Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗООЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.88 Кб
Скачать

38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.

Қосмекенділердің қаңқасы – краниальды (бас сүйектің қаңқасы) және посткраниальды (омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі менартқы аяқтарының қаңқасы) деп бқлінеі. Бассүйектің қаңқасы мен ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды (спланхнокраниум) бөлімінен тұрады. Ми сауыты шүйде, бүйір, қақпақ және астыңғы бөлімдерге бөлінеді. Вицеральды қаңқада жақ доғалары және тіл асты доғасы болады, ересектерінде желбезек доғалары (құрлықта тіршілік ететіндерде) болмайды. Омыртқа жотасы 4 бөлімнен: 1ғана омыртқадан тұратын мойын бөлімінен, 7-300 омыртқадан тұратын кеуде бөлімінен,1 ғана омыртқадан тұратын сегізкөз бөлімінен және құйрықсыздарда бәрнеше омыртқалардың бірігуінен уростиль деп аталатын бір сүйектен құрылған құйрық бөлімінен тұрады, ал құйрықтыларда омыртқа саны әртүрлә болып келеді. Омыртқалары амфицельді (қос ойысты), процельді (алды ойыс, арты дөңес), опистоцельді (алды дөңес, арты ойыс) типті. Иық белдеуі жауырын, бұғана, коракоид және төс сүйектен түзілген. Алдыңғы аяқтары қолдың қары (тоқпан жілік), білектен (кәрі жілік), қол басынан тұрады. Соңғысы білзіктен, алақаннан және саусақтардан құралған. Жамбас белдеуі -3 сүйектен (мықын, шат және шонданай сүйектердің бірігуінен пайда болған) тұрады. Артқы аяқ сан (ортан жілік), балтыр немесе сирақ (асық жілік) және табаналды бөлімдерінен бөлінген. Соңғысы өкше, табан және башпайлар деп бөлінеді. Балықтардың қаңқасы краниальды және посткраниальды болып бөлінеді. Краниальді қаңқа нейрокраниуммен және спланхнокраниумнен тұрады. Нейрокраниум не ми сауыты миды тұтастай қоршап жатады. Ол иіс сезу капсуласы, көз шарасы және есту капсуласы деп аталатын бөлімдерге жіктелген. Ми сауытының типі платибазальды, яғни мидың алдыңғы бөлімдері көз шарасының алдына қарай орналасқа, түбі жалпақ. Көп тешген басқа омыртқалыларда ми сауытының типі тропибазальды, яғни түбі жіңішке, ми көз шарасының артына қарай орналасқан. Спланхнокраниумнемесе бас сүйектің висцеральды бөлімнен 3 доғадан жақ доғасы, тіл асты доғасы және желбезек доғасына тұрады. Жақ доғасы үстіңгі жақтан және сүтіңгі жақтан түзілген. Үстіңгі жақ бір ғана шеміршек таңдай шарасы шеміршектен, ал астыңғы жақбір ғана шеміршектен Меккель шеміршекгінен тұрады. Тіл асты доғасы 3 элементтен үстіңгі жұп гиомандибуляре, жұп гиоид және соңғысын байланыстыратын тақ копуладан тұрады. Спланхнокраниум элементтері ми сауытымен 3 түрлі жолмен байланысады. Олар: амфистилия, гиостилия және аутостилия.

39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.

