Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

56.Шеміршекті және сүйекті балықтардың миының құрылысы ерекшелігін көрсетіңіз, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Шеміршекті балықтардың нейрокраниумы не ми сауыты миды тұтастай қоршап жатады. Ол иіс сезу капсуласы, көз шарасы және есту капсуласы деп аталатын бөлімдерге жіктелген. Ми сауытының типі платибазальды, яғни мидың алдыңғы бөлімдері көз шарасының алдына қарай орналасқан, түбі жалпақ. Көптеген басқа омыртқалыларда ми сауытвының типі тропибазальды, яғни түбі жіңішке, ми көз шарасының артына қарай орналасқан.. Спланхнокраниум элементтері ми сауытымен 3 түрлі жолмен байланысады. Олар: амфистилия, гиостилия және аутостилия. Ал сүйекті балықтардың миының құрылысы келсек, ми сауытының типі протибазальды жәнге тропибазальды. Байланысы гиостилиялық және аутостилиялық. Омыртқа жотасы шеміршектілерге ұқсас, жеке омыртқалардан тұрады, омыртқасы қосойысты, яғни амфицельді. Шеміршекті балықтардың сүйекті балықтардан ерекшелігі. Спланхнокраниум немесе бассүйектің висцеральды бөлімі 3 доғадан жақ доғасы, тіл асты доғасы және желбезек доғасынан тұрады. Жақ доғасы үстіңгі жақтан және астыңғы жақтан түзілген. Үстіңгі жақ бір ғана шеміршек таңдай шаршы шеміршекте, ал астыңғы жақ бір ғана шеміршектен Меккель шеміршегінен тұрады. Тіл асты доғасы 3 элементтен үстіңгі жұп гиомандибуляре, жұп гиоид және соңғысын байланыстыратын тақ капсуладан тұрады.

57.Құстар мен сүтқоректілердің миының құрылыс ерекшелігін және олардың айырмашылықтарын көрсет.Құстардың орталық нерв системас біршама күрделі.Миы үлкен,әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айрықша үлкен.Бірақ рептилилердікі сияқты алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Ми сыңарларының үстіңгі бөлімі сүтқоректілердікіне қарағанда нашар дамыған,ол негізінде бірінші реттегі даму дәрежесінде болған алғашқы күмбез деп аталатын түрінде сагқталған.Бас миыныңң көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен,керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады.Аралық миы мен эпифизі нашар дамыған,гипофиздің жігі жақсы көрініп тұрады.Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан.Мишық үстінгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де ,арт жағынан сопақша миды бүркеп жауып жатады.Мишықтың ортаңғы бқлімі негізінен құртша деп аталатын,көлденең орналасқан сайлары бар түбір бөлімнен тұрады.Сүтқоректілердің миы басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болып келеді.Ол мишықпен алдыңғы ми сыңарларының көлемді болуына байланысты.Алдыңғы мидың дамуы негізіне оның қақпағының-ми күмбезінің өсуімен байланысты.Пайда болған ми күмбезі екінші реттегі күмбез немесе неопаллиум деп аталады.Ол нерв клеткалары мен талшықтарынан тұрады.Сүтқоректілерде ми қыртысының жақсы жетілуіне байланысты,оның сұр заты ақ затының үстіне орналасқан.Ми қыртысында жоғарғы нерв әрекетінің орталықтары болады.Сүтқоректілердің мінез құлығының күрделі болуы,әр түрлі сыртқы әсерлерге беретін күрделі жауаптары алдыңғы ми сыңарларының қыртысының прогессивті дамуына байланысты.Екі ми сыңарлары сүйелді дене деп аталатын ақ нерв талшықтарының комиссураларымен байланысқан.Аралық ми үстіңгі жағынан көрінбейді.Эпифизбен гипофизі үлкен болмайды.Жануарлардың қозғалысының күрделі болуына сәйкес мишығы үлкен,әрі бірнеше бөліктерге бөлінген. 58.Омыртқалылардың онто- және филогенездегі бүйректердің үш типін атаңыз.Оларды бір-бірінен айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Хордалылар арасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады: бастама бүйрек (пронефрос), дене бүйрегі (мезонефрос), соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос). 59 - 60) Омыртқалылар қатарындағылардың асқорыту жолдарының бөлімдерін көрсетіңіз. Омыртқалылардың қоректену сипатына байланысты, асқорыту бөлімінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Омыртқалылардың ішіндегі балықтардың асқорыту жүйесі – жақ, ауыз қуысы, онда орналасқан тіл, жұтқыншақ, өңеш, V-тәрізді қарын және ішектерден тұрады. Ішек 3 бөлімге бөлінеді: қысқа ащы ішек, тоғы ішек және тік ішек. Тоғы ішектің ішінде 12-13 орамды спиральды клапан болады, ал тік ішектің үстінде ректальды без жатады, оның қызметі организмдегі тұз консентрациясын реттеу және көбею алдында иіс шығару. Тік ішек клоакамен аяқталады. Асқорыту жүйесіне 3 қалақты бауыр және ішектің бүгілген жерінде орналасқан ұйқы безң де жатады.

Қосмекенділердің асқорыту жүйесі – ауыз тесігі көлемді ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылады. Ауыз қуысында тіл орналасқан. Әр түрдің тілінің пішіні түрліше болады. Тілімен ұсақ жәндіктерді ұстап, қоректенеді. Қысқа өңеш қарынмен жалғасқан. Қарыннан қысқа 12 елі ішек басталады. Оған өт жолы мен ұйқы безінің жолы ашылады. 12-елі ішек ащы және тоғы ішектерге, ал тоғы ішек жуандаған тік ішекке жалғасып, клоакамен аяқталады.

