Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.

Құстар- құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада қшып тіршілік етуге беімделген. Анатомиялық құрылысы жағынан құстар өздерінің тікелей тегі бауырымен жорғалаушыларға жақын, олар кесірткетәрізділер тобына бірігеді. Құстардың бауырымен жорғалаушылардан бөлініп шығуы, шамамен 190 – 170 млн. Жыл бұрын тирастың аяғында юраның басында басында жүзеге асуы мүмкін. Құстар мезой эрасында басым болған диапсидты бауырымен жорғалаушылар архозаврлардан бөлінген. Шығу тегі төртаяқты және кесіртке сияқты болғанмен, құстар терең физиологиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, ол барлық органдар жүйесіне қатысты. Тыныс алу, қан айналу мен асқортудың қарқындылығы, сол сияқты ми бөлімдерінің біршама жетілуі зат алмасу деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді, осылармен қатар жылу өткізбейтін жабынның дамуы гомойотермиялыққа алып келеді. Жұмыртқаны шайқау және балапандардың ересектерінің қоректендіру құстардың эмбриональдық және постэмбриональдық өлім жітімге ұшырауын төмендетті. Осылардың бәрі құстардың кең таралуына және барлық құрлық биотоптарында мекендеуіне көмектеседі.

14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.

Сүтқоректілер-омыртқалы жануарлардың жоғарғы класы.Жоғары дәрежеде ұйымдасуы бұл жануарлардың жер шарына кең таралуына және әртүрлі ортада мекендеуіне мүмкіндік берді.Бұлардың арасында құрлықта,топырақ арасында,ағашта тіршілік ететін,ұшатын жіне сулы ортаны меңгерген формалары кездеседі.Әдетте сүтқоректілердің тұлғасы ұзарған,ол төрт аяқты болады,мойны,басы және құйрығы анық байқалады.Тіршілік ету ортасына байланысты пішініде өзгеріп отырады.Сүтқоректілердің дене мөлшері мен салмағы 3,5 см және 1,5г-н 33м және 150тн-ға дейін өзгереді.Дене температурасы тұрақты және жоғары –орташа 39-тай.Эритроциттері ядросыз,ол оттегінің сыйымдылығын арттырады.Бүйрегі метанефридиялық.Сүтқоректілердің прогрессивті дамуы олардың тірі тууымен,ұрықтың плацента арқылы қореқтенуі,ал туылған соң ұрпақтары арнайы сүт бездерімен бөлінетін сүтпен қоректенуі арқылы білінеді.Сүтқоректілер қарапайым Аңтісті рептилиялардан тираста,бұдан 200млн. жыл пайда болды,ал олардың тегі басқа амниоталар арасынан карбонда бөліне бастады.Майда суық қанды,қабыршақты рептилиялардың жылықанды,түкпен жабылған сүтқоректілерге өтуі150млн. жылға созылды.Сүтқоректілер соңғы 65млн. жылда құрлық омыртқалыларының басым тобына айналды.

15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.

Алғашқы аңдар, немесе біртесіктілер - сүтқоректілердің ішіндегі ең қарапайымы. Олардың қарапайымдылығы рептилияларға жақындатады: клоаканың болуы, қабыршақты жамылғының рудимент күйінде сақталуы, басқаңқасында маңдайалды және маңдайарты сүйектерінің, иық белдеуінде бұғанааралық және прокоракоидтың болуы, аяқтарының тұлғаның екі жағында орналасуы. Сол сияқты оларға жыныс жолдарының рептилиялық құрылысының тән болуы, жұмыртқа салу және ұрықта “жұмыртқалық” тістің болуы да тән. Осыған қарамастан олар сүтқоректілерге жатады, яғни тек осы класс жануарларына тән кейбір белгілердің болуы арқылы анықталады. Олар: тері жамылғысы – түк, сүт бездері, астыңғы жақ бір тіс сүйегінен тұрады, ол тікелей қабыршақты сүйекпен байланысады, рудимент күйінде болса да гетеродонтты тістердің болуы. Екі шүйде ілмешегі тән және II – V-ші саусақтары үш буынды. Ең ежелгі қалдықтары – триас кезеңінің қабатынан белгілі үшқырлы азу тістері бар майда аңдар – Triconodontia.

Төменгі сатыдағы аңдар инфракласы немесе Қалталылар. Қалталылардың плацентасы нашар дамыған, осыған орай төлдері өте әлсіз болып туады, өйткені жыныс жолында дамуы қысқа. Қалтасы және қалта сүйектері болады. Қынабы жұп. Қалталылар отряды Америка, Австралия және оған жақын жатқан аралдарда мекендейтін 2 отрядтармағы, 9 тұқымдас пен 200-ге жуық түр жатады. Дене тұрқы 4см-ден 160см-ге дейін ауытқып тұрады. Дене температурасы 34-36*. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ немесе қылтықтәрізді. Тұмсығында және аяғында жақсы дамыған вибристері болады. Теріде тер және май бездері бар. Тістері гетеродонтты. Қаңқасында қалта сүйектері болады, олар жамбас сүйектердің шат буынынан шығады және құрсақ қуысының қабырғасында орналасады. Қалта алға, артқа немесе бүйіріне ашылуы мүмкін. Қантасымалдау жүйесінде Кювье өзектері болады. Сүт бездері түтікшелі мерокринді. Емшектері денесінің екі бүйірінде орналасады және қалтаға ашылады, олардың саны 2-ден 27-ге жетеді. Шағылысу мүшесінің басы екі айрық. Тұқым бездері ұмада орналасады. Ұрпағының жатырда дамуы 8-42 күн.

Тип: Сhordata - Хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata – Омыртқалылар

Класс: Mammalia – Сүтқоректілер

Кластармағы: Theria – Аңдар

Инфракласс: Metatheria – Қалталылар

Отряд: Marsupiala – Қалталылар

Ортядтармағы: Polyprotodontia - Көп күректістілер

Туыс: Didelphis marsupialis – Солтүстік оппосумы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]