- •2.Жартылайхордалылар мен Личинкалардың систематикасы ұйымдасу ерекшеліктері,тіршілік циклдері:
- •4.Дөңгелек ауыздылар, олардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, систематикасы және шығу тегі.
- •5) Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары.
- •6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii
- •7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.Ұйымдасуының
- •8.Ескекқанаттылардың сипаттамасы: ұйымдасу ерекшеліктері, олардың шығу- тегі және эвалюциясы.
- •10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.
- •11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
- •12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.
- •13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.
- •14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.
- •15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.
- •16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.
- •17.Саусаққанаттылар және қостынысты балықтар ұйымдасу ерекшеліктері систематикасы,қазіргі кездегі қостынысты балықтардың таралуы
- •20) Тұқытәрізділер, саргантәрізділер, жайынтәрізділер ж/е трескатәрізділер отрядынын сипаттамасы олардын таралуы практикалык манызы бар негізгі өкілдері.
- •21 Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.
- •22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және
- •23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.
- •26) Гагартәрізділер, погонкатәрізділер, ескекаяктылар, дегелектәрізділер ж/е қазтәрізділер отрядынын сипаттамалары.
- •27.Сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы.
- •28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
- •29.Насекомқоректілер қолқанаттылар қоянтәрізділер және отрядының сипаттамалары систематикасы таралуы,экологиясы,практикалық маңызы:
- •30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.
- •31.Ланцетниктің ұрықтық дамуының бөлшектену ерекшелігін, бластуланың қалыптасуын және гаструляция процесін көрсетіңіз.
- •33.Эктодерма, энтодерма және мезодерма туындыларын ата
- •35) Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз.
- •37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.
- •39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.
- •41.Сүйекті балықтардың бассүйегінің шүйде, төбе, астыңғы және бүйір бөлімдеріндегі сүйектерді атап беріңіз. Хондральды және жабынды сүйектердің туындыларын белгілеп беріңіз.
- •42.Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектерді атап беріңіз.
- •43.Балықтар амфибиялар,рептилиялар,құстар және сүтқоректілердің омыртқа типтерін атап беріңіз,олардың ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз:
- •44. Шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтардың кеуде және құрсақ қанаттарының қаңқасын,иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз:
- •45. Қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ-қолдарының қаңқасын, иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •46.Висцеральды қаңқаның қай сүйектері үзеңгі, төс және балға сүйегінің гомологы болатынын көрсетіңіз. Бұлар қай омыртқалылардың топтарына тән.
- •49) Тынысалу жуйесінін курделенуін корсетініз: қосмекенділер, рептилиялар, қустар, суткоректілер.
- •50) Бақанын артериальды ж/е венозды қанайналу сызбанускасын корсетіп берініз.
- •53. Шеміршекті және сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйесінің құрылысы.
- •54. Теңіз және тұщы су балықтарының су-тұз алмасу ерекшеліктері.
- •55.Анамиялар мен амниоталардың зәр шығару және жыныс жүйесінің байланысын көрсетіңіз.
- •56.Шеміршекті және сүйекті балықтардың миының құрылысы ерекшелігін көрсетіңіз, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.
Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі– мезозой.Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлартараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты. Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың,мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған. Дүние жүзінде 8000-нан астам түрі кездеседі. Қазақстанда 2 отряды (тасбақалар, қабыршақтылар), 2 отряд тармағы (кесірткелер,жыландар),13тұқымдасы (тұщы су тасбақасы, құрлық тасбақасы, геккондар, ешкіемер, келес, ұршықсап, сцинктер, кесірткелер,соқыр жыландар, су жыландар, құм айдаһары, сұр жыландар, қалқан тұмсықтылар), 24 туысы, 51 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы бірнеше см-ден 10 м-ге дейін болады. Терісі әдетте безсіз, мүйіз қабыршақпен не қалқандармен жабылған, бұл олардың денесін құрғап кетуден және түрлі зақымнан қорғайды. Қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Бауырымен жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі 2 шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 камералы). Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі. Кейбір кесірткелер (сцинк) мен жыландар тірідей туады. Олардың кейбір түрлері партеногенетик. жолмен (еркегінсіз) көбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (көпшілігінің несеп шығаратын қуығы болады). Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті көбіне күн сәулесі радиациясы мен өзін қоршаған орта температурасына байланысты. Дене температурасы 6 – 8°С-қа төмендегенде олардың қимылы нашарлайды, ал температура 2 – 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Көбінесе шөлді жерлерді мекендейді. Су тасбақалары, қолтырауындар балықтармен, балдырмен, кесірткелер жәндіктермен, құрлық тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді. Өздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын терісінен түрлі бұйымдар жасалады, кейбір елдерде тасбақа еті мен жұмыртқасы тағамға пайдаланылады, жылан уы медицинада қолданылады. Бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т.б.) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Кластармағына дейінгі систематикасы.
1кластармағы Анапсидтер – Anapsida
Сеймуриоморфтар отряды - Seimouriomorpha
Котилозаврлар отряды - Cotylosauria
Тасбақалар отряды - Chelonia, seu Testudines
2 кластармағы Проганозаврлар - Proganosauria
Мезозаврлар отряды - Mesosauria
3 кластармағы Ихтиоптеригиялар -
Ихтиозаврлар отряды - Ichthyoptergia
4 кластармағы Синаптизаврлар - Synaptosauria
Проторозаврлар отряды - Protorosauria
Зауроптеригиялар отряды - Sauroptergia
5 кластармағы Лепидозаврлар - Lepidosauria
Эозухиялар отряды - Eosuchia
Тұмсықбастылар отряды - Rhynchocephalia
Қабыршақтылар отряды - Squamata
6 кластармағы Архозаврлар - Archosauria
Текодонттар отряды - Thecodontia
Қолтырауындар отряды - Crocodilia
Птерозаврлар отряды - Pterosauria
Кесірткежамбасты динозаврлар отряды - Saurischia
Құсжамбасты динозаврлар отряды - Ornithischia
7 кластармағы Синапсидтер, не Аңтәрізділер - Synapsida, seu Theromorpha
Пеликозаврлар отряды - Pelycosauria
Терапсидтер отряды – Therapsida
