Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

54. Теңіз және тұщы су балықтарының су-тұз алмасу ерекшеліктері.

Тұщы су балықтарының бүйрегіне тән нәрсе бүйрек өзекшелерінің жақсы дамыған, ірі мальпиги шумағы бар, боумен капсулдері. Ал, теңіз балықтарының шумағы шағын, олардың капиллярлының қабырғасы арқылы өтетін фильтрация нашар, тіптен шамалы түрлердк шумақ іс жүзінде жойылған – бүйректің агломерулярлы типі. Су-тұз алмасу және бүйректің жұмысы ткандардағы осмостық және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті қамтасасыз етеді. Бірақ бұл процесте балықтардың тіршілік ету ортасына сәйкес әртүрлі. Тұщы су балықтарының ткандарындағы осмостық қысым су қысымынан артық, сондықтан су тері арқылы өтеді, организмге шамадан тыс сулану қаупі төнеді. Бірақ тұщы су балықтарының күшті фильтрациялық апараты бар, ол тәулігіне 1кг салмағына 300 мл зәр бөлуге мүмкіндік береді. Зәрді осындай көп бөлгендіктен организм тұзсыздалады, олай болмас үшін балық судағы тұзды желбезегі арқылы қайта сіңіреді. Тұщы су балықтары теңізге өткеенде олардың денесін сусыздану қаупі туады, сондықтан олада су-тұз алмасуын реттейтін жаңа механизм керек болды, онсыз организм өледі еді. Теңіз балықтарынабүйректегі мальпиги шумақтарының аз болуы тән. Бұлардың зәрә аз 1кг салмағына 20 мл дейін. Керісінше бүйрек өзекшелерінің безді клеткаларының және желбезек жапырақшаларының клеткаларының тұзды бөлуін үдейтіні байқалады. Теңіз балықтары тұз балансын қалпына келтіру үшін теңіз суын ішеді 1 кг салмағына 200 мл дейін зәр бөліп, тұздың артығын желбезегі не нәжісі арқылы сыртқа шығарады. Өткінші балықтарға – уылдырық шашу үшін теңізден өзенге және керісінше – тіршілік ортасын ауыстырғанда, су-тұз алмасу механизмін дұрыстап қайта құру тән, себебі бұл процесс бұрынғы қалпына келмейтін жағдайға жетсе, онда ол тұщысудағы және теңіздегі балықтардың өліп кетуіне әкеліп соқтырады. Сүйекті балықтардың су-тұз алмасу икемділігі олардың тұздылығы әртүрлі суларда тіршілік етуіне мүмкіндік береді, ал шеміршекті балықтар туралы олай айтуға болмайды, себебі олар қанында мочевинаны ұстап қалып барлық теңіздерге таралғанмен, тұщы суларды шын мәнінде игере алмайды.

55.Анамиялар мен амниоталардың зәр шығару және жыныс жүйесінің байланысын көрсетіңіз.

Жақтылар таксономиялық жағынан бір бірінен жақын келмейтін 2 топқа жіктеледі. 1 топ – Anamnia (анамниялар, қағанақсыздар немесе су жануарлары). Бұларға шеміршекті, сүйекті балықтар және қосмекенділер жатады. Қосмекенділер құрлыққа шыққанмен сулы ортамен айланысын үзбеген. 2 топ – Amniota (Амниоталар қағанақтылар немесе алғашқы құрлық жануарлары). Бұларға Reptilia, Aves және Mammalia жатады. Балықтардың жыныс жүйесі балықтар дара жыныстылар, тек тас алабұғасы мен теңіз мөңкелерінің арасында тұрақты гермофродитизм құбылысы белгілі. Шеміршекті балықтарға ұқсас: жыныс бездері жұп бірақ тұқым жолдары бірігп жыныс өнімдерін шыртқа жыныс тесігі арқылы шығарады. Аналық жұмыртқа безі жұмыртқа жолы арқылы уылдырығын сыртқа шашады, яғни сүйекті балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанады. Уылдырығы тығыз мүйіз тектес капсуламен қапталған. Іштей ұрықтанатындарда аналь жүзбе қанатының өзгерген учаскесі генетальді емізгіше немесе гоноподиа арқылы аналығының жыныс жолына енгізіледі. Бауырымен жорғалаушылардың ыдырау өнімдерін шығару жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың құрлыққа шығуымен байланысты доңгелек ауыздылар, балықтармен қосмекенділерде болаты мезонефрос не дене бүйректің орнына метонефрос не жамбас бүйрек пайда болған. Қос метонефросты бүйректер жамбас бөлімінің арқа жағында орналасқан. Олардан жеке жеке жұп несеп ағар шығып, клоакның арқа жағына келіп ашылады. Кейбір түрлерінде қуық жақсы жетілсе ал зәр қышқылы басым болатын түрлерінде қуық нашар жетілген. Жыныс бездері дене қуысында, омыртқа жотасының екі жағында жатады. Аталық бездері сопақша келген жұп дене. Олар қосалқы бездер арқылы тұқым жолдарымен байланысқан. Олардың қызметін бүйректің өзекшелері Вольф каналдары атқарады. Тұқым өнімдері клоакаға барып құйылады. Құрлықта тіршілік етуге бейімделгендіктен аталықтарында арнайы шағылысу мүшесі болады. Олар тасбақалар мен крокодилдерде тақ, кесірткелермен жылындарда жұп өсінділер. Аналық жұымыртқа безі жұп түйіршікті сопақша дене. Жұмыртқа долының қызметін Мюллер өзектері атқарады. Ол воронкадан басталады, ұрықтану жұмыртқа жолының жоғарғы бөлімінде жүреді. Оның ортаңғы бөлімінде сарыуыз белоктық қабықпен өапталады. Бұл қабық жыландар мен кесірткелерде нашар, тасбақалар мен қолтырауындарда күшті дамыған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]