекіретәрізділер

Отряд:Polypteryformes – көпқанатты балықтар.

2.Топ: Holostei – сүйекті ганоидтылар

Отряд:Amiiformes – Амиятәрізділер

Отряд:Lepisosteiformes – Сауытты балықтар

2. Отр.үст: Teleostei – сүйекті балықтар.

Отряд: Clupeiformes – Майшабақтәрізділер

Отряд: Албырттәрізділер – Salmaniformes

Бұл отр.үстінде т.б 40-тан астам отряд бар.

Сәулеқанатты (Қауырсын қанатты) балықтар Сәулеқанатты балықтар (Actinopterygii) класстармағына - көптеген теңіз, тұщы су балықтары жатады. Тіршілігінің саналуандығына байланысты сыртқы пішіні де әр түрлі. Бұлар орта девоннан бері белгілі. Тұщы су қоймаларында пайда болуы мүмкін. Ашық суларда мекендеушілер болған және жақсы жүзушілер. Девонда сәулеқанаттылар көпшілік жағдайда ганоидты балықтар болған, бұлар пермь мен триаста гүлденген. Сонан соң олардың саны қысқарып, б.з бар-жоғы 50-ге жуық түрі жеткен. Орта триаста ганоидтылардың орнын сүйекті балықтар (Teleostei) басты, қазір олардың 20-мыңнан астам түрі бар. Сәулеқанатты балықтар кластармағының систематикасы әлі де болса анықталмаған. Кластармағына 10-12 отрядүсті біріктірілетін 35-40 отряд жатады. Топтар арасындағы туыстық қатынастар әлі де толық зерттелмеген.

Ганоидтылардың қазба қалдықтары перьмнен белгілі. Қазбада бас сауыты тұтас сүйектенген. Құйрық қанаты гетероцеркальды немесе гомоцеркальдыға өтпелі. Ал қазіргі ганоидтылар бассүйегі шеміршекті күйінде қалған, немесе онда көптеген сүйектер дамиды. Көпшілігінде бүріккіш сақталған. Жүрегінде артериальды конус бар. Ішегінде спиральды клапан сақталған. Торсылдақ дамиды. Мезозой эрасында шарықтау шегіне жетті. Бордан бастап топтары жойыла бастады.

Шеміршекті ганоидтыларға бекіретәрізділер отрядын мысалға жатқызамыз. Денесі жалаңаш не ұзына бойы бірнеше қатар шытырамен жабылған (ганоидты қабыршақ рудименті). Тұмсығы ұзарған, ауызы төменгі, жарты ай сияқты көлденен саңылау. Құйрығы - гетероцеркальды. Үстіңгі қалақ түбі ганоидты қабыршақпен қапталған. Тірек қаңқасының негізін серпімді хорда құрайды. Омыртқа денесі жоқ, бірақ астыңғы және үстіңгі шеміршекті доғалары дамиды. Ми сауыты - шеміршекті. Шағылысу мүшесі жоқ. Ұрықтануы сырттай.

Сүйекті ганоидтылар тобы: амиятәрізділер мен сауытты балықтар бірігеді. Кезінде кең тараған бұл балықтардың қазірде бірнеше түрі ғана сақталған. Амиятәрізділерден мысал келтірер болсақ: Дене құрамында ганоин жоқ, ірі циклоидты қабыршақ жапқан. Құйрық жүзб.қан қысқарған, гетероцеркальды, арқа жүз.қан ұзын. Омыртқа жотасы толық сүйектенген. Бірақ асқорыту жолында спиральды клапанның жұрнағы, артериалды конус рудиментті түрде қалған.

19.Майшабақтартәрізділер, албырттәрізділер, шортантәрізділер отрядының сипаттамасы, олардың таралуы, практикалық маңызы бар негізгі өкілдері.

Майшабақтәрізділер (Clupeіformes) — сүйекті балықтар класының нағыз сүйекті балықтар тобының отряды. Қазба қалдықтары жоғарғы юра кезеңінен белгілі. Құрылысы қарапайым, морфологиясы мен биологиясы әр түрлі. Майшабақтәрізділердің денесінің екі бүйірі қысыңқы, оған циклоидты қабыршықтары бос бекігендіктен оңай алынады. Бүйір сызығы жоқ, бірақ желбезек қақпақшасында сейсмосенсорлы өзекшелері жақсы жетілген. Құрсақ жүзбе қанаттары кеуде жүзбе қанаттарынан әлдеқайда кейін орналасқан. Жүзбе қанаттарында тікенек талшықтар болмайды. Желбезек жарғақтары тамағына бекімеген — жаға тәрізді. Жақ сүйектерінде тістері болады. Майшабақтәрізділердің ішінде теңізде, тұщы суда тіршілік ететіндері және өрістегіш түрлері де кездеседі.Олар топтанып жүретін пелагик. балықтар; 300-дей түрі бар. Майшабақтар мен анчоустардың көпшілік түрінің дүние жүзінде кәсіптік маңызы зор. Бірақ жыл сайын, әр түрлі себептерден (тіршілік жағдайының өзгеруі, әсіресе, өткінші түрлер үшін, шамадан тыс артық аулау, т.б.), олардың саны бірте-бірте азаюда. Қазақстан суларында майшабақтар тұқымдасының 11 түр мен түр тармақтары тіршілік етеді. Бұлардың 10-ы Каспийде тіршілік ететін жергілікті балықтар, ал Балтық майшабағы (салака) Аралға жерсіндірілген. 1980 жылға дейін Каспий майшабақтарының кәсіптік маңызы үлкен болатын, қазіргі уақытта негізінен килькалар мен тюлькалар ауланады. Еділ майшабағы өте сирек кездеседі.

Албырттәрізділер(Salmoniformes)- сүйекті балықтардың бір отряды.Солтүстік Мұзды мұхита, Атлант және Тынық мұхиттардың солтүстік жағындағы суларда тіршілік ететін 3 туысы, 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда Ертіс өзенінде мекендейтін 1 туысы, 1 түрі (таймен) бар. Ақсахалардың денесінің ұзындығы 8 – 150 см, салмағы түріне қарай 4 г-нан 40 кг-ға дейін (нельма) жетеді. Қабыршақтары ірі. Аузы үлкен емес, жағы тіссіз. Ұсақ уылдырықтарын күзде шашады. Негізінен планктондар, бентостармен және ұсақ балықтармен қоректенеді. Ақсахалар еті дәмді, сондықтан кәсіптік маңызы жоғары балықтар, көп ауланады.

Шортантәрізділер(Esociformes)-торсылдағы ішекпен байланысқан.Қабыршағы циклоидты.Төрт тұқымдасы бар:Paleoesocidae,Umbridae,Esocidae,Daliidae.

Олардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар түрлері — лобан, немесе кәдімгі кефаль (Мugіl серһаlиs) және сингиль (М. аигаtиз). Кефальдар топтанып жүріп, өріс аударатын балықтар. Кефальдардың үлкен топтары қорек іздеп теңіз қолтықтарына, тұзы аз көлдерге және өзен сағаларына барады. Кейінгі кезде кефаль балығы Каспий теңізіне жерсіндірілді.

Бұл отрядқа өздеріне тән ерекшеліктері бар — ползун немесе анабас (АпаЬаз sсапdіепs) балығы жатады. Бұл балықтардың бір ерекшелігі, тіршілік еткен суында оттегі жеткіліксіз болған кезде екінші суға бара алады, тіпті олар өрмелеп ағаш бұтағына шығып, жармасып отырады. Бұлар Индия, Бирма суларында, Зонд және Филиппин аралдарында тіршілік етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]