Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii

Тақта желбезектілердің басы ұзарған тұмсықпен аяқталады, ал тұлғаның арты бірте – бірте жіңішкеріп құйрыққа айналады, ол алға қарай қозғалу қызметін атқарады басты орган болып табылады. Құйрық қанаты гетероцеркальды типті. Горизанталь орналасқан жұп кеуде және құрсақ жүзбе қанаттары, сонымен қатар тақ арқа және аналь қанаттары болады. Аталықтарында құрсақ жүзбе қанатының ұзарған базальды элементі шағылысу мүшесі птеригоподияның – қызметін атқарады. Клоакасы болады. Басының екі жағында желбезек саңылаулары бар, олардың саны – 5, бірақ аздаған кейбір түрлерінде олар 6-7, желбезек қақпағы болмайды. Үлкен көзінің артында бір-бірден бүріккіш орналасқан, олар не ауыз қуысымен немесе жұтқыншақпен байланысты. Терісі плакойдты қабыршақпен қапталған, бастың екі жағында және тұлғасын бойлай бүйір сызығы созылып жатыр. Қаңқасы шеміршекті, бірақ известелінген. Омыртқалары амфицельді, бассүйек гиостилиялық. Алғашқы жақтарында тістері орналасады. Желбезек күлтелерінің формасы тақтай тәрізді (атауы соған байланысты) және жақтарында ұзына бойы орналасқан. Ішегі қысқа, спиральды қатпары бар,торсылдақ еш уақытта болмайды. Ұрықтануы іштей. Көбеюі жұмыртқа салу, тірі жұмыртқа туу және тірі туу арқылы жүзеге асады.Тұтасбастылар немесе Бүтінбастылар кластармағы – Holocephali шыққан тегі акула тектестер. Жүрегінде үш қатар клапандармен жабдықталған арериальды конус болады, ішегінде спиральды клапан орналасқан, етті еріндері ерін шеміршектерімен, ал жүзбе қанаттарының сыртқы қалақтары эластотрихиялармен ұсталып тұрады, аталықтарында жұп шағылысу мүшесі(птеригоподиялар) дамиды, аналықтары мүйізді қапшықпен қапталған ірі жұмыртқалар салады. Қабыршақтары – плакойдты, ішкі қаңқа – шеміршекті. Бассүйек – аутостилиялық таңдай-шаршы шеміршек ми сауытымен байланысқан(аталуы соған байланысты), омыртқа денесі болмайды, хорда өмір бойына сақталады.

Тип: Chordata – Хордалылар

Тип тармағы: Vertebrate – Омырткалылар

Класүсті: Pisces – Балықтар

Класс: Chondrichthyes –Шеміршекті балықтар

Кластармағы: Elasmobranchii – Тақтажелбезектілер

Отрядүсті: Selachomorfa –Акулалар

Отряд: Chlamydoselachiformes –Плащты акулалар

Туыс: Chlamydoselachus – Плащты акула

Отрядүсті: Batomorpha - Скаттар

Отряд: Pristiformes - Ара тұмсықты скаттар

Туыс: Pristis pectinatus – Кәдімгі аратұмсық

Кластармағы: Holocephali – Тұтасбастылар немесе Бүтінбастылар

Отряд: Chimaeriformes – Химератәрізділер

Туыс: Chimaera monstrosa – Европа химерасы

7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.Ұйымдасуының

негізігі сипаттары

Шығу тегiнен өте көне бекiрелер тұқымдасына жататын балықтар, өздерiнiң гүлдену шыңына 100-200 млн. жыл бұрын Жер бетiнде әлi динозаврлар жүрген кезде жеттi. Бұл балықтар өздерiнде көне акулалар мен скаттардың және қазiргi сүйектi балықтардың белгiлерiн ұштастырады. Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі). Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұғашортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйектіжелбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғашрет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар. Бүлардың кейбір отрядтарының қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Сондықтан шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері байқалады. Мысалы, тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанат қалаларының тең болмауы. Олардың сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады. Бұл балықтар бекіретәріздестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде осындай ірі мүйізді шытыралар болмайды. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады. Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы - бекіре» деп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін ЕділЖайық өзендеріне көтеріліп өрістейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]