Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

53. Шеміршекті және сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйесінің құрылысы.

Шеміршекті балық зәр жүйесі. Жұп мезонефрос бүйрек иық белдеуінң тұсынан бсаталып, омыртқа жотасының бойымен орналасқан., анамнияның аналықтарының дене бүйрегінде вольф каналы жұмыс істейді.Бұл тұрғыдан шеміршекті балықтардың аналықтарының айырмашылығы жоқ, ал аталықтарында жеке зәртүтігі пайда болған. Вольф өзегі екі міндет – жыныс жолының және зәр түтігінің қызметін атқарады. Шемірщекті балықтардың аталықтарында мюллер өзегі редукцияланған. Бүйректер бүйрек өзекшелерінен, өзекшелердің бас бөлімі мальпиги шумақтарынан яғни боумен капсуласы, оның ішінде мальпиги нефростомалардан тұрады. Көбеюі. Шеміршекті б-р даражыныстылар, бірақ жыныстық диморфизмі аз. Аналықтарының гонадалары жұп, бұларда екі зәр-жыныс түтігі бар –вольф, -мюллер өзектері.Жыныс түтігіңің алдыңғы бөлігінде кеңейген жері- қабықты без, бұл жерде жұмыртқа қабықтанады. Жыныс жолының төменгі бөлігін жатыр деп атайды. Жыныс жолдары клоакаға ашылады. Жетілген жұмыртқалар фолликула қабығын жыртып целломға түседі онан жыныс жолының воронкасына барады. Жыныс жолындағы жұмыртқа ұрықтанады. Қабықты безде жұмыртқада қоймалжың ақуыз қабығы, онан кейін мүйізтектес қабығы пайда болады, жұмыртқаның ұштарында ұзындығы әртүрлі өскіндер болады, лоардың қөмегімен жұмыртқалар балдырға бекиді.Сүйекті балықтардың зәр жүйесі жұп мезонефридиялық бүйрек дене қуысының дорсальды қуысында орналасқа

торсылдақтын үстінде жатады. Бүйрек тікелей желбезектер артынан басталады және құрсақ қуысының бойын қуалап жатады, артқы шетімен құйрық бөлімінң алдыңғы бөлігінде енеді.Көптеген түрлерінде оң және сол бүйрек артқы бөлімімен бір-бірімен жалғасады. Жұп несепағарлар, олардың қызметін вольф өзекшелері атқарады. Бүйректен шыққан оң және сол несепағарлар бір-бірімен қосылады және жұқа қабырғалы іші қуыс тақ өзек шығады, олзәр тесігі арқылы сыртқа ашылады. Бүйрек бүйрек артериялары арқылы артериальды қан алады, венозды қан бұл жерге бүйрек қақпа веналары арқылы келеді.

Көбеюі. Аталық және налық жыныс бездер – жұп. Көпшілік түрі – даражыныстылар. Тек тас алабұғасы мен теңіз мөңкесінің араларында гермофродитизм құбылысы белгілі. Сүйекті балықтардың тұқым бездері жалпақ таспа тәрізді, бүйрек астында, торсылдақтың бүйір жақтарында шажырақайға ілініп тұрады. Әрбір тұқым безінің үстіңгі шетін бойлай тұқым жолы жатады. Оң және сол тұқым жолы көбею алдында тақ ортақ қуысқа құйылады, ол сыртқы жыныс тесігі арқылы ашылады. Жыныс тесігі тікелей аналь тесігінің артында жатады. Жныс бездерін шығару өзектері жаңадан пада болған түзіліс, олар өздерінің шығу тегі жағынан мюллер және вольф өзегіменде ешқандай байланысы жоқ. Жныс тесігі толықтай аналь және зәр шығару тесіктерінен бөлінген. Ұрықтануы – сырттай кейбірі түрі ғана іштей – ұрық аналығының жыныс жолына аныль жүзбеқанатының өзгергег учаскесі генитальды емізікше немесе гоноподия арқылы енгізіледі. Балықтар жыныстық жағынан әртүрлі жаста, майда тұқытістілер 2-5 айдан, сазан 2-4 жылдан, ал белуга 9-23 жылда жетіледі. Көптеген түрлері шашқан уылдырығына қамқорлық жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]