Жорғалаушылардың қаңқасы қосмекенділерге ұқсас;краниальды және посткраниальды қаңқадан тұрады.Бірақ омыртқа жртасы мойын,кеуде,бел,сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген.Омыртқаларының жалпы саны түрлерге байланысты 50-80-ге жетеді.Соның ішінде мойын бөлімінде 7-10,кеуде-бел бөлімінде 16-25,сегізкөзде2,құйрық бөлімінде15-40 омыртқа болады.Бірінші мойын омыртқа немесе атлант не атлас,ал екінші мойын омыртқа эпистрофей деп аталады және өздеріне тән құрылысымен ерекшеленеді.Омыртқалар амфицельді,процельді және опистоцельді.Қабырғалары бар ,көкірек қуысы пайда болған.Иық белдеуімен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасы қосмекенділердікендей,бірақ сүйектенген.Ерекшелігі;алақан,сүйектері кәрі жілікпен майда сүйектер арқылы байланысқан,мұндай байланысты интеркарпальды байланыс,ал сирақ не асықты жілік табанмен майда сүйектер не интертарзальды байланысқан.Құстардың қаңқасы- ұшуға бейімделгендіктен құстардың қаңқасында елеулі өзгерістер болды.Сүйектері жеңіл,іші қуыс,онда ауа болды, көпсүйектері бір-бірімен тұтасып кеткен.Омыртқа жотасы 5 бөлімнен(мойын,арқа,бел,сегізкөз,құйрық) тұрады.Тек мойын бөліміндегі және құйрықтың шамалы омыртқалары бір-бірімен қозғалмалы байланысқан,ал қалған бөлімдері және жамбас сүйектері өзара бірігіп,күрделі сегізкөз деп аталатын сүйекті құрайды.Бұл тек құстарға ғана тән нәрсе.Құйрық бөліміде бірігіп кеткен,ең соңғысы –пигостиль,ол жерде құймышақ безі орналасқан.Төсінде қыр сүйегіболады,ол ұшатын құстарда жақсы дамыған.Төс сүйегінің құрылыс ерекшелігіне қарай құстар қырлы төстілер,жайдақ төстілер депте бөлінеді.Қырлы төстілер(ұшатын құстар депте аталады) жақсы ұшады.Ал жайдақ төстілер не жүгіретін құстар ұша алмайды,тек жақсы жүгіреді,бұларға түйеқұстар жатады,ал пингвиндердің төс сүйегінің қыры шамалы ғана жетілген,бірақ бұл құстар өте жақсы жүзеді. 40) Сүтқоректілердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіп беріңіз.

Сүтқоректілердің дене қаңқасы – басқа төртаяқтылардың қаңқасына ұқсас, бірақ ерекшеліктері де бар. Олардың бастылары: 1-бас қаңқасының сүйектері ересектерінде бір-бірімен тұтасып кеткен және ми сауыты ауыз омыртқамен (атлант,атлас) 2 ілмешек арқылы байланысқан; 2-астыңғы жақ тіс сүйегінен және тәжі өсіндісінен тұрады (басқа омыртқалыларда болатын буын және шаршы сүйектер есту сүйектеріне айналған); 3-омыртқа жотасының мойын бөлімін құрайтын омыртқалар саны – 7 (сирендерде, ламантиндерде – 6, жалқау аңдарда – 8-10); 4 – иық белдеуі көпшілігінде 1 сүйек – жауырын сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен түзілген. Олар: 1-мойын, 2-кеуде немесе арқа, 3-бел, 4-сегізкөз және 5-құйрық. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі омыртқа денесінің беттері тегіс, яғни платицельді. Сүтқоректілердің мойнының ұзын-қысқа болуы оның санына емес, омыртқа денесінің үлкенді-кішілігіне байланысты (мысалы, жираф пен көртышқан – омыртқа саны бірдей). Кеуде бөлімінде 12-24 омыртқа болады, қабырғалар бар, олардың 7 жұбы төс сүйекпен байланысады, яғни нағыз қабырғалар, ал 5 жұбы байланыспайды, жалған немесе сүбе қабырғалар д.а. Бел бөлімінде 2-9 омыртқа, сегізкөзде бір-бірімен тұтасып кеткен 4-10 омыртқа, олардың 2-уі ғана нағыз сегізкөз, ал жыртқыштарда 3-і нағыз омыртқалары болып саналады. Құйрық бөлімінде 3-тен (гибонда) 49-ға (ящерлер) дейін жетеді. Төс сүйегі – жарқанаттар мен көртышқандарда бір сүйектен және оның қыры болса, басқаларда 6 сүйек тақтайшасынан тұрады.

Бассүйектің (краниальды) қаңқасы – ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды (спланхокраниум) бөлімінен тұрады. Висцеральды бөлімі – үстіңгі, астыңғы жақтардан және тіласты сүйектерінен тұрады.

Алдыңғы аяқтардың және олардың иық белдеуінің, артқы аяқтардың және жамбас белдеуінің құрылысы төртаяқтыларға ұқсас. Құстардан ерекшелігі: сүтқоректілердің жамбасы жабық типті, басқа омыртқалылардан аздаған ерекшелігі сол: 1-сүтқоректілерде алақан, білезік, өкше, табан сүйектері бірігіп кеткен, 2-табан сүйектерінің екі бүйірінде тілерсек сүйегі, 3-асық жілік пен ортан жіліктің түйіскен жерінде дөңгеленген тобық сүйегі орналасады. Саусақтарының саны да түрліше – 1,2,3,4,5 болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]