Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

8.Ескекқанаттылардың сипаттамасы: ұйымдасу ерекшеліктері, олардың шығу- тегі және эвалюциясы.

Қалаққанатты балықтар ежелгі саркоптеригиялардың қазба қалдықтары төменгі девонның тұщы су және теңіз қабаттарынан белгілі. Сол кездің өзінде ақ олар екі бағытта мамандана бастады: біреулері конустәрізділер тістері бар жыртқыштар, ал екіншілері үгіткіш тіс тақтайшалары бар моллюскажегіштер. Бірінші бағыттың өкілдері Саусақтты балықтар (Crossopterygimorpha) отрядүстіне, екіншілері Қостынысты балықтар (Dipneustomorpha) отрядүстіне бірігеді. Саусаққанатты балықтар отрядүстіне Crossopterygimorpha – ежелгі және басым көпшілігі жойылып кеткен балықтар тобы. Алғашқа рет төменгі девонның тұщы су қабатында пайда болған. Девон мен карбонда кең тараған. Мезойда саны қасқарған. Ми сауыты иіс сезу және ми бөлімдеріне жіктелген, бір біріне өозғалмалы бекінген. Бассүйегі амфистилиялық, кейбір түрлерінде аутостилияға ауысуы байқалады. Әдетте ішкі танау хоанасы бар. Екінші жақ жақсы жетілген. Омыртқа денесі түрлі деңгейде дамыған. Жұп аяқтары бисеральды архиптеригия типі бойынша құрылған. Қос тынысты балықтар отрядүсті Dipneustomorpha тұщы су балықтары. Алғашқы рет төменгі девонда пайда болған және осы заманға дейін сақталған. Бір авторлар қостыныстылар сонау төменгі девонда қарапайым саусаққанаттылардан бөлініп шыққан, өте күшті маманданған бүйір бұтақ деп санайды. Екіншілері бұлардың тегі саусаққанатты балықтармен бір және олардың өте күшті өзгерген бір бұтағы деп есептейді. Қазба түрлері кең тараған топ. Қазіргі кезде Оңтүстік Америка, Африка мен Австралияның тропикалық су қоймаларында кездеседі.

9.Қосмекенділердің шығу-тегі және эволюциясы. Қосмекенділердің ұйымдасуының ерекшеліктері.

Амфибилер-суда тіршілік ететін балықтармен құрлықта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады.Оларды құрлықтада,судада тіршілік етуіне байланысты қосмекенділер деп атайды Қосмекенділер алғашқы рет біздің планетамызда девоның аяғында пайда болды.Олардың алуан түрлілігі палеозой эрасының таскөмір және пермь кезеңдерінде шарықтау шегіне жетті.Қосмекнділердің эволюциялық дамуы 300 млн.жылға созылды.Қосмекнділер-тіршілігі сулы ортамен байланысты,бірақ алғашқы құрлыққа шыққан омыртқалылар.Уылдырығының қатты қабығы болмағандықтан ол тек суда ғана дамиды.Дернәсілдері сулы ортада тіршілік етеді,сонда өзгеріске ұшрап,түрленіп құрлықта тіршілік ететін ересектерге айналады.Осыған сайкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып,қан айналу системасының түрі өзгеріп,бес саусақты аяқ пайда болып,сезім органдарында көптеген өзгерістер болады.Ересек формаларының құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі нашар.Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу қызметін атқарады.Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді.Осы кезде тіршілік ететін қосмекенділердің 2600-2800 жуық түрі бар. Басқа омыртқалыларға қарағанда,қосмекнділер аз таралған.Көптеген түрлері температурасы тұрақты,өте дымқыл тропикте тіршілік етеді.Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз,ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды.Бұлар басқа шөлді оьлыстармен биік таулы елдерде қосмекенділер аз кездеседі,немесе мүлдем кездеспейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]