- •2.Жартылайхордалылар мен Личинкалардың систематикасы ұйымдасу ерекшеліктері,тіршілік циклдері:
- •4.Дөңгелек ауыздылар, олардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, систематикасы және шығу тегі.
- •5) Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары.
- •6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii
- •7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.Ұйымдасуының
- •8.Ескекқанаттылардың сипаттамасы: ұйымдасу ерекшеліктері, олардың шығу- тегі және эвалюциясы.
- •10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.
- •11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
- •12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.
- •13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.
- •14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.
- •15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.
- •16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.
- •17.Саусаққанаттылар және қостынысты балықтар ұйымдасу ерекшеліктері систематикасы,қазіргі кездегі қостынысты балықтардың таралуы
- •20) Тұқытәрізділер, саргантәрізділер, жайынтәрізділер ж/е трескатәрізділер отрядынын сипаттамасы олардын таралуы практикалык манызы бар негізгі өкілдері.
- •21 Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.
- •22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және
- •23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.
- •26) Гагартәрізділер, погонкатәрізділер, ескекаяктылар, дегелектәрізділер ж/е қазтәрізділер отрядынын сипаттамалары.
- •27.Сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы.
- •28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
- •29.Насекомқоректілер қолқанаттылар қоянтәрізділер және отрядының сипаттамалары систематикасы таралуы,экологиясы,практикалық маңызы:
- •30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.
- •31.Ланцетниктің ұрықтық дамуының бөлшектену ерекшелігін, бластуланың қалыптасуын және гаструляция процесін көрсетіңіз.
- •33.Эктодерма, энтодерма және мезодерма туындыларын ата
- •35) Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз.
- •37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.
- •39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.
- •41.Сүйекті балықтардың бассүйегінің шүйде, төбе, астыңғы және бүйір бөлімдеріндегі сүйектерді атап беріңіз. Хондральды және жабынды сүйектердің туындыларын белгілеп беріңіз.
- •42.Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектерді атап беріңіз.
- •43.Балықтар амфибиялар,рептилиялар,құстар және сүтқоректілердің омыртқа типтерін атап беріңіз,олардың ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз:
- •44. Шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтардың кеуде және құрсақ қанаттарының қаңқасын,иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз:
- •45. Қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ-қолдарының қаңқасын, иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •46.Висцеральды қаңқаның қай сүйектері үзеңгі, төс және балға сүйегінің гомологы болатынын көрсетіңіз. Бұлар қай омыртқалылардың топтарына тән.
- •49) Тынысалу жуйесінін курделенуін корсетініз: қосмекенділер, рептилиялар, қустар, суткоректілер.
- •50) Бақанын артериальды ж/е венозды қанайналу сызбанускасын корсетіп берініз.
- •53. Шеміршекті және сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйесінің құрылысы.
- •54. Теңіз және тұщы су балықтарының су-тұз алмасу ерекшеліктері.
- •55.Анамиялар мен амниоталардың зәр шығару және жыныс жүйесінің байланысын көрсетіңіз.
- •56.Шеміршекті және сүйекті балықтардың миының құрылысы ерекшелігін көрсетіңіз, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.
Жақтылар таксономиялық жағынан бір-біріне жақын келмейтін 2 топқа жіктеледі. 1 топ - Anamnia (Анамниялар, Қағанақсыздар немесе Су жануарлары). Бұларға шеміршекті, сүйекті балықтар және қосмекенділер жатады. Қосмекенділер құрлыққа шыққанмен сулы ортамен байланысын үзбеген. 2 топ - Amniota (Амниоталар - Қағанақтылар немесе Алғашқы құрлық жануарлары). Бұларға Reptilia, Aves және Mammalia жатады.
Анамниялар мен Амниоталардың бір-бірінен айырмашылығы: а)жұмыртқасының құрлысында; ә) эмбриональдық дамуының сипатында; б) ересектерінің құрылысының көптеген ерекшеліктерінен көрінеді.