Бауырымен жорғалаушылардың асқорыту жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде шөпқоректілерде, етқоректілерде және қорек талғамайтын түрлері де кездеседі. Қорегін өткір тістермен қаруланған жақтарының көмегімен ұстайды. Тістері жақ және таңдай сүйектерінде өседі, бір типті, кейбір түрлерінде, мысалы, жыландарда маманданған ірі улы тістері болады. Ауыз қуысына сілекей бездері ашылады, олар қорегін ылғалдап, жұтуын жеңілдетеді. Ауыз қуысының түбінде біршама алға қарай шығатын етті тіілі орналасқан. Кесірткелер мен жыландарда оның ұшы айыр және сезу мүшесі қызметін атқарады. Көпшілігінде жалпақ. Өңеш жақсы жетілген, ол қарынмен жалғасады. Одан 12 елі, ащы, тоғы ішектер, тік ішек клоакаға ашылады. Ащы және тоғы ішектердің арасында өте кішкентай бүйен орналасқан. Ол өсімдікпен қоректенетіндерде жақсы жетілген. Бауырда үлкен өт қапшығы, ішектің бірінші шумағында ұйқы безі орналасқан. Бұлар 12-елі ішекке ашылады. Бауырымен жорғалаушылар аштыққа шыдамды. Мысалы, кейбір жыландар мен тасбақалар қолда ұстағанда 1-2 жыл, кесірткелер бірнеше ондаған аптаға шыдайды.

Құстардың асқорыту жүйесі – құстардың мүйізді тұмсықтары қорегін ұстау қызметін атқарады. Ауыз қуысы жұтқыншақ, ол өңешпен байланысқан. Өңештің кеңейген жері жемсау д.а, онда қорек заты уақытша сақталады және ісінеді. Өңеш безді қарынмен, онда қорек заттары сөлдің әсерінен қорытыла бастайды. Безді қарын етті қарынмен жалғасқан. Оның қабырғалары қалың бұлшықетті, ішкі тығыз мүйізді қабықпен қапталған. Онда гастролиттер д.а шыны, қиыршық тастар және т.б болады. Етті қарын тістің қызметін атқарады. Мұнда түскен қорек заттар майдаланады. Етті қарыннан қорек ұзын ащы ішекке, одан қысқа тоғы ішекке, ол тік ішек арқылы клоакаға ашылады. Ащы ішек пен тоғы ішектің арасында соқыр ішектің екі тұйық өсіндісі болады. Клоаканың арқа жағында Фабриций қапшығы орналасқан. Ол балапандарда жақсы жетіліп, есиген сайын бірте-бірте редукцияға ұшырайды. Қапшық лимфатикалық клеткалар түзетін орган деп саналады. Астың қорытылуына өт пен ұйқы өнімдері қатысады. Кейбір құстарда өт қапшығы болмайды.

Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі – өте күрделі құрылысты және жеке бөлімдерге айқын бөлінген. Әртүрлі сөлдер бөлетін бездер көп болады. Бұларлың асқорыту жүйесі етті еріннен басталады. Ауыз қуысы жақ сүйектермен қоршалған. Онда тістер орналасқан. Тістері гетеродонтты, жеке ұяларға орналасқан текодонтты тістер. Әрбір тістер белгілі бір қызмет атқарады. Күрек тіс қорегін бөлу, шошақ тіс қорегін өлтіру, азу тістер қорегін ұстап тұру әрі шайнау қызметтерін орындайды. Ауыз қуысының ішінде астыңғы жақтардың арасында етті тіл орналасқан. Ауыз қуысының артында жұтқаншақ орналасқан. Жұтқыншақтың үстіңгі жағынан ішкі танау тесіктері Хаоналар мен Евстрахий түтігі, ал астыңғы бөліміне өңеш тесігі ашылады. Өңештің бұлшықеті тегіс болып келеді, ал күйіс қайтаратындарда ол көлденең салалы. Қарындағы қорек заттарын қайтадан ауыз қуысына әкелуге жәрдем етеді. Ұзын өңеш қарынмен жалғасқан. Қарынның құрылысы түрлі сүтқоректілерде түрліше. Жыртқыштарда, кеміргіштерде, қояндарда ғана бір ғана бөлімнен тұрады. Күйіс қайтаратындарда 4 бөлімнен тұрады: 1-үлекн не таз қарын, 2-жұмыршақ, 3-қатпаршақ не жалбыршақ, 4-ұлтабар не безді қарын. Соңғысы нағыз қарын бөлімі, ал қалғандары қарын алды бөлімдері деп саналады. Күйіс қайтаратындар қорегін жұта береді. Қорек үлкен қарында сілекей және бактериялардың әсерінен ашып қарынның перистальтикалық қозғалысы арқылы жұмыршаққа түседі, одан өңештің бұлшықетінің кері қозғалуы нәтижесінде ауыз қуысына қайта түседі, сілекейге шаланып үгітіліп, жаншылып, өңештің жалбыршақпен байланысатын саңылауы арқылы жалбыршаққа, одан ұлтабарға барады. Ащы ішек тоғы ішекпен жалғасқан. Ал етпен қоректенетіндерде ол рудимент күйінде ғана қалған. Тоқ ішек қысқа тік ішекпен аналь немесе артқы тесікпен жалғасқан. Бауыр көкеттің астында орналасқан. Онда өт қапшығы болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]