а) Анамниялардың жұмыртқасы іркілдек қабықпен қапталған, ол сулы ортада оның формасын сақтайды. Сары уызы аздау, ұрықтық дамуы үшін қажетті су сыртқы ортадан жұмыртқа қабығының қабілетіне қарай енеді. Амниоталардың жұмыртқасы бірнеше қабат қабықтарымен қапталған, формасын сақтап тұрады. Сары уызы мол - дамуы үшін керекті заттар (тірек және энергетикалық) жеткілікті. Ақ уыз үлкен, дамуы үшін су мұнда жеткілікті.
ә) Анамнияларда жұмыртқа клеткасы толықтай бөлшектенеді, пайда болған личинка жұмыртқа қабығын жарып, суға түсіп, желбезектермен тыныс алады. Амниоталардың жұмыртқа клеткасы сары уыздың ішінде жатады. Осыған орай бөлшектену тек анимальды полюсте жүріп, сарыуызда қалқып тұратын бірқабатты ұрық дискісі түзіледі. Ол ары қарай дамып, ұрықтық үш жапырақша: эктодерма, мезодерма және эндодерма түзейді, одан сомиттер пайда болып, органдар жүйесінің бастамасы қалыптасады. Сыртқы ұрықтық қабық - сероза, ішкі ұрықтық қабық - амнион п.б. Личинкалық стадия болмайды. б) Ересек анамниялар мен амниоталарда ерекшеліктер көп. 1 - тері жабындысы анамнияларда су және газ өту үшін тері бездері бөліп шығаратын сілемейлермен жабылған. Қабыршақтар, жабынды сүйектер - терінің дәнекер ұлпасынан пайда болады. Амниоталарда тері бездері аз (сүтқоректілерден басқаларында), эпидермистің үстінгі қабаты мүйізденген. Қабыршақ, тұяқ-тырнақтар, қауырсын, түк-эпидермис туындылары; 2 - тірек - бұлшықет жүйесі Амниоталарда толықтай сүйектенген, әрі жіктелген; 3 - асқорыту жүйесі - амниоталарда жақсы жіктелген; 4 - тыныс алу - анамнияларда желбезек, тері, өкпе; амниоталарда - өкпе; 5 - қантасымалдау жүйесі - амниоталарда кіші және үлкен қанайналу шеңбері жақсы жетілген, жүректе қан шамалы араласады, немесе мүлдем араласпайды; 6 - нерв жүйесі - ми амниоталарда жақсы жіктелген және күрделенген; 7 - зәр-жыныс жүйесі - анамнияларда болатын мезанефрос бүйрек амниоталардың ұрығында ғана жұмыс атқарады, негізінен метанефрос бүйрек.
11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
Бауырмен жорғалаушылар класы – Reptilia, алғашқы құрлық омыртқалылары.Жер бетінде тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бауырмен жорғалаушылардың қосмекенді тектерінен бөлінуі орта карбонда (320млн.жыл) жүрген болуы керек. Бұл кезде қарапайым эмболомерлі стегоцефалдар-антракозавлардан(Anthracosauria) Diploverteban сияқтылардан , әліде болса тіршілігі суқоймалары және жағалаумаңы биотоптарымен байланысты болған, майда су және құрық омыртқасыздарымен қоректенетін формалар бөлініп шықты. Бұлар алғашқы карбонда пайда болған, қарапайымды батрахозаврлардан бөлініп шыққан. Соңғы карбон мен пермьде кең тараған өйткені бұл кезеңдердегі қарқынды тау пайда болу процестері жүрді, осыған орай жер бедерінің тілімделуі және құрғақ биотоптардың аудандары артты. Мезозойда рептилиялар шарықтау шегіне жетті. Бор кезеңінің соңында рептилиялардың көптеген отрядтары жойылып кетті. . Бұлар өте қозғалмалы және олардың миы ататектерімен салыстырғанда біршама үлкен болды. Олардың терісі мүйіздене басталуы мүмкін.
